«Дұрыс аяқ киім таңдау-денсаулық кепілі»


Серикова Алтынай Русланқызы
С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия 7 «Ә» сынып оқушысы
Жетекші: биология пән мұғалімі Ахметова Кулизат Есильбайқызы

                                                     Кіріспе.

Бүгінгі күнде жас болсын, кәрі болсын әдемі,осы заманғы сәнге сай аяқ киім киюге  тырысады. Бірақ сол аяқ киім қаншалықты сапалы және ыңғайлы, оған көбіне адамдар аса мән бермейді. Өйткені халық қалтасының қалыңдығына қарай аяқ киім таңдайды, көбіне сапасы төмен, жасанды материалдан жасалған, бірақ әдемі, арзан болғандықтан осындай аяқ киімді сатып алады,ал сапасы жоғары,табиғи былғарыдан тігілген аяқ киім өте қымбат болғандықтан, қарапайым халық оны сатып ала алмайды. Сапасыз, ыңғайлы емес, биік өкшелі немесе мүлдем өкшесіз, қытайдың «бір реттік» қана аяқ киімі көбіне жаңа дамып келе жатқан бала ағзасына көп зиян келтіреді. Балаларда және үлкендерде де кездесетін аурулар, олар: майтабандылық, омыртқа жотасының қисаюы, аяқ қан тамырларының аурулары, аяқ терісінің аурулары, табан сүйектерінің өзгерістері т.б.осы аяқ киімдердің нәтижесі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 98 %-дан артық  бала сау табанмен туады, ал үлкендердің тек 40 %-ы ғана  табандарын сау сақтайды екен. Көбіне бұл аяқ киімді дұрыс таңдамағандықтан. Мен гимназияда байқағаным көбінесе қыз балалардың,әйел адамдардың аяқ киімдері не мүлдем өкшесіз, не тым биік өкшелі, жасанды теріден жасалған. Кейбір қыздар бүкірейіп жүреді, жүрістерінде көп өзгерістер бар. Осы жұмысты таңдауымның бірден –бір себебі осылар болды.

Осы жұмысымда мен дұрыс аяқ киім таңдаудың қаншалықты маңызды екенін көрсеткім келді, балалар арасында тірек-қимыл жүйесіндегі жағымсыз өзгерістерді алдын алуда, дене сұлулығын және денсаулықты сақтауда дұрыс аяқ киім таңдаудың маңыздылығы туралы түрлі ұсыныстар бергім келді.

Негізгі бөлім

1.1.Ұлттық аяк киім тарихынан

Тарихқа үңілетін болсақ, сыртқы және аяқ киімнің пайда болуының мынадай себептері болған деген болжам бар:

-климаттық- адам суықтан және ыстықтан қорғану үшін киінген;

-моральдық-адам жалаңаш денесін жасыру үшін киінген;

-қоғамдағы орнын көрсету үшін-денесіне, басына, аяғына киген нәрселер иесінің мәртебесін көрсеткен.

Ежелгі Мысырда шаруалардың немесе құлдардың аяғын жай ғана орамалар, содан кейін ашық шәркейлер қорғаған. Олардың табандары пальма ағашының жіпшелерінен жасалған және тегіс болған.

Ежелгі Қытайда матадан жасалған немесе өрілген жеңіл туфли сё болған. Аяқ киімнің үсті жібек матадан немесе жылтыр матадан тігілетін.

Жапонияда былғары немесе ағаш аяқ киім киген. Қыздардың аяқтарын өсірмеу үшін кішкентай кезінен бастап аяқтарын дәкемен байлап қойып отырған,немесе өте тар аяқ киім кигізген ,өйткені кішкентай аяқ сұлулықтың белгісі деп санаған.

Ресейде байлар өкшесіз, алдыңғы жағы жіңішке башмақ киген. Қарапайым халық лапти киген.

Біздің ата-бабамыз мал шаруашылығымен айналысып, көшпелі өмір сүргендіктен, аяқ киімдерін былғарыдан,жүннен жасаған. Саптама етік,мәсі,байпақ. Олар ұлттық ою-өрнектермен әшекейленген.

Аяқ киім түрлері олардың жасалған материалына, тұтынушысының жасы мен жынысына, әлеуметтік жағдайына байланысты жасалады. Аяқ киімнің өңделуі мен әшекейленуі жоғарыда аталған жайттарға байланысты болады. Аяқ киімнің қыстық, жаздық, еркектер мен әйелдерге, балаларға, жұмысқа, салтанатты шараларға, қарттарға, жастарға арналған түрлері болады.   Дәстүрлі ортада аяқ киім тігумен тері, қайыс өңдеумен айналысқан маманданған адамдар айналысқан. Олардың атадан балаға беріліп отыратын өзіндік технологиясы, яғни тәсілдер жүйесі болды. Жылқышылар, отардағы малшылар, шанамен жолға шыққан жолаушы жылы аяқ киімінің сыртынан киеді.

Өкшелі аяқ киімдерге саптама етік, мөкі (киіз қонышты саптама), сырма киіз етік тәрізді өкшесі әртүрлі пішінді етіктер жатады. Әйел мен еркектер киюіне ыңғайластырылып тігіледі. Оларды өкшесіне қарай жуан өкше, қазық өкше, биік өкше, жез (тойнақпен қапталған) өкше, шоңқайма, мықшима деген түрлерге де бөледі.

Жергілікті тілде жұмыс aяқ киімдерінің бір сұқпай (шәркей), көн шабата (кебіс орнына киетін аяқ киім), қайыс етік, қалың, қатты көннен тігілген шоқай – шоқай, шапаты, шәркей, шәтиөр, шәрке, шепік, мөкі кебіс (кебістің шарық сияқты түрі) секілді жеңіл түрлерінің атаулары кездеседі. Былғарыдан етік киюге шамасы келмейтіндер, әсіресе, жасы үлкендер жазда, қыста сірімен қаптаған киіз байпақпен жүрген. Көн шабата, шабата, көн шарық, көн шоқай жазда киетін жұмыс aяқ киіміне жатады.

Дәстүрлі қазақы ортада аяқ киімдердің мынадай негізгі түрі таралған: етік, кебіс, мәсі, салтама, байлақ, шоқай және т.б. Кебіс пен мәсінің сан алуан ыңғайлы да, әдемі түрлері тігілген. Кебіс көбінесе малдың сауыр терісінен тігіліп, қалыпқа қатырылады

Жалпы биік өкшенің шығу тарихына үңілсек, кішкене өкше Ежелгі Мысырда пайда болған деген болжам бар. Оны егістікте жұмыс істеген кезде, жерге аяқ киімдері батпау үшін шаруалар ойлап тапқан. Еуропада алғашқы биік өкшелер ХVІ ғасырда пайда болған. Биіктігі үш сантиметр өкшелі аяқ киімді әйелдер де ер адамдар да киген.

Қазіргі заманда жаңа технологиялар,материалдар,адамдардың жаңа қарым-қатынас түрлері пайда болуда. Сонымен қатар сәнге деген,киімге деген жаңа көзқарастар қалыптасуда. Осы заманғы аяқ киім үлгілерінде ата –бабаларымыздың аяқ киім үлгілерінің белгілері көрінуде.

Бірақ қаншалықты осы заманғы аяқ киім үлгілері бізге ыңғайлы және зиянсыз.

1.2. Адам денсаулығына зиян келтіретін аяқ киімдер

Қытай аяқ киімдері денсаулыққа аса зиян. Тіпті адам өміріне де қауіпті. Қытай тауарларында адам ағзасына қатерлі улы химиялық қоспалар бар. Кейбір киімдердегі өткір иіс сол тауардағы улы заттардың  өте көп мөлшерде екендігін айғақтайды. Мамандар сапасыз киім-кешек, аяқ киімнің салдарынан адам 12 түрлі кеселге душар болуы мүмкін екендігін айтады. Жасанды теріден тігілген  аяқ киім буын, аллергиялық ауруларға шалдықтырумен қатар, қатерлі ісік ауруларының асқынуына да себеп. Сарапшылардың зерттеу қорытындысы осыны дәлелдеп отыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 98 %-дан артық  бала сау табанмен туады, ал үлкендердің тек 40 %-ы ғана  табандарын сау сақтайды екен. Еліміздегі бүлдіршіндердің 75 пайызы жалпақ табан дертіне шалдығыпты. Әскери борышын өтеуге жарамсыз жастардың басым бөлігі де майтабан ауруымен ауырады.  Мұның себебі — аяқ киімдердің анатомиялық параметрлері сәйкес келмейді.

Сапалы аяқ киім таза былғарыдан жасалуы керек. Талапқа сай болғандықтан да, олардың бағасын кез келгеннің қалтасы көтере бермейді. Ең сапалы өнім саналатын, нағыз итальяндық сапа ─ «Etor», «Guqqo», «Baldinini», «Nando Muzi», «Loriblu», «Marino Fabiani» кәсіпорындарының аяқ киімдерін ауқаттылар ғана алмаса,  жалпы жұртқа қолжетімді баға емес. Италияда жасалған киімдерді қатардағы қызметкер 4-5 жалақысын жинаса әзер алады. Орта дәулеттілердің бәрі бірдей 1 мың АҚШ долларына бағаланатын аяқ киімдерді ала бермейді.  40-70 мың теңге тұратын етіктерді қанағат  тұтады. Әрине, 20-30 мың теңгеге аяқ киім сатып алғандарына мәз болатындар да бар. Денсаулықты күту үшін осылайша әлеуметтік жағдай кедергі болады. Сосын халықтың басым бөлігі, амал жоқ, мүмкіндігіне қарай базарлардағы 300-500 теңгенің сүйретпелерін, 1500-4000 мың теңгенің жазғы аяқ киімдерін, 5-15 мыңға бағаланған етіктерді алуға мәжбүр. Көпшілік бір маусымда алмастырып киюге қос-қостап аяқ киім алмайтыны рас. Сол бір киім жұмысқа да, қонаққа да, базарға да, басқаға да киіледі. Әрине, онсыз да сапасыз аяқ киімдер бұған шыдамайды. Бір маусым түгілі, бір айға жетпей киюге жарамсыз болып жатады. Тым сапасыз аяқ киімдерді жөндеуге етікшілер де ықыласты емес. Себебі, екі күннен соң-ақ киюге келмей қалатынын біледі. Ілекерге келтіріп, әйтеуір жөндей салуға клиент жоғалтып алудан қорқады. Тағы бір айта кетер жайт, жөндеудің құны сол аяқ киімнің жарты бағасы тұрады. Ескіні жөндеткенше, тағы біреуін сатып алғанды жөн санап, базарға тура тартамыз…

Егер отандық аяқ киім өндірісін дамытуға күш салынса, онда, ең алдымен, ел тұрғындарының денсаулығын сақтап қалуға айтарлықтай ықпал етер еді. Аты жеңіл болғанмен, өндірістің бұл түрінің жағдайы мәз емес.  Кезінде дүрілдеп тұрған аяқ киім шығаратын «Жетісу», киім тігетін    «1 май»  фабрикалары (Алматы) жоқ. Шымкенттегі «Восход», Ақтөбенің, Қызылорданың аяқ киім фабрикалары да әлдеқашан жабылған.

Петропавл қаласында аяқ киім тігетін шағын кәсіпорындар бар, олардың шығаратын өнімдері таза былғарыдан тігілген. Сапасы жағынан жақсы, сырт көзге де әдемі. Жергілікті базарда осы аяқ киімдерді сататын  бірнеше сауда орындары бар. Бағасы да қалта көтерерлік жуық шамамен 15-20 мың теңгені құрайды.Қазір елімізде тері өңдеу саласында 32 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 5-еуі ғана аяқ киім өндірісінде екен. Олардың өнімдері еркін саудаға шығарыла бермейді. Негізінен, арнайы тапсырмалармен ғана жұмыс істейді. Яғни олар қорғаныс саласының қызметкерлері, әскерилер және басқа да күштік құрылымдардағы мамандарға арнап аяқ киім тігеді. Жалпы, аяқ киім нарығында біздің өнімдердің үлесі ─ 3,5 пайыз.

Отандық тауарлар өндірісін жандандыру қажет. Мамандардың айтуынша, жеңіл өнеркәсіптің бағын ашу үш мәселеге байланысты: баға, салық, кеден қызметі. Теріні бояйтын бояулардан бастап, аяқ киімді жөндейтін материалдарға дейін шетелден тасымалданады. 2001 жылы қосылған құнға салынатын салыққа нөлдік ставка тағайындалғаннан кейін аяқ киім өндірісі күрт өскені соншалық, жеңіл өнеркәсіпті өркендетуде әлемдегі алдыңғы қатардағы елдердің қатарында тұрған Қытайдың өзі біздің жеңіл өнеркәсіптің болашағы зор екендігін мойындап қалған еді. Дегенмен, 2002 жылы жеңілдік алынып тасталғаннан соң, аталған сала бәз-баяғы қалпына келді. Отандық кәсіпкерлер жеңіл өнеркәсіппен айналысқаннан гөрі шикізат өндіруді тиімді санауына салықтың артуы себеп болып отыр.

Мәліметтерге сүйенсек, Қытайдың әлемдік аяқ киім шығару саласындағы үлесі 60 пайызға дейін жеткен. Дүние жүзінде шығарылатын 10 миллиард жұп аяқ киімнің 6 милиардын Қытай өндіреді екен. Ал қазақстандықтар тұтынатын киімдердің 45-48 пайызы, аяқ киімдердің 75 пайызы — Қытай тауарлары. Аяқ киімдердің 10 пайызын ─ Ресей,  14 пайызын ─ Түркия, Италия, Германия, Нидерландия және басқа елдер импорттайды екен.

Жуырда интернет желісінде мынадай мәліметті көзім шалды: Алматы облысының кеденшілері шекарада тәркіленген 13 тоннаға жуық спорттық аяқ-киімді өртеп жіберді. Сөйтсек, Adidas, Reebok және Nike секілді атақты маркалардың атын жамылған тауарлар заңсыз жасалған болып шықты. Кеденшілердің айтуынша, тауарлар қара базарда саудаға түссе, сатып алушылар опық жеп, тіпті денсаулығына зиян келтіруі мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі КТК-ға сілтеме жасап.

Түпнұсқадан бір мысқал кем емес тауарлар Қытайда жасалыпты. «Қалжат» өткізу пунктінде тәркіленген спорттық аяқ-киімдердің бағасы 84 мың АҚШ долларына бағаланып отыр. Тауарды жеткізушілердің Кеден одағының шекарасы арқылы тасымалдауға уәкілетті тұлға еместігі анықталған және олар тауардың қауіпсіздігін растайтын сертификатты көрсете алмаған. Қазір кеденшілер контрафактілік тауарларды түгелдей арнайы пеште өртеп, көзін жойған.

2.1. Аяқ киімді дұрыс таңдай білмегендіктен, пайда болатын аурулар

Терапевт-дәрігер Зәуреш Алімқызы Рахимберлина былай дейді :

– Сапасыз аяқ киім денсаулыққа зиян. Себебі, анатомиялық параметрі сәйкес келмейді. Мысалы, кейбір аяқ киімнің табанында шұңқыр болады. Ол шұңқыр қатты ұлтарақпен жабылуы тиіс. Ал сапасыз аяқ киімдердегі ұлтарақ өте жұмсақ. Сондықтан баланың өкшесі төмен қарай түсіп кетеді. Мұның кесірінен майтабан, буын аурулары пайда болады. Жалпақтабан болғанда аяққа көп күш түседі. Науқас тез шаршайды.

Жасанды теріден тігілген аяқ киім венерологиялық аурулар жұқтырумен қатар, сыз өткізіп, аяққа суық тигізеді. Білуімше, аяқ киім әдемі көрінуі үшін тігушілер терінің астына паралон салады екен. Бұл материал ауа өткізбейтін болғандықтан, аяқ терлейді. Аяқ киімдердің табаны резеңкеден жасалатыны белгілі. Салқын ауа, тер, резеңкенің салдарынан адам ауруға шалдығады. Сапасыз аяқ киімнің кесірінен адамның жұмысқа қабілеті, өмір сүру белсенділігі төмендейді.

Сарапшылар қытай тауарларының көбінде формальдегидтің қоспасы бар екенін анықтаған. Ал ол қатерлі ісік ауруын асқындырады.

Аяқ киімде зиянды заттардың бар екенін өткір иіс куәландырады. Неғұрлым иіс жағымсыз болған сайын, химиялық қоспа соғұрлым көп болады.

Үйге киетін жеңіл сүйретпелер де ағзаға зиян. Аяқ киімнің бұл түрі жалпақтабандықпен қатар, қатерлі ісік, қан тамырлары мен тері ауруларына шалдықтырады.

Жақсы аяқ киім, ең алдымен, табиғи былғарыдан жасалынуы керек. Сонымен қатар, ол аймақтың ауа райы ерекшеліктеріне сай болуы тиіс. Аяқкиім алуға кешкісін немесе түс ауа бармаған жөн. Себебі бұл мезгілде адамның аяғы ісініп тұрады. Сондықтан, байқамай үлкен мөлшерлі аяқкиім алуыңыз мүмкін.

Зиянды улы химиялық заттар адам ағзасына тез сіңеді және оны кері қайтару мүмкін емес. Сондықтан, арзан аяқ киім алып, ең қымбат байлық — денсаулығымыздан айрыламыз.

Жаз уақытында қыздар  аяқ киімнің түр-түрін киеді. Жай табан, өкшелі немесе ашық сандали… Ал олардың ішінде денсаулыққа зияндылары да бар екен.
Бірінші орында – “вьетнамки” деп аталатын жай табан аяқ-киім түрі. Жаздың ең “хитовый” аяқ-киімі десек те болады. Сонымен қатар кие салғанға да ыңғайлы… Алайда… Дәл суреттегідей аяқ-киім адамның денсаулығына зиян. Біріншіден, оның адамның аяғын ұстап тұратын дұрыс табаны жоқ. Ол –майтабандыққа әкелуі мүмкін. Екіншіден, қайта -қайта сүйрете бергеннен аяқтың табанына зақым тигізеді. Үшіншіден, адамның арқасын (осанка) қисайтуға апарады. Төртіншіден, өкше ашық болғандықтан өкше жарылады.Сондықтан осы секілді табаны жалпақ, дұрыс формасы жоқ, аяқты дұрыс ұстамайтын аяқ-киімдерден аулақ болған жөн. Ал егер ыстық күнде ашық аяқ-киімсіз қалай жүреміз десеңіз, бұл “вьетнамка”-лардың да дұрыс түрін таңдай білген абзал. Ең бастысы аяқтың формасын қайталайтын, дұрыс иілген табаны бар аяқ-киім алу керек.
Ал екінші кезекте-биік өкшелі аяқ киімдер. Олардың аяқ ауыртатынымен бірге, ұзақ киіп жүру денсаулыққа да зиян. Жалпы өкшенің  – 2-4 см. екен. Ал максимальды биіктік- 6 см. болу керек. Сондай-ақ олар да аяқты мықты ұстап тұруы қажет. Өкшенің  қалыңдау болғаны жақсы, биік өкше кигенде, сіз бар салмақты башпайыңызға түсіресіз. Кішігірім өкше башпайға түсетін күшті 22%-ға арттырса, 7 сантиметрлік өкше башпайға екі есе салмақ түсіреді екен. Алайда биік өкше кигенде, аяқтары ауырмай, өзін жақсы сезінетін қыздар болады. Мұны олардың табандарының анатомиялық құрылымымен түсіндірсе болады. Қалай болғанда да, дәрігерлер 8 сантиметрлік өкшені аптасына екі-үш рет киюге ғана рұқсат береді.
Ал күні бойы өкшемен тарсылдап жүретін қыздар мынандай қиындықтарға душар болады:

-Башпай терісінің қатаюы. Өкше кигенде бар салмақ башпайға түсетіндіктен, бұл жерде қан айналымы бұзылып, тері қорғаныс ретінде қатайып кетеді. Үлкен саусақтың деформациялануы. Башпайға түскен күш табанның осы жерінің кеңеюіне әкеледі, үлкен саусақ кеңейіп, қасында сүйекше пайда болады.

-Башпай саусақтарының деформациялануы. Өкше шешпейтін қыздардың саусақтары аяқ киімнің ұшында қысылып тұрады. Осыған байланысты башпай саусақтары пішінін өзгертуі мүмкін.

-Тырнақтардың башпай етіне өсуі.Ұшы жіңішке аяқ киім башпайларды қысқаннан,тырнақ башпай етіне өседі.

-Саусақ ұштарының ұйып қалуы және жіліншік бұлшық еттерінің қақсауы.

-Белдің ауыруы. Биік өкшемен жүрген қыздың салмақ ортасы алдыға қарай ауытқиды. Сондықтан денені тура ұстап қалу үшін беліміз қосымша жұмыс атқарады. Осының әсерінен арқамыз ауырып, беліміз шаршайды.

Жалпы ортопед-дәрігерлердің мәліметі бойынша ең жақсы өкше биіктігі

2-4 см. Табанның ұзындығын өлшеу үшін табанды қағазға қойып айналдыра сызып, табан ұзындығын сызғышпен өлшейміз,мысалы табан ұзындығы 21 см болса 21:7=3, өкше биіктігі 3 см болу қажет.

Кейбір адамдарға мүлдем биік өкшелі аяқ киім киюге болмайды:

-екіқабат әйелдерге,

-ағзасы жаңадан дамып келе жатқан жасөспірімдерге;

-артық салмағы бар әйелдерге;

-күні бойы түрегеп тұрып жұмыс істейтін әйелдерге-аспазшы, мұғалім , сатушы т.б.

Биік өкшелі аяқ киімді қыз бала 17 жастан бастап киюі қажет,өйткені қыз баланың ағзасы 17-18 жасқа дейін дамиды.

Менің зерттеулерім бойынша 35 әр түрлі жастағы жасөспірімдер арасында жүргізілген зерттеулер бойынша  12 оқушыда өкше биіктігі 4-7 см аралығында, 15 оқушыда 0,5-1 см аралығында болды. Ал ең тиімді өкше биіктігі 2-4 см 8 оқушыда болды.

Медициналық зерттеу кезінде, медбикенің мәліметі бойынша  шамамен 6-7 оқушыда майтабандылық анықталған.

Биік өкше киген қыздардың жүрісінде өзгерістердің бар екенін байқадым, алға қарай еңкейіңкіреп жүретінін көрдім.

Екінші зерттеуім бойынша, аяқ киім жасалған материал түрін анықтаған кезде, 7-9 сыныптарда-8 оқушыда табиғи былғарыдан, 6 оқушыда матадан, 19 оқушыда жасанды теріден жасалған.

10-11 сыныптарда-9 оқушыда табиғи былғарыдан,11 оқушыда жасанды теріден жасалған.

Әрине биік өкшедегі аяқ киім өте сәнді, тартымды көрінеді. Алайда оны күнделікті кимей, денсаулығыңыз жайлы да ойлағаныңыз жөн.

2.2.Медициналық талаптарға сай аяқ киім таңдау.

Қазіргі уақытта балалар аяқ киімі бар әлемнің дизайнерлері мен модельдерінің бақылауында. Жаңа әзірлемелерді енгізу бойынша тұтас индустрия жұмыс істейді және үнемі дамып отырады. Модельдердің брендтен бастап бағасы бойынша жалпыға қол жетімдісіне дейін әр алуандығы, әрине қуантады. Бірақ бұл танымал сауда маркасының аяқ киімін алуға міндетті талпыну керектігін айтпайды.

007/2011 «Балалар мен жасөспірімдер үшін тағайындалған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламентінде сипатталған аяқ киімдерге қойылатын талаптарды білу жеткілікті. Аяқ киімнің қауіпсіздігі қолданылатын материалдың құрғақ және ылғал қажауына және тердің әсеріне бояудың төзімділігімен, сондай-ақ бөлінетін зиянды заттардың концентрациясымен және физикалық-механикалық қасиеттер кешенімен (салмақ, икемділік, табан бөлшектерінің мықты бекітілуі, аяқ киім тұмсығының және күлшіннің бұзылуы) бағаланады.

Аяқ киімде барлық жастағы жабық аяқ киімге жасанды  немесе синтетикалық материалдардан; – бөбек жастағы балаларға және шағын балалар аяқ киіміне арналған ашық аяқ киімге жасанды және (немесе) синтетикалық материалдардан; – бөбек жастағы балаларға және шағын балалар аяқ киімдері үшін химиялық талшықтары 20% астам тоқыма материалдардан; – бөбек жастағы балаларға арналған қысқы аяқ киімдерге жасанды теріден және жұмсақ түкті матадан жасалған ұлтанша және салмалы ұлтарақ салуға рұқсат етілмейді.

Бөбек жастағы балалар аяқ киіміне сыртқы материалы ретінде ұлтаншасы табиғи материалдан жасалған жазғы және көктемгі- күзгі аяқ киімдерден басқаларына жасанды және/немесе синтетикалық материалдарды қолдануға рұқсат етілмейді. Сондай-ақ 3 жасқа дейінгі балалар үшін өкше жақтарының ашық болуына; қысқа уақыт киюге арналған аяқ киімдерден басқа 3 жастан бастап 7 жасқа дейінгі балалар үшін бекітілген өкше болуына рұқсат етілмейді. Аяқ киім терісі келесідей талаптарға сәйкес келуі тиіс: еркін формальдегид құрамы – 20 мкг/г артық емес; су шайылатын хром құрамына (VI) рұқсат етілмейді; бояудың құрғақ қажауға төзімділігі – 4 баллдан кем емес; бояудың ылғал қажауға төзімділігі – 3 баллдан кем емес; бояудың терлеу әсеріне төзімділігі – 3 баллдан кем емес. Аяқ киім осы көрсетілген Техникалық регламенттің биологиялық және механикалық қауіпсіздік талаптарына (жеңіл, икемді, өкшесі шамалы және жақсы тігілген және желімделген, бала суды басқан кезде аяқ киімнің ішкі беті құрғақ болуы тиіс) сәйкес келуі тиіс.

Балалық шақ тез өтеді, бұл шақ ең бақытты кезіміз ғой. Әдемі және қолайлы аяқ киім сіздің балаңызға күшті болуға және дені сау, бақытты болуға көмектессін!

Аяқ киімге байланысты ырымдар.
Қазақ aяқ киімнің табанына қарамайды. Өйткені оның бармайтын жері, баспайтын тауы «қалмағандықтан» былғанышты болады дейді. Оны көрген адамның көзі ұшынады-мыс. Ал аяқ киімінің табанына жазатайым көзі түссе, табанға үш мәрте түкіру керек. Яғни көзім ұшынбасын, аяғым ақсамасын деп ырымдағаны. Аяқ киімді төңкеріп қоймайды. Шешкеннен кейін қатарлап қояды. Төңкеріліп қалса, қайтадан оңдап орналастырады. Бытыратып шашып тастауға да болмайды. Аяқ киім төңкеріліп қалса иесі қайғыға ұшырайды, шашылып жатса жолы кесіледі деп санаған. Аяқ киіміңді сол аяқтан бастап кимейді. Қазақта басқа кісілерге қаратып аяқ киім шешпейді. Әйелдер аяқ киімді тасаланып киеді немесе шешеді. Иен түзде, жаугершіліктен босып-көшкенде немесе түрлі жағдайларға байланысты түнде ұйықтаған кезде басына жастанатын ештеңе болмаса аяқ киімді жастануға рұқсат етілген. Ол туралы қазақта «етік жолға бастайды,  шалбар сорға бастайды» деп етікті жастануға болады дейді. Ал шалбарды жастануға мүлдем тыйым салынады. Аяқ киімнің табанына салынатын ұлтарақты маңдайынан тіліп қояды. Мұны ұлтарақтың жолын ашу дейді.

Практикалық бөлім

3.1.Аяқ киім өкшесінің биіктігін өлшеу.

Зерттеу үшін мен 7-11 сынып қыз балаларының аяқ киімінің өкшесінің биіктігін сызғышпен өлшеп, анализ жасадым. Барлығы 35 қыз бала қатысты.

Өкше биіктігі –қыздар

Өкше биіктігі

 

Сынып
0,5-1 см
2-4 см
5 см
6-7 см
7
5
3
4

9
5
5
2

10-11
5

6
Осы кестеден көріп тұрғанымыздай 35 әр түрлі жастағы жасөспірімдер арасында жүргізілген зерттеулер бойынша –

12 оқушыда өкше биіктігі 5-7 см аралығында- бұл 34 пайызды құрады,

15 оқушыда 0,5-1 см аралығында болды-бұл 43 пайызды құрады.

Ал ең тиімді өкше биіктігі 2-4 см 8 оқушыда болды-23 пайызды құрады.

Байқағанымыздай аяқ киімнің 77 пайызы жасөспірімге қауіпті.

Медициналық зерттеу кезінде, медбикенің мәліметі бойынша  шамамен 6-7 оқушыда майтабандылық анықталған.

Биік өкше киген қыздардың жүрісінде өзгерістердің бар екенін байқадым, алға қарай еңкейіңкіреп жүретінін көрдім.

Әрине биік өкшедегі аяқ киім өте сәнді, тартымды көрінеді. Алайда оны күнделікті кимей, денсаулығыңыз жайлы да ойлағаныңыз жөн.

3.2.Аяқ киім жасалған материал түрі

Сынып
Былғары
Мата
Жасанды
7
3
4
10
9
5
2
9
10-11
9

11
Екінші зерттеуім бойынша, аяқ киім жасалған материал түрін анықтаған кезде, барлығы 53 оқушы қатысты , 7-9 сыныптарда-8 оқушыда табиғи былғарыдан, 6 оқушыда матадан, 19 оқушыда жасанды теріден жасалған.

Сонда 7-9 сыныптарда -51 0/0 –табиғи былғарыдан аяқ киім киеді,

49 0/0  -жасанды теріден киеді.

10-11 сыныптарда-9 оқушыда табиғи былғарыдан, 11 оқушыда жасанды теріден жасалған.

Сонда 10-11 сыныптарда  45 0/0   табиғи былғарыдан аяқ киім киеді,

55 0/0 жасанды теріден киеді.

Кесте бойынша мынадай қорытындыға келдім- зерттеуге келіскен

53  7-11 сынып оқушыларының 30 оқушының  аяқ киімі жасанды материалдан жасалған, бұл 56  пайызды құрады, сонда 53 баланың  30-ы аяғына зиянды аяқ киім киюде.

3.3. Сауалнама

Сауалнама нәтижесі бойынша 40 оқушы қыз баланың 25-де жасанды материалдан тігілген аяқ киім болғандықтан,аяқтарының терлеп,жағымсыз иіс шығатынын, тоңатынын көрсеткен, 12 қыз бала биік өкшелі аяқ киім кигенде аяғының шаршайтынын көрсеткен.

Осы зерттеу барысында алынған деректерге сәйкес мен ата-аналар жиналысында дұрыс аяқ киім таңдаудың денсаулыққа әсері туралы, қаншалықты табиғи былғарыдан жасалған аяқ киім қымбат болса да, балаға табиғи былғарыдан жасалған аяқ киім сатып әперу керектігі туралы, биік өкшелі және мүлдем өкшесіз аяқ киімнің зияны туралы  жадынама тараттым.

Қорытынды.

Осы жұмыс нәтижесінде мен мынадай қорытындыға келдім, әр адам  өз денсаулығының иесі. Себебі қазіргі заман аяқ киімі негізінде екі түрге шектеулі. Бірі, жалпақ табанды аяқ киім, бірі, биік өкшелі аяқ киім.  Әсіресе жас қыздар өте ерте биік өкшеге тұрып , немесе денсаулыққа кері әсері бар балетки деген аяқ киіммен кезектестіріп киіп отырады. Сонымен қатар аяқ киім жасалған материал түрінің де денсаулыққа әсерін анықтадық. Адам аяқ киімді дұрыс таңдай алмағандықтан, табанның майтабандануы, сонымен қатар омыртқа, бел, аяқ ауруы жастарымыздың арасында көбейіп кеткендігі, аяқ киімнің әсерінен деп толық дәлелдей алдық. Сондықтан аяқ киім таңдағанда аяқ киімнің өкшесі биік емес, былғарыдан жасалған, жұмсақ, кигенде аяққа жағымды, иісі жоқ, бас жағы дөңгелек,табаны иілімді,артқы жағы қатты болу қажеттігін естен шығармау қажет.

Балалық шақ тез өтеді, бұл шақ ең бақытты кезіміз ғой. Әдемі және қолайлы аяқ киім сіздің балаңызға күшті болуға және дені сау, бақытты болуға көмектессін!

Ұсыныстар:

-Биік өкшелі аяқ киімді 17 жастан бастап аптасына 2-3 рет 2-3 сағаттан ғана  кию;

-Аяқты тынықтырып, жалаңаяқ көп жүріп, уқалау;

-Сүйек аурулары бар адамдарға биік өкше кимеу;

-Бұл зерттеу жұмысын биология , химия, медицина  зерттеу негіздері сабақтарында, тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

– «Сұлуынан жылуы» дегендей осы ұсыныстар толық жүзеге асатын болса, балалардың денсаулығын сақтау  мәселесінде бір қатар жұмыстар орынды шешімін табар еді.

Қолданылған әдебиет тізімі:

1.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұражайының этнографиялық коллекциясы (серия) Қазақтың дәстүрлі киім-кешегі // иллюстрацияланған ғылыми каталог // Алматы: Өнер, 2009., 1-т. – 344 б. Ғылыми редактор және жоба жетекшісі – Нұрсан Әлімбай;
2.Қазақ халқының ұлттық киімдері / Құрастырған Б. Хинаят., А. Сужикова. – Алматы, Алматы кітап, 2011. – 384 б.

3.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

4. М.Н. Ланцман, В. И.Бородулин, А. В. Бруенок. Популярная медицинская энциклопедия

5. http://evolutsia.com/content/view/1480/24/

6. http://www.ashkimsin.ru/chayxana/topic5581.html

7.http://images.yandex.ru/yandsearch?text=%D0%BA%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B8%D0%BD%D0%BA%D0%B8%20%D0%B4%D1%80%D0%B5%D0%B2%D0%BD%D0%B5%D0%B9%20%D0%BE%D0%B1%D1%83%D0%B2%D0%B8&uinfo=sw-1007-sh-640-fw-782-fh-448-pd-1

8.http://www.justlady.ru/articles-158489-vredno-li-hodit-na-kablukah

Қосымша А

Сауалнама

1.Аяғыңдағы аяқ киім ыңғайлы ма?

А-иә

Ә-жоқ

2.Аяқ киімің аяғыңды терлетеме,аяғың тоңа ма?

А-иә

Ә-жоқ

3.Биік өкше кигенде аяғың шаршай ма?

А-иә

Ә-жоқ

4.Аяқ киімің қандай материалдан жасалған?

А-табиғи былғарыдан

Ә-жасанды материалдан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *