Жоғарғы білім беру ордасындағы үштілділік-жаңа заман сұранысы


 Сләмғалиева Назым Абылайханқызы
 Шығыс-Қазақстан гуманитарлық колледжі, С. Аманжолов ат. ШҚМУ информатика оқытушысы, магистранты

Ақпарат көлемінің екпінді өсуі мен ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты ақпараттың алып тасқынында студенттерге бағыт бағдар беретін дағдыларын қалыптастыруына бағытталған саланы құру, сонымен қоса күнделікті өмірде, оқуда және одан әрі кәсіби еңбегінде әртүрлі мәселелерді шешу мақсатында жаңа технологияларды тиімді пайдалану көкейкесті мәселе болып табылады.

Түйін сөздер: үштілділік, жаһандану заманы, әлемдік тіл, білім беру.

ТРЕХЪЯЗЫЧИЕ В ВЫСШЕМ УЧЕБНОМ ЗАВЕДЕНИИ – ПОТРЕБНОСТЬ НАШЕГО ВРЕМЕНИ

В связи с развитием информационных технологий, дающих ориентиры в потоке бурного роста объема информации необходимо обеспечить условия для формирования навыков студентов, направленных на развитие отрасли, что является актуальным не только в повседневной жизни, учебе и дальнейшем профессиональной трудовой деятельности, но и в целях решения различных вопросов эффективного использования новых технологий.

Ключевые слова: трехъязычие, эпоха глобализации, мировой язык, образования

 

TRILINGUALISM IN HIGHER EDUCATIONAL INSTITUTIONS – NEED OF OUR TIME

In connection with the development of information technology, offering guidance on the flow of information that the rapid growth of information and knowledge, aimed at the formation of the industry, as well as in daily life, study and future professional actual the effective use of new technologies in order to address various issues in his work is

Keywords: trilingualism, the era of globalization, world language, education

рбржжжжжжжжЖЖжррр

Ел тәуелсіздігінің маңызды нашаны – мемлекеттік тіл. Ол – тәуелсіз ұлттың мәдениеті мен салт-санасының, рухани болмысының тірегі. Тіл арқылы халық өзге халықтардан ерекшеленеді. Тіл – ұлттың өзгеден ерек даралығын анықтайтын белгісі. «Қай ұлт болсын тілі арқылы ғана халықтың өзге туыс және туыс емес халықтардан ерекше болмысы мен табиғи қалпын, өзіндік дәстүрін көрсете алады»

Мемлекеттік тілдің қызметін арттыру үшін түрлі бағдарламалар, жобалалар қабылдана бастады. Солардың бірі –  «Үштілділік» мемлекеттік бағдарламасы. Бастауын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев салып берген бұл бағдарлама қазақ тіліне үлкен басымдылық беріп отыр. 2011 жылдан бастап мықтап қолға алынған жоба бүгінгі күні өз жұмысын бастап кетті әрі оң нәтиже беріп келе жатыр.

Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар – қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінде айтқандай, әлемдік кеңістікке енуде ағылшын тілінің маңызы зор. [1,2].

Ағылшын тілі – әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. «Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек» .

«Үштілділік – нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы»,-Б. Хасанұлы анықтама бергендей ,бүгінде оны қолдануға жан-жақты күш салынуда. Елбасының үштұғырлы саясаты  аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту бүгінде кезек күттірмейтін өзекті де келелі мәселелердің бірі болып отыр.

Білім және ғылым министрлігі 2020-шы жылға дейінгі әзірленген бағдарлама аясында осындай жоспар түзіп отыр. Бүгін бұл туралы арнайы бирфинг барысында вице-министрі Такир Балықбаев мәлім етті. Сондай-ақ, алдағы уақытта Ұлттық бірыңғай тестілеуде ағылшын тілінде сынақ пәні қосылуы мүмкін. Үш тілде білім беру реформасы биылдан бастап, жаңа қарқын алатын болды. 2023-шы жылға дейін ел аумағын түгел қамтып бітуі тиіс деген үлкен жоспар құрылған. Әрине, үш тілде қатар оқыту Жоғарғы оқу орындарына да тікелей қатысты. Қазірдің өзінде 32 университте арнайы бөлімдер ашылған. Тіпті таза 3 тілде дәріс беріп жатқандары да бар. Ұстаздар құрамы да жасақталып жатыр. Мәселен, бүгінге дейін 8 мыңға жуық мұғалім шетелде білім алып, кадрлық сынақтан өтіпті. Ең бастысы, мамандар қазақ тілі көлеңкеде қалмайды деп отыр.

Қазіргі еліміздің тіл саясаты үш тілдің қатар қолданысын көздейді, үш тілді әрбір азаматтың меңгеруіне басымдық береді. Мұндай тіл саясатының өзіндік ұтымды да ұтымсыз да жақтары туралы мамандар да, сарапшылар да, бұқара көпшілік те жиі әңгіме етіп, тұс-тұстан пікір білдіріп қалып жататыны жасырын емес. Расында, мемлекеттік тіл болып есептелетін қазақ тілінің қолданыс ауқымын кеңейте алмай, аударма тілінің деңгейінен аса алмай жатқанда, орыс тілінің белсенді ықпалы аз болғандай, ағылшын тілі оған үстемелене түседі деген пікірлердің де жағы бар. Керісінше, ағылшын тілі қайта орыс тілінен алшақтауға, қазіргі жаһанданудың үдерісіне ілесуге, ғылым мен техникадағы жетістіктерді тікелей ағылшын тілі арқылы меңгеріп, әлем халықтарымен тікелей қарым-қатынас жасауға, таным аямызды кеңейтуге, ақпараттық көздерімізді ұлғайта түсуге мүмкіндік бермек деген сияқты екінші бағыттағы позитив пікірлер тағы бар.

Расында, мәселенің екі ұшы бұл тұста да қылаң береді. Әр нәрсенің жақсы қыры мен жаман қырлары көрінетіні сияқты, бұл тіл саясатының да өзіндік екі жақты бағдарланар бағамы, оң мен солға жарылар бағыты бар.

Әрине, қазақ тілінің қолданысы аяғынан тік тұрып, шынайы деңгейдегі мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеріле қойды дей алмасымыз анық. Десек те, мемлекеттік тілдің қолданысы мен ауқымына мүмкіндік беретін жағдайлар кешегі кезеңдермен салыстырғанда әлдеқайда шүкіршілік жағдайға жеткенін де айтып өтпей кете алмаймыз. Мемлекеттік тілдегі бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми еңбектердің, түрлі салалардағы қолданыс мүмкіндіктерінің аз да болса ілгерілегені анық. Оны жоққа шығару да шындыққа жақындай қоймайды. Дегенмен, бұдан да ауқымды мүмкіндіктерді тіл аясында іске асыра алмай отырғанымызды есерсек, мемлекеттік тілдің аясына ағылшын тілі сияқты адуыны мен таралу ауқымы кең, жылдам тілдің келіп қолданысқа араласамын деуі, әрине, қазақ тілінің қолданыс аясына тосқауыл болып шығары сөзсіз.

Соған қарамастан, қазіргі жаһандық өзгерістер мен жаһанданудың екпін күшіне ілесуге ұмтылған қазақ жастарының ұмтылысы, сол арқылы білім, ғылым, таным процестеріне мүмкіндік алуы – қазақ жастарының алдындағы тағы бір мүмкіндіктер ретінде бағаланары сөзсіз. Ақпарат алмасу, білім алу, танымды кеңейту – ағылшын тілін меңгерудің пайдалы жақтарының бірі.

Ағылшын тілінің ендігі бір мүмкіндігі жастарымыздың тек білім алып қоймай, ағылшын тілі арқылы шетелдік білім беру орындары мен ұйымдарында тәжірибе алмасуына, жұмыс істеуіне жағдай туғызып отырған ахуалмен байланысты. Бұл  қазіргі қоғам үшін үлкен мүмкіндік. Алайда, «тану», «білу», «алмасу» ұғымынан «жұтылу» ұғымының аражігін ажырата біліп, тізгінді тең бағамдай алғанымыз да орынды болмақ. Қысқасы, әр нәрсенің өз тиімділігі мен зиянын екшеп, қажеттісін пайдалана білу – жастарымызға ауадай қажет қасиет.      Биік мақсаттарға жетелеу, қалыптастыру кезеңі адам өмірінің мектептегі өткізген жылдарына сайма-сай келетіні – білім беру саласына үлкен жауапкершілік пен сенім артады, білім берудің жаңа ұлттық тиімді механизмдерін құрумен байланыстырады [1,3].

Осыған орай   біздің С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар»  факультетінде ағылшын тілінде білім беру басталды, бұл кезде 050602 – «Информатика» 2 курс студенттері ағылшын тілінде білім ала бастады. 2016-2017 оқу жылында 3 мамандықтың: 5В010900 – Математика, 5В011000 – Физика, мамандықтарының студенттері ағылшын тілінде білім алуда. Студенттерді арнайы топтарға іріктеу оқу жылының басында тестілеу нәтижелерінің негізінде жүргізіледі.

Оқу процесін ағылшын тілінде білім беретін кадрлармен қамтамасыз ету үшін кафедра оқытушылары С.Букетов атындағы мем   лекеттік университетіне барып арнай курстан өтті. Ағылшын тілін жоғары Intermediate деңгейінде игерген 8 оқытушы тартылған (ағылшын тілінің курсын бітіріп шыққандар, сертифакаты немесе ағылшын тілінде білім беру тәжірибесі барлар, сонымен қатар ағылшын тілі бойынша базалық білімі барлар). Кафедрамыздың үш оқытушысы жоғарғы білім негізінде ағылшын тілінде қосымша жоғарғы білім алуда.

Ағылшын тілін игеру деңгейін жоғарылату мақсатында екі оқытушы университеттің тіл дамыту курстарында оқиды.

Үш тілді болу – қазіргі заман талабы. Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек. Экономикадағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты екендігін білеміз. Сондықтан біз тек Қазақстанның ішінде ғана емес, әлем деңгейінде бәсекеге қабілетті жаңа мамандарды дайындай білуіміз керек.

Біздің ғылыми еңбегіміздің тақырыбы да осы үштілдік оқыту жүйесіне сай десекте болады. Ғылыми жобаның атауы «Ағылшын тіліндегі АКТ пәнін қашықтықтан оқытуға арналған инновациялық құрал әзірлеу» болып табылады.

Өркениетті дамыған елдің құрылымы негізінде жаңа дүниелер, жаңа құралдар жасау соны іс жүзінде қолдану керек. АКТ пәнінен осы мәселелерге байланысты дидактикалық  тапсырмалар құрып, студенттерге арнап  оқу әдістемелік құралдар жасауды нысанға алып отырмын. Ақпарат көлемі екпінді өсуімен ақпараттық технологияларға байланысты ақпараттың алып тасқынында студеттерге бағыт-бағдар беретін, дағдыларын қалыптастыруына бағытталған сапалы етіп  құру сонымен қоса күнделікті өмірде, оқуда және одан әрі кәсіби еңбегінде әр түрлі мәселерді шешу мақсатында жаңа технологияларды тиімді пайдалану көкейкесті мәселе болып табылады.

Жоғары да атап өткендей елбасымыздың саяси бастамасы негізінде бүгінгі күні ағылшын тілі міндетті пән болып отыр. Сонымен қатар қашықтықтан оқыту мәселесі де бүгінгі таңда өзекті. Біле білсек өркениетті елдерде қашықтықтан оқытуды жан жақты пайдалануда. Жаһандану  заманында уақыт тапшылығы әсерінен қашықтықтан оқыту құп көрілуде. Біздің елімізде кеш қалып отырған тұс екендігіне ешкімнің дауы жоқ шығар.

Қорыта келе, тағдырды, мемлекеттің беріп отырған үлкен мүмкіндігін мейлінше ұтымды пайдалану бізге парыз. Мақтанышпен келер ұрпаққа қалдыратын мағыналы туынды жазу арқылы ғылым әлемінде бір кірпіш болып қалану біздің қолымызда.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан: Қазақстан халқына жолдауы / Назарбаев Н.Ә. -Астана, 2007.

2. Хасанұлы Б. Тілдік қатынас негіздері: Оқу-әдістемелік құрал -Алматы,2008

3. Әбдуәли Т.Үштұғырлы тілден түңілмейік : Журнал  – Жетісу, №31. 2008.

4. Тәңірбердіқызы Т. Ағылшын тілі мемлекеттік тілмен бәсекелес емес : -Қазақ әдебиеті, №48. 2008 .

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *