Күрделі емес түйіндерді пісіру


Нысанов Нұрбек Есенжанұлы
 «Қаратөбе колледжі» МКҚК өндірістік оқыту шебері

Сабақтың мақсаты:

А)   оқушылардың теорияда алған білімдерін өндірістік оқумен ұштастыру;

Ә) оқушылардың мамандығына ынтасын арттыру, шеберлік және іскерлік қасиеттерін дұрыс қалыптастырып, дамуына ықпал жасау, дұрыс шешімін таба білу дағдыларын қалыптастыру, олардың өндірісте жұмыс істей білу дағдыларын дамыту;

Б) оқушылардың еңбекке қызығушылығын арттыру, азаматтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.

 

Оқу өндірістік жұмыстарға қажетті заттар:

1.Әртүрлі детальдардағы материалдар

2. Қалындығы 3- 4 мм пластиналар, құбырлар, профильдер

 

Сабақтың оқу материалдық жабдықтары

1. Пісіру аппараттары – 15дана

2. Қорғағыш маска шиток -15 дана

3. Нұсқау картасы – 15 дана

4. Темір щеткалар – 15 дана

5. Темір балғалар – 15 дана

6. Қолғаптар -15 дана

7. Электродтар – 1бума

 

Сабақтың ұйымдастыру түрі:

Тақырыпқа байланысты білулері және істей алулары керек:

-құрал жабдықтарды пайдалану

-жұмыс орындарын пайдалану

-металл жіктерді түсіндіру

-металдарды пісіру әдістері

-техника қауіпсіздігі және еңбек қауіпсіздігі ережелері

 

Металдарды пісіргенде қойылатын талаптар:

Металдардың геометриялық формасын сақтау

Пісіру жіктерінің тегіс түсуін анықтау

Пісіру жіктерінде  сызат ақауларды анықтау

Уақытты нормаға сәйкес үнемдеу

Техника қауіпсіздік ережесін сақтау

Арнаулы киімдерді, құрал жабдықтарды ережеге сәкес пайдалану

 

 

 

 

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен, сәлемдесу.

Топ кезекшісінен оқушылардың қатысу жөнінде мәлімет алу. Оқушыларды арнайы киімдерді ережеге сай келулерін тексеру: костюм-шалбар, резинка ботинка, қолғап, бас киім. Құрал жабдықтардың жұмысқа дайындыған тексеру трансформатор, электродтар ұстағыш, щиток, балға және темір щетка, тексеру құралдарына арналған плакат сызба түрі.

 

ІІ Кіріспе нұсқау.

Өтілген   сабақты еске түсіру қорытындылау мақсатында оқушыларға сұрақ қою:

1. Жиектерді қалай дайындауға және тазалауға болады?

2. V тәрізді тік жігі бар жиектерді қалай пісіреміз?

3. Қандай жабдықтар қолданылады

 

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:

Пісіру қосылысы – бұл пісірумен орындалған, бірнеше бөлшектердің ажырамайтын қосылысы. Пісірулі қосылыстардың құрылымдық типі пісірілетін бөліктердің өзара орналасуымен анықталады. Балқытып пісіру жағдайында пісірулі қосылыстардың келесі түрлері: түйіскен, бұрышты, таврлы, айқастырмалы және шетжақты болып бөлінеді. Сондай-ақ, доғалы пісіру арқылы жасалған айқастырманың нүктелі пісірілген жіктері мен қосылыстары қолданылады.

Жекелеген бөлшектерден пісіріліп жасаған металл құрылманы пісірілмелі құрылма деп атайды. Осындай құрылмалардың бөлігі пісірілмелі түйіндер деп аталады.

Құрылымдық жіктердің орналасуына байланысты пісіруді әр түрлі: төменгі, көлденең, тік және төбелік жағдайларда жасайды. Пісірудің негізгі жағдайлары МЕМСТ 11969-79 бойынша анықталады

Пісіру құрылымдарында аз көміртекті болаттар біршама кең қолданылады. Сондықтан аз көміртекті болатты пісіру мысалында пісіру жіктерінің құрылысы туралы мәселені қарастырамыз.

Болаттың негізі – оның құрамына кіретін көміртегі бөлшектері мен басқа элементтер орналасқан темір болып табылады. Темір болатта феррит және аустенит түрінде болады.

Қандай да бір металдарды дәнекерлеу алдында пісіру тогын таңдап аламыз. Пісіру тогы пісірілетін металдың қалыңдығына және пісіру қосылыстарының түрлеріне сәйкес таңдап алынатын, электродтың диаметріне байланысты болады. Бұдан басқа, токтың аумағына қолданылатын жабындылардың типі мен кеңістіктегі пісіру жіктерінің жағдайлары ықпал етеді.

Іс жүзінде бірқатар жағдайларда салыстырмалы түрде күрделі емес тетіктер мен қарапайым технологиялық тәсілдерді қолдана отырып балқытып пісіру және пісіру процесінің өнімділігін арттыруға болады. Осындай әдістерге көлбеулі және горизонтальды электродтармен пісіру жатады. Бұл әдістерді қысқа түзу сызықты жіктерді қолмен пісіру өнімділігін арттыру үшін қолдануға болады.

Қауіпсіздік  ережелеріне нұсқау беру:

 

ІІІ Ағымдағы нұсқау

Оқушыларды жұмыс орнына бөлу

Құрал жабдықтарды дайындау

Пісіру материалдарын дайындау, өлшеу, белгілеу, тазалау

Тексеру құрал жабдықтарын дайындау

Топтарға бөлу

Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар беру, топтардың жұмыс жағдайын таныстыру, тігістерді арнайы құралдармен текcеру жолдарын көрсету, техналогиялық нұсқау карталарын тарату.

Әр оқушыдағы берілген дайындаманы бір-бірлеп топ шеберлеріне, топ бригадирлеріне көрсетіп отырады.

Берілген тапсырмаларын орындау жүйелілігі мен технологиялық талаптарға сай келуін тексеру кезеңдері:

1.Оқушылардың жұмысты сапалы орындалуын қадағалау, тексеру.

2.Тапсырмалардың орындалу жүйелілігі кезіндегі шарттардың сақталуын қадағалау, тексеру.

3.Қателерін шығару, алдын алу жолдарын дер кезінде көрсету.

4.Әрбір бригада мүшелерінің жұмысын жеке қадағалау.

5.Еңбек қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.

 

ІV  Қорытынды нұсқау:

1.Сабақты қорытындылау топтардағы оқушылардың техналогиялық картаға сәкес жасаған  бұйымдарын тексеру.Тігістерді арнаулы құралдармен тексеру

2.Жіберілген қателіктерді болдырмау жолдарын қарастырып талдау

3.Ерекше көзге түскен оқушылардың жұмыстарын атап, үлгі ету.

4.Үйге тапсырма беру.

5.Тазалық жұмыстарын жүргізу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *