Эссе. Менің отбасым –менің тарихым


Жолдасбек Алтынбек Саянұлы
Карағанды  обласы, Нұра ауданы Ахмет ауылы ЖОББММ  С.Сейфуллин атындағы орта мектеп 3 сынып оқушысы

Отбасы дегеніміз Отанның бір бөлшегі. Менің отбасымның құрамы: ақыл- дария Жолдасбек  атамнан, асыл Зәуреш әжемнен, қамқоршы -Гүлшат апатайымнан, асқар тау- Саян әкемнен, мейірімді -Кәмшат анашымнан, ерке егіз іні-қарындасым Айнияз бен Айкербезден  тұрады. Руымыз  -Темеш оның  ішінде Бопымыз. Ұлы нағашыларымыз Төре, кіші нағашыларым Адай.

Отбасымның тарихын үлкен атамнан бастағым келеді. Үлкен атамның аты Іңкәрбек. Ірі денелі, атжақты, мейірімді адам болған деп атам айтып отырады. Елге сыйлы болған кісі. Егінші болған, еккен егіні бітік шыққан екен. Ауылдың үлкен кішілерінің бәрі үлкен атамнан ақыл сұрайтын, ел қамын ойлап жүретін  еді дейді Жолдасбек атам. Ұлы Отан соғысының  ардагері. Әкем Саян үлкен атамның атында. Мен кіші атамның атындамын Жолдасбек Алтынбекпін.

Мен  Жолдасбек  атамды құрмет, мақтан етемін.Үлкен атам сияқты егін егеді, ерінбейді өте еңбекқор, өнерлі, елге сыйлы азамат. Атамның өнерін бәрі жақсы көреді.  Атам әнші, домбырашы, бос уақыттарында  той басқарады. Атамсыз ауылда бір де бір той өтпейді. Бізге де домбыра тартуды үйретеді.  Мен атама ұқсағым келеді.

Менің отбасымның тарихы өте қызық әрі үлкен. Мен оқып жүрген Сәкен Сейфуллин атындағы мектепте әкем мен әжемде білім тәрбие алған. Ал апатайым Гүлшат та осы мектепте физика пәнінің мұғалімі. Мектепте оқушылары жақсы көреді, сыйлайды. Астана қаласындағы  С.Сейфуллин атындағы университетінде әкем, анам және атам білім алған. Алла қаласа менде сол университеттен білім аламын.

Мен отбасымның тарихын осылай жалғастырғым келеді. Біз бақытты отбасымыз. Маған отбасымның тарихы қымбат. Мен отбасымның тарихын ұмытпаймын.

Мен отбасымның тарихын жалғастырушысымын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *