Баланың сөйлеу тілін жазуға дайындау және ұсақ қол моторикасын дамыту


Садыкова А.Д

Логопед КГКП я/с № 15 «Акку» город Караганда      

Қазіргі заман талабына сай адам затына үлкен міндет жүктелген. Баланың жарқын болашағы үшін, ол жан-жақты дамып, жетілуі тиіс. Алайда, қазіргі көрсеткіштер бойынша бала тілі кеш шығып, дамымай қалғаны жиі кездеседі.

Сөйлеу қызметінің құрылымы өте күрделі және келесі процестерден тұрады: фонетикалық (дыбыстық) немесе сөйлем шығару; фонематикалық (сөз мағынасын тану); лексикалық-грамматикалық. Тіл мүкістіктері аталмыш процестердің жекелеген немесе комплексті бұзылуларына байланысты болады. Тіл мүкістіктеріне себепші факторлардың арасында түрлі жағымсыз эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) себептерді ажыратады.

Сондай-ақ, сөйлеу қызметінің бұзылуына туа біткен патология әкеліп соғуы мүмкін; тұқымның гипоксиясы, жанақаттану, жүкті ананың жеріктігі, верусты және эндокринді аурулар, түрлі дәрі-дәрмектерді бақылаусыз қабылдауы, арақ ішіп, темекі шегуі, анаша қолдануы, ана мен ұрықтың қандарының резус-фактор бойынша үйлесімсіздігі.

Тұқымқуалаушы факторлар да тіл мүкістіктерінің пайда болуына себебін тигізеді. Баланың алғашқы кезеңіндегі түрлі аурулар (инфекциялық-вирусты, менинго-энцефалиттік т.б.), бас сүйегінің жарақаттары, ми шайқалуы, оның қолайсыз әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, жағымсыз тіл қоршауы түрлі сөйлеу қызметінің бұзылуларына әкеледі.

Соңғы кезде бала тілін кешіктіретін сөйлеу ортасы, билингвизм (екі тілде сөйлеу) мәселесі. Қазақстан халқында осы мәселе актуальді.

«Балаға қалай көмектесуге болады ?» – деген сауал ата-аналар, педагогтар және логопедтерді де мазалайды. Оқу іскерлігінің ең алғашқы сәттерінен-ақ, балалардың импрессивті сөз (сөзді түсінуі) қалыптаспағаны анықталады. Импрессивті сөзді жетілдіру экспрессивті сөзді, яғни сөйлеуді дамытудың алғаш қадамдарының бірі.

Бала туа білмейді, жүре біледі, үйренеді, осылай ересек адамдардың әрекетіне тәуеді болады. Сөзді түсіну, сөз қорын кеңейту нұсқаулықтан басталады: тұр, отыр, кел, бер, ал, әкел, көрсет, ұста, жібер, т.б. Аталған нұсқаулықтарды орындауды талап етсең, бала түсінбейді. Сондықтан, мектепке дейінгі жастағы балалардың іскерлігі  – ойынды пайдаланған абзал.

Әсіресе, ұсақ қол моторикасын дамытатын ойындаржы жиі қолданған жөн. Себебі тіл мүкістігі бар балалардың ұсақ қол қимыл-қозғалысының дамуы да кешігеді.

Кішкене балаға көп шектеулік, болмаса көп еркіндік береміз. Баланың іскерлігін арнайф мақсат қойып, орындау керек. Бала барлығын қолына алып, ұстап көргісі келеді, қоршаған айналамен осылай танысады. «Көз қорқақ, қол батыр», деп қазақ бабаларымыз бекерден айтпаған. Сонымен қатар, қол әрекеті тек қабылдау фукнциясы емес, тағы да шығармашылық жүйелерге жауапты мүше. Кеңістікті бағдарлауы, заттың сынын, пішінін, көлемін білу де затты ұстаудан басталады.

Жоғарғы аталғандарды растап, тіл даму және ұсақ қимылдарының байланысын бірнеше ғалымдарда жария еткен. Балалар және жасөспірімдердің физиологиясы институтының М.М. Кольцова, Е.И. Исенина, Л.В. Антакова-Фомина ғалымдарының зерттеу нәтижелері бойынша интеллектуальді даму және саусақ қимылының тығыз байланысы дәлелденген. В.А. Сухомлинскийдің «Бала ақылы оның саусақтарының ұшында орналасқан» деген нақыл сөзі мәлім.

В.М. Бехтерев өз жұмыстарымен жоғарғы жүйке іскерлігінің фукнциялары, тілдің дамуына қолдың қимыл-қозғалысы әсер ететіндігін дәлелдеген. Қол қимылының әркеті тек қолдағы шиеленісті ғана тоқтатпайды, ауыз бұлшықтарының шиеленісін жоюға себепкер.

Практикада осы мәселені ескере отырып, ұсақ қимылдарды дамытатын ойындарды жиі пайдаланамыз.

Қолдың қимыл-қозғалысын дамытатын жолдар:

1.     Массаж. Массажды жаңғақ, шырша жаңғақтары, арнайы массаж доптарымен жасаған жөн. Алтықырлы қарындашпен массаж жасауды на назарсыз қалдыру дұрыс емес. Шығыс медицинасының соңғы жетістіктерінің бірі – Су-Джок акупунктурасы (нүктері әсер ету). Су – алақан, Джок – табан. Су-Джок терапиясы өз-өзіне көмек беру әдістерінің бірі. Су-Джок жүзіктерінмен саусақтарға массаж жасаған ыңғайлы. Жұмыс барысында жиі қолданылатын авторлық массаджық енгізулер: тоқылған массаждық доптар, массаж кілемшелері, «ғажайып саусақтар», «керемет шеңбер», т.б. әдістемелік құрал-жабдықтар.,

Тәрбиелеу, оқыту, түзету-дамыту мақсаттарымен пайдалану. Мысалы:

·        «Сиқырлы қаптың» ішінде жаңғақтар. (бір сатылық нұсқаулықы орындату, әр баламен дербес түрде жұмыс). «Әліби, тұр. Маған кел. Жаңғақты ал. Әліби отыр. Жарайсың!»

·        Тәрелкенің ішінде Су-Джок доптары жатады. (Ойын топтағы балалардың қарым-қатынасын нығайтуға көмектеседі). «Айша, допты ал. Допты Айлинге бер. Айлин допты ұста»

2.     Саусақ ойындар. Әр лексикалық тақырыпқа сәйкес саусақ ойындарын пайдалану.

Мысалы: «Отбасы» лексикалық тақырып,

Мынау – біздің Атамыз! (бас бармақты көрсетеміз)

Мынау – біздің Әжеміз! (балан үйректі көрсетеміз)

Мынау – біздің Әкеміз! (ортан теректі көрсетеміз)

Мынау – біздің Анамыз! (шылдыр шүмекті көрсетеміз)

Мынау – Мен болам! (кішкене бөбекті көрсетеміз)

Міне – Менің Жанұям! (алақанды ашып, барлық саусақтарды көрсетеміз)

Сәлем, Ата! (бас бармақтар сәлемдеседі)

Сәлем, Әже! (балан үйректер сәлемдеседі)

Сәлем, Әке! (ортан теректер сәлемдеседі)

Сәлем, Ана! (шылдыр шүмектер сәлемдеседі)

Сәлем, бала! (әр бала өз атын атайды) (кішкене бөбектер сәлемдеседі)

3.     Жіпті тізу, өткізу, байлауға арналған ойындар. Осы ойындар баланың бағдарлауылы қимылын дамытуға әсер етеді.

4.     «Дәрумен бер» дидактикалық ойыны.  Мысалы «Жабайы аңдар» лексикалық тақырыбында пайдалануға болады. «Балалар, бүгін бізге қонаққа аю келді. Аюдың қарны аш екен. Аюға дәрумен берейік» (қатты қағаздан жасалған аю, тәрелкеге салынған тапанша оқтары).

5.     Бояу кітапшалары. Бояу арқылы бала қарындашты ұстауға ғана үйренбей, алғаш жазу, графикалық әрекеттерінің дағдыларын қалыптастарыда.

6.     Жапсыру әрекеттері, ермексаз, қамыр, топырақпен жұмыс, араласып жатқан заттарды орнына салу, пішіндерді ұяшықтарына орналастыру.

Ұсақ қол қимылын дамыту жолдарының алуан түрі бар. Ең бастысы – әр ойын баласының жас ерекшеліктеріне сай, түзетушілік, тәрбиелік, оқыту мақсаттарын орындайтын, реттік орнымен қолданылатын қағидаларын ұмытпау. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» деген ұғыммен жұмысымызды бірлесе жасаймыз.

Қолданылған әдебиеттер:

1.       Тебенова Қ.Т. «Дамуында ауытқуы бар балалар» оқу құралы, Қарағанды 2005 ж.,131 б.

2.       Есенжолова Г.Ж. «Хрестоматиялық материалдар, сергіту жаттығулары мен дамыту ойындары арқылы балалардың экоциялық-танымдық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту» Алматы 2008 ж., 92 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *