«Қош келдің, Жаңа жыл!»


Ақшабаева Алия Маралбековна
«Ақбота» бөбектер бақшасының тәрбиешісі

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аяз атаның, Ақшақардың, карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым – қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар: жүргізуші, Аяз ата, Ақшақар,Жел аяқ, Сұлтан, Жұлдыз санаушы, Кашей.

Музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Гүлдер» тобында!
(балалар келіп шыршаны айналып би билейді)

Жүргізуші: Армысыздар ата – аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Балалар, бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, шыршамызға арнап сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп, ән салайық.

Ән: «Кішкентай шырша»
Жүргізуші:

Бұрыннан болған екен Аяз ата
Тосады екен балалар қысқы уақытта
Ақшақарды қасына ертіп алып
Жер бетін шарлайды екен дамыл таппай.
Жүргізуші: Бәріміз қосылып бар дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.

Барлығы: Аяз ата, Ақшақар.( 3 рет айтады)

Аяз ата:

Сәлематсіңдер ме, балалар! Жаңа жыл мерекелерін құтты болсын.
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!

Аяз ата: Балалар, шыршамызда әдемі ойыншықтар ілулі, бірақ шыршамыз көңілсіз сияқты. Қане, шыршамыздың шамдарын жағайық. Барлығымыз бірге айтайық : «Қуант бізді, шамдарыңды жарқырат!»
Жүргізуші: Балалар, Аязата келді. Шыршамыз да әдемі, шамдары жарқырап тұр.  Аяз атаға  шырша туралы тақпақтарымызды айтайық.

1-бала:

Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.
2-бала:

Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Жаңа жылмен бірге біз,
Орманға кеп жетеді.
3-бала:

Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.

4-бала:

Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

 

5-бала:

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Міне, сұлу шыршамыз.

Көптен күткен, сағынған,

Кел, балалар, келіңдер,

Тамашаны көріңдер.
6-бала:

Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақтон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.
7-бала:

Аяз ата аппақ
Кәмпиттері тәтті – ақ
Маған кәмпит көп берсең
Тағы айтамын тақпақ.

(Залға Жел аяқ жүгіріп кіреді)

Жел аяқ: Шешіңдер, шешіңдер.  (Аяз ата мен жүргізуші Жел аяқтың аяқ киімін шешеді).

Жүргізуші: Бұл, Жел аяққой.

Жел аяқ: Аяз ата, біздің Ақшақар қызымыз жоғалып кетті.

Аяз ата: Тоқтай тұр, дұрыс барлығын айтып берші.

Жел аяқ: Арғы жақта Сұлтан бар. Сұлтан өте қатал. Содан Ақшақарды құтқару керек.

Аязата: Балалар, не істейміз? Ол жаққа қалай жетеміз?

Жел аяқ: Егер сендер сол жаққа барсаңдаааааар (Сөзін аяқтамай залдан шығып кетеді).

Аяз ата мен жүргізуші: Тоқта, тоқта! Жел аяқ бізге сол жаққа қалай жету керектігін айтпай кетіп қалды.

Жүргізуші: Мен білемін бізге кім көмектесе алатын. Жұлдыз санаушыдан сұрау керек, өйткені ол көп біледі, жұлдыздарға қарап барлығын айтып береді.

Жұлдыз санаушы: Сәлеметсіңдер ме, мен Жұлдыз санаушымын, көп жылдар бойы жұлдыздар санап келемін. Мен естідім сендерге менің көмегім керек екенін .

Аяз ата: Жұлдыз санаушы сенің бізге көмегін керек. Сұлтан біздің Ақшақар қызымызды ұстап отыр. Сұлтанға баратын жол көрсет.

Жұлдыз санаушы: Мен сендерге көмектесемін. Менің сиқырлы бас киімім бар. Сол арқылы Сұлтанның үйіне барамыз.

Жүргізуші: Балалар, Жұлдыз санаушыға «Жұлдыз» биін билеп берейік.

(Жұлдыз санаушы шыршаны айналып бас киімін сиқырлап Сұлтанын үйіне әкеледі)

(Ақшақар қыз жылап отырады)

Сұлтан: Неткен әдемі, сен неге жылап отырсың? Менің үйімде жаман ба? Жылағаныңды тоқтат.

Ақшақар:  Мен мында еріп жатырмын, мында ыстық, өзімді жаман сезініп тұрмын. Қазір маған сібірдің ызғарын-ай.

Сұлтан: Қане, мында салқын балмұздақ әкеліңдер, бал қосылған!

Ақшақар: Әуре болмаңдар, маған балмұздақ көмектеспейді, мен бәрібір еріп кетемін. Сенің еліңде өте  тамаша, бірақ менің өз елім бар, онда айнала жылтыр тастар жылтырламайды, тек мұздар жарқырап, қарлар ағара береді.

Сұлтан: Енді мен не істеймін? Менде барлығы бар, жұбайлары мен балаларым көп, ханшайым да бар, тек қар қызы жоқ.

Жұлдыз санаушы: Сұлтан мен бір сөз айтсам бола ма?

Сұлтан: Сен кім боласың?

Жұлдыз санаушы: Мен, Жұлдыз санаушы боламын.  Мен қазір барлығын түсіндіріп беремін.

Сұлтан: Рұқсат беремін, айтағой.

Жұлдыз санаушы:Біз алыстан келдік, ол жерде өте суық, аяз. Барлық жерлерді қар жапқан.  Біздің жақта жаңа жыл мерекесін тойлап жатыр. Онда бізге Ақшақар керек, ол мында суықсыз еріп кетеді. Сенің елің ыстық.

Сұлтан: Сен дұрыс айтасың. Ақшақарды жіберейін, бірақ ол үшін менің көңілімді көтеріңдер.

Жүргізуші: Әрине көңіліңізді көтереміз. Ортаға шығыз биімен қыздарды шақырамын.

Би: «Шығыс биі»

Сұлтан: Қандай тамаша би. Ақшақар өз еліне бар.  Сау бол.

Ақшақар: Көп рахмет, балалар, сендер мені құтқардыңдар.

Жұлдыз санаушы: Ал енді, балалар, менің сендермен қоштасатын кезім болды. Менің басқа да шаруаларым бар . Жаңа жылдарын құтты болсын. Сау болыңдар!

Аяз ата: Ал енді, балалар, Ақшақармен көңіл көтерейік. Келістік пе, балалар!

Жүргізуші: Балардың жаңа жылға арналған тақпақтарымен ортаға шақырамын.

1-бала:
Мұздан моншақ тағынып,
Күміс қырау жамылып.
Ортада тұр Ақшақар,
Көптен күтіп сағынып.
2-бала:
Кел билейік сенімен,
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар.
Адамдардың демімен.
3-бала:

Міне тағы келіп тұр,
Жаңа бір жыл балалар.
Жадыратып жер үстін
Төрімізге ол шыққан.
4-бала:
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
5-бала:
Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.

6-бала:

Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де!

7-бала:

Жамылған ақ мамық, ұлпа қар
Нұрланар кең байтақ Отаным
Бала жоқ сыйлықтан құр қалар
Сыйлығы көп, Аяз атаның.
Ақшақар: Балалар, шыршаның шамдары сөніп қалды. Мынды Кашей жетіп қалыпты.

Кашей:  Мында не болып жатыр? Барлығы әдемі киініп алыпты, ұлдар да, қыздар да.

Аяз ата: Кашей сен мында не істеп жүрсің? Мында жаңа жыл болып жатыр. Балалар көңіл көтеруде.

Кашей: Сыйлықтарды тосып отырсыңдар ма? Қазір шыршаның барлық ойыншықтарын сындырып, лақтырып тастаймын.

Аяз ата: Қой Кашей, мен бұндайды болдырмаймын.  Болдырамыз ба, балалар?

Балалар: Жоқ.

Кашей: Мен кетпеймін. Мен бір қызды өзімен бірге патшалығыма алып кетемін. (Бір қызды алып шығады)

Жүргізуші: Олай болмайды. Біздің Мушкитер жігіттеріміз бар. Қане, біздің қызымызды алыпқалайық та, Кашейді қуып жіберейік.

Балалар: Қане, біздің қызды босат. Саған досымызды ренжітуге жол бермейміз. Біз сені жекпе-жекке шақырамыз. Біздің ұранымыз «Біріміз барлығы үшін, барлығы біріміз үшін».  (Мушкитер жігіттер Кашейді қуып шығады)

Би: «Мушкитер»

1. Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

2. Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.

3. Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

4. Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
5. Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
6. Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
7. Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
8. Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
9. Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.

10.Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.

Жүргізуші: Балалардың орындауында ән «Шырша»

Ән: «Шырша»

Ақшақар: Біздің басқа балабақша баратын кез келді. Сендердің мерекелерін жақсы өтті, Аяз ата балаларға сыйлықтарын берейік.

Аяз ата: Менің қапшығым қайда?

Кашей: Менде, мен сендерге бермеймін, барлығын жеп қоямын.

Аяз ата: Қорықпаңдар, менің қапшығым сиқырлы.

(Кашей қапшықтан бұлдарды алып шығады).

Кашей: Аяз ата мен енді жаман қылықтар жасамаймын мені кешіріңдерші, мен өзімнің қателіктерімді түсіндім.

Аяз ата: Балалар, Кашей өзінің қателігін түсініпті,біреудің затын алуға болмайды, кешіреміз бе?

Балалар: Иә!

Аяз ата: Ал, енді сыйлықтарыңды алыңдар.

Аязата:
Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен.
Ақшақар:
Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.
Сау болыңдар, балалар!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! 2018 жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *