Елбасының еңбегімен нұрлана, Қазағымның мерейі тұр аспандап!


Тубитаева Лязат Мырзакасымовна 

Шашубай кентіндегі «Мектеп-балабақша кешені» (мектеп жанындағы   интернатымен) базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ  «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты: «Тұңғыш президент»мерекесі  жайлы айта отырып, бүлдіршіндерге елбасының жасаған  еңбектері жайлы жалпы ұғым беру. Отанға, елбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

 

Жүргізуші:
Қайырлы күн қонақтар, сүйікті де, сүйкімді балалар!
Балалар, біз бүгін Қазақстан мемлекетінің тұңғыш  Елбасы күніне арналған мерекелік ертеңгілімізді бастаймыз.

Әнұран.

Жүргізуші: Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,

Қазақ елін мойындауда дос таңдап.

Елбасының еңбегімен нұрлана,

Қазағымның мерейі тұр аспандап.
Жүргізуші: 1991жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың елбасы болып сайланғаны бәрімізге мәлім.

Қазақ елі, желбіреп көк байрағын,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.

Жүргізуші:

– Әр елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін жаңа қала Астанамызды Елбасымыздың ақыл-ойының жемісі дер едік.Астана күннен күнге бой түзеп жасарып, жаңарып келе жатқан жас қала.

Сары арқаның төсіндегі шағын қаладан, әлем таныған әсем Астана жасаған Елбасының ақыл-ойына кім басын имес?

Балалар, біз енді Н. Назарбаевтың өмірбаянына  тоқталайық.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.

Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Балалық шағынан қысқаша көрініс:

Жүргізуші: Таңертеңгі шайдың кезі.

Нұрсұлтан: – Анашым, мен бір керемет түс көрдім.

Анасы: – Ол қандай түс, балам?

Нұрсұлтан: – Мына Алакелдінің жотасына бір қап тұз арқалап шығыппын. Ауыл жаққа қарасам, осы Шамалған ауылының бәрі төменгі жақтан көрінеді.Өзім арқалап шыққан тұз толы қаптың үстінен қарап отырып көрдім.

Анасы: – Балам, сен өте үлкен адам болады екенсің, дәрежең жоғары болады, тұз деген жақсы нәрсе. Алла тілеуіңді берсін балам. Мансабың жоғары,несібең аса мол,еңсең биік болады екен.

Жүргізуші:  Анасы баласына ақ батасын беріпті.

Анасының жорыған түсі дұрыс болып, Н. Назарбаев ел басқарып, Қазақстанымыздың елбасы болып отыр.
– Балалар, қазір мен сендерге сөзжұмбақ жасырамын, сендер оны шешесіңдер. Жақсы, келістік пе?
–    Иә!
Сөзжұмбақтың сұрақтары:

1. Отанымыз қалай аталады?

2. Отанымыздың бас қаласы?

3. Қазақстан Республикасының рәміздері

4.Астана қаласының таңбасы?

5. Біздің мемлекеттік тіліміз ?

6.Ұлттық валютамыз, ақшамыз қалай аталады?

Ойын:  «Қамшы тастамақ»

Жүргізуші:  Бар әлемге шын таралдық міне,біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып «Қазақстан-Нұрсұлтан»,

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз,- деп балалардың тақпақтарын тыңдайық.

 

Дарина

Нұр-ағам өзі салған нұр қаланың,

Сәулеті бағын ашты бұл даланың!

Азаттық, Елбасы, Астананы,

Белгілі «Бәйтеректе» жырлағаным.

Әсел:

Секілді заңғардағы тау барысы,

Нұрсұлтан ел тірегі, ел намысы!

Адамның бұл өмірде арманы жоқ,

Халқының бола берсе қорғанышы!

Арайлым

Қазақстан елімнің,

Көшбасшысы Нұр-атам,

Балаларға, үлкенге,

Қамқор болған бұл атам.

Нұрсұлтандай патшасын,

Мақтан тұтар ел, Отан.

Бейбіт

Әсем сазы басталған таза ағыстан,

Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.

Қадамы нық әлемде, аты айқын,

Егеменді ел бүгін –Қазақстан!

Інжу

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,

Бұның бәрі елбасының арқасы.

Евфимий

Казахстан – мой любимый край,

Все, что хочешь здесь выбирай.

Есть народ здесь, в нем есть душа,

Моя Родина так хороша!

Все что здесь-нигде не найти,

По какому ни шел бы пути,

В этом крае краше земля,

Казахстан, как люблю я тебя!

Азат

Шықты тарап ой-данадан,

Бері қарап жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар президенті.

Жангелді

Әйнегі –күн, шатыры-аспан,

Кең дала… Төсі толқыған егін,

Көлдері көкке күмістер шашқан.

Қазақстан-Республикам менің.

Айқаста жаудың алқымын сыққан,

Ажалға қимай намысты елін,

Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан,

Қазақстан-Республикам менің.

Жүргізуші:

Азаттық, теңдік әлемі,

Шаттыққа елді бөледі.

Тағдыры тарих өрелі,

Көк тудың желбірегені.

Ән: «Көк тудың желбірегені»

Жүргізуші:

-Балалар, сендер білесіңдер ме?. Қазақ халқының ұлттық ойындары, ұлттық тағамдары,ұлттық аспаптары, жиһаздары бар. Мен сұрақ қоямын, ал сендер жауап бересіңдер.

Сұрақтар:

Қазақ халқының ұлттық ойындары?

(Қыз қуу, арқан тартыс, көкпар,ханталапай, т.б.)

Қазақ халқының үй жиһаздары?

(сандық, сырмақ, ағаш төсек.)

Қазақ халқының ұлттық тағамдары?

Ет. қазы-қарта, бауырсақ. құрт, ірімшік.

Сусындары ? : (сүт айран, қымыз, шұбат).

Жүргізуші:

Жарайсындар балалар! Барлық сұраққа дұрыс жауап бердіңдер!

Ойын.  «Асық  ату»

Аружан

Қасиетті Қазақстаным, мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім,

Болашағым, өнер-білім, өркенім.

Арыстан

Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,

Өмір жолы болған қиын бұралаң.

Қазағымды жарқын жолға бастады,

Елбасы боп сайланды да Нұр ағам!

Айару

Естімейік енді елдің жылағанын,

Қайта құлап, бостандық сұрағанын.

Абылайдың жолымен алға басқан,

Құт болсын «нұрлы жолы» Нұр ағаның.

Жүргізуші:

Қазақ елі, желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.-деп, ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

 

Ән: «Бақытты балалық шақ»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *