Бастауыш сыныпта функционалдық сауаттылықты дамыту


Калиякбарова Жанерке Жаксылыковна
«№53 жалпы орта білім беретін  мектеп – лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы қазақстан халқына      «әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін бес жылдық  ұлттық жоспар қабылдауды  міндет  етті.

Балаларды жай оқытып қана қоймай, тиянақты оқыту керек, оқырман болуға үйрету керек. Бала бойындағы сауатсыздық, жалқаулық, ұқыпсыздық, немқұрайлылық,  сабаққа, айтылып жатқан сөзге зейін қоймау, берілген тапсырманың мәнісіне мән бермеу сияқты әрекеттердің олардың бойында мектепке келген күннен-ақ басталатынын ғалымдар анықтап отыр. Сондықтан бала мектеп табалдырығынан аттаған күннен  бастап  мұғалім олармен функционалдық  сауаттылықты қолға алып, дамытуы керек. Ал функционалдық сауаттылығының дамымай  қалуы оқушыларымыздың бойынан  күнделікті өмірде көрініс  табуда. Олар  сабаққа жалқау, негізгі ойды түсінбеу сияқты көріністер көрініп қалады.

Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмапты.Бір қызығы,олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан. Соның салдарынан жұмыссыздық,өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Сақтанбау, ұқыпсыздық , байқаусыздық , апаттар: мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан , түсінбегендіктен , санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр.

Функционалдық сауаттылығы дегеніміз- адамдардың әлеуметтік , мәдени , саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы , яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына , жасына қарамай ілесіп отыруы , адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік , дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.

Жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сатысында оқушының білімді күтілетін нәтижеге қарай сапалы меңгеруі, білім берудің әлеуметтік мәнін ұғыну арқылы кіріктіру мәселесі әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейде көтеруді талап ететіні сөзсіз. 12 жылдық білім беруде әлемдік тәжірибені ескере отырып, ұлттық ерекшеліктерді сақтау, оқытуды нәтижеге бағыттау үшін субъектілік қатынасты ұйымдастыра алатын мұғалімдерді дайындауға басымдық беріліп отыр.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында анықталған, басты мақсаттардың бірі – жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.

Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы. Ол оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерінің бірлігінен құралады.

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын қалыптастырудың психологиялық және педагогикалық негіздеріне келер болсақ, бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері ескерілуі керек. Оқу, жазу сауаттылықтарын қалыптастыруда, ең алдымен, кіші мектеп жасындағы балалардың ойлау мен сөйлеуі маңызды орын алады. Бұл орайда Ж.Аймауытов, Б.В.Беляев, Е.И.Пассов, Н.И.Жинкиндердің ойлау мен сөйлеу секілді күрделі психикалық құбылыстар туралы ой-пікірлері талданады. Ой ұйымдасқан сөйлесім үдерісіне айналуы үшін адам өзіне қажетті үлгіні, ойды дәл бейнелейтін сөзді таңдап алатын іштей сөйлеудің кезеңдерінен өтуі тиіс. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда іштей сөйлеу мен сөйлесімнің мәнін назарға алу олар орындайтын жаттығулар мен тапсырмаларды іріктеуде маңызды рөл атқарады. Оқыту үдерісінің нәтижелілігі бастауыш сынып оқушысының физиологиялық, психологиялық негіздерін терең білу мен барлық оқу әрекетін соған негіздеуге байланысты болады. Оқыту үдерісінде пәндік білім, білік, дағдыларды, яғни құзыреттіліктерді меңгертуде балалардың жас кезеңдеріне сәйкес пайда болатын жетекші әрекеттерге назар аударылды. Бастауыш сыныптан мектептің орта сатысына өту кезеңінде балалардың өзін қоршаған адамдармен қарым-қатынасы жаңа арнаға түседі: даралық сезімдері бас көтеріп, өзін-өзі тани бастайды. Білім беруде бұл мәселелер ескеріліп отыруы тиіс. Бастауыш мектеп кезеңі оқушылардың оқу, қарым-қатынас, еңбек секілді жетекші әрекеттер негізінде жалпы және ерекше қабілеттерінің дамуымен сипатталады. Оқу әрекетінде олардың жалпы интеллектуалдық қабілеттері қалыптаса бастайды.

Бүгінгі күн талабына сай жан – жақты дамыған,белсенді,өмірге талпынысы,қызығушылығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап шығарудың ең бір тиімді тәсілі ол – оқытудағы математикалық сауаттылық. Математикалық сауаттылық мәселелері оқу процесіндегі толығымен орындалмай отырғандығын көрсетеді. Математикалық сауаттылық проблемалары осы күнге деиін аз айтылып жүрген жоқ.Егер әр бір мұғалім әр сабақта математикалық сауаттылықты қалыптастырып,үнемі көңіл бөліп отырса, білім сапасы әлдеқайда жақсарар еді.

Бастауыш сыныптарда оқушылар сандық өрнектермен арифметикалық амалдарды орындаумен шектелсе,алгебра,геометрия,тригонометрия әлеміне енген сайын басқа жаңа талаптар қойылады.Бастауыш сыныптарда 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 және «+», «-», «*», «/» секілді таңбалармен қатар І,V,X, M, L, C тәріздес Рим цифрларын білумен шектелеміз.Ал енді алгебрада латын,грек әріптерін үйренуге тура келеді.Міне, осы әріптерді дұрыс жаза және оқи білу математикалық сауаттылық білдіреді. Оқушылар геометрия ұғымдарымен бірінші сыныптан таныс болады,кейін жаңа жазулар мен сызулар кездесуі мүмкін және оқытуда арнайы заңдылықтар сақтау қажет. Мұғалім оқушыны математика пәнінің қыр сырына үйрету үшін оған математикалық сауаттылықты сақтау жөнінде күнделікті қатаң талаптар қойып,орындалуына мұқият зер салуы керек.Сонда оқушы математикалық өрнектерді оқуда,жазуда және сызбаларды сызуда сауаттылық көрсетіп,тәртіпке бейімделеді де,есептерді де алгаритм немесе логика бойынша тез,әрі сауатты шеше алады,сабаққа да ынтасы арта түседі.

Математикалық сауаттылықты қалыптастыру дағды мен іс әрекет негізінде өздігінен ізденетін,өздігінен шешім қабылдайтын,нарық заманында өмір сүріп,адал еңбектенетін,бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізеді.

Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау. Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығы ең алдымен біріншіден, үйден отбасынан басталады. Өйткені, ата – аналардың балаларды оқытуы және тәрбиелеуі ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың негізгі тетіктерінің (механизмдерінің) бірі болып көрсетілген.
Біріншіден, функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге араласуы. Біз экономикамыздағы, әлеуметтік – саяси және рухани өміріміздегі жетістіктерді заңды түрде мақтан етеміз. Тіпті «экономика» деген сөздің өзін сөзбе сөз аударсақ «үй шаруашылығы» дегенді білдіреді. Сондықтан да отбасындағы экономиканы мемлекеттік экономиканың құрамдас бөлігі ретінде қарауға тура келеді. Демек, оған байыпты түрде біліммен әрі шаруақорлықпен қарау керек.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың өзінің Жолдауларында «функционалдық сауаттылықты арттыруды» негізгі тапсырма етіп жүктеуі бекер емес. Елбасы: «білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет», – дейді.

1997 жылы-ақ Елбасымыз адамдардың сауатсыздығын жою, орта білім беру жүйесіндегі реформалануға тиісті стратегиялық нысан екенін атаған еді.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушының оқу, жазу сауаттылығын, жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығын, математикалық сауаттылығын, компьютерлік сауаттылығын, денсаулық мәселесіндегі сауаттылықты, құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыс арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *