Дарынды бала – ел болашағы


                               Дюсенгалиева  Турсынай  Махсотовна

Жаңақала ауданы, Батыс Қазақстан облысы, Карманов  жалпы   білім  беретін мектеп-балабақшасы педагогы

Дарынды баланың бойынан табылатын құнды қасиеттер-өмірге құштарлық, биік ізгіліктің кілті мыңды жығатын  білімінде, олар әрқашан түрлі деңгейдегі тапсырмаларды шешуге болатын, олардың сөздік қоры бай, ойы жүйрік, өз ойларын ерекше білдіретін тұлға.

Барлық балалар дүниеге бірдей келеді, дарындыларын  дер кезінде байқап, үйде ата-аналар, мектепте мұғалімдер дұрыс жұмыс ұйымдастырса, баланың дарындылығын байқау қиынға түспейді.

Оқушы бойындағы дарынын балалық шақтан ұштау мектеп пен ұзтаз алдында  тұрған басты міндет.

Ұзтаздық еңбек жолымда алға қойған мақсатым- Тәуелсіз елімізге  тұлға болар талабы таудай, ізденімпаз, жан-жақты дамыған, өз идеясын жасқанбай айта алатын, шығармашылық дарыны дамыған бала тәрбиелеу.

«Білім негізі-бастауышта» деген сөзді ескерсек, оқушылардың шығармашылық дарындарын дамыту үшін, олардың Отанына, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру деп санаймын.

Дарынды оқушымен жұмыс жүргізудің мақсаты:

1.     Өз бетінше шығармашылық ізденісін арттыру;

2.     Пәнге деген қызығушылығын арттыру;

3.     Оқушының белсенділігін арттыру;

4.     Білімнің бағасын арттыру;

5.     Оқушының бейімділігін анықтау;  (интеллектуалдық сайыстар)

6.     Оқушының шығармашылық айналасуына мектепте сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу;

7.     Оқушымен сабақта және сабақтан тыс уақытта шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін әдіс-тәсілдерді пайдалану;

8.     Оқушының жеке бас ерекшеліктеріне қарай қабілетін аша отырып, қиялын дамыту, сөздік қорын молайту, өз бетінше ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеу.

 

Міндеттері:

1.     Әр оқушының шығармашылық белсенділігін арттыру, түрлі деңгейдегі олимпиадаларға, сайыстарға, ғылыми жобалар мен байқауларға қатыстырып, қолдау көрсету.

2.     Оқушыға сенімділік қөрсету;

3.     Оқушының іс-әрекетіне баға беріп, көтермелеу.

4.     Өзін-өзі тәрбиелеуге жағдай жасау.

5.     Ойы ұшқыр, шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икемді, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.

 

Дарынды баланың бойындағы негізгі қасиеттер.

 

1.     Өте сезімтал, ықылас қойған тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп қояды.

2.     Өзгеше ойлайды, жылдамшыл, көп көлемде  білім меңгереді, оларды ұмытпай сақтайды. Ойға беріліп, қиял күші басым болады.

3.     Түсінік танымы жоғары.

Қорыта келгенде, дарынды оқушыларды тани біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, оларға сенім артып, ата-ана-мектеп-оқушы ұстаз байланысын жоғары ұстап, оқушының білімін, өнерге деген ынтасын арттыру керек.

Жоғарыдағы айтылған міндеттер мен мақсаттарды ескере отырып, өз тәжірибемде дарынды оқушымен жұмыс жүргізе  білдім.Нәтежесінде  Абдешов Нұрасыл, Қабиев Ерасыл атты оқушыларым аудандық бастауыш сыныптар олимпиадасында жүлделі орын иеленді.

Осы орайда «Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады» дейді американдық ғалымдар.

Сондықтан жалпы бала бойындағы дарындылықты анықтауда асығыстық жасауға болмайды.

Қазіргі уақыттың өзі мектеп ұстаздарына өскелең ұрпаққа жаңа заман талабына сай озық ұлттық дәстүр рухында білім беріп тәрбилеуге, өмірде осы алған білімі мен тәрбиесін лайқты пайдалану секілді жауапты міндеттер тұр.

Өмірдегі шынайы ғажап, адамзатқа маңыздылар  дарындылар қолында, ал сол дарындылардың тағдыры біздің яғни ұстаздар қауымының  қолында.

Дарынды баланы оқыту мен  тәрбиелеуде  күтілетін нәтиже тіл байлығы мол, кез-келген ақпаратты сараптай алатын және осы ақпарат бойынша  өз ойын білдіріп, қорытынды жасайтын, қиын істердің шешімін таба білетін, өз ойларын, бастамаларын тәжірибеде  қолдана білетін, ойы жүйрік, таңқаларлық жаңашыл ойлар айтып, жаңалықтар ашатын сезімталдығы жоғары, эстетикалық, рухани құндылықтар иесін таба білу.

Әріптестермен тәжірибе алмастыру арқылы осы бағыт бойынша кәсіби деңгейіміз арта берсін демекпін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *