«Мектепке дейінгі балаларды сюжетті-рөлдік ойындар арқылы рухани-адамгершілікке тәрбиелеу»


Ермекбаева Алия Саиновна, Махмұт Замзагүл Әмзешқызы
 Караганды қаласы ҚМКҚ№ 15 «Акку» балабақшасының тәрбиешілері

  «Ойын – бұл баланың рухани дүниесіне оны қоршаған ортасы туралы ұғымдардың және түсініктердің жандандыратын ағыны енетін үлкен жарық терезе сияқты», деп Сухомлинский В.А. жазған болатын.

Қазіргі заманда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жағдайы жаңаруда және дамуда. Жаңа Мемлекеттік стандарт мектепке дейінгі білім беру қызметінің негізі болып базистік оқу жоспары анықтайтынын педагогтың іс-әрекеті емес, бала – педагогикалық процестің субъекті ретінде болатынын көрсетеді. Біртіндеп қиындап отырған ойын іс-әрекетінің міндеттері балаға алға жүруді, өз шығармашылық қасиеттерін дамытып, өздігінен жетілуге мүмкіндік береді. Ал ойын – сауық, демалыс ретінде бола тұрып, оқытуға, шығармашылыққа, адам қарым-қатынастарының өмірдің әр-түрлі салаларында көрінудің, оларды модельдеуіне айналуға мүмкін.

Еркін сюжетті-рөлді ойын — мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ең қызықты іс-әрекет. Оның тартымдылығы — ойнай отырып, бала субъективті еркіндікті сезінеді, тәжірибелік туынды іс-әрекеттегі қарсылықтарға тап болып, қиынға түсетіндердің барлығы — заттардың, әрекеттер және қарым-қатынастардың оған тәуелді екенін сезінеді. Сонымен қатар, педагогикалық әдебиетте балабақшадағы балалардың ойын іс-әрекеті тиісті деңгейіне жете алмайтыны туралы мәселе бірнеше рет көтерілген болатын. Ойын — кез келген әрекет сияқты бей-берекет пайда болмайды — ересектер тарапынан қалыптастырылады. Балалар ойнай алу үшін олардың саналарында эпизод-әрекеттердің жиынтығы тұрақталу тиіс.

Балалар қандай әрекеттерді орындау керек екенін білулері қажет және меңгерген білімдерінен тек осындай лайық сәттерді таңдай біліп, оларды қиялдан құрылған жаңа сәттер ойлап таба білулері тиіс. Сондықтан тәрбиешінің бала ойынын ұйымдастыру технологиясын меңгеру мәселесі айрықша өзекті болып отыр.

Мектепке дейінгі балалық шақ — 3-тен 6-7-ге дейінгі жас — баланың дамуындағы мүлде айрықша кезең болып табылады. Дәл осы жаста ішкі психикалық өмір және жүріс-тұрысты іштей реттеу пайда болады. Бұл ішкі өмір жалпы түсініктер бойынша әрекет ету қабілетінде, баланың қиялында, ерікті жүріс-тұрыста, ересектер және құрдастар арасындағы мазмұнды қарым-қатынаста танылады.

Осы маңызды қасиеттер мен қабілеттердің барлығы, ересектермен әңгімелесуде, мамандар сабақтарының барысында емес, сюжетті-рөлді ойында туындайды.

Осындай ойында балалар ересектердің рөлдерін ойнап, өздері арнайы құрастырған ойын жағдайларында, қиялдан шығарған жағдайларда ересектердің іс-әрекеттерін және олардың арасындағы қарым-қатынасты қайта орындайды (немесе модельдейді).

Сюжетті ойын бала тарапынан шынайы, сезінетін өнімді талап етпейді, бұл ойында барлығы шартты, барлығы «әзіл сияқты». Бала елестеткен шегені ойыншық балғамен соға алады, бірақ шын мәнінде шегені соға алмайды, «дәрігер» болып, ауру қуыршақтарды «емдей» алады, ал шын мәнінде бұл «ересектердің» мамандығы бала үшін алшақ жатыр; шын өмірде ешқашан болмаған толғандыратын оқиғаларға енеді; өзін өзі ойдағыдай таныта алмай қалған жағдайларды қайтадан «бастан кешіп» жатады.

Сюжетті ойынның осындай «мүмкіншіліктердің» барлығы мектеп жасына дейінгі баланың тәжірибелік әлемін кеңейтіп, оған ішкі эмоционалдық жайлылықты қамтамасыз етеді.

Қазіргі заманның психологиялық-педагогикалық зерттеулерде сюжетті ойын – адамның кез келген іс-әрекеті сияқты — балада өз бетімен пайда болмайды, оны меңгерген, «ойнай алатын» өзге адамдар арқылы қалыптасатыны туралы көрсетілген.

Сюжетті ойын тақырыбынан тыс өзінің ең қарапайым түрінде заттармен шартты әрекеттер тізбегі ретінде құрылуы мүмкін, күрделі түрінде — спецификалық рөлдік ара-қатынастардың тізбегі ретінде, аса күрделі түрінде — әр түрлі оқиғалардың бірізділігі ретінде құрылуы мүмкін.

Көптеген зерттеулер негізінде 3-5 жастағы бала ойнайтын рөлдеріне еніп, оларды біртіндеп алмастыра білу керек екендігі, заттармен әрекет ету және рөлі бойынша сөйлеу арқылы жүзеге асыруы тиіс, құрдас-серіктеспен рөлдік қарым-қатынас құру тиіс екендігін көрсетті. Есейе келе, бала ойын барысында әр түрлі оқиғалардың бірізділігін өрістету тиіс, оларды өзінің және 2-3 құрдас-серіктестің ойластырғанына сәйкес ұластыру тиіс, сюжетті оқиғаларды рөлдік ара-қатынас арқылы және заттармен әрекет ету арқылы жүзеге асыру тиіс.

Балабақшада сюжетті ойынды ұйымдастыру принциптері:

Тәрбиеші балалармен бірге ойнау тиіс

1. Тәрбиеші балалармен бірге мектепке дейінгі балалық шақ бойы ойнау тиіс, бірақ ойынның әр бір кезеңінде балалар ойын құрудың жаңа, одан да күрделі тәсілін танып және меңгере алатындай, ойынды ерекше әдіс арқылы өрістету қажет.

2. Ерте жастан бастап және әрі қарай мектепке дейінгі балалық шақтың әрбір кезеңінде ойын біліктері қалыптасқанда баланы ойын әрекетті жүзеге асыруға, сонымен қатар, оның мағынасын серіктесіне — ересек адамға және құрдасына — түсіндіруге бағыттау қажет. Осындай стратегия балалардың жеке өзіндік ойынды, ерте жастағы шағын топтарда элементарлы жұптасқан ара-қатынастан бастап балалардың үйлесімді біріккен ойынын қамтамасыз етеді.

Сюжетті-рөлдік ойындарды басқарудың қазіргі заман әдістері

Д.Б. Эльконин белгілеген балалалық шақ аралығындағы сюжетті-рөлді ойынның төрт деңгейі тәрбиеші үшін ойынды дамытудың бағдары бола алады.

Бірінші деңгей. Ойынның негізгі мазмұны заттық әрекеттер болып табылады. Іс жүзінде ойында рөлдер бар, бірақ олар әрекеттерді анықтамайды, олар баланың орындаған әрекеттердің түрлерінен өздері туындайтын болады. Әдетте ойынның алдын ала жоспары құрылмайды: балалар рөлдерді атамайды, оларды ойын әрекетін орындап болғаннан кейін белгілейді. Әрекеттері біркелкі және бірнеше рет қайталану тенденциясы бар және олардың логикасы оңай бұзылады. Бала ойын барысында рөлдік жүріс-тұрысты құрайтын әрекеттердің күрделі реттілігін орындамайды.

Екінші деңгей. Ойынның негізгі мазмұны заттық әрекеттер болып қала береді. Ойында күрделі әрекеттердің тізбегі орындалады. Бұл ретте алдыңғы қатарға ойын әрекеттің шынайы өмірдегі әрекетке сәйкестігі шығады. Әрекеттер логикасын олардың шынайы өмірдегі реттілігі анықтайды. Ойын әрекеттер түрлерінің диапазоны кеңейе түседі. Орын ауыстыру мүмкіндігі шектеулі. Ойындағы заттардың атауларын ауыстыру тұрақсыз, орынбасар-заттардың жаңа мағынасы тез жоғалады. Балалар рөлдерін атайды, алайда, ойын әрекеттің өзі және ойындық заттың таңдауы баланың белгілі бір рөлді қабылдауын анықтайды.

Үшінші деңгей. Баланың рөлді ойнауы және ойынға байланысты әрекеттерді орындау – ойынның негізгі мазмұны болып табылады. Ойын іс-әрекетті алдын ала жоспарлай бастайды, рөлдердің орындалуын қадағалап, түзетеді. Рөлдер айқын, анық, балалар оларды ойын басталмай тұрып анықтайды, рөлдер әрекеттердің логикасын және түрін анықтайды. Модельденген әлеуметтік қарым-қатынастардың сипатын жеткізетін ойын әрекеттері пайда болады. Бұл әрекеттер әркелкі, жалпыланған бола бастайды, жиі сөйлеу арқылы орындалады (аталады).

Төртінші деңгей. Ойынның негізгі мазмұны — әлеуметтік және жеке тұлға аралық қатынастарды көрсететін әрекеттерді орындау. Алдын ала жоспарлау іске асырылады: ойынды ойластыру, рөлдер және ойнайтын заттар бөлу, кейде ойын ережелері бөлінеді. Рөлдер анық және айқын, орындалуы ережелермен реттеледі. Сөйлеген сөздері мәнерлі, өрістетілген және рөлдік сипаты бар.

Қорыта айтқанда, ойын балаларға қуаныш, ұмытылмас әсері мен көркемдік талғамын дамытады.

Сондықтан баланың жан-жақты қалыптасуы үшін балардың бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңірте білу біздің негізгі қағидамыз болып табылады.

Пайдаланған  әдебиеттер:

1.     Отбасы  және  балабақша  № 6. 2014 жыл

2.   Балабақшадағы адамгершілік құқық тәрбиесі. Алматы 1997ж.

3. Отбасы  және  балабақша  № 4. 2009 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *