Пісіру қосылыстары және жіктер


Ашангалиев Айдын Махсотович
 «Қаратөбе колледжі» МКҚК өндірістік оқыту шебері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға  пісіру қосылыстары, пісірудің негізгі жағдайлары,

бір және көп қабатты пісіру жіктері, пісіруде қолданылатын

құрал-жабдықтар, аспаптар,  жөнінде түсінік беру.

 

Тәрбиелілік: оқушылардың таңдаған мамандығына қызығушылығын

арттырып, еңбекке деген жауапкершілігін жақсарту.

 

Дамытушылық:  ақыл-ойлары мен өз бойларындағы мүмкіндіктерді тиімді

пайдалана алуды дамыту.

 

Оқу өндірістік жұмыстарға қажетті заттар:

1. Жұқа  беттік қаңылтырлар

2. Қалындығы 3, 5 ,8 мм пластиналар, диаметрі-3, 8, 12 мм болат құбырлар

3. 40х40, 50х50 және 20х40 болат профильдер

4. Электродтар

Сабақтың оқу материалдық жабдықтары

1. Қорғаныш маскасы – 15дана

2. Арнайы киімдер -15 дана

3. Нұсқау картасы – 15 дана

4. Темір щеткалар – 15 дана

5. Балғалар – 15 дана

6. Қолғаптар -15 дана

7. Пісіру орындары – 15 орын

 

Сабақтың ұйымдастыру түрі:

Тақырыпқа байланысты білулері және істей алулары керек:

– пісіру қосылыстарының түрлерін

– бір қабатты және көп қабатты жіктерді пісіру

– пісірудің негізгі жағдайларында орналасқан жіктерді пісіру

– техника қауіпсіздігі және еңбек қауіпсіздігі ережелері

 

Пісіру қосылыстарын орындау кезінде қойылатын талаптар:

Металдардың геометриялық формасын сақтау

Уақытты нормаға сәйкес үнемдеу

Техника қауіпсіздік ережесін сақтау

Арнаулы киімдерді, құрал жабдықтарды ережеге сәйкес пайдалану

 

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І Ұйымдастыру кезеңі

– Оқушылармен, сәлемдесу.

– Кезекшіден оқушылардың қатысулары жөнінде мағлұмат алу

– Оқушыларды арнайы киімдерді ережеге сай киюлерін тексеру, костюм-

шалбар, қолғап, бас киім, аяқ киімдер

– Құрал-жабдықтардың, көмекші құралдардың, жұмыс орындардың жұмысқа дайындығын тексеру

 

 

ІІ Кіріспе нұсқау.

Өтілген   сабақты еске түсіру, қорытындылау мақсатында оқушыларға сұрақ қою:

1. Доғалы пісірудің негізгі түрлері

2. Пісіру доғасы дегеніміз не?

3. Доғаларды ауыспалы және тұрақты токпен қоректендіруге арналған

жабдықтар

4. Агрегат дегеніміз не?

 

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:

 

Пісіру қосылысы-бұл пісірумен орындалған, бірнеше бөлшектердің ажырамайтын қосылысы. Доғалы пісіруде келесідей қосылыс түрлері бар:түйіс, жапсарлық, таврлы және бұрыштық; әр-түрлі жағдайларға байланысты кесік, қапталдық, қосымша металмен, электрлі тойтарма шегелі түрлері қолданылады.

Түйіс қосылыс пісіру кезінде өзіндік кернеуінің және деформациясының аз болуына, сондай ақ статикалық және денамикалық күштерге шыдамдылығына байланысты ең кен таралған пісіру қосылыстарынын бірі. Олар металл құрылымдарды және бұрыштықтарды, швеллерлерді, қоставрларды және құбырларды түйістіріп пісіргенде қолданылады.

Қалындығы 1-3мм беттерді түйістіріп, саңылаусыз, қоспа сымсыз пісіруге болады. Түйістірмелі қосылыстардың шартты белгілері: с1-с48.

Бұрыштық қосылыстар бір-бірімен бұрышталып орналасқан және орналасу жерінде олардың жиектері пісірілген, екі элементтін пісірілмелі қосылыстарын білдіреді. Бұрыштық қосылыстардың шартты белгісі: У1-У10.

Таврлы қосылыс- бұл бір элементтін бүйірлік бетіне бұрышпен қабысып және шетжағына басқа элемент пісірілген қосылыс, әдеттегідей, элементтер арасындағы бұрыш түзу. Таврлы қосылыстардың шартты белгілері: Т1-Т8.

Жапсарлық қосылыс жалғасатын элементтері бағыттас орналасқан және бір-бірін жартылай жабатын пісірілмелі қосылыстарды білдіреді. Шартты белгілері әзірше стандартта жоқ.

Доғаның әсерімен пісіру науасы түзілген шұңқыр ойық (кратер) деп аталады. Пісіруге ұшырайтын бөлшектерді жалғастырушы металл- негізгі металл деп аталады. Пісіру науасында балқыған негізге қосымша енгізуге арналған металды қоспалықты металл деп атайды. Пісіру науасына енгізілген немесе негізгі металға ерітіп қосылған орнықтырушы металды ерітіп пісірілген металл деп атайды. Қайта балқытылған негізгі металдан немесе ерітіп пісірілген металдардан түзілген қорытпа жік металы деп аталады.

Пісіру кезінде қыздыруға және балқытуға жататын бөлшектердің бүйір беттерін пісірілетін жиектер деп атайды. Негізгі металдың қалындығы мен оларды пісіру әдістеріне байланысты пісірілетін жиектердің біркелкі балқуын қамтамассыз ету үшін жиектерді алдын ала дайындай отырып, біршама оңтайлы пішінге келтіреді.

Құрылымдардағы жіктердің орналасуына байланысты пісіру әр түрлі: төменгі, көлденең, тік және төбелік жағдайларда жасайды. Жіктерді жасау сипаты бойынша асыла, сондай ақ әр қилы түрдегі төсемдер мен флюсті жастықшаларда бір және екі жақты пісіру болып бөлінеді. Кейінгі пісіру кезінде күйдіруді алдын ала тоқтату үшін жасалатын екі жақты жіктің бөлігі немесе жіктің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін жіктің түбіріне соңғы кезекте салынатын жік- пісірінкі жік деп аталады. Ұзындығы бойынша үзіксіз және үзікті жіктер деп бөлінеді.

Үзіксіз жік- бұл ұзындығы бойынша аралықсыз пісірулі жік. Көлденең қимасының пішіні бойынша пісіру жіктері ойқы және дөңесті жіктер болып бөлінеді.

Қабаттардың саны бойынша пісіру жіктері бір қабатты және көп қабатты болады. Қабат-бұл жіктің көлденең қимасының бір деңгейінде орналасқан металдың бір бөлігі.

Білікше-бұл бір жүріп өтуде ерітіп пісірілген немесе қайта балқытылған жіктің металы.

Жұмыс шарттары бойынша жіктер сыртқы жүктемені қабылдаушы жұмыс жіктері, тек бұйымдардың бөліктерін бекітуге ғана арналған және сыртқы жүктемелерді қабылдауға есептелмеген байланыстырушы жіктер болып бөлінеді.

 

Қауіпсіздік  ережелеріне нұсқау беру:

Пісіру доғасы шығаратын көзге көрінбейтін ультракүлгін сәулелері көзге кері әсерін тигізеді. Егер қорғанышсыз көзбен доғаға 5-10 минут қараса, онда 1-2 сағат өткеннен кейін көзден жас ағып, жарыққа аштырмайтындай қатты ауырады. Бұл жағдайда дәрігерге қаралу керек.

Басқада көрінбейтін сәулелер (инфрақызыл), көзге ұзақ әсер ететін болса көзді ауыртуы мүмкін.

Көзді сәулелерден қорғау үшін жарық сүзгілері бар қорғаныш маскалары мен шитоктары қолданылады.

Қасында көршілес жұмыс жасап жатқан жұмысшыларды сәулелерден қорғау үшін пісіру орындары қоршаумен немесе кабинамен жабдықталады. Қабырға биіктігі 2 метрден кем болмауы тиіс. Кабина іші табиғи желдетілуі үшін қабырға мен еден арасына 25-30см саңылау қалдыру қажет.

 

ІІІ Ағымдағы нұсқау

-оқушыларды жұмыс орнына бөлу

-құрал жабдықтарды дайындау

-пісіруге арналған материалдарды  дайындау, өлшеу, белгілеу, тазалау

тексеру құрал жабдықтарын дайындау

-топтарға бөлу

-жаңа тақырып бойынша тапсырмалар беру, топтардың жұмыс жағдайын таныстыру, арнайы құралдармен тексеру жолдарын көрсету, технологиялық нұсқау карталарын тарату.

-әр оқушы берілген дайындаманы бір-бірлеп топ шеберлеріне , топ бригадирлеріне көрсетіп отырады.

-берілген тапсырмаларын орындау жүйелілігі мен технологиялық талаптарға сай келуін тексеру кезеңдері.

1.Оқушылардың жұмысты сапалы орындалуын қадағалау, тексеру

2.Тапсырмалардың орындалу жүйелілігі кезіндегі шарттардың сақталуын қадағалау, тексеру.

3.Қателерін шығару, алдын алу жолдарын дер кезінде көрсету.

4.Әрбір бригада мүшелерінің жұмысын жеке қадағалау.

5.Еңбек қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.

 

ІV  Қорытынды нұсқау:

1.Сабақты қорытындылау топтардағы оқушылардың техналогиялық картаға сәйкес жасаған  бұйымдарын тексеру.

2.Жіберілген қателіктерді болдырмау жолдарын қарастырып талдау

3.Ерекше көзге түскен оқушылардың жұмыстарын атап, үлгі ету.

4.Үйге тапсырма беру.

5.Тазалық жұмыстарын жүргізу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *