«Табиғаттағы су айналымы »

Муликова Данагуль Советовна
Павлодар қаласы № 7 ЖОББББММ бастауыш сынып мұғалімі

ІІ.Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Табиғаттағы су айналымы туралы түсінік қалыптастыру;

2.Дамытушылық: Судың қасиеттерін еске түсіре отырып, берілген мәлімет пен тапсырма  арқылы табиғаттағы су айналымын туралы білімдерін қалыптастыру, дамыту;

3.Тәрбиелік: Су, оның адам өміріндегі маңызы, оны қорғауға баулу.

ІІІ.Сабақтың түрі: аралас сабақ

ІV.Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап,

V.Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, постер, ребус,глобус кестелер, бейнеролик, интерактивті тақта

VІ.Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіздерме, оқушылар.

-Психологиялық ахуал:

Жер-Ананың

Қазбасы мен сыры бар.

Балығы бар,

Арыстаны,гүлі бар.

Бәрі-бәрі

Өз алдында бір әлем,

Әр әлемнің патшалығы,тілі бар.

 

-Топқа бөлу:

Балалар, барлықтарың ортаға шығыңдар.Алдарыңызда күннің,бұлттың және жаңбырдың суреті бейнеленген қима қағаздар жатыр. Әркім өзінің қалаған қимақағазын таңдап алсын, қимақағаздағы берілген бейне бойынша өз тобына барып отырсын.

 

1-топ: Күн

2-топ: Бұлт

3-топ: Жаңбыр

Топтың ережесін таныстыру. Топ басшысын, топтың ғалымдары мен зерттеушілерін сайлайды

Әр топқа бағалау парағы таратылады,  сол бағалау парағы бойынша әр топ басшысы өзінің тобындағы оқушыларды сабаққа қатысу деңгейі бойынша бағалайды.

-Жарайсыңдар, балалалар!

Жер-ананың қазбасы демекші, үйге қандай қазба-байлық туралы тапсырма берілді? (оқушылардың жауабы)

-38-41 бет, Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар, оқу, мазмұндау;

 

2.Үй тапсырмасын тексеру:

Қазір біз “Балықшы”ойыны арқылы үй тапсырмасын тексереміз. Аквариумнен балық аулаймыз.Ол үшін балықтың тапсырмасын орындауымыз керек.

1-балық: Қазақстан Республикасы пайдалы қазбаларға бай. Енді сұрақ неліктен пайдалы қазба деп аталған?

(Пайдалы дейтін себебі-адамға пайдасы тиеді, қазба дейтіні-жер қойнауынан қазып алынады.)

2-балық: Фосфорит қандай кен орнында өндіріледі? (Қаратау)

3-сабақ: Неліктен кенге жатпайтын пайдалы қазбалар деп аталған?

(Оларды табиғатта кездескен қалпында пайдалана береді)

4-балық: Кенге жатпайтын талшықты минерал асбест. Оның картадағы белгісі қандай?(+)

5-балық: Пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді, атап көрсет.

(Жанғыш, кенді, кенге жатпайтындар)

6 балық: Шаруашылықта топырақты тыңайтуға қолданылатын тұз.(калий тұзы)

7 балық:Асбестті халық арасында не деп атайды? (тас зығыр)

8 балық:Әктастың қатты және тығыз түрі (Мәрмәр)

9 балық:Көне теңіз жәндіктерінің бақалшықтарынан түзілетін қандай тас? ( Ұлутас)

-Жарайсыңдар, балалар! Балалар, біз балықтарды жәй аулаған жоқпыз, оның да бір себебі бар.

Жаңа сабақ

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-Балықтар қайда өмір сүреді? (Суда)

-Суды біз қай жерлерде қолданамыз? (күнделікті тұрмыста, егін суару, мал суару т.б )

Дұрыс айтасыңдар, барлық жер бетіндегі тіршілік судан тұрады.Адам баласының өзі 80% пайызы судан құралған.

-Жер шары дегеніміз не?

-Ол біздің жер шарының кішірейтіліп көрсетілген моделі.

Жер шары арқылы біз қай жерде су, тау,жазықтық жерлерді көреміз.

Жер шарының 4/3 бөлігін су алады екен.

2-тапсырма: Судың қасиеттерін еске түсіру.

Интербелсенді тақтадан су айналымы туралы видео көрсетіледі.

 

3-тапсырма:

«Су туралы таңғажайып деректер»

Топтың зерттеушілері сөйлейді:

1. Су жердің 3/4 бөлігін су алып жатыр екен.

2.Мұхиттар бүкіл жердің 97 % суын құрайды және үшеуі бірігіп (Тынық, Атлант, Үнді) 350 млн шаршы км аумақты алып жатыр

3.Салмағы 70кг адамның денесінде 50кг су бар. Оның мөлшері 17кг-ға кемісе адам өледі. Сусыз адам 1 апта ғана шыдайды.

3.Өсімдіктің құрамында да су бар. Оған су құймасақ өліп қалады.

Топтың ғалымдары сөйлейді:

«Су туралы статистика»

1.Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит – Тынық мұхиты. Жердегі судың жартысына жуығын құрайды. (Тынық мұхиттың слайды)

2.Әлемдегі ең үлкен көл – Каспий теңізі (Азия) 371,000км2

3.Қазақстандағы қорықты көл – Марқакөл.

Оқулықпен жұмыс:

-Мәтінді түсініп оқу;

1-топ: 1-2 абзац оқу;

2-топ: 3-4 абзац оқу;

3-топ: 5-6 абзац оқу;

-Түсінгендерін сұрау;

4 – тапсырма

«Түсіндір, көрсет, дәлелде»

1. Әр оқушы жеке табиғаттағы су айналымын құрастырып жазады.

2. Топқа парақшалар беріледі, топпен талқыланады.

1 – топ.Табиғаттағы су айналымы тізбегін құрады.

Бұлт    жаңбыр     жылға   өзен  теңіз  булану

2- топ. Судың маңызы,қолданылуы жайлы туралы постер жасау

3- топ. Қазақстан картасынан өзен- көлдерді табады , оны бояйды , атап өтеді.

(Әр топтан бір бала тақтаға шығып, орындаған тапсырмасы ойларын қорытындылап, түсіндіреді)

Сергіту сәті. Ақбұлақ әні.

5- тапсырма

 

Шығармашылық жұмыс:

1-топ: Су туралы мақал-мәтел жазу.

2-топ: Су туралы өлең шығару.

3-топ: Су туралы жұмбақ жазу.

 

Сабақты бекіту: (интрабелсенді тақтамен жұмыс)

Iмектеп сайтында өткен тақырыпқа байланысты тапсырма орындайды.

Дұрыс – бұрыс және  тест тапсырмасы

 

Үйге тапсырма:

«Табиғаттағы су айналымы» мәтінін оқып,мазмұндау

 

Кері байланыс:

1.Бүгінгі сабақтың тақырыбын толық түсіндім деген балалар жарқын күннің суретіне барып,стикерлеріңізді жабыстырасыздар

2. Бүгінгі сабақтың тақырыбын толық түсіндім деген,бірақ та тағы да дайындалуым қажет десеңіздер, күңгірт бұлтқа барып,стикерлеріңізді жабыстырасыздар.

Алдарыңда жатқан жаңбыр тамшыларын тақтадағы бұлттарға әкеліп жабыстырамыз.

3. Бүгінгі сабақтың тақырыбын дұрыс түсінбесеңіздер, найзағайлы бұлтқа стикерлеріңізді жабыстырасыздар.

Сұрақтарым бар   Толық түсіндім   Түсінген жоқпын

Бағалау:

Оқушыларды бағалау;

Топ басшылары бағалау парағына байланысты өз шешімдеріңді айтыңдар!

Жақсы онда, сабақ аяқталды.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.