«Күзгі ормандағы ағаштар»


Ермекбаева Алия Саиновна

Караганды қаласы ҚМКҚ№ 15 «Акку» балабақшасының  тәрбиешісі

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды  күздегі ағаштардың өзгерістерімен таныстырып, білімдерін кеңейту. Табиғатта болатын өзгерістерді, олардың жыл мезгілдерін сипаттайтын басты ерекшеліктерін түсіндіру.Жыл мезгілдері туралы жалпы түсінік беру барысында, табиғат құбылыстарының өзгеріп отыратынын түсінуге жағдай туғызу, ойын шартарын, ереже бойынша орындау.

Дамытушылық : Тілдерін дамытып,ойлау қабілеттерін арттыру сөздік қорларын молайту, жалпы және ұсақ моторикасын дамыту. Танымдық қасиеттерін дамытуға мүмкіншілік жасау.

Тәрбиелік: табиғатқа деген  сүйспеншілікке тәрбиелеу.

Қостілділік компонент: бұл күз мезгілі- это осенее время года,күзгі ағаштар қандай болады?- какое бывает осенее деревья?, жапырақтар сарғаяды-листья желтеют, емен ағашы-дерево дуб,қайын-береза,терек-тополь какой . бывает Листья клена?-үйіңкі жапырағы қаңдай болады?

 

Шаттық шеңбері:

«Күн шуағы»

Қуан, шаттан алақай

Қуанатын күн келді

Қайырлы таң, қайырлы күн

Қуанып шықты күн бүгін.

Ғажайып сәт: Қуыршақ Сәуле келеді

Әңгімелесу:

Қазір жылдың қай мезгілі?

Күзде  неше ай бар?

Олар қандай айлар?

Ғажайып сәт :   қуыршақ Сәуле келеді.

-Сәлеметсіз бе!

-Балалар, қуыршақ Сәулемен амандасайық.

-Балалар, қуыршақ Сәуле суреттер әкеліпті.

Суретпен жұмыс «Күзгі ағаштар» суретін іліп қою.

Ал балалар, мына суретте не көріп отырсындар?

Оны  бір сөзбен қалай айтамыз

Далада жапырақтың  түсі қандай?

Балалар далада немен айналысып жүр?

Мына суретте ағаштар бейнеленген. Мына ағаш қайын ағашы, емен, терек ағаштары.

Ағаштың құрамы:

-тамыр, дің, бұтақ, жапырақ.

Дидактикалық ойын: «жыл мезгілі»

Шарты: балаларға жыл мезгілдерің суреті беріледі, әр балаға ол қай мезгілі екенің айту керек.

Дидактикалық ойын: «жапырақтың ағашын тап»

Шарты:балалар берілген жапырақтын ағашын тауып, атын атап, түсін құрамын айту керек.

Дидактикалық ойын: «қиынды жапырақтар»

Шарты:балалар 5-6 бөліктен бөлінген жапырақтарды жинау керек.

1.     Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар

Алдымыздан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштар

Үп-үлкен болып өседі

Күз туралы тақпақты  балалар айтады.

Тілді жаттықтыру

Аш-аш-аш-ағаш

Ақ-ақ-ақ-жапырақ

Үз-үз-үз-күз

Ыр-ыр-жаңбыр.

қонақтпен, қуыршақ Сәулемен қоштасайық.

Қорытындылау.

Балалар біз бүгін не туралы айттық?

Қазір жылдың қаңдай мезгілі?

Қаңдай ағаштарды білесіңдер?

Күзде ағаштардың жапырағы қаңдай түсті болады?

Күзде неше ай бар?

Жұмбақтар

1. Тереземе ақ моншақ  ұрып жатыр,

Тиген бетте түк қалмай сынып жатыр.

(Жаңбыр)

2.Жасыл ине киімім,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласаң.

Төріңдемін үйіңнің.

(Шырша)

3. Жапырақты бояды,

Атырапты бояды.

Бояп-бояп барлығын

Сап-сары ғып қояды.   (Күз)

4.Әдемі бойжеткен

Есік алдында сыпайы,

Тербеледі желменен

(қайың)

 

Ешкімде жемейді,

Тәтті екен демейді.

Сарғайып піседі,

Үзіліп түседі.

(Жапырақ)

«Жүректен жүрекке».

Шеңберге тұрайық барлығымыз достар! Күннің бұлтты екеніне қарамастан, бір-бірімізге күлкі сыйлайық және ән салайық!

Күлімдеші, күлідеші, күлімдеші,

Күні бойы күлімдеші,

Күлімдеші, күлідеші, күлімдеші,

Досында саған сонда  күлімдейді.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Күз  туралы, ағаштардың өзгерістерін байланыстыра сипаттай алады,  біледі

Қандай түсініктерді игерді: Толықтай жауап беру қабілеттері артып, әңгіме барысында көп нәрсені  түсініп, білді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жаңа сөздер қолдану арқылы дағдылары мен іскерліктері артты.

Суретпен жұмыс:  «Күзгі ағаштар» суретін іліп қою.

Ал балалар, мына суретте не көріп отырсындар?

Оны  бір сөзбен қалай айтамыз

Далада жапырақтың  түсі қандай?

Балалар далада немен айналысып жүр?

Мына суретте ағаштар бейнеленген. Мына ағаш қайын ағашы, емен, терек ағаштары

Қорытындылау.

Балалар біз бүгін не туралы айттық?

Қазір жылдың қаңдай мезгілі?

Қаңдай ағаштарды білесіңдер?

Күзде ағаштардың жапырағы қаңдай түсті болады?

Күзде неше ай бар?

«Жүректен жүрекке».

Шеңберге тұрайық барлығымыз достар! Күннің бұлтты екеніне қарамастан, бір-бірімізге күлкі сыйлайық және ән салайық!

Күлімдеші, күлідеші, күлімдеші,

Күні бойы күлімдеші,

Күлімдеші, күлідеші, күлімдеші,

Досында саған сонда  күлімдейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *