«Талантты Қазақстан»


Әзімханұлы Мадияр
Азаматтық  қорғаныс көпсалалы колледжі Көкшеттау қ. ЧС- 22А 2- курс студенті

Жетекші: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абильтаева Самал Бекбасовна

Тәуелсіздігі  бар ғой  асқақ  елімнің,

Тарихыда  ұлы ғой  байтақ  жердің.

Мен  өзіңді  сүйіп  өтем  мәңгілік,

Жасай берсін мәңгілік ұрпағың.

 

Қазақ  елі  жетті  арманына,

Қаншама  азап  көрді  мынау  кең  далада.

Жастардың жүректері  дүрсілдеп  бір  соқты,

Қазақстан  Тәуелсіздігін  алғанда.

 

 

Президент  болып  сайланды  Нұрсұлтан,

Атамыз ғой,  арманға қол жеткізген.

Ел  тәуелсіз, төрінде – Астанасы,

Жасай берсін қазағымның бас қаласы.

 

Жарқырап тұр күн сәулесі көк туымда,

Қыран құсым  қанатын  жайып  ұшты  аспанда.

Қазақ  елі – Тәуелсіз  Қазақстан  болғанда,

«Бәйтерек» шыңын  көтерді Астанада.

 

Ғимараттар  салынып  жатыр  бас  қаламда,

Көркейіп, әсем  болды  Астанада.

Осы  күнге  әрең  жетті  мына  халқымда,

Тәуелсіздікпен  бостандықты  алғанда.

 

Айтайын  десем  қалаларым  көп қой,

Ырысымен  теңесерлік  басқа  ел  жоқ қой.

Қалаларым  бай ғой  қазағымның,

Әрине,  оған  тең келетіні жоқ қой.

 

Астанада  жаңалықтың  қызығы  болса,

Қарағандыда  көмірдің  қазығы  бар.

Алматыда  алманың  атасы  болса,

Қызылордада  күріштің  ырысы  бар.

 

Шым – қалада  өрістің  өлкесі  болса,

Бурабайдай  табиғатты көркемі бар.

Көкшетауда  бабалардың  байлығы  болса,

Балқашымда  металдардың  қазбасы  бар.

 

Айта  берсем  көп қой  оның  байлығы,

Қазақстан  түрік  елінің  байлығы.

Бір  Аллаға  шүкір  етем  мәңгілік,

Арта берсін елімнің мәртебесі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *