Шешендік және сөз мәдениеті.


Нұржанова Балкеш Кальяновна

Рудненский политехникалық  колледждің  қазақ тілі мен әдебиет пәнінің  мұғалімі

Сабақтың мақсаты: шешендік сөздердің мазмұны, айтылу формасы, стильдік ерекшелігі жайлы түсінігін молайту.
Міндеттері:

1.     Бір-бірінің пікірін құрметтейік ортаны қамтамасыз ету.

2.     Анық та, нақты мақсат қоюға мүмкіндік беру.

3.     «Шешендік сөз өнері» тақырыбын талқылауға белсенділікпен қатысуға үйрету.

4.     Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту арқылы өз ойын тұжырымдауға және басқалар көзқарасын сыйлауға үйрету. Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: буклет, тірек-сызба, пікір жазуға арналған қағаздар, интерактивті тақта.

Бағалау: тест сұрақтары, топтық кестені қорғау, әңгіме жазу.

Сабақтың әдістері: Топтастыру, кубизм, адамтану, диаграммасы, түсініктеме күнделігі, ой-толғаныс.

Сабақ барысы:

1.     Қызығушылықты ояту сатысы:

Ой қозғаушы

Өмір-мәңгі, уақыт-мүмкін, елес,

Кел, болашақ! Сауық құр күлкіңе көш!

Бір күн шықса, бір күннің батуы анық,

Екі күннің тұруы мүмкін емес!-деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай, сөз құдіретінің мәнін түсініп, әдемі де әдепті, сұлу да ойлы сөйлей білуге үйренейік!

Әрине әдеби сөйлеудің негізгі бұлағы –кітап. Ендеше сендер, кітапты жай оқып қоймай, ондағы сөз, сөйлемдерге назар аударыңдар.Қазіргі сәттен бастапосы сөздің сырыөз қолдарыңда. Қәне, ми қыртыстарын іске қосамыз.

 

2.     Топтастыру әдісі.

Оқушы жаңа идеяларды жинақтап бір-бірімен сабақтастырады. Ой тудыруды күшейту үшін, әртүрлі елгідегі қағаздарды үлестір.

1.     «Шешендік сөз өнері» тақырыбына байланысты ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза беріңіз. (топпен жұмыс жүргізіледі.)

2.     Орфографиялық ережелерге мән бермеңіз.

3.     Берлген уақыт біткенше топ идеяларды топтастырып жазады.

 

Топ мүшелері ойын қорытып, жазғандарын тақтаға іледі. Әр топтың лидері шығып, шешен және шешендік сөздердің анықтамасын толық айтып шығады.

 

3.Кубизм

Тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы.

Кубиктің алты қыры бар.

1.     Суреттеңіз. 4. Қолданыңыз.

2.     Салыстырыңыз. 5. Бұл туралы ойлағанда көзіңізге не елестейді.

3.     Зерттеңіз. 6. Қолданыңыз не қарсы шығыңыз.

 

Суреттеңіз: (5 минут) кубиктің осы беті түскен сәтте «Шешендік сөз-өнер падишасы» тірек-сызба бойынша шешендік жанрының шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау түрлерін түсіндіреді.

Зерттеңіз: (4-5 минут). Тақырып бойынша оқушылар өз білгендерін ортаға салады. Бұл туралы ойлағанда көз алдыңызға не елестейді. (Қиял дүниесімен болжайды). Зерттеушілер тобынан төмендегіше сұрақтар қойылады:

1.     Қазақ халқы шешенді неліктен дана деп санаған.

2.     «Өнер алды қызыл тіл» деген мақал мәнін қалай түсінесің.

3.     Шешеннің жүйрік ой-толғауы тыңдаушы талғамына тәуелді ме.

Қолданыңыз не қарсы шығыңыз. Сұрақтар төңірегінде ой бөліседі.

1.     Сөз қадірін білген, біреудің айтайын деген ойын емеурінінен таныған, халықтың қазіргі ұрпағының сөйлеу дәрежесі қандай.

2.     Шешен нені біліп, неден сақтануы керек.

Салыстырыңыз: Жоңғар басқыншыларына қарсы бүкіл қазақ халқының азаттық күресін ұйымдастырушы Төле, Қазыбек, Әйтеке шешендер еңбегін

2 Филипп патша басқыншыларына қарсы Афин азаматтарының күресін ұйымдастырған Цицеронның азаттық миссияларымен салыстырады.

4.Адамтану диаграммасы

Вен диаграммасына сүйене отырып, көбелек бейнесінде кескіндедік. Әрине, шешендік өнер-адамтану өнерімен шендеседі. Өйткені, сөз білу- адамтану ғылымын жүйрік меңгерумен байланысты, өз болмысын терең таныған адам, өзгенің де ерекшелігін жіті көреді.

5.Түсініктеме күнделігі.

Шешендік сөздерден мысалдар келтіре отырып, «сөз саптау» үлгілеріне талдау жасайды.

 

6.Бес жолдан тұратын қорытындылау тақпағы.

Жаңа тақырыпты қорытындылауға құрылады:

1.     Зат есім: Шешен

2.     Сын есім: Шешендік сөз

3.     Етістік: Айтысады. Тартысады. Шешіледі.

4.     Сезіну: Шешендік сөз-ұлттық өнер

5.     Синоним: Шешендік сөз-ұлттық өнер падишасы.

Үш топ талдайды.

7.Ой-толғаныс. Үйге тапсырма.

Шешендік сөз- өнер падишасы» тақырыбында шығарма жазу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *