«Дәстүрлі емес сурет салу әдіс- тәсілдері»


Ермекбаева Алия Саиновна, Махмұт Замзагүл Әмзешқызы
 Караганды қаласы ҚМКҚ№ 15 «Акку» балабақшасының тәрбиешілері  

Мақсаты :Ата-аналарға  көркем-шығармашылық білгірлігін  дәстүрлі емес сурет салу арқылы дамыту, сурет салу әдістерін меңгерту мақсаты дәстүрлі емес әдістерді пайдалана қызығушылықтарын арттыру.

Ата-аналардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру: Ата-аналарға  сурет салу дәстүрлі емес әдіс- тәсілдерінің балалармен  колдануға үйрету.

Құрал-жабдықтар: ватманА4,, бояулар, қылкалам, мақта шиелері, фломастеры,паралонмен бастырма, майшам,жемістер бастырмасы, майлықтар. диск слайд, теледидар.

Жұмысқа дайындық: ата-аналар жұмысының жоспары, мақсаты, міндеті; балалар суретінің көрмесі, слайдты дайындау; ата-аналарға хабарландыру-шақыру.

Жиналыстын жоспары

1. Кіріспе бөлімі.

Музыка қойылады, тәрбиеші ата-анармен сәлемдеседі, тақырыппен мақсатын айтады.  Слайд-фильм көрсету.

2. Негізгі бөлім.

Педагог сурет салу дәстүрлі емес әдіс- тәсілдерінің түсіндіреді .Ата-аналармен бірге 2-3 техниканы орындайды, сосын ата-аналрға әр түрлі техникаларымен карточкалар беріледі. \№1 қосымша.

3. Қортынды бөлім.

Осы өткен жиналыстан ата-аналар үйлерінде, отбасылық тәрбиемен бөліседі ,осы дәстүрлі емес техникаларды үйде  колданып,жұмыс жасайды. Педагог ата- анларға арналған  Жаднама: « Үй жағдайында балалармен бірге көркем шығармашылықты ұйымдастыру».

Ата-аналар сіздер мен бірге ойын ойнайық «Тілек шеңбері»: барлықтарымыз шеңбер құрайық, тілек айтайық және қаңдай сурет салу дәстүрлі емес әдіс- тәсілдерінің атау керек.

 

 

Жиналыс барысы:

1.      Кіріспе бөлімі. -Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! .  Бүгінгі ата-аналар жиналысын ашық деп жариялауға руқсат етіңіздер .

Тақырыбы:«  Дәстүрлі емес сурет салу  әдіс- тәсілдері»

Баланың жан – жақты дамуына әсер ететін басты тәрбие эстетикалық тәрбие беру. Оған дәстүрден тыс сурет салу, жапсыру, мүсіндеу сабақтары арқылы бала өзін қоршаған туралы өз түсініктерін қалыптастырып, дамиды. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі бала үшін бейнелеу өнерінің маңызы зор. Бұл балаға зор қуаныш сыйлап, жағымды көңіл күй қалыптастыра отырып, шығармашылық қабілетінің дамуына зор ықпал етеді. Бейнелеу өнері дәстүрлі емес сабақтары басқа сабақтармен тығыз қарым – қатынаста болуы керек. Мысалы сурет сабағында дөңгелекке ұқсас заттарды салған кезде мүсіндеу сабақтарында доптарды мүсіндеу ұсынылса дөңгелек туралы түсініктері жақсы қалыптасады. Берілетін тақырыптар балаларды қызықтыратындай таныс болуы қажет.
Дәстүрлі емес бейнелеу өнері сабақтарының негізгі мақсаты балалардың шығармашылығын арттыру болғандықтан сабақта баланың белсенділігін, өз бетімен жұмыс істеуіне жағдай жасалғаны дұрыс. Сабақтарда үлгіні көп жағдайда қолданбау керек. Тек балаларға таныс емес әдіс – тәсілдерді қолдану кезінде қолданған жөн. Сабақ соңында тәрбиеші балалардың жұмыстарын түгелдей тақтаға іліп, талқылайды. Талқылау міндетті түрде әр сабақ соңында жүргізіліп отыруы тиіс. Сонда бала өз ойын сурет арқылы бере білуге, әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдана білу жолдарын игереді. Нәтиже тапсырмамен байланысты болуы қажет. Талқылау балалардың белсенді араласуымен өткені дұрыс. Дәстүрлі емес  әдіспен сурет салуды үйренген бала, өз бетінше бастыру құралдарын  іздеп тауып көрсетеді. Бұл баланың өмірге шығармашылықпен қарауының, кез келген затты әр түрлі мақсатта қолдана білу іскерлігін дамытудың алғы шарты болып табылады.

 

Қағазда да,  қабырғада. Шөпте де, терезеде сурет салар!

Тәп-тәтті біздің балалар!   \Э. Успенский   \

 

Баланың жақсысы – әке мен шешенің ары, ата- ананың абыройы ; жаманы- қайғысы,азап- соры.( В.А.Сухомлинский)

 

Ата-аналар біз бүгін  сурет салу дәстүрлі емес әдіс- тәсілдерінің балалармен  колдануға үйренеміз.

2. Негізгі бөлім.

– Мен сіздерге слайд- фильм  :«  Дәстүрлі емес сурет салу  әдіс- тәсілдері» мен таныстырамын,  мектепке дейінгі  балаларды  дәстүрлі емес бейнелеу арқылы  іс-әрекетіне  деген қызығушылығын арттырады. (Слайдты көру.сіздер көніл аудардыныздар ма,қаңдй әдемі суреттеркөрме бар екен? Балалар бүл жұмыстарын педогопен бірлесіп жасады .Мен сіздерді бүгін сурет салу дәстүрлі емес техникалары мен таныстырамын.  Біз бұл техникаларымен танысып және өз еркімен сурет салып үйренеміз үстел үстіндегі заттарға.назар аударыныздар! Нені көріп тұрсыздар? (ата-аналар жауабы: мақта шилары, поролон баспасы, карандаштар,  т.б.)  Сіздер өздерініз көріп тұрандай бұл қарапайым заттар, бұл әр үйде бар,бірақ бұл заттардан әр түрлі техникамен  сурет салып сіздін балалныз шығармашылық әлемінде болады.

 

Сіздердің алдарыныз да карандашпен паралон баспасы жатыр, қалай ойлайсыздар бұлар мен қалай жұмыс жасау керек?
Ата-аналар жұмысы:

Поролон баспасы

Мәнерлеу жолы:  дақ, фактура, түс.
Құрал-жабдықтар: жұқа паралоннан жасалған жастықша салынған арнайы ыдыс немесе пластикалық қорап,  қатты қағаз  және пенопласт бөліктері.
Бейнелеу әдісі: бала жұқа паралон жастықшаға қалатын бояулы дақты қысады да қағаз бетіне түсіреді.

Сия дақты трубкамен үрлеп бояу

Мәнерлеу жолы: дақ.
Құрал-жабдықтар: қағаз, тушь , немесе ыдысқа сұйық етіп араластырылған гаушь, кәушік қасық, трубка.
Бейнелеуді алу әдісі: балалар кәушік қасықпен бояуды алып, қағазға құяды, үлкен емес дақ жасайды. Сосын трубкамен үрлейді, оның аяғы даққа ,қағазғада тимеу керек.

Заттық монотипия .
Мәнерлеу жолы: дақ, түс, симметрия.
Құрал-жабдықтар: қатты қағаз, қылқалам, гуашь немесе акварель.
Бейнелеуді алу әдісі: балалар кағазды екі бөліп және екінші жағына затты бейнелеп суретін салады. \Заттық симмертрия таңдайды\. Сурет салғаннан кейін заттық бөлігі бояулары кепей тұрғанда,қағаз қайтадан екіге бөліп жабады.

Мақта таяшаларымен , карандашпен жұмыс жасау.

Құрал-жабдықтар: ақ қағаз,  қарындаш, мақта таяқшалары, гуашь және су, бояулар.
Бейнеледі алу әдісі: Қарындашпен суреттің контурын жасаймыз. Сурет үлкен етіп алған дұрыс.
Мақта таяқшаларың аламыз, оны бояуға саламыз және нүктелеп  контурды басамыз. Бәрі жұмысты өзіңіз жасамаңыз, іс-әрекетін көрсету керек. Жұмысты аяқтағаннан кейін сурет салу техникасына ауысқан абызал.

Саусақпен және алақанмен сурет салу.
Мәнерлеу жолы: дақ, нүкте, түс, фантастикалық елес.
Құрал-жабдықтар: Гуашь, арнайы ыдыс, қылқалам, үлкен форматты қатты қағаз, майлықтар.
Бейнелеуді алу тәсілі: бала бес жасынан бастап  алақанды бояу құйылған ыдысқа  салады да саусақ көмегімен немесе қылқаламмен сурет салады. Жұмысты аяқтағаннан соң  қолдарын майлықпен сүртеді де және  жуады.

Ойын:«Суретті аяқта»

Сіздердің алдарыңыз да аяталмаған бұлтар  суретті ,оларға сіздер көз, ауыз, мұрын салу керек.. Бір команда көңілді бұлты салу керек, екінші команда ашулы бұлты салу керек.

Енді мен сіздерге карточка беремін, сіздер  карточканы тандап алып өз еркімен 2-3 дәстүлі емес техникамен сурет саласыздар және жұмыска кірісесіздер.   Ата-аналар табиғат, жәндіктер, жануарларды, ту салды..

3. Қортынды бөлім.

Құрметті ата-аналар сіздер бүгін дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерімен танысып және жұмыс жасадыныздар! Қаңдай сезімдер болдыныздар? Қалай  ойлайсыз дар балаларға ұнады ма?қалай үйде ұйымдастырасыздар?  мектепке дейінгі  балаларды  дәстүрлі емес бейнелеу арқылы  іс-әрекетіне  деген қызығушылығын арттырады.

Ата-аналар сіздер мен бірге ойын ойнайық «Тілек шеңбері»: барлықтарымыз шеңбер құрайық, тілек айтайық және қаңдай сурет салу дәстүрлі емес әдіс- тәсілдерінің атау керек.

Педагог ата- анларға арналған  Жаднама: « Үй жағдайында балалармен бірге көркем шығармашылықты ұйымдастыру». Ата-аналар сіздерге көп рақмет жиналысқа қатысып келген үшін. Сау болыңыздар!.

 

Ата-аналарға сауалнама:

1. Ата-аналардың  тегі ,аты-жөні.

2. Сіз қалай ойлайсыз баланызда шығармашылық қабылеті бар ма ? Қаңдай?

3. Сіздің баланыз сурет салама??

4. Сіз балаңызға көп  көңіл бөлесіз бе?

5. Демалыста сіздін баланыз немен айналысқан жақсы көреді?

6. Сіздің баланызда  сурет салатын, сабақ оқитын орын бар ма?

7. Сіздің баланыз бейнелеу  өнерін жақсы көреме?

8. Сіздің баланыз да бейнелеу  өнерін құрал-жабдықтары барма?

9. Сіз өзініз қаңдай дәстүрлі емес техникалары мен   жұмыс жасау білесіз?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *