“Қазіргі таңдағы ақпараттық технологиялар оқушылар мінезіндегі агрессивтіліктің негізгі себебі ретінде”


Қаңтрабай Мейіржан Нұрқанатұлы

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі»ММ 9 «А» сынып оқушысы
Жетекші: педагог-психолог Сафина Әйгерім Ғалымқазықызы

Қантрабай Мейіржанның “Қазіргі таңдағы ақпараттық технологиялардың  оқушылар мінезіндегі агрессивтіліктің негізгі себебі ретінде” тақырыбында жазған зерттеу жұмысында агрессивтілік ұғымы, қазіргі ақпараттық технологиялардың оқушының мінезіне әсері туралы айтылған.

Жұмыстың бірінші бөлімінде агрессивтілік ұғымы, оның негізгі себептері, оқушылардың агрессивтілігіне итермелейтін факторлар туралы көрсетілген. Сонымен қатар қазіргі таңдағы ақпараттық технологиялар және оның түрлеріне тоқталып кеткен.

Ал жұмыстың екінші бөлімінде қазіргі таңдағы ақпараттық технологиялардың оқушылар мінезіндегі агрессивтілігіне әсері, зерттеу жұмысының ұйымдастырылуы толық көрсетілді. Яғни, зерттеу барысында қолданылған әдістер мен әдістемелер, зерттеу қорытындысы талқыланды.

Ғылыми жұмыстың тақырыбы қазіргі таңда маңызды болып табылады. Жұмысты жазу барысында белгілі ғалымдардың еңбектері пайдаланылған. Ғылыми жұмыстың құрылымы барлық талаптарға сай, яғни, қажетті бөлімдерге бөлінген, пайдаланылған әдебиеттері көрсетілген. Тақырыпты зерттеуде пайдаланылған диагностикалық әдістемелер тиімді қолданып, қорытынды анализ дұрыс жасалынған. Ғылыми жұмыс зерттелудің алғашқы кезеңінде болғандықтан, оның құрылымы, көлемі мен материалдық баяндауы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келеді деп есептеуге болады.

Жалпы аталған жұмысты қалалық ғылыми зерттеу жобаларына ұсынуға болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *