Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту


Омарова Сандугаш Келдибаевна

Ақтөбе қаласы №38 қазақ орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі үдерісінде еліміз үшін маңызды болып табылатын стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы және т.б. функционалдық дағдылар мектеп қабырғасынан қалыптасады.
Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге бағытталып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үдерісін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды .
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да анық көрсетілген [3]. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін құзыреттіліктерді қалыптастыру үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны болып саналатын жалпы білім беретін орта мектептердегі әрбір пәнді оқытудың да басым бағыттарының бірі болып табылады.
Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне негізделеді. Сондықтан, қоғамдағы өмірлік пен практикалық іс-әрекеттердің дағдылары мен әлеуметтік іс-тәжірибені меңгеру үшін оқушылардың білім алу барысында негізгі және пәндік құзыреттіліктері қалыптасуы тиіс.

Қазіргі таңда білім жүйесі туралы түсінік кеңейді, мақсат міндет, мазмұны көзқарасы өзгерді, негізі мақсат жеке тұлғаның қалыптасуы, ойлай және сезе алатын адам дайындық, сонымен қатар алған білімін өмірде қолдана білу.
Осы мақсатта оқушылардың функционалдық сауаттылығын дәстүрлі емес сабақтар арқылы көрсетуді негізге алып отырмын.
1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жағдайы. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – жаңаша педагогикалық теория мен практиканың өзекті мәселесі болып тұр. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – оқу тәрбие процесіне ықпал етудегі өмір талабы. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары, олардың танымдық қабілеттері мен өзіндік іс – әрекеттерді дамыту педагог, психолог, әдіскерлер және мұғалімдердің міндеті. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – мәселені шешуде, оқу сапасының артуына, технологияларды ұтымды қолдануға көмек беретін негіз болып табылады. [ 2].
Мектептік білім беру жүйесін жаңа уақыт талабына орай өзіміздің ұлттық болмысымызға, негізге алынған ұстанымдарымызға сай жетілдіру үшін «Нәтижеге бағдарланған білім» моделін ұсынады [7]. Мектеп түлектерін өмірде болып жатқан өзгерістерге дайындау және білім беруді заман ағымына сай өзгерту мақсатында оқытудың түпкі нәтижесі ретінде оқушылардың игерген құзыреттіліктері алынған

Тілге қатысты функционалдық сауаттылық – тілдік ережелерді түсіну – тілдік нормаларды сақтау – іс-әрекет тәсілдерін меңгеру болады.
Тілді меңгеруде грамматиканың орны ерекше, өйткені онсыз ойды жинақтап сөйлемге айналдыру, байланыстырып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан грамматика толыққанды тілдесімге жетудің құралы ретінде қарастырылады. Грамматикалық дағдыны қалыптастыру функционалдық бағытта грамматикалық форма мен функцияны бірлікте үйрену арқылы грамматикалық ережелерді толық игеру, жағдаяттық және шартты сөйлесу жаттығулары негізінде іске асады. Білім мазмұны қазіргі қоғамдық сұранымға сай болуы үшін ол оқушының өмірі мен қоршаған ортасына жақындатылуы тиіс.
«Математика және информатика» білім саласындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығы олардың мәліметтерді құрылымдай білу; математикалық қатынастарды бөлу; математикалық модельдерді құру және оларды талдай білу және түрлендіре білу; алынған нәтижелерді түсіндіріп беру; ақпараттық-коммуникативтік технологияның мүмкіндіктерін шығармашылық-пен және өнімді пайдалана білу қабілеттерімен анықталады. Басқаша айтқанда, оқушылардың математикалық функционалдық сауаттылығы күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешу үшін математика мен ақпараттық технологияны тиімді қолдана білуге мүмкіндік жасайды.

1. 1 Математика сабағында функционалдық сауаттылығын дәстүрлі емес сабақтар арқылы көрсетуге қажетті құралдар.
Сабақта дұрыс алынған проблемалық ситуациялар, құбылыстар мен шамалар арасындағы тәуекелдікті дұрыс анықтай білуге дайындайды. Бұл кезде оқушылардың ойлауы белсенді, үдемелі жұмыс жасайды.
Мәселені сәйкестендіру кезінде сұрақтар қою арқылы – практикалық есептер, мына талаптарды қамтамасыз етуі қажет.
Оқушылардың есептерді кез – келген әдіспен шешу, оқушылардың шығармашылық қабілетін кеңейту.
Дәстүрлі емес сабақтардың классификациясы.
Дәстүрлі емес сабақтардың көбеюіне байланысты оны классификациялау қажет болды.
Классификациялау үлкен көлемді ақпараттан өзімізге қажетті және қызықты, бөлімдерді бөліп алуға көмектеседі. Қазіргі кезде нақты нұсқаулармен ғана жүре алатын, өзіндік пікірі, көзқарасы, ойлау қабілеті төмендеп кеткен, осының негізінде сабақ пен әдіс тәсілдердің бір – біріне сәйкес келмейді. Осыдан келіп өзіндік «мені», өзіндік көзқарасы бар «ой – пікірі» қалыптасқан тұлғаны қалыптастыру үшін, мұғалімнің бойында да тұлғаның қасиеті болу керек.

Осылайша оқу мен жазуда қатар ала жүріп, бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықын арттыруға септігімізді тигізу керек. Бүгінгі бүлдіршін, ертеңгі жастар, яғни мемлекетімізді басқарушы азаматтар бололмауына кім кепіл?! Олай болса, ертең бармағымызті тістеп, тілімізді шайнап қалмау үшін, кішкентай кездерінен сауаттылыққа үйрету керек.

Кемел болашақ құру үшін білімді ұрпақ тәрбиелеу керектігін бүгінде барша ақпарат беттерінен оқып жатырмыз, теледидар мен радиолардан тыңдап, қажетті мәлімет алып отырамыз. Осы тұста аты әлемге әйгілі ғалым, ғұлама Ибн Синаға бір кісі 6 айлық баласын алып келіп, өз баласын қалай дұрыс тәрбилеуге болатын сұрағанда, оған 6 ай кешіккендігін айтқандығы туралы аңыз есіме түсіп отыр.  Ендеше, балаға тәрбие беруде, білімін жақсылап бекітуде бастауыш сыныптағы оқытудың маңызы зор.

Өткен ғасырда пайда болып, бүгінде қолданыста жүрген функционалдық сауаттылық туралы әр педагог әр түрлі ой қорытып жүр. Балаға берген білімі мен тәрбиесін ой елегінен өткізіп, тұжырымдап, белгілі бағдармен жұмыс жасауда. Алға қойған мақсатқа жетіп, міндеттерін орындауға септігін тигізуде. Теория жүзінда алған білімдерін тәжіребе жүзінде қолдануға үйретуде. Үздіксіз ізденуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *