Сөйлемнен берілген білімді қайталау


  Жунусова Шолпан Тыныштыбаевна
 БҚО, Теректі ауданы, Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға сөйлем туралы түсінік беру,таным мүмкіндігін анықтау, өзіндік жұмыс істеуге, іздеуге үйрену.
Дамытушылығы: Сөйлемді жүйеге құруға,өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру,ойлау жүйесін дамыт.
Тәрбиелігі:Оқушылардың логикалық ойлау сезімін ояту және ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу,деңгейлік тапсырма

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі:кестелер жинағы, топшама,топтық

Пәнаралық байланыс:математика, әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

Шаттық шеңбері

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз

Мақсатымыз-білім алу,

Міндетіміз-еңбектену

Еңбектену арқылы

Білімге қолды жеткізу

Оқушылар қазір үш топқа бөлінеміз.Алдымен мына қорапшадан геометриялық

фигураларды алып топтарға бөлінейік

І-топ Хабарлы сөйлем   ІІ-топ Сұраулы сөйлем

ІІІ-топ Лепті сөйлем

 

Өткенді еске түсіру

Ойын: «Серпілген сауал»

1Синтаксис нені зерттейді?

Сөйлем түрлерін, оның жасалу жолдарын зерттейді

2 Синтаксис неден тұрады?

Сөйлем және сөзтіркесі

3Сөйлем дегеніміз не?

Сөйлем аяқталған тиянақты ойды білдіреді

4.Сөйлем туралы не білеміз?

5.Сөйлем айтылу мақсатына қарай қандай болып бөлінеді?

Хабарлы ,сұраулы  лепті

6.Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

Хабарлау мақсатында айтылған сөйлем

7.Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

Жауап алу мақсатында айтылған сөйлем

8Лепті сөйлем дегеніміз не?

Адамның көңіл-күйін сезімін білдіреді.

9Құрамына қарай ше?

Жалаң    және  жайылма

10.Жалаң сөйлем деген не? Жайылма сөйлем ше?

Бастауыш пен баяндауыштан тұрады

Жайылма сөйлем  дегеніміз бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлем мүшелері  бар сөйлемді айтамыз

Олай болса балалар бүгінгі сабағымыз сөйлемнен берілген білімді қайталау деп аталады

Табыс критерииіне тоқталайық

Бүгінгі сабақта  не істей аламыз?

Жаттығулар орындай аламыз

Жаңа сабақтаКөркем жазу

Ойын: Әдемі жаза білейік

Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.

Оқулықпен жұмыс

Ойын Кім шапшаң?

Топтық жұмыс

1-топ Хабарлы сөйлем

4-жаттығу

Сөздерді оқы.Сөз-моншақтарды ретімен жіпке тіз.Сонда не шықты? Құрастырған сөйлеміңді көшіріп жаз. Жеті күн апта деген сөзді білдіреді.

Сөздер шашылып қалған моншаққа ұқсаса, сөйлем жіпке ретімен тізілген моншаққа ұқсайды.

ІІ-топ Сұраулы сөйлем

5-жаттығу.

Сөздерді мағыналық жағынан байланыстырып жаз.

Жарас бригада жұмысына кірісті.

Құраған сөйлемің  жай сөйлемнің қай түрі (хабарлы, сұраулы, лепті) екенін айт

ІІІ-топ  Лепті сөйлем

6-жаттығу.

Ертегіні тиісті дауыс ырғағымен оқы

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін анықта.

Қарамен жазылған сөйлемдерді көшіріп жазып, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндір

Ойын«Ойлан,бөліс, талқыла»

7-жаттығу.

Өлеңді оқып, тиісті тыныс белгісін қойып жатқа жаз.

Не көрдің, қара ат, не көрдің

Бектер құрған шатыр ма

Алдыңда жолбарыс жатыр ма

Келгендер бізден батыр ма

Сұраулық мағына беріп тұрған сөздердің астын сыз.Олардың жазылу ерекшеліктерін бір-біріңе түсіндір.

Қай жырдан үзінді(Алпамыс батыр жырынан)

Әдебиеттік оқудан қандай жырларды білеміз

Бөген батыр,Тортайдың мұңы,Тайбуырылдың шабысы(Қобыланды батыр )

Жолбарыспен айқас (Қамбар батыр)

Жекпе-жек (ЕрТарғын жыры)

Ойын: Түртіп ал

Сөздікпен жұмыс

Бектер-феодалдық қоғамдағы ел билеушілер

Жұптық жұмыс

Көршілеріңе түсіндіресіңдер

Топта талқылайсыңдар

Ойын « Сөйлем сазы»

9-жаттығу

Жай сөйлемдерді түрлеріне қарай сәйкестендір.

Хабарлы сөйлем  : Сауысқан шықылықтайды.  Ірімшік сүттен жасалады.Жұлдыз жымыңдайды.

Сұраулы сөйлем:  Баланы уата ма?

Лепті сөйлем:  Ақ батамды бердім!  Күннің суығын –ай!

«Сөйлем сазы» ойынын ойнау. Ол үшін сынып «хабарлы». «сұраулы», «лепті» топтарына бөлініп, осы жаттығудағы сөйлемдерді сазына келтіріп айтуы қажет.Қай топ дұрыс орындаса, сол топ жеңімпаз атанады.

Ойын Шығармашылығыңды шыңдай біл

Жұптасып отырып орындайды

1-топ  Хабарлы

2-топ  Сұраулы

3-топ   Лепті

IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.

Ойын   «Ия немесе жоқ»

1 «Табиғат жақсы ма?»-бұл хабарлы сөйлем (жоқ, сұраулы сөйлем)

2 Сөйлем мағынасына қарай 3-ке бөлінеді (иә)

3 Сөйлем дыбыстан тұрады? (жоқ,сөзден)

4 Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте қойылады? (иә)

5 Сөйлемнен соң нүкте,леп,сұрақ белгісі қойылады (иә)

6 «Біз аулаға шықтық.» -жалаң сөйлем. (жоқ,жайылма сөйлем)

7 Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем лепті сөйлем(жоқ,сұраулы сөйлем)

8 Бастауышты екі сызықпен белгілейміз (жоқ,бір сызықпен)

9 Жайылма сөйлем бастауыш пен баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелерден тұрады.(иә)

10 Сөйлемнің бірінші сөзі кішкентай әріппен жазылады.(жоқ,бас әріптен)….

Әр сұраққа дұрыс жауап берген оқушыға ұпай (жапырақтан) беріледі.

IV. Сабақты бекіту. Қорытынды.

«Бір ауыз сөз»

(ұнады, қажет, пайдалы, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым,жаздым, есте сақтадым)

Ойландым, түсіндім

V. Бағалау, мадақтау.

 

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.

VI. Үйге тапсырма.8-жаттығу. (43-бет)

Сөйлемдерді оқы.Жақша ішіндегі ма, ме, па, пе, болымсыз етістік жұрнағы немесе сұраулы мағына беретін сөз екенін анықта

Хабарлы сөйлемдерді бір бөлек, сұраулы сөйлемдерді бір бөлек жазып, тиісті тыныс белгілерін қой.

Өздерің соңында болымсыз етістік сөзі бар үш хабарлы сөйлем және ма, ме, па, пе, ба, бе арқылы жасалған үш сұраулы сөйлем құрап жаз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *