«Кел, Жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілік


Нугманова Ботагоз Тулеухановна
воспитатель КГКП д/с « Балбөбек»

Жүргізуші:

Амансың ба халайық?
Жаңа жылды тойлайық
Ән салайық, билейік
Мерекені көрейік
Құрметті ата-аналар, әріптестер ортаңғы топтың балаларының Жаңа жылға арналған ертеңгілігін бірге тойлайық! Ол үшін «Еркетай» тобының балаларын ортаға шақырайық.

Би: «Джингл Белс» (балалар екі сапқа тұрып пойыз болып кіреді )

(бидің соңында жартылай шеңбер жасап тұрады)

Тақпақтар:

Самал:

Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.

Расул:

Жаңадан тақпақ

Аламыз жаттап,

Жаңа жыл келді

Жаңа жыл  аппақ

Сабина:

Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады

Жып-жылтыр боп жатады

Нұржан:

Бүгін біз көңілдіміз,
Жаңа жылды қарсы алып

Мерекеге келгендерді,

Құттықтаймыз ән салып.

Жүргізуші: Балалар, біз осы әсем безендірілген залға қандай мерекені тойлауға келдік?

Балалар: Жаңа жыл мерекесін.

Жүргізуші: Балалар, жылда жаңа жыл мерекесінде қонаққа кімдер келеді?

Балалар: Аяз-ата, Ақшақар.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар, ендеше алдымен жаңа-жыл мерекесіне келетін Аяз Ата мен Ақшақарды бәріміз шақырайық.

Балалар: Аяз Ата,Ақшақар ау-уууу! (3 рет қайталап айтады).

Жүргізуші: Амансың ба, Ақшақар! Аяз Ата қайда?

Ақшақар: Аяз Ата орман аңдарының жаңа жыл мерексінде жүр. Қазір шамалыдан кейін келіп қалар. Оған дейін мен сендердің өнерлеріңді тамашалайын.

Жүргізуші: Жарайды, Ақшақар ендеше отыр, біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыз.

Тақпақтар:

Камила:

Аралайды бақшаны

Үзілмейді жақсы әні

Гүлденеді бақшалар

Жауса жаусын ақша қар

Нұрай:

Мұздан моншақ тағынып

Күміс қырау жамылып

Ортада тұр Ақшақар

Көптен күткен сағынып

Дария:

Аппақ,аппақ,ақша қар,

Жапты біздің көшені

Ақ жамылды бақшалар,

Біздер еккен кешегі.

Аружан:

Біз ақшақар боламыз,

Әсем әнге саламыз.

Жаңа жылда би билеп,

Шаттанамыз бәріміз.

Ақшақар: Балалар мен Аяз Ата келгенше сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.  Сендер менімен ойнасыңдар ма?

Ойын №1:

Ақшақар: Шыршаларың керемет қой, өзі сондай әдемі екен, бірақ шамдары сөніп тұр ғой. Кәне, бәріміз шыршаға үрлейік. Қатттырақ.

Барлығы үрлейді бірақ шыршаның шамдары жанбайды.

Жүргізуші: Аяз-Атасыз біз ешетеңе істей алмаймыз, кәне, телефон соғып аяз атаны шақырайық, атамыз кәрі, мүмкін, ұмытып кеткен шығар. –

Алло, ата «Еркетай» тобының балалары шыршаның қасында сізді тосып жүр, неге кешігіп жатырсыз? Ұмытып кеттіңіз бе?

Аяз-Ата: Ойбай, кәрілік қой, ұмытып кетіппін, қазір жетемін.

Жүргізуші: -Балалар, Аяз-Ата келгенше, біз бір өлең айтайық.

«Топ-топ-топ басайық» әні.

Жүргізуші: -Балалар, Аяз –Ата өзі қандай?

Балалар: Аппақ сақалы, мұрты бар, қызыл шапаны бар, ақ таяқпен жүреді.

Жүргізуші: Өте дұрыс, балалар, олай болса барлығымыз қатты дауыстап Аяз-Атаны шақырайық. Бір, екі, үш: Аяз-Ата (3 рет қайталайды).

Жүргізуші: Аяз-Ата, армысыз, жылдағыдай бармысыз!

Аяз-Ата: Шырша неге жанбай тұр. Кәне, шамдарын жағайық.Барлығы бірге Аяз Атамен үрлеп шыршаны жандырады.

Аяз Ата: балалар сендер осы әсем шыршаға арнаған ән мен тақпақтарын бар ма?

Жүргізуші: Әрине бар, сіз отырып тыңдаңыз. Біздің балалар өнерлерін көрсетеді.

Тақпақтар:

Бекжан:

Жасыл шырша жайнаған,

Жарқыраған нұрменен

Қандай  ғажап айналам,

Құлпырғандай гүлменен.

Ясмин Ж:

Шыршаға бардық

Әсем  ән салдық

Аяз  атадан

Сыйлықтар алдық

Ерали:

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдыз

Көз тоймайды қараса

Алихан:

Жаңа жыл,жаңа жыл

Тамаша тойымыз

Алақай,алақай

Өседі бойымыз

Ән: «Шырша біздің ортамызда» Аяз Ата мен Ақшақармен бірге айтады.

Осы кезде Қоян кіріп келеді. Жылайды.

Ақшақар: Қоян, сен неге көңілсізсің? Не болып қалды?

Қоян: Жаңа Аяз Ата біздің мерекемізден кеткеннен кейін мен үйіме бардым. Қу түлкі қонаққа келіп, мені үйімнен қуып шықты. Мен далада қалдым.

Жүргізуші: Не деген сұм түлкі, қоян, жылама, біз түлкіні қуып шығып, үйіңді алып береміз.

Қоян: Мен түлкіден қорқамын. Оның тістері қандай, көздері қандай! Мінезі жаман!

Жүргізуші: Сен қорықпа, біз сенің бауырларыңды көмекке шақырайық. Олар сылдырмақпен билейді, оны түлкі естіп, қорқып, қашып кетеді.

Кәне, қуыршақтар, шығыңдар!

Сылдырмақтарды ойнатыңдар!

Биді бастаңдар, түлкі қорқып қашсын.

«Сылдырмақтар» биі.

Түлкі: Мен үйден шықпаймын, Мен ешкімнен қорықпаймын.

Жүргізуші: Аяз-Ата, мына, түлкіге не істеуге болады?

Жүргізуші: Онда қарақшыларды шақырып, түлкіні байлап тастайық.

«Қарақшылар» биі. (Бекжан, Расул, Нұржан, Ерали, Аян)

Түлкі: Мен үйден шықпаймын,

Мен ешкімнен қорықпаймын.

Аяз-Ата: Қазір мен саған көрсетейін!

Кәне, борандар соғыңдар!

Шыршалар төмен бүгілсін,

Ормандағы бар нәрсе,

Ақ қарменен жабылсын!

Қазір мен қар жауғызып, түлкіні үсітемін. Ол үшін маған немерем Ақшақар көмектессін. Ақшақар немерем ұлпаларын алып билесін.

«Ақ ұлпалар» биі. (Ясмина, Диляра, София, Аделя, Адия, Аиша, Ясмина, Анель,Аяулым)

Аяз-Ата түлкі үйіне үрлейді, қармен бірге.

Түлкі: Ойбай, Аяз-Ата, тұмсығымды үсіттің ғой, аясаншы мені. Енді не болдым?

Аяз-Ата: Ал сен қоянды аядың ба, қу түлкі? Балалар, түлкіні кешірейік пе?

Балалар:Ия, бір жолға кешірейік.

Аяз-Ата: Олай болса, қоян, бар сен өз үйіңе барып, тұр. Ал түлкі өзіне үй салып ал. Бірақ кетпей тұрып бәріміз бір ойын ойнайық

Ойын №2:

Қоян: Рахмет. Сау болыңыздар!

(Қоян мен түлкі орманға кетеді)

Аяз-Ата: Балалар, мен сендердің дауыстарыңды сағындым, кәне, маған бір жақсы ән айтып беріңдерші.

«Аяз Ата» әні.

Аяз-Ата: Ой, қандай керемет ән! Бір түрлі қобалжып кеттім.

Жүргізуші: Аяз-Ата, біздің бүлдіршіндеріміз әнмен қоса тақпақты да жақсы айтады. Кәне, тыңдаңызшы. Ал, сіз кәрісіз, шыршаның түбіне отырып тыңдаңыз.

Тақпақтар:

Даяна:

Көрікті, бөрікті

Аяз ата келіпті

Беріп жатыр таратып

Алма,анар,көрікті.

Аян:

Сағынып көп күткен

Атамыз келеді

Алақай ,алақай

Көп сыйлық береді

 

 

Айдана:

Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны

Мариям:

Аяз ата келеді

Тамашаны көреді

Риза болып қуанып

Бізге сыйлық береді

Аяз-Ата:Ой, қандай өнері балалар, келіңдер, сендерге кәмпит берейін.

Қандай өнерлі балалар, мен бүгін біраз жасарып қалдым. Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын.

Ақшақар: Аяз-Ата, балаларға сыйлықтар әкелдің бе?

Аяз-Ата: Әрине, мен бір қап сыйлық әкелдім.

Аяз-ата сыйлықтар таратады.

Аяз-Ата, Ақшақар: Ал, балалар, біз қайтайық. Бізді басқа балалар да күтіп отыр.

Жаңа жыл құтты болсын,

Жаңа жыл мол табыс әкелсін.

Денсаулықтарын мықты болсын,

Сау болыңдар, балалар!

Жүргізуші: Ал, құрметті қонақтар! «Кел, Жаңа жыл» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Біздің осындай өнерлі, сүйкімді, ақылды, тәп-тәтті бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау-саламат болыңыздар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *