«Оқушы қаражаты»


Нұрмаханбет Мағжан Саматұлы
Рудный қаласының №15 орта мектебі» КММ 2 «Б» сынып оқушысы
Жетекші: бастауыш сынып мұғалімі Шагаева Жанар Дулаткановна

Алғы сөз

Оқушының  ғылыми жобасы  өзектілігімен  ерекшеленеді. Жас ерекшелігіне  қарамай  «Алма піс, аузыма түс» деп қарап отырмай ақша табуға тырысқан. Сонымен қатар оны іс жүзінде дәлелдеп көрсеткен. Ақшасын жұмсау үшін бизнес жоспар сызған.

Жоба барысында бисермен жұмыс түрлерін нысанға алған. Жоқтан бар жасап, өзіңді қаржыландыруға болады деп ой түйген. Оны қалай насихаттау жолын да көрсете білген. Жалғыз өзі ғана жұмыс жасамай, сыныптастарында соңына ерте білген. Оқушымның ғылыми жобасы заманының көкейтесті мәселесін қозғайды.

Ғылыми жетекшісі: Шагаева Жанар Дулаткановна

№15 орта мектебінің 2 «Б» сынып оқушысы Нұрмаханбет Мағжан Саматұлы

«Оқушы қаражаты» атты жұмысына

Сын – пікір

Мағжан Саматұлының  ғылыми жобасы менңі бірден баурап алды. Себебі жобаның тақырыбынан – ақ не айытқысы келетінін бірден байқауға болады. Ақшаны ата – анасының қолына қарап отырмай өзі – ақ жасауға талпыныпты.

Өзінің отбасына көмектесу керек екенін сезіне біліп, еңбек етуге тырысқаны көрініп тұр. Шамасы келген заттарды жасап арзанға сатып, өзін  қаржыландырған. Сөйтіп бірте – –ірте ақша жинаған.

Міне, оқушы қаржы туралы өзекті сөз қозғайды. Жобасын тек сөзбен емес, іспен көрсете біліпті. Міне, ғылыми жобасында осы мәселелерді  көтереді. Жұмысын  толығымен оқып шығып, риза болдым. Бұл тақырыпты

сынып сағаттарында қолданса тәрбиелік мәні зор деген ойдамын. Оқушының шығармашылық жұмысына сәттілік тілеймін!

Пікір жазған ата – ана:                                 Кожагалиева А.Ж.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:

Қазіргі уақытта оқушылар да заман ағымына ілесуде.  Соның бірі жоқтан бар жасап, бизнеске қызығушылық танытуы. Қазір дайын нәрсенің заманы емес. Еңбек еткеннің еншісі басым. Сондықтан да еңбек ету арқылы ақша табуға болатынын насихаттау. Достарым да еңбек етуді назардан тыс қалдырмаса екен деймін.

Ғылыми жобаның мақсаты мен міндетті:

–         Жоқтан бар жасау арқылы табыс көзі ақшаны еңбекпен табу. Өзімді – өзім қаржыландыру.

–         Мақсатыма жету жолымда мынандайміндеттерді ұстанамын.

–         Бизнес – жоспар жасау

–         Еңбекқор болу

–         Үнемшіл болу

Ғылыми жобаның нысаны ретінде журналдар, түрлі әдебиеттер, фотолар алынды.

Күтілетін нәтиже:

Егер осы айтқандарымды оқушылар дұрыс түсіне білсе, жоқтан бар жасап ақша табуға қызығушылық танытар еді.

Тақырыптың теориялық және практикалық маңызы:

Жұмыстың негізгі тұжырымдамаларын арнайы сабақтарда тақырыпқа сайпайдалануға болады. Жұмыстың құрылымы кіріспеден, қорытынды мен тараулардан тұрады.

Мазмұны

Кіріспе_______________________________________________________3

Зерттеу бөлімі

1.     Бизнес және мен_____________________________________________4

2.     Ақша адал тапқанға бітеді_____________________________________7

Қорытынды___________________________________________________20

Пайдаланған әдебиеттер_________________________________________21

Андатпа

Нұрмағанбет Мағжанның  бұл тақырыпты таңдау себебі  оның шығармашыл оқушы екендігін көрсетіп тұр. Оқушы жан – жағында не болып жатқанын пайымдап, өзінше ой түйген. Ғылыми жобасымен жұмыс жасау барысында теориялық жұмыстан гөрі практикалық жұмыстарға көбірек көңіл бөлген.

Тақырыбының өзекті, оқушыларға өте қажетті екендігі тақырыбынан – ақ ерекше білініп тұр. Оқушы заман талабына икемделе білген. Достарының жағдайына қарап көкейіне осындай ой түскен. Неге оларда ақша бар менің қалтам неге бос жүру керек деп пайымдау жасаған. Сыныбында үзіліс кезінде достарына заттары туралы жарнама туралы сөз қозғап, заттарын өткізуге жұмыс жүргізген.

Оқушының тақырыбын баспасөз бетінде де жариялауға болады. Өйткені практикалық жұмыстары жетерлік. Тәрбиелік мәні өте зор. Жарнаманың сиқыры заттарын өткізуге пайдалы деп тұжырым да жасаған. Жобаның тақырыбы жоғары сынып, бастауыш сынып оқушыларына да пайдасы көп. Жоба асында оқушының көп еңбек еткені анық байқалып тұр. Болжам жасап, жоспарлай білген.

Аннотация

Нұрмағанбет Мағжан выбрал очень хорошую современную тему наученного проекта «Финанс ученика».Видно, что она ребенок средней соословий доход семьи состоит из заробатка отца, и чувствует финансовый неустойчивась. Как говарится «сладок кусок, добытый трудом», а начала она с оригами, и чтобы продать их она прорекламировала свое изделие. Первый заработок пустила в оборот. Из старых вещей сотворив новый изделия, продавала девочкам. Таким образом, у Мағжана появилиентылись свои клиенты, которые еще больше вдохновили ее. С клиентами поддерживала доброжелательные отношения. Он понял, что финансы играют главную роль в создании хороших условий для жизни.

А также с помощью дополнительных информации он узнал о цене денежных купюр и что одним из символов Независимости является – тенге. Затем разработала свой бизнес – план. В конечном результате организовав торговлю, привекла своих сверстников. Видно, что ученица проделала огромный труд.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:

Қазіргі уақытта мектеп оқушылары да заман ағымына ілесуде. «Алма піс, аузыма түс» деп қарап отырмай, өз бетінше еңбек етіп, табыс көзін табу.

Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеті:

Ғылыми жобаның басты мақсаты – жоқтан бар жасап, табыс көзі ақшаны еңбекпен табу.

Мақсатыма жету жолымда төмендегі міндеттерді шешуді алдыға қойдым.

–         Бизнес жоспар жасау

–         Үнемшіл болу

Ғылыми жобаның нысаны ретінде журналдар, түрлі әдебиеттер, фотолар, энциклопедия, қосымша оқулықтар желісінен алынды.

Тақырыптың теориялық және практикалық маңызы:

Жұмыстың негізгі тұжырымдамаларын, арнайы сабақтарда тақырыпқа сай пайдалануға болады.

Жұмыстың құрылымы: кіріспеден қорытынды мен тараулардан тұрады.

3

1.Бизнес және мен

Бизнес – белгілі бір іске қатысушылар арасындағы іскерліктер қатынастар, кәсіпкерлік, яғни бизнес – нарықтық қатынас. Қазіргі уақытта Қазақсандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да өзінің негізін әлдеқашан құрап алған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады.

Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді. Біздің көзімізше қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттелген адамдар шығып жатыр. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының демократиялануы болып табылады. Қазіргі уақытта кәсіпкерлікке өндірістің, нарықтың дамуына, яғни бүкіл қоғамға әсерін тигізетін адамдар түсінді. Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің қолдауының арқасында өркендейді.

Әрине, үйреншікті заттардың тарихын білген әрқашан қызық. Ал ақшаның және ақша жүйесінің тарихы өзіне ғана тән фактілерді емес, елдің, халықтың, экономиканың тарихын қамтиды. Ақша тарихы – өмірдің өзінің ең айқын, ең дәл және сабақ беретін көрсеткіші.

Кез – келген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының бейнесін, яғни тарихын көруге болады. Бүгінгі таңда ақша тарихын зерттейтін арнайы ғылым саласы бар. Ол нумизматика деп аталады. Онда тиындар, құйма ақша кесектері т.б. (тиын мөрлері, құжаттар) ескерткіштер арқылы тиын соғу тарихы кеңінен зерделенеді. Нумизматика ғылым ретінде ХVІІІ ғасырдың ІІ жарытысында пайда болды, оның негізін салушы – Вена нумизматигі И.Х.Эккель.

Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтыныушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді.

Тенгенің енгізілуімен Қазақстан толық мағынаснда тәуелсіз мемлекеттің барлық нышандары бар егеменді елге айналды.

4

Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланатын заңды төлем құралы. Ұлттық валютамыз Қазақстан Республикасының Президентінің 1993 жылғы 12- қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15- қараша күні таңертеңгі сағат 8- ден бастап енгізілді. Қазақ тенгесі Англияда басылды. Ұлттық тенгеміздің шеттері қазақтың ою – өрнектерімен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Тенгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздыңдизайынын жасаушы, авторлық топтың жетекшісі Тимур Сулейменов болды.

2008 жылы тенгенің 15 жылдық мерей тойы қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Әнуар Сейденов «Қазіргі кезде балаларға арналған қазақша кітаптар жетіспейді, таралымы да аз. Сол балаларға ақша туралы алғашқы әліппелік түсінік беретін кітапша шығартсақ » деген тұжырымға келген екен.

Қазақстан Республикасындаақша шығару, олардың айналымын ұйымдастыру және оны айналымнан шығару ісін «Қазақстан Ұлттық банкі» арқылы жүзеге асырылды.

«Қазақстан Ұлттық банкі» банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалып шығарлуын қамтамасыз етеді, қолдағы ақша қаражатын сақтау, инкассациалау тәртібін білейік. Банктің ақша шығаратын банкнот фабрикасы, яғни арнайы Қазақстан Тенге сарайы бар. Онда қағаз ақшалармен қатар арнайы сапамен күміс ақшалар шығарылады. Таза салмағы 24 гр, 34гр т.б. әр түрлі болып жасалатын бұл ақшалар қазақ өмірінің тарихынан мәлімет береді.

Ақшаның мәні оның атқаратын қызыметінен көрініс береді. Ақша негізінен мынандай қызымет атқарады.

1)    Ақша – құн өлшемі. Ақша құн өлшемі ретінде «құнды көрсету үшін, яғни мөлшер жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын көрсететін» материал қызыметін атқарады.

2) Ақша- айналыс құралы.Бұл қызыметінде ақша айналыста дәнекер рөлін атқарады.

3)Ақша – қазына жинау және қорлану құралы. Ақша жалпыға бірдей байлықтың бейнесі болғандықтан оны кез – келген уақытта, кез – келген тауарға айналдыруға болады.

4)Ақша – төлем құралы.Тауарлар нақты ақшаға сатылып қана қоймай несиеге де сатылады. Сатып алушы ақшаның орнына өз тарапынан борышқорлық міндеттемелер береді.

5)Дүниежүзілік рынокта ақша халықтардың төлем қаржысы ретінде төлем баланысының сальдосын өтеуге, халықаралық төлем қаржысы ретінде шетелден нақты ақшаға тауар алу кезінде бір елден екінші елге көшірудің құралы ретінде қызымет етеді.

1. Бизнес сөздік. Экономика – қоғамда үстемділік етуші өндіріс тәсілі. Валюта   – бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі. Банкнот – мемлекеттік банк шығаратын, айналыстағы ақша қызыметін атқаратын билеттер. Номинал – көрсетілген баға, белгіленген баға. Ифляция – ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы.

2. Ақшаға бәрін сатып алуға болмайды. Өмірде ақша қаншама құдіретті күшке ие болғанымен оның билігі жүрмейтін жерлер, ешкім де ақшаға сатып ала алмайтын нәрселер көп. Біз болашақта іскер, кәсіпкер болсақ ақшаның күші  мен құдіретін білдіретін жеті ережені есте ұстау керек.

– Мал баққанға, ақша адалдан тапқанға бітеді.

– Ақша туралы арам ой да зиян.

– Алаған қолым – береген.

– Үстемелеп берсеңіз, үстемелеп аласыз.

– Қайырымдылықпен айналыссаңыз, шығынның қайтарымы мол болады. Басты парызың – қайырым, Оны ұмытсаң өзің де ұмытыласың.

6

Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге

 

Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы Конституциялық заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдауына байланыты тұрақты түрде аталып өтіледі.

Тәуелсіздік – біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік –біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.

1991 жылы Кеңес одағы ыдырағаннан кейін әр бір ел тәуелсіздігін жариялап, өзінің мемлекеттік рәміздерін қабылдады. Қазақстан өзінің  Елтаңбасын, Туын, Әнұранын заңмен бекітті. Саяси егемедігін алған ел экономикалық  тәуелсіздікке де ие болуы қажет.Осы орайда барлық мемлекет бұрынғы Кеңес одағыныңрубльдікаймағынан шығып, өзінің ұлттық валютасын шығарды.

1993 жылы 12 қарашасында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы» жарлық шығарды.

Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі ҚР Жоғарғы кеңес комитетінің төрағасы Сауық Такежанов ұсынған еді.

Теңгенің де өз шығыу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990 жыл ы теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениеттінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден бастаған.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Біз ұлттық ақшамызды бір-ақ рет және бір атаумен шығаруымыз керек, Екінші қайтара оның аты өзгермейді. Сондықтан оны әбден зерттеп барып, бір шешімге келуіміз қажет» – деді.

Содан кейін бүкіл тарихты көтеріп, қазаққа қатысты еңбектер атқарылып, ертеде  қазақта теңге қолданған екен. Біздің академиктер: «орыстың  «деньги» деген сөздері сол теңгеден шығуы мүмкін» – деді. Себебі, ақша айналымы Ресейден бұрын Азияда болған. Біздің бұрынғы түркі мемлекеттері салтанат құрып тұрған кезде, одан кейін де теңге қолданыста  жүрген. Сөйтіп, біздің болашақ валютамыз теңге деген әдемі атауға ие болыпты.

Теңгенің әлемдік биржада 2006 жылдан бастап төбесінде сызығы бар. Т әріпімен белгіленіп келеді. Ұлтық банк жарияланған үлкен байқаудың қорытындысы бойынша осы символ үздік деп танылып, ойлап шығарушылар миллион теңге сыйақы алды.

Ең алғашқы теңге партиясы Англияның ең көне әрі әйгілі «Хариссон және ұлдары» фабрикасында басылып шықты. Теңгенің алғашқы партияларын сақтау үшін арнайы жер асты қоймалары дайындалған. Оларды төрт ИЛ-86 ұшақтары тасыды. Бір аптаның ішінде олар Лондонға 18 рет ұшып барып-қайтып келген. Жаңа валютаның айналысқа енгізілуінің көрші елдерден құпия ұсталғаны сонша барлық құжаттарда  Президент Резиденциясының құрлысы үшін құрал-жабдықтар тасылуда деп жазған. Алғашқы тенгелер жер асты қоймаларынан елдің барлық банктеріне 8 күн ішінде жеткізілген. 1993 жылы қазан-қараша айларында Қазақстан рубль аймағынан толықтай шықты. Қарашаның 12-сіндегі Президент Жарлығынан 3 күннен кейін теңге айналымға енді. Ескі ақшаны Қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада таңғы 8.00-де басталып, 20 қараша күні 20.00-де аяқталды. Ұлттық банк алғашқыда 1 теңгені сол кездегі 1000 рубльге бағалаған. Кейін еліміздің саяси және әлеуметтік, мемлекетаралық қатынастары ескеріліп 1 тенге 500 рубль болды. Ал бірінші айналымға енген 1 теңгенің АҚШ долларына шаққандағы құны 4,35 теңге болады.

1992 жылы теңгедизайындағы бейнелер бекітілді. Еңалғашқы теңгемізде белгілі тарихи тұлғалардың портреттері. Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды. Бір теңгелік банкнотқа Әбу Насыр әл Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы, он теңгелікте Шоқан, жиырма теңгелікте Абай, елу теңгелікте Әбілхайыр хан, жүз теңгелікте Абылайхан бейнесі салынған. Теңге дизайнерлерінің бірі – Прага сәулет институтының түлегі, бірнеше халықаралық конкурстардың жеңімпазы Х.Ғабжалеловтың пікірінше, ақшада айтулы алаш азаматтарының бейнесін берудің бірнеше себебі бар. Біріншіден, қосымша күрделі бедер – бейнелер банкноттарды қолдан жасаудан қорғайды, екіншіден тарихи тұлғаларымыздың суреттері біздің жас мемлекетіміздің өз тарихы мен болмысын танытады және қазақ ақшаларын әлемдегі басқа валюталардан даралап , айшықтап тұрады.

Қазақстанның ақша сарайы  металл тиындарды шығаруға дайын болмағандықтан жедел түрде қағаз түрінде шығарды, бірақ 1 жылдан соң оларды металл тиындарға ауыстырды. 1994 жылы қағаз тиындар жезден жасалған монеталармен алмасты.

1993 жылы құрлысы басталған банкнот фабрикасы 1995 жылы толық аяқталды. 19 мамыр 1995 жылы ресми ашылу рәсімі өтті. Бұл стратегиялық нысанға осынша көп журналистке кіруге алғаш рет рұқсат берілді.Нұрсұлтан Назарбаев осында басылып шыққаналғашқы миллион теңгенібүкіл Қазақстанға көрсетеді.

1995 жылы Алматыда өз банкнот фабрикамыздың тұсауы кесілді.Қазір Тәуелсіз Қазақстан төл валютасын өз елімізде  басып шығарды. 2006-2011 жылғы банкнот фабрикасы  ұлттық ақшаның түрлерін басып шығарды.

Теңге 2006 жылы өз бейнесін өзгертті. 2006 жылғы үлгідегі банкноталар бірыңғай стильде орындалған, суреттер бет жағында негізінен тігінен, сырт жағында көлденеңнен орналасқан. Тұтастай алғанда, дизайн Қазақстанның қазіргі бейнесін көрсетеді.Барлық мемлекеттік нышандар, сәулет объектілерінің және елдің табиғат нышандарының бейнелері кіреді.

Банкноттардың бет жағында, ортанғы бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі қазіргі заманғы сәулеттің конструкторлық және инженерлік ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны орналастырылған. Банкноттың ортасында  түрлі-түсті жолақтарда Қазақстан Республикасының әнұраны ноталарының фрагменттері бейнеленген, оларға номиналды сандық белгісіжазылған. «Бйтерек» ескерткішінің сол жағында бір түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы салынған. Оң жақ жоғарғы бөлігінде – мемлекеттік жалау бейнеленген. Банкноттың төменгі бөлігінде сенімді шынайылықты және әдептілікті білдіретін классикалық геральдика ашық алақан бейнеленген.

Оң жақ төменгі бұрышында тігінен номиналы 200, 1000, 2000, 5000, 10000 теңге деп жазылған. «Алтын теңге» Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің басты атрибуты – ұлттық валюта күні.

«Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ. Кейбір жағынан алғанда теңге – бұл тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны.»

Қазір ел экономикасы даму үстінде. Сондықтан теңгенің тұғыры да  тұрақты. Қазір ол жақын шет елдерде сұранысқа ие. Мәселен, теңге Өзбекстан, Қырғызстан,  Ресейде евро, доллармен бірге айналымда жүр. Бүгінде осы аумақта Ресей мен Қазақстанның экономикасы ілгерілеу тұр. Руль мен теңгенің қарым-қатынасы жақсы. Ұлттық валютаның  бүгінгі тұғыры бір қалыпты. Жалпы, ұлттық валютаның құны ел экономикасының өсімімен белгіленіп отырады. Бұл-айқын нәрсе. Басқа валютаның қатынасына қарай құны белгіленеді. Жалпы көршілерде теңгені сатып алуға құқық бар, ендеше қазақ валютасына да сұраныс бар. Теңге –дербестік тірегі.

10

Ақша жүйесі – белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі. Елдегі жалпыға бірдей балама ретінде қабылданған асыл металға және ақша айналысының негізіне қарай ақша жүйесі екі түрге бөлінеді. Ақша жүйесі дегеніміз жеке элементтері белгілі бірлікте болатын жүйе болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі элементтері мыналар:

Елдің ақша жүйесін реттеу жұмысын, осы жүйенің әрқилы элементтерін үйлесімге келтіріп отыратын, қаржы- несие органдары жүргізеді.

Металдық ақша жүйесі негізгі екі тиіпке: биметализм мен монометализмге бөлінеді.Бимеализм тұсында  жалпы эквивалент рөлін екі метал атқарады (алтын мен күміс), монометализм тұсында – тек бір металл. Биметализм  жүйесі Еуропада ХVI-XVIII ғассырларда кең тараған. Бірақ жалпы эквивалент болып табылатын ақшаның табиғатына, ақша рөлін екі металдың атқаруы қарсы келеді. Осылайша уақыты жеткен мерзімде бұл жүйе монометализмге алмастырылады. Алтын метолизмі алтын монеталық стандарт формасында бірнеше дүниежүзілік соғысқа дейін болды. Сол дәуірде алтын монетасы еркін соғылған, күн белгілері алтын монетаға еркін айырбасталған, елдер арасында алтын еркін жылжып  отырған.

Ақша – адамзаттың ойлап тапқан керемет өнертапқыштығының бір түрі. Ақша – бәріміздің де сұранымдарымызды қанағаттандырудың ортақ символы.

Ақша айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Ақша айналымын ұйымдастыруға байланысты екі ұғым бар. Айта кететін бір жайт, ақша айналымның құралы. Ақша айналымы және ақша айналысы. Көптеген шетел басылымдарында ақша айналымы деген ұғым кездеспейді.

Ақша айналымы біртектес тмемлекеттік меншік формасына қызымет көрсетті. Нарықтық экономика үлгісі жағдайындағы ақша айналымына тән ерекшеліктер: Ақша айналымы негізінен шаруашылықтағы нарықтық қатынастарға қызыме жасайды.

 

11

Қолма – қол ақша және қолма – қолсыз ақша  айналымдарын заңмен ажырату. Қазіргі ақша айналымның ерекшклігі – айналымның құнсыздық түрі. Ақша айналымы, төлем айналымының бір бөлігі болып табылады. Ақша айналымының құрлысы бірнеше белгілермен (нышандар) сипатталынады. Осы белгімен ақша айналымы үшке бөлінеді: Ақшаның есеп айырысудағы айналымы. Ақшаның несиелік айналымы.

Ақшаның қаржылық айналымы. Бұл айналым шаруашылықтардың қаржылық қарым – қатынастарына сай. Осы айналымға қатысатын субъекттерге байланысты оны тағы бес банкаралық айналым; банктер мен  басқа заңды және жеке тұлғалардың арасындағы тек заңды тұлғалардың арасындағы айналым;

Заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың арасындағы айналым; тек жеке тұлғалардың арасындағы айналым.

Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар – чектер, пластикалық карточкалар электрондық. Қолма-қолсыз ақшалар айналысы жалпы айналымның едәуір бөлігін алады. Өнімді қызыметтерді және жұмыстарды сатуда; ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде; банк несиелерін алу үшін және қайтаруда; бюджетке тиісті төлемдерді аударуда; халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда; басқа да банкаралық есеп айырылысулар.

Қолма-қолсыз есеп айрысудың үшінші қағидасы – нарық. Сонымен қатар, қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысуды көздейді. Төлемнің мерзімділігі қағидасы – шаруашылық несиелік сақтандыру сауда – саттық операциясын аяқталғаннан кейін, біршама уақыттан кейін – төлемнің қамтамасыз етілу қағидасы – бұл алдындағы мерзімділік. Қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысуға байланысты барлық аталған қағидалар. Демек, қолма – қолсыз есеп айырысу қағидалары – бұл қолма-қолсыз. Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс бар. Ақша айналысы: Металл ақша айналысы.

 

12

Металл ақшаның алғашқы түрі – құйма металл, оның біртіндеп металл ақшаның түрі де, салмағы да өзгерген. Металл ақшалар толық құнды және толық құны жоқ. Ақша айналысының майда ақшаның үлесі салмағы аз. Алғашқы қағаз ақшалар Қытайда пайда болды.  Өз құны болмағандықтан қағаз ақша тұрақсыз, ол тез құнсызданады. Өмірде қағаз ақшаның құнсыздануын қалай байқауға болады? Кенет бүкіл тауаарлар бағасы жоғарлайды, әсіресе, бірінші кезекте жалпы қағаз ақшаның  құнсыздануы тұрақсыз экономикаға тән құбылыс.

Несие ақшалары да қағаздан жасалады, бірақ олар, әдетте, банктер.Несие ақшаларының ерекшелігі – оларды шығару іс жүзінде. Бронзалық вексель нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді. Несиенің ақшаларының келесі түрі- банкнотта. Банкнотта – экономикалық әдебиеттерде  банкноттарды екіге түрге бөледі. Классикалық банкнота – бұл банкнотаның  алғашқы пайда болғаны.Жай банкнота – бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылған.Чек вексель мен банкнотаға қарағанда екінші денгейлі банктердің чектері 1683 жылы Англияда пайда болды. Чек- ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі. Пластикалық карточка қолма – қол ақша мен чектің орнына жүретін. Ақша айналысы заңы. Ақша айналысының заңы – тауарлар айналысы үшін қажетті тауарлар бағаларының сомасы.

Ақша айналымын жоспарлау – мемлекеттің айналымға керекті нақты ақша мөлшерін жоспарлы түрде белгілеп, жалпы ақша жиынынұлғаймалы ұдайы өндірістің қажетіне сәйкес реттеуі. Экономикалық үздіксіз дамып отыруы үшін айналымдағы ақша  мен тауар жиыны арасыында қажеттік сәйкестік сақталуы керек. Ақша айналымын дұрыс реттеу мақсатымен  барлық кәсіпорындар ақшалай қаржыларын банктерде ұстап, тек төлемге қажетті мөлшерін ғана алып отырады. Ақша айналымын жоспарлау  халықтың ақшалай  кіріс-шығыс баланысы мен Ұлттық банктің касалық және кредиттік жоспары негізінде  жүзеге асырылады. Баланыста табыстың  көзі және оны пайдаланудың негізгі бағыты көрсетіледі. Мұндай баланыстың көмегімен ақшалай кіріс – шығыс болады.

13

Өз қалауыңызды жүзеге асыру үшін оның нақты жоспарын жасап, дереу іске кірісіңіз. Ең маңыздысы ішкі мүмкіндік. Сол арқылы өз карманыңызды кеңейте аласыз. Іштей әрекет дұрыс болса, сыртқы жағдай да қолайлы бола түседі.

Өз әрекетіңіз кезінде 20 пайыз ғана күш жұмсап, 80 пайыз нәтиже беретін  жағдайға ұмытылыңыз.

Осы сияқты идияны ақшаға айналдыру жоспары ақшаға айналатын жұқа әлемнің бедерін қалыптастырады. Ол анық көріне бастасымен, сіздің жоспарыңыз да нақты мерзімінде нақты оқиғаларымен толығады.

Ақшаны пайдалы жаратудың жолдары.

Ақшаны өзі үшін, яғни өзіне бір нәрсе сатып алу, өзіне сыйлық жасау үшін жұмсау – пайдалы іске жұмсау болып саналмайды.

Ақша табуға кедергі келтіретін жағдай – тәкапарлық. «Мен кедеймін, өйткені ақшаның соңына түсуге адамгершілігім жібермейді» дейтіндер бар. Бұл орайда адал жолмен, еселі еңбекпен табыс табуды кез-келген жолмен (алдау, арбау, бопсалау, т.б.)  ақша табумен шатастырмау қажет.  Негізінен, ақшаны пайдалы жаратудың бірінші принципі – тәкапарлықты азайту. Себебі, кез-келген адам бір жерде біреудің қарамағында жұмыс істейді, соның идеясын жүзеге асырады. Тәкапарлық біреуге, одан қабілеттірек, талантырақ адамға жұмыс істеуге кедергісін келтіреді.

Ақшаны қуана жұмсау қажет. Ақшаны пайдалы жаратудың екінші принципі карма заңына сүйенеді.Өз ақшаңды жақсы сезіммен жұмсағаныңыз жөн. Сіздің сатып алғаныңыз үлкен, өте әдемі зат болған сайын көңіл-күйіңіз де жоғары көтерілуге тиіс. Ақшаны қуана жүріп жұмсаған сайын ақшаны өзіңізге тартудың кармалық механизмі іске қосылады. Ақша-карманың төртінші денгейі. Оны естен шығармаңыз. Егерде өз ақшаңызды жұмсау ешқашан қуандырмайтын болса, мінез-құлқығызға қайта қарап, оны жақсы жағына қарай өзгертуге тырысыңыз.

Фэн- Шуй жүйесі бойынша, ақшалы болғыңыз келсе, үйіңізде ақшаны тартатын орталықты құруға ниеттелсеңіз: қонақ бөлме жарық та, ыңғайлы болуға, оның оңтүстік – шығыс бөлігі әртүрлі заттармен толтырылмауға тиіс, және де сіз орындықтың, креслоның, диванның арқасын есікке, терезеге қаратып отырмаңыз, қонақ бөлменің бұрыштарын әр нәрсеге толтырмаңыз, бірақта оны бос қоймаңыз. Олай жасамасаңыз, сол жерге қуаттар шоғырланып тұрып қалады да, ақшаңыздың айналымында тоқыраушылық болады. Мадақ пен сыйлық ақша адамды мадақтау да оған ақшалай сыйлық жасау да оның миына біркелкі дәрежеде жағымды әсер етеді екен. Бұл- жапондық және американдық ғалымдардың ашқан жаңалығы.

Баспасөз беттерінде жарияланған мәліметтер бойынша  бұл тәжірибе Жапонияның Оказаки қаласындағы ұлттық психология институтында жасалынған. Оған 19 адам қатысқан. Оларға ми маниторингі жүргізіп, алғашқыда тәжірибеден өтушідерді үш-үштен бөліп, құмар ойындарын ойнатады. Сол кезде оларға басқа адамдар келіп мақтау сөздер айта бастайды. Сонда анықталғаны : ақша ұтқанда әлгі адамдардың миының қай бөлігі ерекше белсенділік танытса, мақтауды естігенде  де мидың сол бөлігі белсенділік көрсетеді. Яғни, ақша мен мадақ адам миына бірдей жағымды әсер етеді.

Ақшаны алдап алу. Оны арнайы түрде жолыңызға тастау, сізге әдейі соқтығысу арқылы іске асырады. Ақша тастау. Бұл әдісті кісі тонаушылар топтап жасайды. Олардың әрқайсысының атқаратын өз міндеттері бар.Қай жерде, кімнің алдында, қалай ақша тастау керектігін жетік білетін қулар ең алдымен ауылдың адамын, алаңғасар кісіні іздейді. Бұл топтың екінші адамы тасталған ақшаны әлгі адам көрмей қалса, оны тоқтатып әмиянды көрсетеді де ішіндегі ақшаны оңаша жерге барып бөліп алуға азғырады. Үшінші адам қолайлы сәтті күтіп тұрып, олардың үстінен түседі де жоғалтқан ақшасын солардың тауып алғанын айтып байбалам салады, бумадағы ақшасы  азайып қалғанын сылтауратып, әлгі адамның қалтасын ақтарып ондағы бар ақшасын сыпырып алады. Ұры атанғысы, милицияға түсіп, істі болғысы келмеген аңқаулар өз ақшасын тектен – текке ала аяқтарға беріп, тоналып шыға келеді. Арнайы соқтығысу. Мұны екі –үш ала аяқ  бірігіп жасайды. Олардың біреуі қолтығына ескі сынық радиола немесе магнитафонды қыстырып, көздеген кісімен әдейі соқтығысып қалады. Сол кезде қолтығындағы сынық, жұмыс істемейтін радиола, магнитафон, басқа да заттар жерге түсіп, оның күл талқаны шығады. Осы кезде оның сыбайластары жанына келе қалып, оқиғаға куә болады. Ерңксіз «кінәлә» болған адам айыппұл төлеп, кейде сол заттың құнын беріп, ала аяқтардан әзер құтылады.

Сол себепті адам қатынасы мол тротуарларда сақ жүрген жөн. Қандай оқиғада да сасып, қорықпаңыз.

Ақша жинау туралы ақыл – кеңестер.

Үндістанның әйелдерге арналған «Фимина» атты журналында Махалакшмидің «Бақытты блудың 100 тәсілі» туралы зерттеу мақаласы жарияланғанды. Онда ол қаражат жинау жөніндегі өзінің іс- тәжірибесін әйелдерге ақыл-кеңес  ретінде арнайды. Яғни, автор былай деп жазады:

«Кішкентай да болса бір жетістікке жеткен сайын тындырымды істерім үшін өзіме-өзім сыйлық жасауды жоспарлаймын. Яғни, өзімнің жұмысқа деген ынтамды арттыруым керек».

Ақша шақыру жаттығулары:

1.     Қай жерде ақша туралы әңгіме қозғалса да сіз ақшаны жамандамаңыз.Бұл  сіздің өмірлік салт-дәстүр, дағдыңызға айналсын. «Ақша жоқ, ақша жетпейді» деп ешқашанда айтпаңыз. Олай десеңіз, сізден ақша қашады. Керсінше, сіз «мені ақша жақсы көреді», «Күннен – күнге менің қаражатым көбейіп, табысым артып келеді» деген сөзді жиі-жиі айтыңыз, олай деуге қымсынбаңыз,қорықпаңыз.

2.      Ақша жинаңыз. Тек ақшаны тойға, жақсылыққа, оқуға, жаңа дүние сатып алуға, саяхатқа шығуға, жақсы демалуға жинайтын болыңыз. Ақшаны «қара күнге» деп жинамаңыз.

3.     Ақша жинауда, оны ұстап жинауда бай адамдардың психологиясын зертеңіз, соларға еліктеңіз. Өзіңізді бай адамның орнындамын деп есептеңіз. Қоғамдық көлікпен жүрсеңіз «Мен мұны қарапайым адамдардың тыныс-тіршілігін білу үшін уақытша мініп жүрмін» деген ойда болыңыз.Өзіңіздің бұл ісіңізді баюға психологиялық  тұрғыда дайындалу деп түсініп, күнделікті өмірде ұсақ-түйектерге көңіл бөлмеңіз.

4.     Ақшаны адал жолмен қалай тапсаңыз, оған да солай адал болыңыз. Ұлық пайғамбарымыздың (с.ғ.с)  хадис шәрібінде айтылғандай, біреуге артық ақша бермеуді, біреуден артық ақша алмауды қадағалаңыз. Сатушы жаңылысып, сізге артық ақша қайтарса немесе бір затыңызды сатып алушы құнынан артық ақша ұсынса, оны қайтарып беріңіз. Қиянат жасағандыақша ұнатпайды.

5.     Ешқашан тың ойлардан, жаңа қадамдардан, жаңалықтардан, жақсы істерден бас тартпаңыз. Олар сізді жаңа табыстарға жетелейді.

6.     Ақша- үлкен қуат көзі болғандықтан, әрі ұқыптылықты жақсы көретіндіктен ең бірінші жақсы әмиян таңдап алыңыз. Сосын оған әр тиынды дұрыстап тұрып салыңыз, әмияныңызды сыртынан сипап, оған жылы сөздер айтыңыз, ақшаның еркелеткенді жақсы көретінін естен шығармаңыз.

7.     Ақшаны жұмсаудағы ең басты қателіктердің бірі – оны қолдан-қолға беру. Сол себепті оны берерде ағаштан жасалған үстелдің немесе сөренің үстіне қойыңыз.Өйткені, адам өз қолымен ақшаны  басқаның қолына бергенде өз қуатын бірге беруі мүмкін. Ақша алғандада байқаңыз: ауру немесе ниеті бұзық адамның қолынан алған ақша сәтсіздікке ұшыратады. Ал ақшаны ағаштың үстінен алсаң, мамандардың айтуынша, ағашта нашар қуат күшін тұншықтыратын қасиет бар. Егерде ақша алғанда мұндай мүмкіндік болмаса, үйге келісімен әлгі ақша салған әмияныңызды ағаш үстелдің, сөренің үстіне жарты сағат қою қажет.

8.     Ақша түнде беруге, түнде алуға болмайды. Себебі ақша да барлық табиғаттың құрылым бөлшектері тәрізді таңертең оянып, күн батқанда ұйықтайды. Сондықтан да ұйқыдағы ақшаны алып та, беріп те қажетті жоқ.

9.     Маңдайға біткен дәулет үшін өтем төлеу жақсы.Байлықты сақтап қалу  үшін қайырымдылық шараларына мол шығын шығып, жаманшылықтың алдын алады. Мешіт, медірессе, аурухананы өз қаражатымен салдырып халыққа сыйға тарту – бұрыннан жалғасып келе жатқан сауапты іс. Тек оның атын шығару үшін жасамау қажет.

10.                                                          Ақша өзіңді жақсы көру үшін алдымен сіз ақшаны жақсы көріңіз. Алайда ақшаны ар-ұяттан, ұлттық мақсат-мүдеден жоғары қоймаңыз. Жетпей, таусылып, қарызға батып қалған кезде ғана ақшаны ойламай, оны әрдайым байлық ретінде жақсы көріп, оның молайатынына кәміл сеніңіз. Ақша жолы болмайтын, өзіне – өзінің сенімі жоқ адамдардан қашады. «Маған сондай жалақы, сондай ақша жетеді», – деп, ақшаға шектеу қойып, өзіңіздің табыс көзіңізді жауып тастамаңыз. Ақша қайырымдылықты жақсы көреді.

Ақша айналысы ұдайы өндірістік процестің әр түрлі жақтарын бейнелейтін өте күрделі жүйе.

Тауарлық немесе тауарлық емес формада болатын өндірістік және жеке тұтынуға арналған өндірілген өнімдер  мен көрсетілген қызыметтер ақша арқылы сатылады. Ақшаның көмегімен табыс, оның ішінде қосымша өнімнің құны қалыптасады әрі бөлінеді.

Сондай – ақ, ақшаның көмегімен кридит пен басқа қаржы ресурстары қалыптасып, қайта бөлінеді және пайдаланылады. Бұл арада шаруашылық жүргізуші органдар мен жекелеген кәсіпкерлер арасындағы, олардың мемлекет арасындағы, шаруашылық жүргізіуші субъектілер және олардың жұмыскерлері арасындағы, халық пен мемлекеттің арасындағы, сандай – ақ жеке азаматтардың арасындағы тікелей ақша қатынасында қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшалай формада есеп айырысулар болады. Бұл жағдайда есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз формасы мен қолма –қол ақша қозғалысы бір-бірімен өзара тығыз әрекеттесіп, біріңғай ақша айналымын құрайды. Сондықтан да барлық ақша қызыметінің олардың тауар айналымының процесіне қызымет етуі барысында, өндірісті ұлғайту процесінде жалпы ұлттық өнімнің және ұлттық табыстың жиынтық құнын қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу барысында пайдаланылуы ақша айналымын қалыптастырады.

Қорытынды:

Қорытынды:

Ақшаға бәрін сатып ала алмайсың. Өмірде ақша қаншама құдіретті болса да адалдықты ақшаға айырбастамау керек. Сауда істейтін адамның бойында қайырымдылық болу қажет.  Маған қарап сыныптастарым да ақша табу жолын сұрай бастады. Осы орайда олар да талпыныс жасай бастады деген ой түйдім. Ақша өмірдің мәні емес. Бірақ күнделікті өмірде ақшасыз жүру қиын. Әсіресе,  көп оқушының әмияны үнемі бос жүреді. Мен оқу – құралдардың арзанын ұстаймын, қымбатқа жағдайым жоқ.Әрине, ақша ұстайтын достарым да бар.  Мен де достарыма қатты қызығамын. Бірақ, ата-анам жағдайы  келмейді. Сондықтан осы жолды таңдадым, өзім еңбектеніп ақша таптым. Оны өзімнің  қажетті заттарымды аламын.  Отбасыма сәл де болса көмек. Бір жағынан  бос уақытыңды тиімді өткізесің. Ақша адал тапқанға бітеді деген ұстанымды ұстанып жүрмін. Міне, қазір мен асханаға барып, өз қаражатымды жаратып жүрмін.

“Ақша адал тапқанға бітеді” демекші, өскенде мен үлкен кәсіпкер боламын. Әкеме машина, анама аппақ диван сатып алып беремін.

Ұсыныс

1.Қаржылық сауаттылыққа баулитын үйірме ашылса.

2.Жоқтан бар жасап, табыс табуға әбден болады.

3.Мектеп оқушыларының қолөнерінен жәрмеңке ұйымдастырылып тұрса.

Пайдаланған әдебиеттер

1. “Ақ желкен” журналы 2012  жыл, №5, 5-6 бет

2.”Балдырған” журналы  2012  жыл, №6, 8-9 бет

3.”Бастауыш мектеп” журналы  2012 жыл. № 6 , 4-5 бет

4.”Білгенге маржан” журналы №1, 3-5 бет

5. “Білгенге маржан” журналы 2012 жыл ,№5,  5-6 бет

6. “Білгенге маржан” журналы 2013 жыл, №5, 4-5 бет

7. ” Бизнес журналы ” 2011 жыл, №5,  5-6 бет

8.”Бизнес” журналы  2014  жыл, №5, 6-9 бет

9.”Жасыл алма газеті”  2013 жыл,№ 2,    4-5 бет

10.” Қаржылық сауаттылық”  2009 жыл 4 сыныпқа арналған  оқулық

11. “Қаржылық сауаттылық”  2011 жыл, №2, 2-3  бет.

12 .”Қаржылық сауаттылық”  2013  жыл, №2, 2-3  бет.

13.”Мөлдір бұлақ” журналы 2013  жыл, №5, 8-9 бет

14.”Сауда әлемінде” журналы 2014 жыл, №5, 4-5 бет

15.”Уақыт журналы ” 2013 жыл,№6,  6-9 бет

16.”Шебер қолдар”  2012 жыл,№4,  4-5 бет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *