«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»


Ильясова Молдир Орынбасаровна

Шашубай кентіндегі «Мектеп – балабақша кешені»(мектеп жанындағы интернатымен) базасындағы Тірек мектебі

 (ресурстық орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі “Балдырған” балабақшасының тәрбиешісі

Жүргізуші:

–  Балалар  біз  сендермен  қайда  келдік?

–   Бұл  күзгі  орман  емес пе?

–   Айналаға  қарайықшы,  орман  іші  қандай  әсем  өзгеріп  кеткен,   табиғатты      қызыл – жасыл  түске  бояп  қойған  сияқты.

   ( Балалар   орындыққа   орындарына  жайғасады.)

Жүргізуші: Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша-«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Күн суытып келеді,

Жапырақтар түседі,

Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.

Жүргізуші:  -Балалар орман ішінде біреу жүрген сияқты. Бұл кім екен?

Балалар: – Бұл кірпі ғой. Біз танып қойдық.

– Сәлеметсіз бе кірпі! Сіз мұнда не істеп жүрсіз?

Кірпі: Мен  орманда тұрамын, қысқы азығымды жинап жүрмін.

Балалар: Біз орманның күзгі көрінісін тамашалап , күз мерекесін тойлауға келдік. Сіз де бізбен бірге болып, өнерімізді тамашалаңыз.

 

Жүргізуші:

 – Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз ! – деп,  балалардың тақпақтарын тыңдайық.

Нұрдана:

Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан, алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.

 

Нұрай:

Күз келді, алақай!

Алтын келді далаға.

Дәні бітік бидайды,

Құйып жатыр қамбаға.

Молшылыққа бөлеген,

Күз айы неткен ырысты ең?

Біздерді қауыштыратын,

Ыстық ұя мектеппен.

 

Төлеген:

Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

 

Аяна:

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

 

Әділ:

Соңғы шуақ төгіліп,

Жалқынданып тұр аймақ.

Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап.

 

Айару:

Келді міне күз,

Айнала сары түс.

Керемет, тамаша,

Қандай әсем күз.

 

Шамет:

Жеміс-жидек пісті,

Қамбаға астық түсті.

Қызу жұмыс басталып,

Жинап алды жан салып.

 

Муслим:

Көктен көзін бір алмай,

Қызғылт тартты кәрі қүз…

Жер қызығын қия алмай,

Маужырап тұр сары күз…

 

Жүргізуші: –Атқарады мырза күз

Уылжыған жемісті.

Күзге бізде ризамыз,

Аянбаған ел үшін.

Көбейді құт береке

Астық толы қамбамыз

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

– Балалар, күз мезгілінде жапырақтар сарғайып жерге түседі, жапырақтардың түстері әр түрлі болады. Мысалы сары, қызыл, жасыл болады. Жапырақтарды кірпімен бірге түстеріне қарай ажыратып жинайық.

Ойын: «Жапырақ»

Жүргізуші: – Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді,

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді.

Ән: «Ах, какая осень»

Жүргізуші: – Балалар, орманда  не өседі, не көріп тұрсыңдар?

Балалар:    – Саңырауқұлақтар, ағаштар, жеміс-жидектер…

Жүргізуші: Ал енді балалар,  мына көріністі кірпімен бірге тамашалайық.

Көрініс: «Саңырауқұлақ саясында».

Рөлдерді ойнайтындар:

Құмырсқа – Нұрай

Көбелек – Айлин

Тышқан – Шамет

Қарға -Төлеген

Қоян – Арман

Түлкі – Әділ

Жүргізуші:  Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды.

Күз әуені кеп жетті,

Әнге бөлеп жастарды.

 

Ән:«Тоқта бұршақ»

Жүргізуші:Балалар, тағы кім тақпақ айтқысы келеді? Ортаға  шығыңдар.

Ажар:     

           Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл,жарқын күз.

Сары алтынға малынып

Жетті міне алтын күз.

Айбек:     

           Сарғайды тоғай,

Сап –сары маңай.

Соңғы әнім айтып,

Құс кетті қайтып.

Жұлдыз:

Күздің қазан айында

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр-сыбдыр түседі.

Сәуле:

Жетті желмен алтын күз.

Жеміс жинау салтымыз

Жиып-теріп болған соң

Той жасайды халқымыз.

Данель:   

           Келді көшіп комбайын

Алтын дария егінді

Жинап маржан бидайын,

Күзіміз неткен көңілді.

Камила:  

           Сап-сарығып даланы

Бояпты гой күз деген.

Құстар қанат қағады

Қоштасқандай бізбенен.

Айлин:     

         Қуаныштың ағайын,

Қоңырауын қағайын

Қуандырып біздерді.

Өлкемізге күз келді.

Арман:  

             Астық жеміс жиылды

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс

Алдық өнім сыйынды.

Жүргізуші: – Кірпі, сіз қандай ойын білесіз?

Кірпі:  – «Жемістер дәмін ата» деген ойын  ойнайық.

Ортаға екі баланы шығарып, көзін таңамыз. Алдына жемістерді қоямыз. Балалар жемістердің дәмін татып көріп ажыратады.

Ойын: «Жемістер дәмін ата»

Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би билейік, ойнайық.

Би: «Жапырақтар»

Жүргізуші: Кезегімізді әнге берейік. Қыздардың орындауында

«Қазан» әнің қабыл алыңыздар!

 Ән:  «Қазан»

Жүргізуші:  -Құрметті ата-аналар, қонақтар, бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертенгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.

Берекелі бақ дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар қонақтар,

Келгенше жыл айналып !

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *