Тәрбие сағаты “Ата- әулеттің тірегі, әже – ұрпақтың жүрегі”


СКО Петропавл қаласы Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебі

Гульнара Есенеева

Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына отбасының қос шынары – ала таудай атасы және аналардың анасы – әженің адам өмірінде алатын орнын, оларға құрмет көрсету – халықтық дәстүр екендігін ұғындыру, адамгершілікке, инабаттылыққа және мейірімділікке тәрбиелеу.

/Күй “Секіртпе”/

1 -жүргізуші:

Армысыздар, ата-әже қариялар!

Елімнің шежіресі дариялар.

Кең пейіл, өрісі биік, дарқан көңіл,

Біздерге асыл жандар, аяулылар.

Сәлеметсіздер ме, құрметті  ата-әжелер, ұстаздар, оқушылар!

Сіздерге ашық аспан, зор денсаулық, қажымас қайрат  тілейміз!-дей отыра,

құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директорының міндетін атқарушы Жүсіпова Жанаш Ермекқызына беріледі.

 

2- жүргізуші: 

Бірге өсіп,ен жайлаған ұл менен қыз.

Асыға сәлем жолдап жүректен біз.

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.

Олай болса, ардақты да, қадірлі ата-әжелеріміз, сіздерге шексіз алғыстарын білдіре келген оқушыларға  сөз кезегін берейік. / монтаж/

 

Есенсіз бе? Қазыналы қарияларым,

Бабалардың бойға жиған салттарын.

Өздеріңіздей ұлағатты болуға,

Өсиетіңізді жүрегімде сақтармын.

 

Мейірімді көзіңді,

Қамқоршы сөзіңді.

Кемеңгерім көреген,

Өмірге азық өнегең.

Аяулы едің не деген…

Асыл әже!

 

Атаң болса, анаңмен –

Алтыннан соққан қорғаның.

Ағаң болса ақылды –

Ешкімнен кем болмадың.

Інің болса жанашыр –

Семсер қылыш білегің.

Ақылды қыз, ақылды ұл –

Өкпе – бауыр, жүрегің.

 

Бала деген бал екен,

Бал дегенің бала екен.

Немеренің бойында

Бар жақсылық бар екен.

Туған балаң жай ғана,

Демесең де жат бөтен.

Нағыз бала ойласаң,

«Немере» екен, тәтті екен.

 

Теңіздей боп тасиды көңіл бүгін,

Шаттық барда өмірді сүймейді кім.

Біз тілейміз сіздерге болашақта,

Бақыт толы өмірдің небір күнін.

 

Ғасыр деген арман жасқа толыңыз,

Өріс боп жайлау болып оң-солыңыз.

Ұрпақтардың ортасында құтты қарт,

Аталатын бақытты да көріңіз.

 

Сізді қалай жүреміз біз үлгі етпей

Жан – тәніңіз өнеге мен құрмет қой!

Ұзақ жасап, бақыт кешіп өмірде,

Жолыңызды сәулелі де нұрлы еткей.

 

Ұстаз –әже, бізге өнеге салтыңыз,

Сақталсыншы осы нұрлы қалпыңыз.

Шаңырақтың ризығы өздеріңіз,

Шуақ шашсын қадір менен нұрыңыз.

 

Асқар тау боп көрінсеңіз біріңіз,

Ал біріңіз шуақ төккен күніміз.

Қызық көріп ортамызда біздердің,

Ардагерлер аман-есен жүріңіз

/Таженов Аслан орындауында: «Аманат» әнін қабыл алыңыздар/

1 -жүргізуші:

Мен білмеймін.

Басыңа орнап бақ,

Шәһар салып, жасадың ба жаннат бақ.

…Әлдеқалай тасқа түскен таңбаға

Табынамын тарихымдай ардақтап.

Сыр ашпайды сенің құла түздерің,

Сыр ашпайды тау тастағы іздерің.

Сенің бүкіл болмысыңның тағдырын

Мың бұралған әсем биден таныдым

/Қазақ биі/

2- жүргізуші:

 Ақиқатты айқындап жариялар

Бара жатыр азайып қариялар.

Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын

Бара жатыр сарқылып дариялар,- дей отыра, біз ешқашанда сіздердің бізге сыйлаған нәзік те кіршіксіз, махаббаттарыңызды, жақсылықтарыңызды өтей алмаймыз. Сонда да , сіздер бізге қаншалықты сүйіспеншілікпен қарасаңыздар, біз де сіздерге соншалықты мөлдір сезіммен құрмет көрсетіп отыруға тырысамыз дей келе, сіздерге мына әсем әнімізді арнаймыз

/3 сынып оқушылары «Бала тілегі»/

1- жүргізуші:

“Үй маңында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең

Ауылыңда қария болса, жазулы тұрған хатпен тең” – деген екен халқымыз, тұла бойымызға даналық, мейірімділік қасиеттерін сіңірген асыл жандарымыз – ата-әжелеріміздің аялы алақаны, сезімге толы сөздері әлемдегі ең қасиетті сөздер емес пе?  Еркелетіп әлпештейтін, ақыл-кеңес беретін, жабыққанда жұбатып, қуанышыңмен бөлісетін асыл жандардың тұңғиықтан да терең оттай жалындаған мейірім махаббатына дүниенің еш теңеуі жоқ екенін білеміз. Ортамыздағы оқушыларды толғандыратын сұрақтары бар екен. Енднше сол сұрақтарға жауап алсақ дейміз….

Қайыржан Сақтағанұлы атамызға сұрақ:

/1 сұрақ “Үйде қонақ, қарт, бала қадірлі” /

2- жүргізуші:

Асқар тауым, ақылгөйім ғұлама

Аспанымдай мәңгі жаса, құлама

Ержетсем де еркелігім қалмайды

Көз алдымда сен тұрғанда ата-әже.

Келесі сұрақты Әдия Ысқаққызы өзіңізге арналады.

/2 сұрақ «Қазақтың инабатты қызы»/

1- жүргізуші:

Жанды ғой бағы даланың

Сіздерге қуат, дем берсін

Даламның иісі бұрқырап

Қарттарым аман-сау жүрсін,- дей отыра, ортаға бишілерді шақырамыз.

/ Бәйшешектер “Вальс”/, сыйлықтар таратылады.

2-жүргізуші:

Теңіздей болып тасиды көңіл бүгін

Шаттық барда өмірді сүймейді кім?

Біз тілейміз сіздерге болашақта.

Бақыт толы өмірдің небір күнін.

Ал енді келесі сұрақты Мәкен Қалиұлы атамызға арнаймыз:

/3 сұрақ “Қазақтың ұлы қандай ата дәстүрді жете білуі керек”/

1- жүргізуші:

Достық – адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Достық туралы ұлы философтар мен ақын-жазушыларға  қоса, ұстаздар мен педогог-психолог ғалымдардың ой қоспағаны, оның мәнін, сырын білуге талпынбаған адам кемде-кем. Мұның өзі достықтың адам өмірінде алатын киелі орнына байланысты екені даусыз,- дей отыра, келесі сауалды Үміт Жұмабайқызына арнаймыз:

/4 сұрақ “Дос табу – ақылдыға қиын, ақымаққа оңай “/

2- жүргізуші:

Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.

Келесі сұрақты Айсұлу Баймұратқызына қойсақ дейміз

/5 сұрақ “Бүгінгі жастардың тәрбиесі сіздің көңіліңізден шыға ма?”/

1- жүргізуші:

Келесі сөз кезегін мектебіміздің “Жас ұлан” бірыңғай жасөспірімдер ұйымының мүшелеріне  берейік.

1- жүргізуші:

Ғасыр деген арман жасқа толыңыз

Өріс болып, жайлау болып оң-солыңыз

Ұрпақтардың ортасында құтты қарт

Аталатын бақытты да көріңіз,- мына әсем ән өздеріңізге арналады, құрметті ата-әжелер.

2 жүргізуші:

Қазақ халқында «Батамен ел көгерер, жауынмен жер көгерер», «Үлкеннің батасын ал, мерейің үстем болар» деген жақсы сөздер бар. Шындығында да тілегі мен ниеті ұштасқан қариялар, біздің байлығымыз, барымыз мына оқушыларымыз. Сіздерден осы оқушыларға ақ баталарыңызды беруіңізді сұраймыз. /бата баріледі/

1 жүргізуші:

Асқар тау болып көрінсеңіз біріңіз

Ал біріңіз шуақ төккен күніміз

Қызық көріп ортамызда біздердің

Қариялар аман-есен жүріңіздер,- деп берген баталарыңыз қабыл болсын. өмірлеріңіз ұзақ, дендеріңіз сау болып, бала-шаға, немере-шөбере қызығына тоймай, әр күндеріңіз шаттыққа толы болсын,- деген ақ тілегімізді білдіреміз. Бүгінгі концерттік бағдарламамызға келгендеріңізге көп рахмет.

1-2 жүргізушілер: Шуақты күндерде кездескенше, құрметті ата-әжелер!

Қайыржан Сақтағанұлы атамызға сұрақ:

/1 сұрақ “Үйде қонақ, қарт, бала қадірлі” /

Келесі сұрақты Әдия Ысқаққызы өзіңізге арналады.

/2 сұрақ «Қазақтың инабатты қызы»/

Ал енді келесі сұрақты Мәкен Қалиұлы атамызға арнаймыз:

/3 сұрақ “Қазақтың ұлы қандай ата дәстүрді жете білуі керек”/

келесі сауалды Үміт Жұмабайқызына арнаймыз:

/4 сұрақ “Дос табу – ақылдыға қиын, ақымаққа оңай “/

Келесі сұрақты Айсұлу Баймұратқызына қойсақ дейміз

/5 сұрақ “Бүгінгі жастардың тәрбиесі сіздің көңіліңізден шыға ма?”/

Метки: , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *