Мен – қазіргі заман педагогімін


Кобеншеева Нурсулу Куандыковна

 Ә.Жанкелдин орта мектебі ағылшын тілі мұғалімі

Қай мемлекеттің болмасын іргесінің мығым болуы оның халқының білім дәрежесіне байланысты болмақ. Бұл – әлемдік деңгейде мойындалған ақиқат. Ал, білімнің негізі мектепте қаланатыны бәрімізге белгілі. Олай болса, тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетті  елдер қатарынан нық орын алуы үшін, көсегесінің көгеріп, өсіп – өркендеуі үшін мұғалімдердің иығына артылар жауапкершілік жүгі ауыр болмақ.

Қазақ елі ХХІ ғасырға ауыр азаптарынан арылып, тәуелсіздікке қол жеткізіп, азат ел болып қадам басты. Бірі біліп, бірі білмейтін шүлдіреген тілімен, әр түрлі дінімен қадам басқаны да тарихи шындық. осы олқылықтардың  орнын толтыруда да жас ұрпаққа білім мен тәрбиені егіз сіңіріп жүрген мұғалімдердің  еңбегі зор борлғалы тұр. енді осынау баға жетпес рухани байлықтарымыз қайта оралған шақта, сол асылдарымыздан, інжу – маржандарымыздан айырылып қалмау үшін мұғалімдерге жанын салып жұмыстануға тағы тура келеді.

Сондықтан қазіргі заман педагогі осы жауапкершілікті сезіне отырып, жас ұрпақты жан – жақты, терең білімді, шығармашылықпен жұмыс істей алатын нағыз Азамат етіп тәрбиелеуі керек. Бұл үшін, ең алдымен мұғалімнің өзі терең білімді, ізденімпаз, педагогика ғылымындағы жаңалықтардың бәрінен құлағдар болып отыруы қажет. К.Д.Ушинский айтқандай, “Мұғалім  – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.” Сонымен қатар ұлы ойшылдарымыздың бірі М.И.Калинин былай деген: “Мұғалім ең жауапты міндет орындайды, ол адамды қалыптастырады.” Сондықтан осы ойшылдардың даналық сөздерін басты назарда ұстап, жұмыс жүргізіп келемін.

Бұл турасында қазақ халқының әу бастан – ақ айтып кеткен нақыл сөздері де аз емес. “Шәкіртсіз ұстаз тұл”, “Ұстаздан шәкірт озады” “Ұстазы жақсының ұстамы жақсы” деген мақалдарды алатын болсақ, шәкірттің азамат боп, жақсы тұлға боп қалыптасуына ұстаздың игі әсер етері айқын көрініп тұр.

Қай ғасырда да мұғалім – зор тұлға, ол күннің құдіреті сәулесі сияқты. Болашақта оұушыларды өзін – өзі басқаруға үйрету, ғылыми техникалық прогресс компьютер техникаларының элементтерін меңгеруге, білімдерін көтеру үшін шығармашылық ізденісті жетілдіруге тәрбиелеу, ТМД елдерінің балалырмен байланыста болуды, саяси қоғамық мәдениетті, экономикалық білімді ұлттық мәдениетті сақтаудың мүмкіндігін дамытуды, құқықтық демократиялық мәдениетті түсінуге үйрету – мұғалімнің алдағы басты міндеті. Қазіргі заман талабына сай білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі белгілі. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады», – дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін – өзі басқару, өзін – өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси – экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген жаңа ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан – жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», – деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі.

Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса бұл нағыз мақтаныш емес пе? Ұстаз алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. Менің алғашқы шәкірттерімнің ішінен Айдарханова  Назерке  Алматы  қаласындағы  Орталық  Азия  университетін аяқтап, Жанкелдин орта мектебінде жұмыс жасайды.

Есбосынова  Әйгерім  Алматы  қаласындағы  Шетел  тілдер  университетін бітіріп, Ақтау қаласында политехникалық колледжінде дәріс береді.

Оразалина  Нұрайна  Ақтөбе  қаласындағы  Қ. Жұбанов  атындағы  педагогикалық  университетінің  шетел  тілдер  факултетін аяқтап, Бейнеу мектеп-интернатында сабақ береді.

Жұмағалиева  Гүлмайра  Маңғыстау  гуманитарлық  институтын аяқтады.

Мен оқушыларымның мен арқылы ағылшын тілін меңгеріп қана қоймай, адам деген ізгі атқа лайық болуды үйренгенін қалаймын.  Бәлкім, барлығы бірдей шет тілін түсініп шыға қоймас, бірақ олар жақсы адамның қандай болатындығын ұғынуы қажет. Осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктерім мені маман ретінде дамуға ғана емес, мұғалім ретінде өзімді тануға итермеледі. Оқушыларымның адал көңілінен кейін ғана қаншалықты осы мамандықтың мен үшін қажет екендігін, жақсы көретіндігімді сезіне бастадым. Қазіргі заман мұғалім ретінде түсінген басты қағидаттарымның бірі осы болды. Өзімнің мойнымдағы мұғалім деген ауыр жүктің салмағын сезіндім, енді алдағы уақытта дәл осы атқа лайық болу үшін еңбек етемін!

«Талап  қыл  артық  білуге,

Ерінбей  оқып  көруге», – деп  ұлы  ақын  Абай  атамыз  жырлағандай  болашақта  ерінбей  ізденіп,  талап  қылып,  шеттел  тілін  меңгертуде  оқушының  жеке  тұлға  болып  қалыптасуына,  ой – өрістері  мен  жеке  дағдыларын  қалыптастыруға  атсалыса  беремін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *