“Алаш идеясы-қазақ идеясы”


Маратқызы Ақбота

Семей қаласы Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік медицина колледжі 2 сд “4” тобының студенті

Жетекші: тарих пәні мұғалімі Болвансарова Динара Сериккалиевна

Алаш идеясы-қазақ идеясы

Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына 26 жыл толады.Бұл қaзaқ xaлқы үшiн, жaлпы қaзaқстaндықтap үшiн aсa мaңызы зoр үлкeн мepeйтoй бoлмaқ. Тәyeлсiздiк дeгeн үлкeн қуaныш, сoнымeн қaтap, epeкшe жayaпкepшiлiк. Oсы жылдapы тapих пeн мәдeниeт caлacындa ipi cepпiлicтep бoлып, көптeгeн нәтижeлергe жeттiк.

Қазaқcтан Pecпубликасы экoнoмикa, сaяcат жәнe әлeумeттiк салaлaрда да тәуелсіздiк жылдаpы iрi жетіcтiктергe жеттi.

Солардың ішінде бірегей тұрғаны Алаш алыптарының ардақты есімдерінің еліне, халқына қайта оралуы болатын. ХХ ғасырдың басындағы Алаш қозғалысы ұлттық сананың биік көрінісі болатын. Ол біз үшін тарих тағылымы болып қала бермек. Семейдің сол жағалауы 1917-1927 жылдар аралығында Алаш қаласы атанғаны белгілі. Бұл Алаш алыптарының тәуелсіздікке ұмтылған асыл ойларының көрінісі еді. Ел осы Алаш қозғалысын асқақ сезіммен қашанда есіне алып отырады.Биыл осы «Алаш» идеясына 100 жыл толып отыр.Бұл еліміз үшін үлкен мереке.

Алаш қозғалысының  тарихи  негізгі  Ресей  отаршылдығының қазақ  жеріндегі аса асқынған кезеңінен басталды десек те, Алаш  идеясы одан әлдеқайда бұрын өмірге келіп, күні бүгінге дейін елім, жерім  деп     ұлт болашағын ойлаған әрбір қазақ жүрегінің терең түпкірінен орын тепкен. Өйткені   Алаш  қозғалысы  қазақ  қауымындағы   отаршылдыққа қарсы бағытталған, прогресске  ұмтылған   жалпыхалықтық     демократиялық қозғалыс еді.

Алаш идеясы – қазақ идеясы. Демек, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» дейтін біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді, бола береді де. Интернационализм (ұлтсыздандыру) саясатын жалаулатқан кеңес өкіметі жалпы «алаш» атауын құртып – жою үшін барлық амал – айланы қолданып баққаны содан болса керек. Осы мақсат үшін өздері ойлап тапқан тап күресін ғажап пайдаланды: ел үшін екіге бөліп, қақ жарды, тыныш жатқан жұрттың басына әңгір – таяқ орнатты. Бұрын саяси астыртын күреске көп араласа қоймаған, оның құйтырқы әдістерінен хабары шамалы аңқау, аңғал жандар алдын ала құрылған осындай арнайы тұзаққа оп – оңай топырлап түсіп жатты.

Халық алдында беделі бар, оны соңынан ертіп, сөзін өткізе алатын оқыған білімді азаматтарға «ұлтшылдық» деген пәле жабылды, атылып – шабылды. Ең алдымен Алашорда қозғалысына қатысқандарға кешірім жасалды, бірақ соңынан бәрі құрбандыққа шалынды, тірі қалғандары итжеккенге айдалды. Келесі кезекте большевиктерді жақтап, сол арқылы елімді, жерімді гүлдендіріп, ұлттық мүдделерді көркейтемін деп кеңес өкіметінің іргесін қаласқан марқасқа азаматтар қырылып – жойылды.Мәселен, Алаш ісі бойынша қозғалыс  бастаушылары деп танылған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Халел Габбасов, Мағжан Жұмабаев, Қайреддин Болғанбаев және басқаларының көздері құртылды, алайда репрессия науқаны толастамады.

Бірақ, осыдан кейін Алаш идеясы тоқтады десек, бұл шындықпен қабыспаған болар еді. Өйткені күні кешегі Қазақстанда неміс автономиясын құруға бағытталған КОКП ОК Саяси Бюросының қаулысына қарсы Целиноград (қазіргі Астана) қаласында өткізілген Маусым (1979) демонстрациясы да, одан кейінгі Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі де (1986) бүгінгі жер үшін, тіл үшін, елдік үшін жүріп жатқан азапты күрес те осы Алаш идеясынан туындап жатқанын қалай жоққа шығара аласыз? [2.340 бет.]

Республикалардың тәуелсіздік белгілерін сақтау жөніндегі қозғалыстың бәрі И.Сталин тарапынан «ұлтшылдық уклон» болып есептелді. Бас хатшының 1922 жылдың қыркүйегінде В. Ленинге жазған хатында тәуелсіздік дегеніміз «ойыншық» нәрсе. Бірақ басқалар оны шын деп ойлайды, соған қынжылады деп атап көрсетті

Осыған қарамастан РКП (б) ХІІ съезі (17-23 сәуір 1923 ж.) ұлттық мәселе жөніндегі шешімінде «ұлтшылдық уклоны» туралы жалпылама түрде айтылады да, «ұлыдержавалық уклонның» аса қауіптілігіне баса назар аударылды. Өкінішке қарай, міне, осы қисапсыз, ретсіз ойды Сталиннің маңайындағылар қызу қостап жүзеге асыра бастайды.Мәселен 1923 жылдың 17-22 наурызында Орынборда қазақ партия ұйымының ІІІ конференциясында Мәскеу өкілі Е. Ярославский   мен РКП (б)Қазақ бюросының мүшесі А.Вайнштейн қазақтар тап күресіне назар аудармайды, елде ұлтшылдық пиғыл басым деген арандатушы пікір қозғады. Алайда бұған С.Сейфуллин, Н.Нұрмақов, С.Меңгешев, барлығы 14 адам, наразылық білдіріп партияның Орталық Комитетінің хатшысы Е.Ярославскийге хат жазады. Бұған «қазақ жолдастар жөнінде ұлтшылдар деген бет алды айыптау жасалған жоқ, ал ұлтшыл – уклонистік көзқарастарды сынға алу әбден орынды және мұнын өзі «партияның әрбір мүшесінің ажырағасыз правосы ғана емес, сонымен бірге міндетті де болып табылады» деп жауап берілді. Демек, хатқа қол қойған  қазақтын 14 азаматына  сол кезде-ақ « ұлтшыл» деген таңба басылған еді.Мақсат – Алаш идеясымен ауыздаған, өзіндік дербес ой – пікір бар оқыған қазақ зиялыларын ұлт мүддесіне, ұлт тағдырына байланысты істерден аластату, бұл бағыттағы қимыл – әрекеттерін шектеу. Орталықтын отаршыл саясатын таңдап сараптамайтын, оны бұйрық есебінде бірден сөзсіз жақтайтын, мүлтіксіз жүзеге асыра алатын қарапайым орындаушыға айналдыру.

Ұлт тарихы тек қана саяси, әлеуметтік, қоғамдық оқиғалардан ғана емес, сонымен қатар ұрпақтар жалғастығынан, өміршең дәстүрлерден құралатыны да белгілі. Сол игі дәстүрлерден тағылым ала отырып, мемлекет, әлеумет, жеке адам көшін түзейді, бағытын айқындайды. Халқымыз жүріп өткен ұзақ жолдың шежірелі күндеріне көз салсақ, тарих ата жадына тоқыған талай тағылымды істерді көрер едік. Қазақ тарихының осындай белесті асуларының бірі – Алаш қозғалысы. Бүкіл қазақ даласын азаттық идеясына жұмылдырған бұл ұлы қозғалыстың тарихы мен тағылымы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Алаш қайраткерлері ұлтты ұлт ететін талай-талай шаруаны бастағаны, жолға салғаны белгілі. Сол зиялы қауым көтерген іргелі мәселенің бірі – тіл мәселесі.Алаш зиялылары бастаған рухани мәселелер бүгінгі Қазақстанның   тәуелсіздік мұраттарымен сабақтасып жатыр дегенде, олардың тіл тақырыбы төңірегіндегі ойларының қазірде де өміршең екендігін аңғаруға болады. Қазақ тіліндегі басылымдар, ана тілінде білім алу, тілдің қоғамдағы мәртебесі, ана тілінде тәрбие беру, Қазақстандағы қазақ тілінің басымдығы сияқты мәселелер А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Шоқай, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Шонанұлы тағы да басқалардың істері мен еңбектерінен көрініс тауып жатты[3.340-бет.]

Алаш қайраткерлерінің сонау ХХ ғасырдың басында тіл туралы айтылған ой-пікірлерінің ХХІ ғасырдың басында өмір сүріп отырған қазақ қоғамы үшін де маңызды болуы – біздің бұл салада атқарар шаруамыздың көптігін де көрсетеді. Себебі қоғамымыз тіл саласында әлі де Алаш зиялылары көтерген мәселелер деңгейінде отыр. Сондықтан да жоғарыда есімдері аталған қайраткерлердің, қаламгерлердің ойларын басшылыққа алып, бірқатар жұмыстар атқаруға тиістіміз. Айталық, бүгінгі мектеп, ондағы қазақ тілінің жай-күйі, жас ұрпақтың қазақ бола отырып, Қазақстан мектебінде оқып, орысша білім алуы және ондай қазақ балаларының мыңдап, тіпті он мыңдап саналуы. Қазақ баласының орысша білім алуы деген сөз оның орысша тәрбие алуы болып шығады. Осыны ұлттық қадір-қасиетімізді қалпына келтіру жолында орасан істер атқарған Алаш зиялылары бұдан бір ғасыр бұрын ұғынып, шешуге тырысқан. [4.151-бет.]

Ұлттың болмысын, басқалардан ерекшелендіріп тұратын маңызды рухани табиғатын түсінген Алаш қайраткерлері әрқашан тіл мәселесін ұлттан бөліп қарамаған. Мәселен, А.Байтұрсынұлы «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да  себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер, әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. Егерде біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек қарнымыз ашпас қамын ойлағанда, тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлауымыз керек» десе, М.Шоқай «Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл», М.Жұмабаев «Ұлттың ұлт болуына бірінші шарт – тіл. Ұлт үшін тілінен қымбат ешнәрсе жоқ» деп жазған еді. Ұлы тұлғалардың сөзінде ұлт тілінің маңызымен бірге ескерту, сақтандыру ойлары да жатыр. Біздің заманымыз үшін бұл пікірлердің бағалылығы да осында.[ 1.220- бет.]

Н.Назарбаев қазақтілді басылым редакторларымен кездесуінде: «Алаш арыстары бізге мемлекеттілік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті… Алаштың асыл аманаты бізге тарихи-мәдени бірегейлігімізді, қарапайым тілмен айтсақ, қазақы қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндеттейді. Алаштың асыл аманаты ауызбірлігімізді күшейтуге шақырады» деп айрықша тоқталған болатын. Ұлттық бірегейлігімізді сақтауда Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің қазақтары тілдік бірегейлігімізді сақтауға ұмтылуымыз қажет. Өйткені еуропалық өмір салтына көше бастаған қазіргі заманда ұлттық бірегейліктің бастысы – ана тілі болып отыр. Сондықтан да тіл бірлігі ең күшті біріктіруші факторға айналуы тиіс. Бұны баршамыз неғұрлым терең түсініп, осы бағытта маңызды, шешуші істер атқаруымыз тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.      Қара Ә. Мұстафа Шоқай Өмірі Күресі Шығармашылығы. Алматы, 2004, 220-255- бет.

2.      Қойгелдиев М. “Алаш қозғалысы”. Алматы: Санат, 1995, 339-340 бет.

3.      Қойгелдиев М. “Алаш қозғалысы”. Алматы: Санат, 1995, 340-бет.

4.      Нүрпейісов К. “Алаш һәм Алашорда”. Алматы: Ататек, 1995, 151-бет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *