«Өнерге қанат қаққандар» атты балалардың шығармашылық концерттік бағдарламасы


Рысқұлов Жандос Қаржаубекұлы
Жамбыл облысы ,Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы Балалар мен жасөспірімдер орталығының қосымша білім беру педагогы

1-ші жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!

 

2-ші жүргізуші: Қайырлы күн, аяулы ұстаздар!

 

1-ші жүргізуші: Сіздерді біздің білім ордамызда көруге қуаныштымыз.

 

2-ші жүргізуші: —————— сен білесің бе? Біздің Құлан көненің көзіндей көріп, Ұлы Жібек Жолы бойындағы жеті қала ішінде қытайлар «Сұлу қала» деп атаған шахар.

 

1-ші жүргізуші: Иә, рас. Құланның тарихы шексіз десек қателеспейміз. Қасиетті Құлан топырағы дарынға да кенде емес, еліміздің өнері мен ғылымына, спорттық жетістіктері мен экономикасына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар баршылық.

 

2-ші жүргізуші: Ат тұяғы тай басқан Басқардай ұлы, Мелістей сазгері, Ермахандай өнері бар Сұлутөрдің.

 

1-ші жүргізуші: Күміс көмей әншілер Досымжан Таңатаров, Тахмина Әшімбекова, Гүлмира Ақүрпекова, Гүлнұр Өмірбекова  өнер еліне өз үлестерін қосып келеді емес пе.

 

2-ші жүргізуші: Иә, Мият ағай, Болат ағай, Ринат ағай, Бердіхан ағайлардай өнерлі ұстаздар бар жерде, өнерлі шәкірттер болмай ма?

 

1-ші жүргізуші: Біздің аудан ұлттық өнерді қатты құрметтеп қолдайды.

 

2-ші жүргізуші: —————– «Өнер- таусылмас азық, жұталмас байлық» дейді халық даналығы. Өнер түрлері елде мол, халықпен жасап келеді.

 

1-ші жүргізуші: Соның бірі – күй. Күй жанрында халықтың өткендегі өмірі, тұрмыс –тіршілігі, әдет – ғұрып, салт – санасы, дүние танудағы көзқарасы, арман – тілегі тағы басқа толғанады.

 

2-ші жүргізуші: Ендеше ———————– фольклорлық ансамбльдің орындауында  халық күйі «——————–» қабыл алыңыздар.

 

1-ші жүргізуші: Ұлттың негізгі тірегі – ана тілі. Тіл киелі дүние. Аналарымыз бесікті тербете отырып, өнерлі бол, бақытты бол  ақ қозым- деп жырлаған.

 

2-ші жүргізуші: Осы ана тіліміздің асқар биігі, мөлдір маржаны, қасиетті кәусары- өлең. Менің өз тануымша өлең- тілдің соғып тұрған жүрегі, жүріп тұрған қаны.

 

1-ші жүргізуші: Ендеше аудандық «Құлан жұлдызы» байқауының жеңімпазы қуандық Қуаныштың орындауында «Ай қаракөз»  халық әнін қабыл алыңыздар.

 

2-ші жүргізуші: Қазақтың әуендік аспаптары халық арасына ертеден кең тараған. Олар – ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. Халық өз өмірінде болған оқиғалар мен тіршілік тынысына, табиғат сұлулығына тебірене, көлінен жарып шыққан төл туындыларын сазды аспаптар арқылы бейнелеп берген.

 

1-ші жүргізуші: Келесі кезекті «Атадан қалған мұрамыз» атты жыр-терме, күй байқауының аудандық, облыстық жүлдегері, мектебіміздің мақтаныштары ————————– орындауында «————-» күйін тыңдаңыздар.

 

2-ші жүргізуші: Біздің қазақ ән құмар халық. Біреу қолына домбыра ұстап ән сала бастаса, ойдағы қырдағысы жиналып сегіздегі бала сексендегі шалына дейін қалмай қамалап, айтушыға айтшылап жанын жағасына келтіреді. Бара-бар не болса да сол әндері рух сүйегіне сіңеді, құлағына қалады- деп бір ойшыл ақын ағамыз аса мәнді тұжырым жасаған.

 

1-ші жүргізуші: Олай болса,——————–орындауында «——————-» жырынан үзінді тыңдаңыздар.

 

2-ші жүргізуші: ——————- сен білесің бе ән адамның көңіл күйін көтереді. Ән өзіндік көркемдігі және мазмұндылығымен балалар жанын баурап, олардың ақыл-ой, сана- сезімінің кеңейіп, жақсы мінез-құлықтарының біртіндеп қалыптасуына әсерін тигізетіні анық.

 

1-ші жүргізуші: Ендеше «Құлан жұлдыздары» байқауының жеңімпазы ——————————- орындауында «—————» әнін қабыл алыңыздар.

 

2-ші жүргізуші:                                          Қазақта жоқ бір ауыз сөз ән салмаған,

Қай қазақта әншісін қарсы алмаған.

Русландай баламыз ән шырқаса,

Жан бар ма екен қызығып тамсанбаған- дей келе ,——————- орындауында «———————» әнін қабыл алыңыздар.

1-ші жүргізуші:                                          Ғажап қой сұлу көктем, жазың әні,

Тыңдарсың он жүректің сазын әлі.

Шіркін-ай жер жетпейді бір өзіңе,

Қойнауы тұнған байлық, қазынам – дей келе «———————» әнін   ——————————–

орындауында қабыл алыңыздар.

2-ші жүргізуші: Көне Құлан қиындыққа қыңбаған,

Елін, жерін жырлаған.

Батырлар мен ақындар бар ел.

1-ші жүргізуші: Біз рухы биік Болтайдай батырдың,

Қайқыдай қыранның,

Есім бидей әділдің

Қазыбайдай ақынның еліненбіз.

 

2-ші жүргізуші:  Келесі кезекті «—————–» әнін оркестрдің сүйемелденуімен қабыл алыңыздар.

 

1-ші жүргізуші: Ән- көңілдің ажары. Жүректің мұң – шерін, қуаныш қайғысын ән әуені арқылы ғана  тарқатуға болады. Мұндай ойды Абайдың:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жаңа әнмен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй – деген тебірінісінен көруге болады.

 

2-ші жүргізуші: Ендеше келесі кезекті тағыда бір әсем әнге берейік. —————————– орындауында

әнін қабыл алыңыздар.

 

1-ші жүргізуші: Дүние ойдан шығады

Өзімді-өзім ұмытып.

Көңілім әнді ұғады,

Жүрегім бойды жылытып, – деп Абай жырлағандай —————————— орындауында

әнін қабыл алыңыздар.

2-ші жүргізуші: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы…» демекші —————————- орындауында

әнін қабыл алыңыздар.

1-ші жүргізуші: Қабыл алшы өнерлерін баланың

Тілектері орындалсын ананың

Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,

Өздеріңсің жалғастыар бабамның – дей   келе  ————————— орындауында

қабыл алыңыздар.

2-ші жүргізуші: Арулар неткен сымбатты

Ғажайып нұрға бөленген.

Бүгінгі қуанышқа үн қатты,

Мың бұралған бименен- дей келе «——————–» бишілер тобының орындауында мына бір

әсем биді қабыл алыңыздар

 

1-ші жүргізуші: Таңданайық өнерге тамсанайық,

Бәріміз де қосылып ән салайық.

Шабыттансын көңіл көтерілсін,

Өнерлі ұстаздарды мадақтап жар салайық- дей келе осымен құрметті қонақтар сіздерге

арналған шағын концерттік бағдарламамыз аяқталды, көріп тамашалағандарыңызға

рахмет!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *