Ағашты аралау аспаптары


Жусубалиев Изимберген Мусиевич
 «Қаратөбе колледжі» МКҚК өндірістік оқыту шебері

Білімділік мақсаты: Оқушыларға ағашты аралауға арналған аспаптар туралы толық мәлімет  бере отырып , оларды пайдалану жолдарын түсіндіру.                           Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың  ой-өрісін және ойлау  қабілетін дамыта отырып, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру.                                              Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды білімділікке,шеберлікке, ұқыптылыққа , алған білімдерін қажеттілікке пайдалана білуге тәрбиелеу.                                                 Сабақтың көрнекілігі: Жұмыс жабдықтарының плакаты, сызбалары, ара аспаптарының түрлері, ағаш материалы.                                                                                                 Сабақтың әдісі: Түсіндіру , сұрақ-жауап, теориялық , практикалық жұмыс.               Сабақтың түрі: Аралас сабақ.                                                                                            Сабақтың пәнаралық байланысы: Сызу ,математика,бейнелеу,  материалтану.

Сабақтың барысы:

I.                   Ұйымдастыру бөлімі:

–          Оқушылармен амандасу

–          Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындығын тексеру

–          Сабақтың барысымен және мақсатымен таныстыру

II.                Үй тапсырмасын тексеру: «Жалғасын тап»

1.      Табиғи  желімдер……….

2.      Шел желімдер………

3.      Казеин желімі……….

4.      Синтетикалық желімдер…………..

5.      Альбуминді желімі……………

6.      Фенол шайырлы желімі…………………

III.             Жаңа сабақ:

Құрылыс материалдарын аралаған (тілген) кезде одан брустар, брусшалар, тақтайлар алынады. Ара көптеген тістері бар лента немесе дискі тәрізді болып келеді.

Араның әр тісінің үш кесу жиегі бар:

Ø  біреуі алдыңғы қысқа жиек;

Ø   екеуі бүйір жақ жиектері.

Ағашты бойлай тілетін ара тістерінің қысқа жиектері ағаш талшықтарын  кесіп, ал бүйір жиектері сол қысқа жиектері тура қайралып, сол қайралған жүз формасы жағынан үшбұрышты еске түсіреді, сондықтан  ондай тісті арамен тек бір жаққа тілуге болады. Көлденең кесуге арналған  араның тістері көбінесе екі қабырғасы тең үшбұрыш формалы және екі жақты қайралған болады, сондықтан екі жаққа кесуге болады . мұндай аралардың қысқа кесу жиегі талшықтарды  бір-бірінен айырады, ал бүйір жиектері оларды кесіп отырады. Ара тістерінің мынадай параметрлері бар: екі тістің ұштарының арасы адым, ал араның негізі  мен тіс ұшының арасы тістің биіктігі деп аталады . Аралау кезінде пайда болатын үгіндіні шығарып тұру қызметін өзек атқарады.

Жалпақ қол араны  ағаш шеберлері және балташы жұмыстарында тақтайлар мен кеспелтек ағаштарды көлденең кесу үшін қолданылады.  Қол араның кескіш бөлігінің ұзындығы 250-650 мм, тістер аралығы 2,5-6,5 мм.                                                   Жіңішке қол ара жұқа тақтайларды аралау үшін, қисық сызықты  бөлшектерді, тесіп өтетін ойықтарды кесу үшін пайдаланылады.  Ара полотносы аспап жасауға арналған  суықтай құйылған  болаттан , тұтқасы қатты ағаштан жасалып , оған әбден олиф майы сіңіп , лак жағылып дайындалады.                                                                                       Шүйделі қол араны терең бойламай аралау «мұртша» кесу және ағаштың ұсақ кесінділерін аралау кезінде , сонымен қатар ағаштарды бір-біріне қиыстыра қосқанда пайдаланады. араның жоғарғы жағы жуандау болып келеді . Тұтқасының қалыңдығы -22 мм; ара тістері 0,8 мм.  Ара тістері тік бұрышты , үшбұрыш пішінді болады. Араға біршама қаттылық беріп тұру үшін оның үстіңгі бөлігіне онша қалың емес шүйдеше бекітілген.                                                                                               Наградка қол арасы тесіп өтпейтін сынашаларды отырғызуға арналған ойықтар үшін ағашты теспей аралау, сондай-ақ өте тар ойықтарды аралау үшін де қолданылады . Оның ұзындығы 100-120 мм, қалыңдығы 0,4-0,7мм.                                                      Садақ тәрізді ара ағаштың ұзынынан бойлай және көлденең аралау үшін пайдаланылады, ал оның өзі керіле тартылған ара тістері бар ағаш станоктан тұрады. Көлденең екі тұтқалы аралармен бөренелерді, брустарды, брусшаларды және тақтайшаларды көлденең кесу үшін қолданылады. Араның ұзындығы 1000, 1250, 1500 және 1750 мм, жалпақтығы 140 және 160 мм, қалыңдығы 1,1 және 1,4 мм болады.

 

 

IV.             Жаңа сабақты бекіту:

1.      Ара тістерінің параметрлері деп нені атайды?

2.      Араның қандай түрлерін білесіздер?

3.      Жалпақ қол арасы  мен  жіңішке қол  арасының қолданылуының айырмашылығын атаңыз.

4.      Шүйделі қол арасының атқаратын қызметі.

5.      Наградка қол арасы туралы не айтар едіңіз?

6.      Садақ тәрізді ара ?

7.      Көлденең екі тұтқалы ара ?

 

V.                Оқушыларды бағалау:

Оқушылардың сабақ барысындағы белсенділігі бойынша бағаланады.

 

VI.             Үйге тапсырма:

Ағашты аралау және қол аралар туралы   реферат ,слайд дайындап келу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *