8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Мерекелік шашу » бағдарламасы


Қалықұлов Лесхан Жақсыбай ұлы
 Жамбыл облысы ,Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы Балалар мен жасөспірімдер орталығының қосымша білім беру педагогы

1 жүргізуші:

Әйелдер-ай, әйелдер-ай қандайсың,

Әдемі боп кетіпсің ғой әрқайсың.

Біреу жеріп тұрса дағы қалмайсың,

Біреу сүйіп тұрса-дағы бармайсың,

2 жүргізуші:

Өмірде әйел – бақыт, әйел – пана,

Өмірді өркендетер әйел ғана.

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын, талай дана.

3 жүргізуші:

Армысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары.

 

1. жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар! Жыл мезгіліндегі ең тамаша мерекеге арналған «Мерекелік шашу» атты бағдарламаға  қош келдіңіздер!

 

2. жүргізуші:  Көктемгі  күннің  көзіндей  жылы  жүзді,

3. жүргізуші: Тұла  бойына  сұлулық  тұнған,  арқаның   ажарындай  нұрлы    келбетті,    1. жүргізуші: Қызғалдақтай  алаулаған  аруларымызды  8-наурыз  мерекесімен                     құттықтаймыз!

Ортаға №2 орта мектебінің «Шашу» бишілер тобын шақырамыз.

Би ………………………………………………………..

2 жүргізуші:   Бала қыры талай жырлар шертеді,

Бала тілі көңіліңді ерітеді,

Шіркін! Сондай мөлдір, асыл сезіммен

Бүлдіршіннің басталады ертеңі!

Олай болса, құттықтауды балғын бөбектерімізден бастайық . Ортада  «Балдырған» бала бақшасының  бүлдіршіндері.

( құттықтау сөздері, билері)

 

3. Жүргізуші:

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамған,

Құтты болсын мерекеңіз анажан.

Дүниенің  жақсылығын біз тілеп,

Сіздер үшін басталады «Ақ тілек»!   – ендеше, келесі құттықтау сөз кезегі

Аудан әкімі Смаилов Марат Райымбекұлына беріледі!

Аудан әкімінің орынбасары Бейсенбек Әшімәліұлына беріледі.

Сіздердің құрметтеріңізге  Мұқан Төлебаев атындағы саз мектебінің фальклор ансамбілін ортаға шақырамыз    Саз мектебі 2 ән орындайды.

 

1 жүргізуші:

Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай күн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.- дей келе, сөз кезегі аудандық маслихат хатшысы Шамаев Берік Ысқақұлына  беріледі.

 

2. Жүргізуші: Бүкіл әлем аналардың сүтінен нәр алған,

Бүкіл әлем аналардың үмітінен таралған.

Әлемде сен болмасаң осылайша,

Туар ма еді жүрегімде биік мақсат, игі арман?-

 

3. жүргізуші: :  Сіздер бар да ұрпағымыз шалықтар,

Сізден шыққан алып шәкірт анық бар.

Жақсылардың жақсылығы өшпейтін

Сіздерді де бағалайтын халық бар!

 

1 жүргізуші:

«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ-мемлекетіміздің құт берекесі. Әйел-ана- отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі, болашақ ұрпақты тәрбиелеуші.

 

2. жүргізуші:  Бүгінде басшылық қызметте әйел азаматтарының болуы таңсық емес, Лаура, нәзік жандардың осыншама жауапты жұмысты ер адамдармен қатар алып жүруі қиын шығар?

 

3. жүргізуші:  ИӘ, әйтсе де нәзік жандылардың арасында іскер басшылар да бар

Олай болса әйел басшылар  туралы бейне роликке назар аударайық.

(Бейне ролик көрсетіледі)

Бір қолымен бесікті тербеткен, бір қолымен әлемді тербеткен нәзік жанды, үлкен жүректі әйел азаматына тағы бір қол соғып қошемет көрсетсек артық болмас.

 

1 жүргізуші:  Ортада облыстық,  республикалық көркем сөз оқу конкурстарының жеңімпаздары Құлан орта мектебінің оқушысы Өмірбекова Құлпынай мен Т.Рысқұлов орта мектебінің оқушысы Бекжанов Мейрамбек.(көркем сөз)

 

2 жүргізуші:  Облыстық  жас ақындар айтыстарының жеңімпазы Керімбек Арунаның орындауында «Арнау»

 

 

 

 

 

2 жүргізуші:

Адамдықтың ашқан соң қақпасын кеп,

Туған елің сүйсіне мақтасын деп.

Пәк сезіммен тілеймін адамдардың,

Анасының ақ сүтін ақтасын деп.

«Асыл ана» дуэт, орындайтын өнер мектебі. Қабыл алыңыздар.

Көрініс Б.Момышұлы орта мектебі

 

2 Жүргізуші: Шуақты қуатты қалпыңыздан тынбай,

Қызмет еттіңіз ел үшін қанатыңыз талмай.

Ақылды да, ардақты да басшы болып,

Жүрдіңіз ортамызда сіз шаршамай!

 

3. Жүргізуші: Ақ тілекті арнар болсақ енді біз,

Зейнет жасқа міне енді келдіңіз.

Ақыл-ойды, тәжірибені бөлісіп,

Болашақтың бақытына сендіңіз.

Құрметті жиналған қауым! Бүгінгі бағдарламамыздың қадірлі қонақтары болып отырған барша зейнеткер ұстаздар атынан сөз кезегі –Қанағатова Зинаш пен  Каштаева Клара апайларымызға беріледі.

 

І Жүргізуші: Сіздердің еңбектеріңіз еш уақытта ұмыт болмайды, істеген жақсылық істеріңіз, баянды болсын.

 

1 Жүргізуші:

Көздеріңнің мөлдірі сенің, ана,

Жаурағанда ықтайтын өзің пана.

«Ана» деп жүрегімде жанған от,

Тағзым етіп тұрады саған ғана,-    құттықтау сөз кезегі аудандық білім бөлімінің бастығы Тотаев Сейітхан Төреханұлына және аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Зауреш Орынқұлқызына беріледі.

(Сөз сөйлейді, сыйлық тапсырылады.)

 

2 Жүргізуші: Аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының атынан сіздерге арналған сыйлықты қабыл алыңыздар құрметті ардагер ұстаздар.

 

Музыка қойылады зейнеткер ұстаздардың аты аталады

 

3 Жүргізуші:  Мұқан Төлебаев атындағы  саз мектебінің оқушыларының орындауында попурри

 

2 Жүргізуші:  Әйел деген күн көзіндей шуақты,

Даладай кең, таулы өзендей қуатты.

Дүниедегі жақсылықтың барлығы

Сол сіздерден тарап жатқан сияқты!

І Жүргізуші:  №1 лицей мектебінің мұғалімі Әлімқұлова Гүлнардың және Еркеайымның орындауында «Сағындым әже сағындым» әнін қабыл алыңыздар!

2 Жүргізуші:     Көкте ұшқанда қанаттарыңыз талмасын,

Аяқтарыңызды қырсық пәле шалмасын.

Алла сізге дұрыс жолды жолдасын,

Өмірлеріңіз гүлдей болып жайнасын!

 

3 Жүргізуші:   Өміріңіз бау-бақшадай гүлдесін,

Басыңызға еш жамандық төнбесін,

Табыс көзі биік шыңға өрлесін,

Бақыт оты жарқырасын, сөнбесін!

 

Осымен 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған «Мерекелік шашу»  бағдарламасы аяқталды, келесі кездескенше күн жақсы болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *