Конспект занятия «Наурыз- Наурыз жыл басы» ертеңгілігі


Кожабаева Жазира Рустембековна
воспитатель КГКП «Ясли-сад №10 г.Сатпаев»

Мақсаты:

a)     Балаларға Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Ұлттық киімдер, ойындар, тағамдар, ою-өрнектер туралы ұғымын кеңейту , бата айтқызып үйрету.

ә)  Балалардың ой – өрісін, сөздік қорларын дамыту.

б)  Ұлтымыздың дәстүрін, мерекесін құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.

Өту барысы:

–         Құрметті ата – аналар, қонақтар! Бүгінгі біздің ұлыстың ұлы күніне арналған «Наурыз жыл басы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын! Ұлыс баршаңызға бақыт, денсаулық, ырыс, береке әкелсін! Балалар, қане шеңбер болып тұрайық. Қайырлы таң! Мен сендерді көргенімен өте қуаныштымын, мен сендерге денсаулық, ашық аспан тілеймін. Әр атқан таңдарың қуанышқа, жылуға толы болсын! Балалар, қане бәріміз шеңбер құрып тұрайық.

Жылулық шеңбері «Көктем келді».

Балалар қимыл-қозғалыс жасай отырып, бәрі бірге айтады.

Көктем келді шуақты,

Балаларды қуантты.

Алақай – ау, алақай!

Көктем қандай, көктем қандай көңілді! – деп көктем мезгіліне

ризашылықтарын білдіріп, қолдарын шапалақтайды.

–         Балалар жылдың неше мезгілі бар?

–         Төрт

–         Қазір жылдың қай мезгілі?

–         Көктем.

–         Көктем айларын атаңдаршы?

–         Наурыз, сәуір, мамыр.

–         Көктемде қандай мейрамдар бар?

–         Аналар мен Наурыз мейрамы.

–         Жарайсыңдар, балалар. Орындарыңа отыра қойыңдар.

 

1. Наурыз – бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін мереке.

Қош келдің төрлет наурызым

Дастархан толы дәм тұзың

Әрдайым халқым мол болсын

Береке байлық ырысың.

 

Күткен тау да, суы мен орман тасы

армысың әз наурызым жылдың басы

той думан әрбір үйде абыр сабыр

қуанады ауылдың кәрі жасы

2. Олай болса кезекті балаларға берейік.

Нұрай       Уа, халайық, халайық!

Мұнда назар салайық.

Думандатып бақшамда,

Наурыз тойын тойлайық!

 

Вова:         Наурыз тойың, наурыз тойың

Құтты болсын халайық.

Күй төгілсін, күй төгілсін,

Шырқап әнге салайық.

 

Орынбасар: Ұлыс бақыт әкелсін,

Әр күніміз жақсы болсын.

Достығымыз берік болсын,

Білім, өнер серік болсын

Ақ мол болсын!

3. Ән: «Наурыз»

4. Би: «Дастархан» Шашу шашу.

5. Жүргізуші сөзі:

Жаңа жыл келсе ,құт келгені халайық

–         Есік ашып, шашу шашып,

–         Ел болып кәне қарсы алайық қонақтарды.

 

Қазақ елі Наурызды қалай қарсы алған? Қызыр түні Жаңа жыл табалдырық аттап, үйге енгенде, «жалғыз шала сәуле болмас» деп төрге қос шырақ жағылып қойылады. «Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады» деген сеніммен Наурызға шейін үй ішіндегі жиһаз-мүліктің шаңы қағылып, жуылып тазартылады.

Әжелер :Үйді тазарту,яғни аластау рәсімін көрсетеді.

Алас, алас, алас!

Әр пәлеңнен қалас!

Көзі жаманның көзінен алас!

Тілі жаманның тілінен алас!

Уы жаманның уынан алас!

Қырық қабырғасынан алас,

Отыз омыртқасынан алас!

Алас, алас, алас!

Қыла гөр алла мың пәлеңнен қалас!

Ортаға әжелер шығып, құттықтау сөз сөйледі. Наурыз жөн-жоралғылары жөнінде қысқаша балаларға түсінік беріп өтеді.

1-әже: Наурыз айы – шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда күн мен түн теңеледі, сол себепті наурыз жыл басы болып саналады.

2-әже: Наурыз тойында – үлкен болсын, кіші болсын мейрамға келіп, көңілді ойын – сауықтарға қатысады. Тойда ат жарыс, палуан күрес, айтыс, түрлі ойындар ұйымдастырылады.

1-әже: Наурыз  көже – наурыз тойына ғана тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі тағамнан пісіреді. Наурыз көжеге сүт , тұз, тары, құрт, жеміс тағы басқа тағамдарды қосып пісіріліп, келгендерге ұсынылады.

2-әже: Халықта батаның түрлері көп, соның бірі – Наурыз бата. Мұнда наурыз той өткізгендерге, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға, жас талапкерлерге үлкендер бата береді.

– Рахмет, сіздерге әжелер!

7. Ән:Аналар

Нұрым:     Наурыз дәстүрім деп,

Адамдар ән салады.

Наурыз тойын еліміз,

Қуана қарсы алады.

 

Ақтөре:     Ата – бабам тойлаған,

Наурызым армысың!

Қызығына тоймаған,

Дархан дала қарлы шың!

 

Шахзада: Наурыз көктем шуағын төккен,

Әкелді байлық еліме.

Наурыз көктем асығып жеткен,

Әкелді байлық жеріме.

 

Жүргізуші: Ұлыс күні кәрі жас

Құшақтасып көріскен

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өріскен.

Жандос     Ассалаумағалейкум.

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын

 

Нүрислам         Уағалейкумассалам!

Ұлыс оң болсын

Бәле –жала жерге енсін!

Екі бала төс қағыстырып амандасады.»

 

Наурыз – ежелден келе жатқан мейрам. Бұл күні – аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеліп, жан-жануарлар төлдеп, адамзат баласының аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық пен бейбітшілік орнаған күн.

Көрініс:Күн мен түннің теңеледі

Күн: Сәулесі мол күнмін.

Түн: Жұлдызы көп түнмін.

Екеуі: Бірдей болып біздер

Теңелеміз біздер.

Түн: Ал, ертең күн ұзақ

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып

Жүрмеңдер тек жылап.

 

Света

Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса

 

Табиғат құбылыстары туралы айту.Толықтыру

–         Наурыз – ән-күй, би, достық, ынтымақ мерекесі. Бұл күндері бір-біріне қошемет көрсетіп, тартуын тартады. Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланады. Осы күнге байланысты наурыз көже, наурыз жұмбақ, наурыз тілек, наурыз көк сияқты жөн-жоралғылар бар.

Жүргізуші сөзі:

Кел,балалар ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық..

Баянды боп мереке,

Қыр гүліндей жайнайық.

Би «Қара жорға»

«Күш сынаспақ» ойынын ойнату. Қанекей, балалар, ақ дастарханға отырайық.

Сонымен, қорыта келгенде, әдепті, сыпайылықты, кішіпейілділікті біз бойымызға ана сүтімен дарытады екенбіз.

 

Күн мен айға әлемнің,

Бердің ыстық сәлемін.

Үлкендерге сүйеніп,

Сәлем бердік иіліп,

Орындалды ойларың,

Құтты болсын бүгінгі.

Наурыз атты тойларың, – деп бүгінгі тойға келгендерден бата сұрайық.

Бата беру.

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің!

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Құт әкелсін жеріме,

Бейбітшілік елде боп,

Бақ –дәулет қонсын еліме.

Балалар ақылды болып,

Елін-жерін қорғасын.  Әумин!!!

 

Жүргізуші сөзі:   Мереке Наурыз жыл басы,

Наурыз тойы құтты болсын!

Шашу шашып жер бетіне көк толсын!

Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын!

Қорытынды: Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *