«Жебе» әскери-патриоттық ойыны


Калкенов Алтай Берикович
 «Қаратөбе колледжі» МКҚК АӘД пәні оқытушысы

Әскери-патриоттық ойынның мақсаты: Білім алушыларды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, Қазақстан халқының ұлттық, әскери және еңбек дәстүрлерін жалғастыру.

Тәрбиелік мақсаты: Ел тарихын білуге, елін, жерін, халқын сүюге, Отанын қорғауға тәрбиелеу.

1.      Өткізілетін орны және уақыты
Ойын ______________  алғашқы әскери дайындық кабинетінде  өтеді.

2.      Ойынға әскери-патриоттық клуб мүшелерінен құралған 3 бөлімше қатысады.

1-ші топ , 2-ші топ, 3-ші топ.

3.   Ойын келесідей жарыс түрлері бойынша өткізіледі:
– таныстыру топ аты,  ұраны;

– викторина;

-тапсырманы орында;

-автоматты бөлшекте, жинақта;

4. Жас ұландардың киім үлгісі:
Парадтық  киімі \әскери киім комуфляж\
5. Марапаттау
Ойын қорытындысы бойынша 3 командалық жүлделі орын анықталады.

Жарыс жеңімпаздары мадақтама қағаздарымен марапатталады.

 

Жарыс кезеңдерін өткізу шарттары

 

1. Таныстыру топ аты және ұраны:
Қатысушылар  ұжымдық іс-әрекеттер бөлімше құрамындағы  үйлесімділік:  бөлімшенің сапқа тұруы, сыртқы көрінісі, топтардың аты мен ұранын айтуы.

2. «Викторина» конкурсы.
Конкурстың шарты: Команданың барлық мүшелері қатысады. Әрбір командаға Қазақстан тарихынан, әскер және әскери дайындық бойынша сұрақтар беріледі.

Біріншілік команданың жинаған ұпай саны бойынша анықталады.

3.  Тапсырманы орында :

Конкурс шарттары: Команданың барлық мүшелері қатысады. Әр командаға әр түрлі тапсырма беріледі команда мүшелері бірігіп орындайды. Тапсырма пәрменді орында немесе бұйрықты орындауға беріледі.

4.  Автоматты  бөлшекте,  жинақта:

Шарты: Команданың бір мүшесі орындайды  уақыт беріледі сол уақыт бойынша тапсырма толық орындалады.  Ең аз уақытта бұзып, жинаған клуб мүшесіне толық балл беріледі егер уақытты ұзаққа созылса есептелмейді.

Ұйымдастырушы: «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клуб мүшелері.

 

«Жебе » әскери-патриоттық ойынының бағдарламасы

 

1. «Топты таныстыру аты және ұраны » сайысының бағдарламасы

Осы сайысқа топтар өздерінің топ атын және ұранын таныстырады

Бөлімше командирі:

— Бөлімше! Бір қатарға сапқа тұр! (бөлімшенің сапқа тұрғызылуы)

–          Сапқа тұрғаннан кейін топтың ұранын жаттау, әнмен сөзбен таныстырады.

Топтық ұрандары айтылады.

Топтық тапсырмасы орындалғаннан кейін бөлімше командирі таныстыру аякталғанын мәлімдейді.

2.      “Викторина” конкурсының сұрақтары

Бұл саты барысында ойынға қатысушы білімалушыларға  Қазақстан тарихы, алғашқы әскери дайындық пәндері бойынша әр бөлімшеге 10 сұрақтан қойылады.

Дұрыс жауаптар саны ескеріледі. Қай бөлімшенің дұрыс жауаптар саны көп болса сол бөлімше конкурста жеңген болып есептеледі.

Егер  қорытындылары бойынша дұрыс жауаптар саны бірдей болып қалса, онда олардың ішінен ең мықтылары қосымша сұрақтар арқылы іріктеледі.

Ендеше құрметті төрешілерден рұқсат болса, ойынымызды бастайық!

(Ескертпе: Жүргізуші сұрақтарды оқиды,  кім бірінші болып қол көтергенінен сұрап, оған жауап беруді ұсынады.  Егер жауап дұрыс болмаса,  кім екінші болып қол көтергенін сұрап оған жауап беруді ұсынады. Жауап нұсқаға жақын болып, бірақ толық сәйкес келмесе төрешілерден төрелік етіп шешуді сұрайды)

 

Сұрақтар:

 

1-ші 10 сұрақ

 

1. «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті» деп қандай құжатта атап көрсетілген.        (Еліміздің ата заңы – Конституцияда)

2. Қазақтарда офицерді қалай атаған?                   (Сардар)

3.    Армия мен флотта жауынгерлердің ұрыстағы және әскери қызмет атқару кезіндегі тарихи тұрғыда қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын қағидалары, салттары мен құқық нормалары.           (Жауынгерлік дәстүрлер)

4.Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақ Кеңес Одағы Батыры атағын алды? (100)

5.    Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25-тамыздағы Жарлығымен бекітілген маңызы зор әскери құжат.         (Әскери ант)

6.    Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқаратын орталық мемлекеттік орган.    (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі)

7. Рейхстагқа Жеңіс туын алғашқы болып  қадаған қазақ халқының даңқты ұлы.

(Рақымжан Қошқарбаев)

8.    Бөлімшелер мен бөлімдердің жеке құрамын  ұрысты дайындау мен жүргізуге үйрету қалай аталады?        (Тактикалық дайындық)

9.  Ұлы Отан соғысының басталған күні.           (22 маусым 1941жыл)

10.  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қанша жарғы бар ?  (4 жарғы )

 

2-ші 10 сұрақ

 

1.    Капитаннан кіші, лейтенанттан үлкен әскери атақ.   (аға лейтенант)

2.    ЖҰМ деп қандай әскери техника аталады?       (Жаяу әскер ұрыс машинасы БТР)

3. Атақты Панфилов гвардиялық дивизиясында рота, батальон, полк, кейін дивизия командирі кызметін атқарған ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес одағының батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы.      (Бауыржан Момышұлы)

4.    Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы кім?

(Президент Н.Ә.Назарбаев)

5. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің түрлері      (Құрлық әскерлері, әуе-қорғаныс күштері, әскери – теңіз күштері)

6. Оңтүстік әскери өңірлігі қолбасшылығының штабы қай қалада орналасқан? (Тараз)

7. Қазақстан Республикасының тұнғыш қорғаныс министрі (Сағдат Нұрмағангбетов )

8. Адыммен қозғалыс қандай болады. (саптық және жорықтық болады)

9. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің әскери институты қай қалада орналасқан (Алматы )

10. Кәсіпқой сержанттарды дайындайтын оқу орны (Кадет корпусы)

 

3-ші 10 сұрақ

 

1.    Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қандай жарғылары бар? (Ішкі қызмет, тәртіптік, гарнизондық және қарауылдық қызметтері, саптық жарғылар)

2.    Майор, подполковник және полковник әскери қызметшілердің қандай құрамына кіреді?     (Аға офицерлер)

3. Суық қару түрлерін атаңыз.  (Қылыш, семсер, найза, пышақ, айбалта, қанжар).

4.    Тәуліктік кезекші кімдерден тағайындалады?  (Қатардағы сарбаздардан)

5.    “ТМ 62М” деген код қандай әскери қаруды білдіреді?   (Танкке қарсы мина)

6.    Тұнғыш қазақ ғарышкер кім  ?      (Тоқтар Әубакіров )

7. 1942 жылы Ленинград блокадасында қалған отандастарына жігер, қайрат беруге арнап жазылған «Ленинградтық өренім» өлеңінің авторы кім?           (Жамбыл Жабаев)

8. Ұлы Отан соғысы неше күнге созылды?  (1418күн)

9. Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі (Сәкен Әділханұлы Жасұзақов )

10. Қазақстан Республикасы қарулы күштері қашан құрылды? (7 мамыр 1992жыл)

 

Қосымша сұрақтар:

1.      Казіргі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі  әскери атақтар?

(Қатардағы сарбаз, ефрейтор, кіші сержант, сержант, аға сержант, 3 класты сержант,

2 класты сержант, 1 класты сержант, штаб-сержант, шебер-сержант,  лейтенант, аға лейтенант, капитан, майор, подполковник, полковник, генерал-майор, генерал-лейтенант, генерал-полковник, армия генералы).

2. Соғыстың ауыр жылдарында қазақ өнер қайраткерлері госпитальдар мен әскери бөлімшелерде концерттер қойған, майданның алдыңғы шебіне барып, жерасты үйлерінде, палаткаларда, орыс ормандарында «Ах, Самара, городок» әнін бірнеше мәрте шырқап, көпшілік көңілінен шыққан әнші? (Роза Бағланова)

3. Бұл әскери нысандар мина жарылғыш, жарылмайтын, аралас болып сараланады, танкке қарсы жаяу әскерге қарсы, кемелерге қарсы болуы мүмкін. (Инженерлік бөгеттер)

4. Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған, Даңқты қазақ ұшқышымыз

(Талғат Бигелдинов)

5. Өзіне тапсырылған постыны күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндетті орындайтын қаруланған қарауылды кім деп атаймыз? (Сақшы)

6.ҚР Қарулы Күштерінің Армия Генералы Кім ? (Мұхтар Қапашұлы Алтынбаев)

 

3.      Тапсырманы орында.

Шарты: Тапсырма әр топқа бір тапсырма беріледі . Тапсырманы билет арқылы суырып тапсырмаға топ болып жауап береді немесе орындайды

Тапсырма :

1.Саптан шық пәрменін орында

2.Автоматтан ату тәсілдерін орында

3.Қаруға !   қаруды ал !-пәрмендерін орында

Ескрту: Егер орындай алмаған топқа ұпай берілмейді.

4. Автоматты бөлшекте, жинақта.

Шарты: Әр топтан 1 оқушы автоматты бөлшектеуге қызбала немесе ұл бала келіп орындауға болады. Автоматты уақытқа бөлшектеп жинақтайды. Тапсырманы толық орындаған оқушыға ұпай толық беріледі орындау тәсіліне қарай ұпай саны қосылады.

Ескрту: Автоматты бөлшектеу ережесін ең бірінші жүргізуші төреші көрсетеді сол ереже бойынша орындаймыз. Егер ол ережеден ауытқыған жағдайда ойыннан тоқтатылады. Ұпай саны берілмейді. Топтан шыққан оқушы аты-жөнін баяндап айтып автоматты бөлшектеуге дайын деген соң уақыт басылады.

 

Қорытындылау:

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену, жалықпау –  дей отырып  әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпазды жариялай отырып, марапаттайды.

Бүгінгі сайысымызды қорытындылай келе: Рухы биік, еңбегі ерең, бірлігі мығым Мәнгілік ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!   Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін! Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін! Алға Қазақстан! деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *