«Балаларға рухани-адамгершілік тәрбие берудегі ұлттық ойындардың маңызы»


Ермекбаева Алия Саиновна, Махмұт Замзагүл Әмзешқызы
 Караганды қаласы ҚМКҚ№ 15 «Акку» балабақшасының тәрбиешілері  

Тәрбие- ана сүті арқылы қанға сіңіп,санаға дариды. Бала дүниеге келген сәттен оның сыртқы ортамен өзара әрекеттесуі басталады, бейімделу тепе-теңдігін сақтау қабылеті пайда болады. Баланың дене тәрбиесі белгілі бір ғылыми негізделген режиммен, ағзаны шынықтырумен, қозғалым дағдыларын қалыптастырумен байланысты екені белгілі. Шынықтыру жолдары таңгертеңгілік жаттығулар, салқын сумен жуыну, қозғалысы мол ойындар ойнау, таза ауада тысыныстау, спорттық жаттығулар жасау. Осының бәрі сыртқы орта әсеріне төзімділігін арттырады. Жүйке жүйесі, жүрек және өкпе жұмысын, бұлшық еттердің жұмыс қабілетін жақсартады, жағымды әсер тудырады.

Балалар ұлттық ойын үстінде өнеге алып, мінез қалыптастырады, өзіндік ерекшелік қасиетін айқындай бастайды. Баланың ойыны ересек адамдардың еңбегіне еліктеуден өрістеп, бара-бара шын мәніндегі еңбекке айналады . Сондықтан ұлттық ойын балаларды тәрбиелеудің ең тиімді жолы, тәрбие құралы екендігін дәлелдейді.

Бала ойын арқылы дүниені танып, түсінігі арқылы қабылдап, ересектерге еліктей жүріп үйретенді, өз бойына қабылдайды. Қай елдің ұлтың ойыны болмасын, сол елдің қоғамдық идеологиясына, тұрмыс тіршілігіне, айналысатын кәсіп шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты. Сырттай қарағанда оңай тәрізді көрінген ойын бала үшін іс жүзінде күрделі нәрсе. Айталық ойынға қатысатын балалармен тіл иабысу, ұнамсыз рөл тигенде  өзін ұстай білуі сияқты нәрселердің көп мәні бар.

Ұлтымыздың қимыл-қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен көлемі жағынан эстетикалық әрекеті болып табылады. Балалардың бұрын игерген қимыл дағдыларын тірек ететін әр-алуан ойын қимылдары оларға қолайлы дәлдектен, қалыптылықтан,ерекше ептілікпен көрінеді.Балалардың жалпы жігерлігі ойын қимылын көріктендіріп, қимылдарды неғұрлым жоғары сапалы орындардан көрінеді және қимыл процесінің өзінен рахаттану сезімін туғызады.Сан алуан бір немесе бірнеше шеңберге,қатар сапқа,тізбек сапқа тұру, қимыл қозғалыс жасау қимыл дәлдәігін, сұлу дәне бітімін, жинақтылықты талап етеді және балалардың эстетикалық сезімін дамытады. Ұлттық ойындарымызыды өткізу кезінде қимыл әсемдігі туралы ұмытуға болмайды: қимылы неғұрлым сұлу балаларға назар аудару, кескінді сәтті беруге ұмтылу әрекетін көтермелеу керек. Сөйтіп, эмоцианалды сауықтыру, танып білу тәрбие беру міндетін жүзеге асыруға көмектеседі.

Ұлттық қозғалмалы ойындарымыз баланың ақыл-ойын дамытуға көмектеседі. Ойын әрекеті зейінділікті, ұлтымыздың кадір қасиетін ұғынуды, түсінікті бағдарлы анықтауды, қиялдауды , есте сақтағыштықты, тапқырлықты, ой серіктігін дамытуға көмектеседі. Ойнау барысында жүйелі, байыпты түрде балаларды ереженің қоғамдық маңызын жете түсінуге жеткізетін бұл қасиеттер жеке адамның адалды, әділеттік, достық, батылдық, өзін-өзі билеу,табандылық, жігерлік сияқты ең жақсы жақтарын қалыптастырудың тиімді құралына айналады. Бұлардың бәрі қимыл- қозғалыс ойындарын ережесімен бірге балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің пәрменді құралдарының бірі ретінде -белгілеу үшін негіз ретінде қызмет етеді.

Балаға бірінші рет кездескен ойынның барлығы жаңалық, бәрі де тамаша ғажап дүние. Сол күлкілі кейіпкерлердің өмір сүру, өмірге икемделу жолындағы қақтығыстарын және өзге жан иелерімен қарым-қатынастарын, олардың айла тәсілдері таң қалдырады. Кішкентай, әлсіз тірлік иелерінің өмірге икемділігін, жеңгіштігін ойнал көрсету арқылы балаларға арналған халық ойындарының ең қызық тұсы деп айта аламыз. Бұл ойындар балалардың назар аудару және бұлшықеттің ширығу дәрежесін реттеуді үйретеді. Ойынның қалыптасқан ситуациясына байланысты ол қимылды тынығумен кезектестіре алады. Бұл бақылағыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуге, қоршаған ортадағы жағдайдың өзгеруіне қарап бағдар белгілеу, қалыптасқан жағдайдан тез шешім қабылдап, жол тауып шығу, оны жүзеге асыру, батылдық, ептілік, мақсатқа жетудің өзіндік әдісін таңдау қабілетін қалыптастыруға көмектеседі. Әр-бір қимыл-қозғалыс ойындарында балалардың ойын әрекеттерімен қимылдарын өзгертуге берілетін сигналдар болады. Батыраңқы жеңіл жүріс, бұрын белгіленген орындарға бірінің артынан бірі тізбекті сапқа тез қосылу үшін мақсатты тура бағытта жүгірумен өзгереді. Мұндай ширақ қимыл әрекеті еліктіру тежеу процестерін жетілдіре және теңестіре отырып баланың жүйке жүйесін шынықтырады. Ұлтымыздың қанына тән, салт-дәстүрімен бірге сақталып келген мыңжылдық тарыихы бар қимыл-қозғалыс және ақыл-ой ойындарының ерекшелігінің, маңыздылығы, тәрбиелілігігін болашақ ұрпаққа жеткізу әрбір азаматтың борышы десекте болады.

Ойын ешуақытта да дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, қайжетіле түседі. Сәбилерге де, үлкендерге де арналған әр-түрлі ұлттық ойындар бар, олар адам өмірінің әр кезеңін қамтиды. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, ойнату ісі деп қарамай, жас ерешелігіне сай олардың көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасу құрады деп ерекшк бағалаған. Ендеше адамдыққа баул жұмысының ережесі ерте жастан балабақшадан бастап нақылы мақсатты көздеуі шарт. Тәрбиеші балалардың орынды іс-әрекеттерін мақұлдай отырып, азды-көпті жіберген кемшіліктерін өздері түсініп, түзеуге бағыттай білуі тиіс. Әрбір бала өз ісі мен қылығына жауакершілікке қарап, ұялу, кешірім сұрау сияқты әдеттерді үйренуі керек. Балалардың рухани дүниесін байыта отырып, жаңа озық тәжірбиелерін дер кезінде насихаттап, оларды бойына дарыту тәрбиеші педагогтың міндеті. Сондықтан балабақша жұмысының мазмұны күн тәртібінің барлық сәттерінде балалардың дене тәрбиесінің дұрыс бағытта тәрбиелеуге негізделеді. Балабақшамызда қолданатын ұлттық ойындар төрт түрге бөлінеді: Аңға байланысты ойындар (ақсерек-көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар т.б). Малға байланысты (аларман, көксиыр, соқыртеке, түйе мен бота т.б). Түрлі заттармен ойналатын ойындар (ағашаяқ, алакүшік, арқан аттау,арқан тартыс, асық, күзетшілер, орамал тастау, кімнің даусы т.б). Зеректілікті, ептілікті ж/е икемділікті қажет ететін ойындар (айгөлек, айдапсал, жаяу жарыс, орын тап т.б)

Үлкендердің мейірімділігі сәби жүрегін қуанышқа бөлейді. Үнемі мейірім мен ықыласқа бөленген сәбидің мінезі жұмсақ, қайырымды, кішіпейіл болып өседі. Қатал мінез айналасындағылардың қатыгездігінен пайда болады. Сондықтан неғұрлым жақсылыққа меңзейтін ұлттық ойындар қоғамның даму заңдылықтарына сәйкес әр кезеңде жетілдіріп отырылады. Балабақшаның әр тобындағы балалардың жас ерекшелігіне сай ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні жайлы мәселе өз құндылығын жойған жоқ, керісінше жаңа қырынан көрініп отыр.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.     «Казахские детские игры» кітабы авторы: Молдагаринов Аскар Алма-ата «Жалын» 1987ж

2.     «Қазақстан мектебі» журналы №9-10 2005ж

3.     «Қазақтың ұлттық ойындары» кітабы авторы: Базарбек Төтенаев Алматы «Қайнар» баспасы 1994ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *