Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік


Оразалина Эрика Сергеевна
«Ақбота» бөбектер бақшасының тәрбиешісі

Мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

Тәрбиеші; Құрметті «Ақбота» балабақша ұжымдары, балабақша бүлдіршіндері, бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып
қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Елімнің еркіндігі тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз.

Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Қазақтың ұлттық киімін киген балалар қолдарына жалауша ұстап музыка ырғағымен залға билеп кіреді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
1.Тәуелсіздік таңын сүйем .
Таңмен бірге келді ме өлең.
Көк туына басымды ием,
Көгімізде желбіреген.

2.Аласармас аспанымда,
Күнмен гүлдеп ел өседі.
Қазақстан аспанында.
Бостандықтың желі еседі.

3.Әнді алысқа жеткіземіз,
Көкке елдің туы ілінді
Жылда той қып өткіземіз,
Тәуелсіздік ұлы күнді.

4Маған қымбат ұлы елімнің .
Шешек атқан әр гүлі.
Аялайды бәрімізді,
Азаттықтың таң нұры.

5.Сарыарқаның даласында,
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің, жерім менің,
Баққа қолы жеткен күн.

6.Бостандығым тұңғыш рет,
Аққанатын қаққан күн.
Әже әлдилеп немересін,
Басы айналған бақтан күн.
7.Қазақстан менің Отаным,

Атыңды әнге қосамын.

Шарықтап өсіп,дами бер,

Біліммен үлес қосамын.

 

Есікті қағып топқа білгіш кіреді.

Білгіш: Сәлеметсіндерме балалар

Жүргізуші: Сәлеметсізбе, сіз кім боласыз?

-Мен білгішпекпін, сендердін білімдерінді тексеруге келдім.

Жүргізуші: Білгішпек тексерініз біз сіздін барлық сұрақтарына жауап беруге тырысамыз.

-Сендер қандай мемлекетте тұрасындар

-Қазақстан Республикасында.

-Қандай рәміздеріміз бар?

-Ту, елтанба, әнуран

-Қандай тілде сөйлесеміз?

-Қазақ

Жарайсындар балалар,жақсы жауап бердіндерғой.

Жүргізуші: Білгішпек балаларымыздын өнерін тамашаланыз.
Ән:

1.Тәуелсіздік ұлы күнім,
Тұрсын жайнап төбемде.
Сен, жасай бер мәңгі бақи,
Қуанышқа бөлен де.

2.Тәуелсіздік –
Бақ туын.
Қолға ұстаған сәт бүгін,
Болсын дәйім шат күнім.

3.Балабақша серпін нық,
Көкке атады бөркін жұрт.
Тәуелсіздік –ынтымақ,
Тәуелсіздік еркіндік.
 

4.Қыста келген бақыт бұл,
Қыспай берген жақұт нұр.
Аппақ қардай пейілін
Әлемге елім шашып тұр.

5.Тәуелсіздік – ел болу
Ынтымақпен өрге озу.
Еркін және өзге елмен,
Терезесі тең болу.
6Тәуелсіздік мақтанышым,

Бізге бақыт сыйлаған

Бейбіт күнде мен тынышпын,

Әрбір таным нұр маған.
7.Тәуелсіздік- бақыты ғой елімнің,

Тәуелсіздік шаттығы ғой жерімнің.

Би:
1.Өз меншігің
Тау, дала
Көкке өрле, самға да!
Сену,
Келу тәубаға!…

2.Желтоқсанның ызғары-ай
Кірпікке қатқан мұздар-ай
«Елім-ай» деп егілген,
Қаһарман ұлдар, қыздар-ай

3.Мереке бүгін ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азатты елдің ұлымын.
Теңескен төбем көкпенен.
4.Егеменді ел бақыты ертеңгі,
О, халайық Құтты болсын қуаныш!

 

5.Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеге ел тосқан

Атамменен барғанмын.

 

6.Тәуелсіздік еліміз

Мәңгі жасар жеріміз

Тәуелсіздік жасаған

Аға, Әпкелеріміз.
Би:

Ән:

Білгіш: Ой балалар сендер қандай өнерлі екенсіндер, білмдерінді тексеруге келіп бір демалып алдым сендердің өнерлеріне қарап,рахмет сендерге енді мен басқада топтардын балаларының өнерлерін тамашалап қайтайын.

Жүргізуші: Сауболыныз білгішпек.

Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа – ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен құрметті қонақтар  гүлдер тобының дайындаған «Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *