Тұғырлы мекен тарихы-болашағымның кепілі


Серікұлы Марат

«Катонкарағайаграрлық-техникалық колледжі» КММ 3ТР-15 оқу тобының студенті 

Жетекші: қазақ тілі және әдeбиет пәнінің оқытушысы  Тюстюкпаева Рауан Құдайбергеновна

Мазмұны

I.            Кіріспе…………………………………………………………стр.3

Тақырып, мақсаты, зерттеу міндеті

II.            Негізгі бөлім…………………………………………………стр.4-9

Мектеп тарихы (Сарғайған фотосуреттер)

п.2.1. Жылдар бойынша тарихи анықтама…………………………….стр.4-5

п.2.2    Мұражайда……………………………………..стр.5-6

Бүгінгі колледж ………………………………………….стр.6

Спорт және мәдениет жетістіктері………………стр.6-7

Колледж мақтанышы…………………………………стр.8-10

III.            Қорытынды……….……….……….……….……….стр.10

IV.            Библиография …………………………………………стр.11

V.            Қосымша……………………………………………………стр.12

Фотосуреттер

Ұлағатты зейнеткерлер

Түлектер

Презентация

«Тұғырлы мекен тарихы-болашағымның кепілі»  тақырыбындағы ғылыми жобаға аннотация.

 

Зерттеу кезінде алға қойған мақсатым – бұл зерттеумен біздің оқу орнымыздың бай тарихын көрсетіп, мәртебесін көтеру. Техколледж дәстүрін ашу, ұстаздық дәстүрлерді келешек ұрпаққа уағыздау. Қазіргі жастарға колледж тарихын айтып, кеңінен білуге насихаттау.

Қазақстанның кәсіптік білім беру жүйесі алдында үлкен міндеттер тұр. Олардың бастысы – қазіргі еңбек нарығында бәсекеге жарамды, талап етілген маманды дайындау. Кәсіби білікті түлекті дайындау тек дұрыс ұйымдастырылған оқыту мен тәрбиелеу үдерісі болған жағдайда мүмкін.

Біздің оқу орнымыздың өскелең ұрпақты оқыту және тәрбие беру ісінде өзіндік дәстүрімізді сақтап отырғанымыз жастарды мамандыққа тарту жұмысына септесуге тиіс деп ойлаймын. Ауылшаруашылық саласындағы білім ордаларының бәсекеге қабілетті жаңа қырынан таныту керек.

2. Зерттеу гипотезасы:

Зерттеу гипотезасы ретінде оқу орнының терең тарихымен жан-жақты танысып, жасөспірімдерді тәрбиелеуде, ауылшаруашылық мамандықтарын насихаттауда  алатын орнының зор екендігін анықтау.

3.Зерттеу кезеңдері:

1. Колледждің 81 жыл ішіндегі бай тарихы жөнінде мәліметтерді, мақалаларды жинақтап, оларға жалпы шолу жасау.

2.  Колледж мұражайындағы жиналған материалдармен, оқытушылар мен түлектерінің еске алулары мен мақалаларымен танысып зерттеу.

3. Ауылшаруашылық саласындағы білім ордасының бәсекеге қабілетті қырынан таныту.

4.Эксперимент әдістемесі:

1. Колледж тарихы жөнінде баяндалып жазылған газет, журнал, әдебиеттермен танысу.

2.Техколледж дәстүрін ашу,  ұстаздық дәстүрлерді келешек ұрпаққа уағыздау. Қазіргі жастарға колледж тарихын айтып, кеңінен білуге насихаттау.

І.Кіріспе

Ауылды көтеретін де, көркейтетін де білім. Білім саласында болашақта мектеп тек қана негізгі білімді беріп қоймай, сонымен бірге жеткіншекті бір мамандыққа бағыт алып, жол таңдап ересек өмірге қанаттанып шығатындай мемлекеттік бағдарлама құрылып, осы бағытта едәуір өзгерістер енгізіліп те қойылды.

Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруқарастырылуда. Өркениетке бетбұрған мемлекетімізде ҚР «Білім беру туралы» заңына енгізілген өзгерістерге байланысты, бұдан былай техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқыту стандарттарын жаңарту реформасы қолға алынуда. Ендігі жерде кәсіптік-техникалық оқу орындары жұмыс берушілермен келісімге келіп, орта буын және жұмысшы мамандарды даярлап шығарады.Соңғы жылдары тәуелсіз еліміздің экономикасы қарқынды дамып, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсарып келеді.

1.Мақсаты:
«Қазақстан-2050» Стратегиясында негізгі міндеттер қатарында Президентіміз – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «…ауыл шаруашылығын ірі көлемде жаңарту қажет» деп, ерекше атап өтті. «Әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу үшін және ауыл шаруашылығы өндірісін кеңейту үшін, бізге мыналар қажет»,-деді Елбасы: «Егіс алаңдарын ұлғайту. Жаңа технологияларды енгізу есебінен өнімділіктің маңызды өсуін қамтамасыз ету. Бізэкологияға мән бере отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруымыз қажет. Нәтижесінде, мен біздің агроөнеркәсіптік кешен алдына міндет қоямын. Ол – экологиялық таза өндіріс аясында ірі ойыншы атану» деп, атап айтты.Қазақстанның кәсіптік білім беру жүйесі алдында үлкен міндеттер тұр. Олардың бастысы – қазіргі еңбек нарығында бәсекеге жарамды, талап етілген маманды дайындау. Кәсіби білікті түлекті дайындау тек дұрыс ұйымдастырылған оқыту мен тәрбиелеу үдерісі болған жағдайда мүмкін.

Біздің, әсіресе, ауылдың жастарына өмірлік жолға мамандық беріп отырған тұғырлы мекен–оқу орнымыздың тарихы туралы тереңірек білу. Сондықтан мақсатым, бұл зерттеумен біздің оқу орнымыздың бай тарихын көрсетіп, мәртебесін көтеру. Техколледж дәстүрін ашу, ұстаздық дәстүрлерді келешек ұрпаққа уағыздау. Қазіргі жастарға колледж тарихын айтып, кеңінен білуге насихаттау.

Міне, осы міндеттердің үдерісінен шығу жолында тындырымды әрекеттерді іске асырушы мекеменің бірі – Катонқарағай аграрлық-техникалық колледжі. Өткен оқу жылында «Катонқарағай аграрлық-техникалық колледжі» өз 80-жылдық мерейтойын атапөтті. Колледж сексен жыл ауылшаруашылығы мамандарын даярлап келеді. Алайда, атауы өзгерсе де, мекеменің ауыл шаруасына қажетті мамандарды даярлау дәстүрі өзгеріссіз қалды.

ІІ.Мектеп тарихы

2.1.Жылдар бойынша тарихи анықтама

Колледжіміз алғаш 1935 жылы Боран ауылшаруашылығын механизациялау училищесі болып ашылды.Мектептің ең алғашқы директоры
К. Мамбетов болды.Сол жылдардағы ұран: Колхоздар және совхоздар қатарына түсіңіздер! «Кадры решают все. Поступайте в школы механизации и ФЗУ!!!»

Ауыл шаруашылығы халық шаруашылығының ең  маңызды саласының бірі болып, қалаларды және өнеркәсіпті азық-түлік және шикізатпен   қамтамасыз етті. Коммунистік партия басқарған Совет үкіметі кезеңінде еліміздің колхоздары мен совхоздарын  дамыту мақсатында  комплекстік  еңбекті  механизациялауға көп көңіл  аударды.

Екінші бесжылдықты (1933-1937жж)  орындауда Совет Одағы  қуатты индустриялық – колхоздық   социалистік державаға айналды.   1940 жылы Большенарым  ауданында 44 колхоз  жұмыс істеп, колхоз-совхоздардың  егістіктерінде  581 мың трактор,  182 мың астық оратын комбайн, 228 мың жүк машиналары жұмыс істеді. Алып техникаларды меңгеруді және оған мамандар  дайындау мәселесін  партия табысты шешті. Елімізде басқа ауыл шаруашылық оқу мекемелерімен қатар ауыл шаруашылығын механизациялау мектебі  кең ауқымда құрыла бастады.

1936 жылы жабылып қалған  бұрынғы механизация мектебінде ашылып, өзінің мөрін, балансын  алды. Алғашқы  күннен оның штатына  өндірістік оқыту меңгеру- шісі,  оқу ісінің меңгерушісі, аға есепші, оқытушылар, өндірістік оқытудың инструкторы, хатшы  міндеттері енгізілді.

1939 жылдың  26 тамызында Бураново ауылында Большенарым ауыл шаруашылық механизациялау мектебі  өз жұмысын қайта бастады.

1940 жылдың  27 мамырында  аудандық коммунистік партия бюросы шығарған қаулысымен директордың саяси бөлім бойынша  орынбасары  міндеті енгізілді. Ауыл шаруашылығына  маман дайындау: жүргізушілер, механик – комбайнер, тракторшы,  кең  бейінді тракторист-машинистер,  бригадирлер мен олардың көмекшілерін, мал шаруашылық фермаларының механизаторларын қайта даярлықтан өткізу мектептің басты міндеті болды. Сонымен қатар мектепте агрономия негіздері оқытылды. Мектепке ауылдық жер мен қалалардан  17 жастағы  7-8  кластық білімі  бар ұл-қыздар және бірінші кезекте  колхоз-совхоздардың, МТС жұмысшылары жолдамамен қабылданды. Оқу мерзімі: 6 айлық, 1 жылдық, 2 жылдықпен Большенарым, Катонқарағай, Зырян, Самар, Күршім аудандарына  ауыл шаруашылық мамандарын дайындады. 1954 жылы бұл  аймақта 14 МТС  болды.

1940 жылдың 2 қазанында СССР  Жоғарғы  Кеңес Президиумының «Мемлекеттік ССРО еңбек резервтері туралы» жарлығы  шықты. Мемлекет еңбек резервтерін дайындау және басқаруда республикалық және облыстық бас басқармалары   құрылды. Бірақ  Большенарым механизация мектебі  ауыл шаруашылық жүйесінде қалды. Сұрапыл соғыс жылдары. Механизация мектебі танкисттер және тракторшыларды  көптеп дайындады. Серикпаев Ахмади, Сазонтов және Рейннер, Макеев,   Брайко Алексей Макаровичтер білім берді.  Сонау сұрапыл жылдары тракторшы мамандығын қыздарға да меңгеруге тура келді…

ССРО  Жоғарғы  Кеңесі  Президиумының  жарлығы негізінде 1947 жылдың 4 ақпанында облыстық жер  бөлімдері  «Ауыл шаруашылығының  облыстық басқармасы» болып, 1953 жылдың наурыз-қазан аралығында  «Ауыл шаруашылығын және оны дайындаудың  облыстық  басқармасы» болып қайтадан құрылды. Мектеп оқытушыларының  жеке құрамы   және  өндірістік қызметі бойынша бұйрықтарында 1946 жылдың 6 наурызына дейін  «Облыстық ауыл шаруашылығын механизациялау мектебі» болды, бірақ қолдағы  құжаттарда мектептің облыстық  болғаны  анықталмады. Оқу-тәрбиелік жұмысының негізгі сұрақтары  оқу-әдістемелік  кеңестің отырысында қаралды.  1954 жылы  бұл кеңес педагогикалық  кеңес аталып,  оның төрағасы мектеп директоры болды.

Ауыл шаруашылығы маманын дайындаудың   облыстық басқармасы- ның 1953 жылғы  23 маусымдағы № 444  бұйрығының негізінде,  Больше- нарым ауданының Свинчатка  поселкесіндегі   Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығын механизациялау техникумының таратылуына  байланысты, техникумның барлық материалдық-техникалық базасы  Большенарым ауыл шаруашылық механизациялау мектебіне  берілді де, сол себептен мектеп Свинчатканың жұмысшылар поселкесіне  көшірілді.

1953 жылғы 21 қыркүйектегі № 2458  «Машина-тракторлық станция- лардың  жұмысын ары қарай жақсарту шаралары туралы» ЦК КПСС және СССР Министрлер Кеңесінің қаулысын орындауда Қазақ ССР ауыл шаруа- шылық және дайындау Министрлігінің  1953 ж. 2 қарашадағы № 588 бұй – рығы бойынша «Большенарым ауыл шаруашылық механизациялау мектебі»                       1953 ж. 1 қазанынан бастап  «№ 16 Большенарым ауыл шаруашылық меха- низациялау училищесі» болып қайта құрылды.

1953 жылдың 1 қазанынан  училище  кәсіптік училищелердің еңбек резерві  жүйесіне енді.  Училищенің 1954 жылғы 1 ақпанындағы № 11 бұй -рығымен  штаттық кестеге өзгеріс енгізілді:

*инструктордың қызметі  өндірістік оқыту шебері  қызметіне;

*оқу бөлімінің меңгерушісі – оқу-өндірістік бөлімінің меңгерушісі; *шеберхана меңгерушісі – аға шебер, шеберхана  басшысы;

*шаруашылық меңгерушісі – директордың  шаруашылық көмекшісі,

*аға комендант  қызметі енгізілді.

Училищенің   1954 ж. 19 наурызындағы  № 45 бұйрығымен келесі пәндер бойынша  құрамы 5 адамнан тұратын 2 әдістемелік комиссия  құрылды:

1) Тракторлар,  ұйымдастыру,  дәнекерлеу ісі;

2)Комбайндар, ауыл шаруашылық машиналарын механизациялау және комбайндарды жөндеу жұмыстары.

1953 жылдың 1 қазанынан училище топтарын  есепке алу мақсатында  нөмірлеу  және оқушылардың атаулы кітабына енгізу тізімі жүргізілді.

1971 жылы атаулы кітапқа 22 жылдың ішінде 5838 түлек тіркелді. Қазақ ССР Министрлер Кеңесі мемлекеттік комитеті төрағасының

1965 жылғы 20 шілдедегі № 89 бұйрығымен «№ 16 Ауыл шаруашылық кәсіптік-техникалық училище»  ( СПТУ – 16)  болып  қайта құрылды.

Училище  1966 және 1967 жылдары «Чапаев»,  «Соловьев», «Алтай»,

« Қазақстанның 40 жылдығы»,  Черняховский атынғы совхоздарда  6 айлық трактористер  дайындау курсының филиалдарын ашты.

1960 жылы  училище Большенарым мен Катонқарағай аудандарының  колхоз-совхоздарына білікті жұмысшы мамандарын  дайындай бастады.

1961 жылы СПТУ-16 өзін-өзі ақтауға  көшірілді, бұған  дейін колхозға мамандар дайындау  колхоздардың қаражатынан дайындалып келгендіктен, ол қымбатқа түсті, 6 айлық дайындыққа әр адамға  3 000 сом мөлшерінде қаржы жұмсалды. Өзін-өзі ақтауда оқушылар практика кезінде  училищенің оқу шаруашылығында, совхоздар мен колхоздардың егістігінде  еңбек етті.

Училищеде 1960 жылы  100 га жерге жұмыстар жүргізілді, ал 1967 жылы 405 га жерге  егін екті және өзінің мал шаруашылық фермасы, 22 жалпақ табанды және доңғалақты тракторлары, 7 астық оратын комбайны, 6 автомашинасы,   тағы басқа  ауылшаруашылық  машиналары болды.

1967 жылы училищеде оқу корпусы, өзінің электрстанциясы,  260 орындық жатақханасы, монша,  кітапханасы, клубы болды. Медициналық қызметті поселкелік  аурухана көрсетті.

1966 жылы 10 наурызда СССР Министрлер Кеңесі № 191 қаулысына  сәйкес «Ауылдық кәсіптік-техникалық училищелерде механизатор маман -дарын дайындаудың  тәртібі туралы»,  1967 жылдан  1,5 және 2 жылдық мерзімде оқитын училище оқушылары   алғашқы бірінші жылында өндіріс- тік тәжірибеден  оқу шаруашылығында, зертхана, шеберхана, полигонда  тегін тамақпен  және шәкіртақымен  қамтамасыз етілді.

1967 жылдан бастап колхоздар мен совхоздарда  4 айлық өндірістік тәжірибеден өткенге  мемлекеттік  бюджеттен тегін тамақ және еңбекақы берілді.  Осы жылдан бастап оқу шығындары, тегін тамақтандыру, арнайы киімдер, шәкіртақысы мемлекеттік қаражаттан бөлінді.

2.2.Мұражайда.

Бүгінгі колледж

«Ұлт болашағы – білімді ұрпақ» деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  атап көрсеткендей саналы ұрпаққа білім беретін КММ  «Катонқарағай аграрлық-техникалық колледжі» кенді Алтай өңіріндегі белді білім ошағының бірінен саналады. Елбасымыздың жолдауындағы Мәңгілік ел идеясы бүгінгі жастардың басты ұстанымы. Ертеңгі жас маманның елін-жерін сүйіп, Отанын қадірлесе – еліміздің өркендегені.

Бағдарламаның соңына қарай, 2020 жылға қарасты біз осылайша 1,5 млн. адамды сапалы жұмыстарға  орналастыруымыз қажет», – деді Президент. Мемлекет басшысының қойған талабына сәйкес «Білім беру туралы» Заңға өзгерістер енгізілді. Онда кәсіптік және техникалық лицейлерді колледжге айналдыру мәселесі айтылып,  «№ 22 кәсіптік лицей» мемлекеттік мекемесі 2012 жылдың мамыр айынан бастап «Катонқарағай аграрлық-техникалық колледжі» кәсіптік мемлекеттік мекемесі атауын иеленіп, уақыт талабына сай жаңаша құрылымдаудан өтті.

Колледж алғаш 1935 жылы Боран ауылшаруашылығын механизациялау мектебі болып ашылды. Кейін Свинчатка ауылындағы механизация училищесі, ОКТУ-16, ОКТУ-22, ОКТМ – 22, «22КЛ», қазіргі уақытта  «Катонқарағай аграрлық-техникалық колледжі» КММ деп аталып, 80 жыл тарихы бар оқу орны бүгінге дейін ауылшаруашылығы саласына қажетті мамандар даярлайды. Аталмыш оқу орнында оқып, тракторшы-машинисі, комбайншы және тағы басқа мамандық алып, бүгінде бейнетінің зейнетін көргендерді ортамыздан көптеп жолықтырамыз. Олар кезінде атқарған қажырлы еңбектеріне қарай түрлі орден, медальдармен марапатталды.

Бұл күндері іргелі оқу ордасында «Тракторшы-машинист», «Аспаз», «Тігінші», «Газбенэлектрдәнекерлеуші», «Ветеринарлық техник», «Электрмонтер», «Омарташы» мамандықтары бойынша дайындайды.

Қазіргі күні Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  кәсіптік білім саласын дамытуға байланысты тапсырмасын орындау мақсатында колледждердің материалдық-техникалық базалары нығайтылып, еліміздің ауылшаруашылық саласын дамытуға қажет мамандарды оқытуға мемлекеттік тапсырыс көбейді.

Катонқарағай агарлық-техникалық колледжі 2 қабатты типтік ғимаратта орналасқан, 450 орынмен есептелген 3 оқу корпусы бар, 100 орынға арналған асханасы, жылу қазандығы, 20 оқу кабинеттері, қазіргі заманғы  лингофон кабинеті, компьютерлік сыныбы, кітапхана, 1 спорт залы бар. 5 зертхана, 4 шеберхана стандартты жабдықтармен, зертханалық қондырғылармен, дербес компьютерлермен жабдықталған, олардың ішінде оқу полигоны (автодром), дәнекерлеу, аспаз және тігін цехтары, слесар- тоқарлық шеберхана, колледжде  оқушылардың практикалық оқуына арналған 3 комбаин, 4 шынжыр табанды тракторлар, 5 доңғалақты тракторлар, 4 автомобиль бар. Колледж оқыту-материалдық базасы жаңа заман талабына сай жарақтандырылған. 7 кабинет интерактивтік тақтамен жабдықталған, лингафонды және компьютерлік кабинеттер бар. Алыс елді мекендерден келіп оқып жатқан шәкірттерге 260 орындық жатақхана талапқа сай қызмет көрсетеді.

2012 жылы алғаш рет бұл оқу орнында ветеринарлық техник мамандығын оқытуға лицензия берілді. Зооветеринарлық зертханаға 4 млн. 668 мың теңгеге құрал- жабдықтар алынды, барлығы 2012 жылы МТБ- ны нығайту үшін 35 млн. 373 мың теңге бөлінді (олардың ішінде комбайн, ауылшаруашылық машиналар,  интерактивтік тақталар, газбенэлектрдәнекерлеу құралдары, тренажерлер). Сонымен қатар жатақхананың  3-4 қабаттары толық жөндеуден өткізілді.

Егемен еліміздің экономикалық әлеуметі нығайған сайын халықтың әл- ауқатын жақсарта түсуде, қоғамымыздағы аз қамтамасыз етілген топтар мен өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүрген жандарға жан-жақты қамқорлықтар  жасалуда. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кәсіптік шеберлікті жетілдіру, жоғары біліктілікті (класс, санаттарды) алу, өндірістік қажеттілікті ескере отырып, озық техника мен технологиялар бойынша үйретілуде. Сонымен қатар, жаңадан мамандық алып, сол бойынша жұмыс істеуге тілек білдіретін жұмыссыздардан орта буынды кәсіби мамандар даярланады. Бұл қазіргі кезде екі қолға бір жұмыс таба алмай жүрген жастар үшін аз ғана уақыт курстарда оқып, іс-тәжірибеде өз мүмкіндіктерін пайдаланып, жұмысқа орналасуына жасалған мүмкіндік.

2014-2015 оқу жылында «Тракторшы-машинист», «Тігінші», «Ветеринарлық техник» мамандықтары бойынша оқушылар мемлекеттік тапсырыс арқылы оқуға қабылданды. Биыл колледжде барлығы 145 студент білім алып келеді. Сонымен қатар, қайта даярлау мақсатында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – әлеуметтік серіктестік – оқу орны болып, үш жақты келісім бойынша өндіріске жұмысқа жіберілді.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында колледждің материалдық-техникалық базасын дамытуға бөлінген 7 млн 700 мың теңге қаржы игеріліп, қажетті құрал-жабдықтар алынды.

Білім беру жүйесінің соңғы жаңалығы, әсіресе, жастар үшін тиімді болды деп айта аламын. Себебі, қазір жастардың көбі кәсіптік білім алу үшін жоғары оқу орындарына оқуға түсуді қалайды. Олардың арасында басқа қалаға оқуға барғысы келсе де, әлеуметтік жағдайы көтермейтін отбасылары бар. Екінші жағынан ауылшаруашылығына, техника және жеңіл өндіріс саласына қажетті мамандықты алуға және білімді қайта толықтырамын деушілерге жол ашық. Қазір жастар колледжден көптеген мамандық игеріп шығып, қаласа білімін жоғары оқу орнының 3 курсынан бастап жалғастыра алады. Оқу орны соңғы бес жылдан бері республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және білікті берудің ғылыми- әдістемелік орталығымен тығыз байланыста. Бітіруші түлектердің біліктілікті растаудың тәуелсіз жүйесі бойынша білімдері сараланып, біліктілік сертификаттары табыс естіледі.

ҚР Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында: «Біз астық дақылдарын шетелге шығарушы ірі елдер қатарына кіреміз. Біздің экологиялық жағынан таза ірі аймақтарымыз бар және экологиялық таза тамақ өнімдерін өндіреміз. Біз ауылшаруашылығы өндірісінде сапалы, сенімді серпін жасауға қуаттымыз» делінген. «Қазақстан-2050» Стратегиясында негізгі міндеттер қатарында Нұрсұлтан Әбішұлы «…ауыл шаруашылығы өнімдеріне жалпы сұранымның өсуі шарттарында ауыл шаруашылығын ірі көлемде жаңарту қажет» деп, ерекше атап өтті. «Әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу үшін және ауыл шаруашылығы өндірісін кеңейту үшін, бізге мыналар қажет»,-деді Елбасы: «Егіс алаңдарын ұлғайту. Мұндай мүмкіндіктер барлық елде жоқ екендігін ескертемін. Жаңа технологияларды енгізу есебінен өнімділіктің маңызды өсуін қамтамасыз ету. Біздің әлемдік деңгейдегі мал шаруашылығының азық базасын құру үшін үлкен мүмкіндігіміз бар. Бізэкологияға мән бере отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруымыз қажет. Нәтижесінде, мен біздің агроөнеркәсіптік кешен алдына міндет қоямын. Ол – экологиялық таза өндіріс аясында ірі ойыншы атану» деп, атап айтты.

Міне, осы міндеттердің үдесінен шығу жолында тындырымды әрекеттерді іске асырушы мекеменің бірі – Катонқарағай аграрлық-техникалық колледжі. Колледж сексен жыл ауылшаруашылығы мамандарын даярлап келеді. Алайда, атауы өзгерсе де, мекеменің ауыл шаруасына қажетті мамандарды даярлау дәстүрі өзгеріссіз қалды.

Колледж іргесінің қаланғанына биыл – 80 жыл. Оқу ошағының оқытушылары мен қызметкерлері осы жылдар бойы қандай қиындық, күрделі жайттарды бастан кешірсе де, төзімділік танытып, жетістіктерге жетіп отырды. Көп жылғы білімі мен тәжірибесін жас ұрпаққа үйретіп келеді, жастар өз өмірін ауыл және ауылшаруашылығы өндірісімен байланыстырып, кәсіби қалыптасуға талпыныс жасауда. Оқытушылар, қызыметкерлер мен студенттер құрамы облыс және ауданның қоғамдық-саяси, мәдени бұқаралық, спорттық өміріне белсене қатысады. Осы жылдар бойы 15 мыңнан астам кәсіби  білікті мамандар  дайындалды. Қазіргі таңда олар әр түрлі салада мемлекетімізге еңбек етіп жүр, олардың ішінде ауданымыздың белгілі азаматтары бар.

Бүгінгі күні колледж мардымды даму үстінде. Оқу орнына 2014 жылы 25 млн қаржы бөлініп, материалдық базамыз едәуір нығайды. Облыстық КжТББ ұйымының даму Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде колледжге жаңа ауыл шаруашылық техникалары алынды. Оның ішінде, «Енисей-1200» астық жинайтын комбайны, МТЗ-1221.2 энерго қаныққан доңғалақты трактор, «Веста»тұқым сепкіші, топырақтың аралық өңдеуі үшін қопсытқыш, төрт корпусты аспалы соқа бар, доңғалақты трактор МТЗ-1221-дің симулятор тренажері, ветеринарлық техника бар. Аталған техникалар ауданымыздың астық себетін шаруашылықтарының техник-механиктерге сұранысын қанағаттандыру үшін колледж бітірген болашақ мамандарды даярлайтын сапасын және құзіреттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Оқу – өндірістік шеберханалардың жұмысын жүргізуге, техникалармен жабдықтау, мал азығы өндірісі үшін толық кешен құруға және студенттердің «Мал азығы өндірісі» модулі бойынша құзіреттіліктерін нәтижелі жетілдіруге барлық мүмкіндік жасалуда. Аталған техникалардан басқа колледжге, сондай – ақ, теориялық сабақтарда жаңа ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалану мақсатында арнайы пәндер оқытылатын кабинеттерге компьютерлік және мультимедиялық техникалар алынды. Сонымен қатар, «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша барлық пәндерден оқу құралдары алынды.

Институционалдық даму жоспары шеңберінде оқытушылар және өндірістік оқыту шеберлері КДИ негізінде біліктілікті жоғарылату курстарынан және аттестациядан өтті. Барлық аталған оқу мекемелері өз саласында жетекші болып табылады. Бұл инженерлік- техникалық кадр біліктілігін жоғарылатудың деңгейіне кепілдік береді.

Колледжде кәсіптік білім алушыларға стипендия төленеді,оқытушылардың да жалақылары көбейді, бұл қадам – жастардың кәсіптік – техникалық оқу орындарына көптеп келуіне жол ашатыны анық. Көптеген ата – аналар балаларының заңгер, дәрігер мен экономист, банкир мамандықтарын алғанын калайды. Ал, ауылдардағы ашылып жатқан өндіріс орындарында жұмыс істейтін кәсіпке машықтандыру жағдайын ешкім ойламайды. Мәселен, соңғы кездері егін және мал шаруашылығына кажетті мамандардың жетіспей жатқанын жиі естиміз, осындай олқылықтардың орнын толтыру үшін Катонқарағай аграрлық – техникалық колледжі ауылшаруашылығына қажетті мамандарды көптеп даярлайтын болды.

Техникалық және кәсіптік білім беруге қазіргі уақытта ел көлемінде айрықша мән беріліп отыр. Кәсіптік-техникалық білімнің бәсекеге лайық ілгерілеп дамуы мемлекет, бизнес құрылымдарының және азаматтардың әлеуметтік жағдайына орасан серпін берері сөзсіз. Елдің экономикалық қуаты да осы аталып отырған сала мамандарына тәуелді екені ақиқат. Жалпы бұл сала мамандарына біздің өңірімізде де сұраныс жоғары. Үкіметтің арнайы қаулысымен бекітілген жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мен дамытудың 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасында жастардың халықаралық стандарттарға сәйкес келетін отандық кәсіптік білім алуына жағдай жасау, жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру деңгейін арттыру мәселелері жіті қарастырылған. Ал оны іске асыру ортақ мүдде болғандықтан сала мамандарының әріптестік жұмысы игі нәтижелерге бастайтыны хақ.

Оқу орнын жаңа тәмамадаған жас мамандардың жұмыспен қамтылу барысы, еңбек нарығында олардың бәсекеге лайық білім алуы, кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындарының бүгінгі тынысы, жұмыс бағыты жайындағы мәселелер облыстық білім басқармасының отырысында кеңінен қозғалды.Мемлекет басшысы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосы деп атап көрсеткені мәлім. Сондықтан да бүгінгі кәсіптік және техникалық білім алған жас мамандар экономикамызды алға жетелейтін локомотив күшке айналуға тиіс. Ауданымыздың жастарын біздің аграрлық – техникалық колледжімізде білім алуға шақырамыз. Барлық техника түрін меңгеремін, автомобиль, тракторды жүргіземін, қазіргі нарық жағдайында өте қажет маман – газбенэлектрдәнекерлеуші немесе электромонтер, аспаз, арашы боламын  деген жастарға біздің білім ордасының есігіүнемі ашық. Болашақ жастарды өнерді үйренуге, білімді игеруге, болашағын айқындап алуына шақырамыз.  Елбасымыздың «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» жолдауындағы: «Мен жастар біздің болашағымыздың тірегі екенін айтып келемін. Мемлекет жас буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! Нұрлы жол, креативті ырғақты жастарымыз дың, күш – жігеріне  жұмсап, құлаш сермейтін тұсы!» – дегеніне сәйкес Нұрлы жолда аса мән беріп «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан!» – деп Абай бабамыздың нақылындай  өмірде өз орнымызды тауып, «Өмірдің өзегі – мамандық» екенін дер кезінде ұғынсақ  құба-құп дегім келеді.

Спорт және мәдениет жетістіктері

60-70-ші жылдары училищеніңЛенинградтан келген курсанттарынан кұрылған футбол командасы Свинчатка, Большенарым жәнеӨскеменде өткен матчтарда тек қана 10:0 счетымен жеңіп отыратын. Мен ойнаған волейболдық команда да мықты болатын,-деп жазылған директор В.А.Елисеевтің еске алу мақаласында.

Ал 80-90 жылдары кезеңінде оқыту және өндірістік ғимараттары, жатақхана салынып, патриоттық, интернациональдық тәрбие мақсатында  жастар клубы құрылып, Юрий Гуляевтың жетекшілігімен «Интеграл»  вокальды-аспапты ансамбль жұмыс істей бастады. Айтарлықтай осы клубтың белсенділік танытудың арқасында училище курсанттарысол кездегі  КСРО республикалары көлеміндегі слеттер, форумдарға қатысып, интернациональды достықты нығайтып, көптеген жерледі көріп қайтатын.

Бұл заманда училищеде өзінің дәстүрлері, жұмысшы мамандығын таңдаған ұл мен қыздарды тәрбиелеуде өзіндік қағидалар құралып, абыройы асқақтап, атағы бүкіл Союзға дүркүреп тұрды.

Оқыту және тәрбие ісінде жоғары жетістіктері үшін мынадай марапаттар берілген: «ҚазАСР-ніңкәсіптік техникалық білімінің  үздігі»,

«КСРО кәсіптік техникалық білімінің  үздігі», «Кәсіптік техникалық білімінің  ерен қызметкері», «Ерен еңбегі үшін» медалі.

Біздің оқушылар социалистік жарыстар жеңімпаздары ретінде  Горький автомобильді зауытына, Алтай  тракторлық зауытына және  Москва, Ленинград қалаларына өндірістік тәжірибеден өтуге топпен барып қайтатын.1985 жылы училище III дәрежелі Дипломменжәне КСРО кәсіптік техникалық білімінің  ақшалай сыйлығыменмарапатталды. (Москва қ.).

Бүгінгі күні мен осы оқу орнының ұстаздар ұжымы сол заманнан келе жатқан дәстүрлерін сақтап, келешек ұрпаққа аманат жасап отырғандарын мақтан тұтамын.

Колледж мақтанышы

80 жыл ішінде бұл оқу орынын басқарғандар: Созонтов Алексей Матвеевич, Колишкин Василий Григорьевич, Антонов Н.А, Елисеев Виктор Андреевич, Базалеев Николай Иванович, Сосновский  Юрий Поликарпович,        БахтияровАлибасБахтиярович, Идрисов НуркайдаИдрисович, Сулейменов МукарамСулейменович, Косихин Юрий Иванович, АкшаловШериязданСагадиевич,   Козлов Виктор Александрович, ШаньшинГенадий, Ахметов Абайхан Магауянович, Құдабаев Сиезкан Даулетқанович.

Арамыздан озған   мұғалімдердің, өндірістік оқыту шеберлерінің, колледж түлектері  есімдері  біздің есімізде мәңгі сақталады. Олар: Токарев Борис  Николаевич, Айтказин Карл Айтказинович,   Дмитриев Сергей Алексеевич,  Минин Михаил, Гостеев Владимир Андреевич, Базалеева Людмила Федотовна,  Жунусов АуесханЖунусович, Санатова ГульназымАльмадиевна,  Садыков КанатпайАйдарханович, Метчинов Марат Тохтарович, Глебко Андрей Анатольевич, ЖилкайдаровЗарлыкСарсенович, Темиров МырзабекКасенович, Косихин Юрий Иванович.

2012 жылдан бастап  училище өмірінде жаңа кезең басталды. Училище «Катонқарағай аграрлық-техникалық  колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып  мәртебесі өсті.

2015 жылы мамыр айында Конституциямыздың 20 жылдық мерекесіне арнап жазылған  колледж гимні орындалады. Гимннің сөзін жазған жерлестеріміз  Ашамайлы Сиезхан мен Жексенбай Қуаныш ағаларымыз. Әні Маржангүл Маниярованікі.

Туған жер – әрбір қазақстандықтың алтын бесігі. Ауылдар мен қалалардың өмірі   туған өлкеміздің шежіресінен құралады.  2016 жылы  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл  толып отыр. Осы жылдар ішінде бізде үлкен өзгерістер болды. Өзекті  мәселелер шешімін тауып, инновациялық  түрлендірулер енгізілді. Колледж тарихына тағы бір  сәт қосылды.  Катонқарағай аграрлық-техникалық колледжі  жылнамасының  жаңа беті ашылды.

80-ші жылдары келген жас оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері колледж өміріне жаңа леп енгізді.

1986 жылы ОКТУ-22 базасындақұрылысшылар тобы,омарташылар, фермер арендатор, газбенэлектрдәнекерлеуші, электромонтер курстарыалғашқы рет ашылып, оларғаТузиков Сергей  Федорович, Лухбекова Айтжамал Маилхановна, Гудкова Вера Ивановна, Дюсембинов Кайрат Адыльханович, Мамадилов Саветкан Макышевичжетекшілік етті.

Жасөспірім ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде ерен еңбектері үшін Арыстангалиева Алия Еренгаиповна, Темирова Катипа Жунусовна, Нечаева Ольга Николаевна, Адиканова Максат Ауелбековна,  Касымова Фаузья Советжановна, Мендыбаев Болатхан Темешович, Скаков Ергали Оразович, Рашев Бакен Мусагалиевич, Нургазин Кайргельды Мухтарович, Жиендинов Галымжан Касенович, Базалеев Иван Иванович, Назырбаева Пария Оразбековна сынды оқытушылар мен шеберлерді мақтан тұтамыз.

Осынау 80 жыл тарихы бар, өңірімізге беделді әрі танымал оқу орны бүгінге дейін түрлі ауылшаруашылық саласына қажетті мамандар даярлап шығарды. Аталмыш оқу орнында оқып, тракторшы-машинист әрі комбайншы және тағы басқа мамандық алып, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған жандарды ортамыздан көптеп жолықтырамыз. Олар кезінде атқарған қажырлы еңбектеріне қарай түрлі орден, медальдармен марапатталды.80 жыл. Тарих көлемінде алатын болсақ- бұл уақыттың азғантай ғана  бір бөлігі.  Сол уақыттың өзінде осы оқу орнынан Қазақстанға және шет елдерге танымал қаншама талантты түлектер  бітіріп шықты.Колледжімізді жұмысшылардың ұстаханасы деп атай аламыз.
Осы жылдар бойы 17 мыңнан астам кәсіптік квалификациялық кадрлар дайындалды. Қазіргі таңда олар әр түрлі салада мемлекетімізге еңбек етіп жүр, олардың ішінде ауданымыздың белгілі азаматтары бар.  Ғылымға, білімге, ауыл  шаруашылығына, мәдениетке, спортқа үлкен үлес қосқан колледж түлектерін  біз мақтан тұтамыз. Олар Слободчиков Сильвестр Климович. СПТУ-16 курс түлегі «комбаиншы», Нұрқанов Жеңіс, 1965 жылдың түлегі, механизатор, Сымтыков Мансур –бизнесмен, Санатовтар отбасы, Оженов Бағлан-өрт сөндіруші, Қосаев Ерлан-орман шаруашылығы директорының орынбасары, Самаев Асхат – полиция қызметкері, Жылқайдаров Серик –электромонтер, Альмуратов Е–МҚЗ бас маманы .

ІІІ. Қорытынды

Қазақстанның кәсіптік білім беру жүйесі алдында үлкен міндеттер тұр. Олардың бастысы – қазіргі еңбек нарығында бәсекеге жарамды, талап етілген маманды дайындау. Кәсіби білікті түлекті дайындау тек дұрыс ұйымдастырылған оқыту мен тәрбиелеу үдерісі болған жағдайда мүмкін.

Басты мақсат жастарды мамандыққа тарту жұмысына септесуге тиіс деп ойлаймын. Ауылшаруашылық саласындағы білім ордаларының бәсекеге қабілетті жаңа қырынан таныту керек.

Мемлекет басшысы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында «өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосы деп атап көрсеткені мәлім. Сондықтанда бүгінгі кәсіптік және техникалық білім алған жас мамандар экономикамызды алға жетелейтін локомотив күшке айналуға тиіс.

Ауданымыздың жастарын біздің аграрлық-техникалық колледжімізде білім алуға шақырамыз. Барлық техника түрін меңгерем, автомобиль, трактор, т.б жүргізем, қазіргі нарық жағдайында өте қажет маман – газбенэлектрдәнекерлеуші немесе электромонтер, аспаз боламын деген жастарға біздің білім ортасы ашық.

Жалпы, бұл ғылыми жұмыста менің білгенім: бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі- біздің колледждің болашағы зор. Оның тәрбие-тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Ұлағатты ұстаздарымыздың жасаған зор еңбектері туралы жазып шығу үлкен еңбек. Сол жұмыстың бір тамшысы ретінде тәрбие ісіндегі «Тұғырлы мекен тарихы-болашағымның кепілі» атты жобаны колледжіміздің тарихы туралы жаздым.

Еліміз егемендік алып тәуелсіздік салтанат құрған заманда ауыл көркейіп , гүлденеді деп сенемін. Үкіметіміз ауылды көркейтуге, жұмыс орындарын ашуға көптеп көңіл бөліп келеді. Ауыл болашағы бүгінгі білімді ұрпақ қолында деп нық сенімдімін.
Пусть всегда в нашем колледже  будет доброжелательная и творческая обстановка среди преподавателей и студентов.Пусть процветает наш колледж!

May always in our college will be a friendly and creative atmosphere among teachers and students. Let our college thriving.

IV. Библиография

№ 1 – 2016 «Мамандық  әлемі»Ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, ақпараттық журнал.

Катонқарағай аудандық мұрағатының тарихи анықтамасы

«Катонкарағайаграрлық-техникалық колледжі» КММнің оқытушыларының мақалалары жинағы

V. Қосымша. Презентация «Тұғырлы мекен тарихы-болашағымның кепілі»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *