Ашық сабақ. Сан есімнен өткенді қайталау.

 Тлеубекова Камшат Жарылкаганкызы
 А. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы – техникалық колледжі қазақ тілі әдебиет пәнінің оқытушысы

Сабақтың мақсаттары: оқушылардың сан есімнен алған білімдерін тиянақтау,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.

міндеттері:  сан есім түрлері,ерекшеліктері,жасалу,мағыналық түрлеріне қарай талдау,деңгейлік тапсырмалар арқылы білімдерін қалыптастыру.

тәрбиелік: оқушлардың орындалатын жұмыстары арқылы адамгершілікке,ізеттілікке,достыққа шапшаңдыққа тәрбиелеу.

дамытушылық: оқушлардың тапқырлық, іздемпаздық,ойлау қабілеттерін,оқу,үйрену белсенділіктерін арттыру,дүниетанымын,ой-өрісін кеңейту,шығармашылық жұмыс жасай білуге төселдіру.

сабақтың әдісі: сын тұрғысынан іздену,сұрақ-жауап,қайталау,талдау.

Көрнекілігі:семантикалқ карта,оқушыларды бағалайтын парақ,интерактивті тақта.

екі топқа берілетін бағалау парағы (тапсырма бойынша)

Топ мүшелері
Семантикалқ карта
Кім жылдам
Ұжымдық жұмыс
Өткір ара
Бинго ойыны

Пәнаралық байланыс: әдебиет,аығлшын тілі,математика.

Күтілетін нәтиже:

а) оқушылар білу керек: Үйге берген материалды білу керек.

ә) оқушылар игеруі керек: Өткен сабақты игеру керек.

б) оқушылар меңгеру керек: Жаңа сабақты меңгеру керек.

 

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

а)оқушылармен амандасу,сынып тазалығына көңіл бөлу,оқушыларды түгендеу.

Б)сынпты екі топқа бөлу.

Сабақты  мына өлең жолдарымен бастау,мағынасын балаларға ашқызу

Қазақ тілі-өз тілім,ана тілім,

Абай Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым,бақытым дара тілім.

 

Үй  тапсырмасын сұрау:

Екі топ бір-бірін презентаия арқылы таныстрады,білімдерін жан-жақты көрсетеді,талдайды.

Үй жұмысын қорыту:қызғушылықтарын ояту сатысы.

Не білесіз?
Нені білдік?
Нені білгім келеді?

Жаңа сабақ.Сан есімнен өткенді қайталау.

Деңгейлік тапсырмалар.

Ой шақыру

1-топ:қырандар тобы                                                  2-топ:тұлпалар тобы

Тақтада ілінген семантикалқ картада жазылған сан есімнің түрлерін ажыраытп,талдау жасау.екі топтың балалары  бірін-бірі тексереді.

· «Кім жылдам»    Жұппен жұмыс

Оқушыларға берілген сөйлемнен мақал-мәтелдерден сан есімдерді тауып,мағынасын ашып,морфологиялық сатылай кешенді талдау жасау тапсырма беріледі.

Бес саусақ бірдей емес

Үлгі:       бес

Сан есім

Қанша?деген сұраққа жауап береді

Дара

Қосымшасыз

Есептік сан есім

Заттың дәл нақты санын атап көрсетеді

Сөйлемдегі синтаксистік қызметі бастауыш

Осы тапсырмаларды орындау арқылы екі топ интерактивті тақта арқылы  тексеріп,бірін-бірі бағалайды.

·         Ұжымдық жұмыс.

Көп нүктенің орнына қай сан есім лайық? Түрін ажырат.

·         Сергіту сәті. «Өткір ара»

Берілген сан есімнің ағылшын баламасын тауып орналастыру.Дұрыс жауабы ұяшықтың ішінде берілген.

Сабақты корытындылау.

·         «Бинго» ойыны.Басқа сөз таптарымен байланстыру.Бос орынға дұрыс жауабын жазу. Түстеріне байланысты ұяшқтарды ашу арқылы  дұрыс жауабын тексеру.

Үйге тапсырма:  7,3 сандарына байланысты қазақтың ырмдарын жазу.

1-топ                                                                   2-топ

7                      киелі сандар                                 3

Оқушыларды  бағалау.

Leave a Reply

Your email address will not be published.