«Жаһандану дәуіріндегі- кәсіби мәтіндерді тиімді оқыту жолдары»


Омарова  Сархиткул Жумашевна
 Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі оқытушысы

Соңғы кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны түсінікті. Мақсатымыз оның бәрін тізбектеу емес, әлі де алдымызда тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз қозғау. Білім стандартының жасалуы, басқа да жүріп жатқан реформалар күрделі, қиын, қарама-қайшы белестерді ақырын-ақырын артқа тастап, алға жылжып келеді. Қай заманда, қандай реформа болсын білім саласында басты тұлғасы – мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда, мұғалімнің ең  қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Ал, енді қай заманда қандай  педагогиканың эволюциясы болғаны жайлы  қысқаша тоқталсам.  Ең алғашқығасыр Ағарту Ғасыры  (17-19 ғасыр) болып табылады. Ол кездегі мақсаты: Көне Рим мақал-мәтелі айтпақшы: “Біз мектеп үшін емес, өмір сүру үшін оқимыз “. Көне Рим мектептердің қабырғасында .”Мектеп өмір сүруге үйретеді ” деген сөздер ілулі тұрған.

Индустриалды ғасыр (1900 – 1950 ж.). Мақсаты: Көне Рим мақалы: “Мектеп үшін емес, біз өмір үшін оқимыз”. Көне Римнің мектептерінде “Мектеп өмірді үйретеді” маңдайша жазуы ілініп тұрған. Индустриалды парадигма  қоғамдық ойдың алыптары – А.Сен-Симон, К.Маркс, В. Зомбарт, М. Вебер, Т.Веблен  және т.б. XIX – XX ғасырда әзірленді.

Постиндустриалды дәуір немесе ақпараттық ғасыр. Ол кездің мақсаты (1950-1990 ж.)  «Өмірден алғаннан шығу қажет!  …мақсатты ұстай алмасаң – өмірде қапыда қаларсың!»  М.Веллер

Постиндустриалды парадигманың тууы 20 жүзжылдықтың  60 – 70 жылдарында болды. Бұл уақытта А.Сен-Симон, К.Маркс, В. Зомбарт, М. Вебер, Т.Веблен  және т.б. әзірленген индустриалды парадигма  өзін толық аяқтады. 60 жылдардың аяғынан бастап экономистер, әлеуметтанушылар, философтар қатары (Дж. Гэлбрейт, Д.Белл, Э.Тоффлер, Л. Туроу, М. Кастельс және т.б.) өз еңбектерінде «постиндустриалды» немесе «ақпараттық» деп аталатын қоғам дамуындағы жаңа кезеңнің барлығын негіздеді. 80 жылдардың аяғында постиндустриалдылықтың тұжырымдамасы әлеуметтік ғылымдарда танымал болды. Өзінің кейбір тезистерінің деклараивтілігіне қарамастан, «постиндустриалды қоғам» өз жағдайын қатаң қисынды және экономикалық дәлелдермен нығайтуға тырысады

Жаһандану дәуірі. Мақсаты:  Көне рим мақалы: “Біз мектеп үшін емес, өмір үшін оқимыз”.  XXI ғасырда өркениет дамуының ерекше белгісі қоғамның жаһандану үрдісі болып табылады.

Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты. Әдіс-тәсілдер деген не? Яғни, технология. Технология-қарапайым тілмен айтқанда, жүзеге асатын, нақты мақсаттардың алдын ала ойластырылған нақты жобасы. Яғни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірбиеде жүзеге асатын жобасы.

 

Қазақстан Республикасының Президенті- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Страдегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына жолдауында «Қазақ тілі-біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз-оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Қазақ тілінің осы заманның биік талабына сай, бай терминологиялық қорын жасаған соң оны рет-ретімен, кезең-кезеңімен қоғамдық өмірдің бар саласына батыл енгізу керек» деп баса да нақты айтып кетті. Сондықтан біздің мемлекеттік тіліміз- қазақ тілін әр салада жан-жақты дамыту біздің яғни тіл мамандарының туған халқының алдындағы үлкен міндеті, борышы деп санаймын. Менің айтайын деп отырған өзекті мәселем де жаһандану дәуіріндегі кәсіби мәтіндерді тиімді оқыту жолдары .   Олай дейтін себебім: кәсіби мәтіндер оқушылардың мамандық тілін меңгертуге ерекше қызмет атқарады сабақ барысында кәсіби мәтінмен жұмыс істеу оқушының кәсіби сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, тілге деген қызығушылығын артуына, кәсіби лексиканы меңгеруіне игі әсерін тигізеді. Сонымен қатар оқушылардың мамандығы туралы білімін жетілдіреді, өзінің келешкете атқаратын жұмыстары туралы пайдалы, өте қажетті ақпараттар алады,  кәсібіне сай сабақта алған білімдерін болашақ қызметінде пайдалану мүмкіндігі туады. Жұмыс барысында өздерінің таңдаған мамандықтарына қатысты мәтіндерді жақсы қабылдайды және олармен қызыға жұмыс істейді.

Сөзімнің айғағы ретінде мына кәсіби мәтіннен мысал келтірейін.

Қазақстан экономикасы

2. Мәтінді оқып, аударыңыз

Кеңес өкіметі кезінде Қазақстан КСРО (СССР) халқының , процентін құрады. Одақ бойынша өнімнің 4.5 процентін өндіреді. Оның өзі көбіне шикізат болды. Сондықтан да нарыққа көшуде бастапқы капитал дәрежесі төмен болды. Республикада адам басына шаққанда кіріс төмен болды. Тауар -ақша тепе- теңдігі бұзылады. Нарыққа көшудің ұзаққа созылуына да осы сыртқы және ішкі жағдайлар әсер етті. ҚР -сы  1993  жылы 15 қарашада айналымға  ұлттық валюта – теңге енгізіледі. Халықтың әлеуметтік-экономикалық  жағдайын көтеруге аралған қысқа, орта және ұзақ мерзімді жоспарлар жасалынады. Инвестициялық саясатты  дамытты. Мақсат ұлттық экномиканы қалыптастыру, өндірісті, ауыл шарушалығын, көлік сияқты озық салаларға қажет болды. Қазақстан экономикасын табиғи қорлар: көмір, мұнай, газ, су, ресурстары, түсті және қара металлургия көтереді.

Ауылшаруашылығы – халықты етпен, сүт тағамдарымен, көкөніспен, жеміспен, астықпен қамтамасыз ететін негізгі сала. Сонымен бірге қөндіріске шикізат беретін негізгі көз. Яғни   экономикалық салмығының 40%-ін құрайды. Бұл сала шағын және орта бизнесті қолға алу саясаты негізінде дамиды.

Қазақстан экономикасын жеңіл және тамақ өнеркәсібі, инфрақұрылым, өңдеу салалары, машина жасаудың жекелеген шағын салалары, қызмет көрсету саласы, туризм дамытады.

3. Мына сұрақтарға жауап беріңіз

1.КСРО кезінде экономика қандай еді?

2. Нарықтық экономикаға көшу қалай өтті?

3.  Қазақстан экономикасының негізгі салалары қандай?

4. Қандай өнімдер өндіреді?

5.Жеңіл өнеркәсіп нені өндіреді?

6.Қазақстанда өндірілетін шикізаттарды атаңыз?

 

4.Мына сөйлемдегі көп нүктенің  орнына тиісті   сөздерді жазыңыз, аударыңыз.

1)Сондықтан да … көшуде бастапқы … дәрежесі төмен болды.

2)… ақша тепе …бұзылады

3)Халықтың …… …… жағдайын көтеруге арналған …, орта және ұзақ мерзімді … жасылынды.

4) Мақсат  ұлттық қалыптастыру, … ауыл шаруашылығын жаңа …, технологиямен жабдықтау

5)Қазақстан … табиғи қорлар: көмір, …, …, су, ресурстары, түсті және қара … көтереді.

5. Сөз тіркестерін қазақ тілінде аударыңыз.

Рыночная экономика, сырье, начальный капитал, низкий уровень, переход на рыночную экономику, доход продукции, производство, производитель, на каждый человек, передовые отросли, социально экономические  положение, программа, план, обеспечивать, поднимать экономику, основной источник, удельный вес , малый и средний.

 

Академик Ю.Н.Бабанский өзінің «Оқу-тәрбие процесін оңтайландыру» деген еңбегінде (1982 ж., «Просвещение»,177-бет) әдістерді мынадай үлкен үш топқа жинақтайды.

1)      Оқушылардың оқу-таным қызметін ұйымдастыру әдістері (методы организации учебно-позновательной деятельности).

2)      Оқушылардың оқу-таным қызметін көтермелеу әдістері (методы стимулирования учебно-позновательной деятельности).

3)      Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері (методы контроля за эффективностью учебно-позновательной деятельности).

Әр топ бірнеше оқыту әдістерінен тұрады. Мысалы, 1-топтағы оқыту әдістеріне: сөздік, көрнекілік, практикалық, зерттеу әдістері жатады.

Сөздік

әдіс
Көрнекілік

әдіс
Практикалық әдіс
Зерттеу

әдісі
Берілетін білім ақпараттық  сипттау болғанда, білімді қалыптастыру теориялық білім бер.
Берілетін білім мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда, уақыт үнемдеуде, әсіресе, оқушы психологиясына әсер ету.
Оқушылардың теориялық білімін практикада пайдалана білу дәрежелерін жетілдіреді.
Берілетін білімнің ғылымилығын арттыру, оқушыларды іскерлікке, ізденпаздыққа үйрету.

Осы орайда кәсіптік қазақ тіліндегі кәсіби мәтіндерді өту барысында  осы кесте түрінде өздеріңізге көрсетілген әдістерді жиі қолданып жүргенімді тілге тиек еткім келеді.

Оқушылардың оқу-таным қызметін ұйымдастыру әдістерінің ішіндегі маған  қолайлысы сөздік әдісі практикалық әдісі, зерттеу әдісі.Мысалы: кез-келген кәсіби мәтінді өзім беремін немесе мәтінді оқи отырып, өздері жаңа сөздерді тауып, сөздіктердің көмегімен баламасын, яғни аудармасын табады.

Жаңа сөздікпен  жұмыс түрі  жасалады.Одан кейін  мәтінмен әртүрлі жұмыс түрлері жүргізіледі.Атап айтқанда: аудару, сұрақ құрастыру, жоспар құрып, мазмұндау.Яғни мәтінге сүйене отырып өз ойларын ортаға салу. Бұл әрине практикалық әдіс.

Бүгінгі таңда  алдымызға  қойған  үлкен келелі мәселе – оқушыларды іскерлікке, ізденпаздыққа  үйрету. Яғни бұл зерттеу әдісін қолдану.Осы мәтінге байланысты әртүрлі ақпарат, мәлімет жинап  бейнематериалдар, слайд дайындап өз ойларын  ортаға салу.Ой қозғау “Қазақстан экономикасы ” кәсіби мәтінінде жетістікке жеткен зерттеу әдісі. Зерттеу әдісінің тақырыбын да былай бердім.”Бүгнгі таңдағы Қазақстан Экономикасының дамуы ” , “Балқаш экономикасы ”, “Қазақстан-2O3O” “Қазақстан-2O5O” стратегиялық бағдарламалары.Осы  тақырыптар бойынша  оқушылар өз беттерімен ізденіп, көп ақпараттық мәліметтер тауып, слайд жасап оны қорғап өз ойларын ортаға салды.

Сөзімді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан-2O5O” Стратегисы Қалыптасқан  Мемлекеттің жана саяси  бағыты атты  Қазақстан халқына жолдауы мына сөздермен қортындылағым келеді:

“Біз қазақ тілін жанғыртуды жүргізуге тиіспіз.Тілді заманға сай үйлестіріп, терминология мәселесінен консенсус іздеу керек. Қазақ тілі туралы айтқанда істі алдымен өзімізден бастау керек”.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1. Қ. Бітібаева Қазақ тілі мен әдебитті оқытудағы әдіс-тәсілдері.

2. Қазақ тілі Н.Оралбай, К.Құрманәлиев.

3. Қазақ тілі А.О.Мұса, І.М.Төленов, Ж.Ш.Әбіш, Е.К.Құдайбергенов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *