Ұялы телефонның адам ағзасына зияны


Анарбекова Айда Сарсеновна
Рудный қаласының №15 орта мектебі»КММ 1 «Ә» сынып оқушысы
Жетекші: бастауыш сынып мұғалімі Капышева Гүлшат Сайрановна

Кіріспе

Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды. Мобильді телефондар, смартфондар, қалта компьютерлері кеңседе де, одан да тыс жерлерде де, жәй өмірде де, қысылтаяң күтпеген кезеңде де қолдан түспейді. Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні титтей балалардың да қолынан түспейтін нәрсеге айналды. Қазақстанда ұялы байланыс 1998 жылдан бері қолданыста жүр. 15 миллион 300 мың халқы бар Қазақстанның 5 миллион 600 мың тұрғыны ұялы байланыс құралын тұтынушылар санатына кіреді. Болжамдар бойынша 2014 жылы Қазақстанда әрбір екі адамның бірі ұялы байланыс қызметін пайдаланады.

Ал оның адам ағзасына тигізетін зиянды әсері туралы не білеміз? Бізден басқа елдердің талайы ұялы телефонның адам ден­саулығына зияндылығы туралы неше түрлі дабыл қағып жатыр. Бұл мәселе әлемдегі жүздеген ғалымның зерттеу нысанына айналғалы біраз болды.

Тақырыптың өзектілігі – ұялы телефонның адам ағзасына зиян келтіретіні жөнінде ғылыми тұрғысынан зерттеу кезек күттірмейтін мәселе болғандықтан тақырыптың өзектілігі айқындалды.

Зерттеудің мақсаты. Ұялы телефонның адам ағзасына келтіретін зияның жан-жақты зерттеу, насихаттау.

Аталған мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:

·         Ұялы телефонның адам ағзасына келтіретін зияндылығын теориялық және практикалық тұрғыдан қарастыру.

·         Ғылыми тұрғыдан зерттеу әдістерін қолдана отырып, мәліметтер жинау.

·         Ұялы телефонның келтіретін зияның оқушылар арасына түсіндіру және қауіпсіздік шараларын қолдану жөнінде сауаттылығын кеңейту.

Зерттеу нысаны – ұялы телефонның әр моделін пайдаланатын адамдар.

Зерттеудің болжамы – кент тұрғындары арасында насихаттау жұмыстарын жүргізе отырып, ұялы телефонның зияны жөнінде сауаттылығы артатының болжамдаймыз.

Жобаның әдістері – әңгіме, байқау, сауалнама, ізденіс, диагностика, салыстыру, аудару әдістері алынды.

Орындалу түріне қарай – жекелей орындалған ғылыми жоба болып табылады.

Зерттеудің кезеңдері:

1.     Дайындық кезеңі: Тақырып және оның мақсаты белгіленіп, керекті әдебиеттер, мақалалар жинақталды.

2.     Жоспар құрылып, мақсаттар қойылды.

3.     Зерттеу жұмыстары жүргізілді.

4.     Қорытынды шығарылды.

5.     Оқушылар арасында ағарту жұмыстары жүргізілді (нұсқамалар таратылды).

1.Ұялы телефонның шығу тарихы
1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.
Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр.

Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын

Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.

1997 жылы әлемде ұялы желі қызметінің абоненттері 207 миллионды құраған. Бұл жаңалық өндіріске енген уақыттан жиырма жыл мерзім өткеннен соң ғана, миллиардыншы абонент тіркелген. Ал екінші миллиардыншы межеге жетуге бар болғаны үш жыл мерзім қажет болды. Wireless Intelligence зертеулер орталығының мәліметтерінше келесі 3 миллиардтық межеге 2010 жылдың соңында жететін боламыз.

Ұялы байланыс қызметі жылдам өркендеп келе жатқан елдердің алдыңғы қатарында Қытай, Үндістан, Ресей, АҚШ, Пәкістан, Украина елдері келе жатыр. Тұтынушылардың санының артуымен бірге, ұялы байланыс индустриясы да ерекше қарқын алды.

Бұл үрдістен Қазақстан да шеткері қалмады. Ресейден кейін өзінің ұялы байланыс құралын шығаруды қолға алған біздің еліміз үшін 2004 жылдың жөні бөлек. Дәл осы жылы Қазақстандық тұңғыш брендтің нарыққа шығуы іске асқан болатын.

Ханымдар үшін арналған қазақстандық бұл өнімнің негізгі бренді Тайваньндық компаниясына тиесілі болса-дағы, «Жетілік» атауын алған марканың дизайны мен мәзірлік құрылымы отандық мамандардың қолынан шыққан. Орта класты нарыққа арнап шығарылған «Жетілік» Софи маркасы Қазақстанның ұялы байланыс индустриясына енуге жасалған алғашқы қадам еді.

Қазақстанда ұялы байланыс 1998 жылдан бері қолданыста жүр. 16 миллион халқы бар Қазақстанның 5 миллион 600 мың тұрғыны ұялы байланыс құралын тұтынушылар санатына кіреді. Болжамдар бойынша 2010 жылы Қазақстанда әрбір екі адамның бірі ұялы байланыс қызметін пайдаланады.

Бүкіләлемдік тәжірибе бойынша ел нарығына енген тауарлар арнайы сараптама мен сертификациядан өтуге міндетті. Мұндай қызмет түрін ұсынушы жүйе Қазақстанда да бар. Телекоммуникация құралдарын, арнайы сараптаудан өткізетін «Телсет» орталығында шет елден келетін ұялы телефондар компаниялар мен фирмалардың өтініші бойынша, сынақтан өткізіліп, мемлекет бекіткен стандартқа сай сапасы анықталады. Бұл іске асқан жобада тауар сапасы 30-ға жуық өлшемдер негізінде анықталады.

АҚШ-та ұялы телефонды құнарландырудың жаңа әдісі ойлап табылды. Ол үшін енді велосипед тебу кезінде өндірілген энергия пайдаланылды.

АҚШ 2008 жылдан бастап ұялы телефондарға арналған велосипед қозғалысы кезінде зарядтау мүмкіндігін беретін жаңа құрылғыларын шығара бастамақ. Ол негізінен электр энергиясы тапшы немесе велосипедтері көп үшінші әлем елдеріне арнап жасалып отыр. Жаңа құрылғыға деген сұраныс әсіресе негізгі көлігі велосипед болып табылатын 500 миллион қытайлықтың тарапынан болады деген болжам бар. АҚШ-тың бірнеше электрондық құрылғылар мен бағдарламалар жасайтын компаниялары бірігіп, жер астынан ұялы телефонмен хабарласу мүмкіндігін беретін байланыс жүйесін жасап шықты. Жаңа технология төтенше жағдайда кезінде шахта қызметкерлерін қорғауға мүмкіндік береді. Жаңа жобаның тәжірибелері Питсбургтағы шахталардың бірінде жасалды. Қазір АҚШ үкіметі бұл жаңалықтың өндіріске енуіне рұқсат берді.

2.Ұялы телефонның түрлері

Ұялы телефондарды мынадай түрлерге бөлуге болады:

·         Жай ұялы телефон/смартфон

·         Ұялы бейнетелефон
Пішініне қарай: моноблокты, жайылмалы, сырмалы, т.б.

Жай ұялы телефонда қоңырау шалу/қабылдау, SMS, соңғы кездері фото/бейнекамера, саз, флеш-жад, Интернет, MMS, Bluetooth, IrDA деген сияқты функциялары бар. Бұл қатар уақыт өткен сайын көбейіп барады.

Смартфон (ағылш. smart — білімді, ақылыды) құрылымы жағынан компьютерге ұқсас болып келеді. Оның ішіндегі функциялар бағдарлама ретінде жасалынған, ал олар смартфонның амалдық жүйесінде істейді. Мұнымен қатар өз бағдарламаларыңызды қосуға болады. Мысалы ойындар, ойнатқыш, шолғыш т.с.с. Сол себепті смартфон жай ұялы телефонға қарағанда күрделі, функциялары кеңейтілетін құрылғы.

Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бірін – бірі көріп сөйлесуге болады.

 

II.    Негізгі бөлім.

1.SAR өлшемі туралы жалпы түсінік.

Ұялы телефон – электрлік құрал. Адамның басқа абоненттермен сөйлесуі, қысқа хабарламалар жіберуі немесе жай ғана күту режиміндегі телефонда азды-көпті болсын электрмагниттік толқындардың генерациясы жүріп тұрады. Осы үдірісті тудыратын қабылдаушы антенна болып табылады. Ал телефонды құраушы басқа құралдардың (экран, жиілік генераторы, корпус және т.б.) зияны қызығушылық тудырмайды, себебі өте аз.

Ұялы телефонның бойындағы электромагниттік толқындар электромагниттік сәулелерді шашады (3-сурет). Электрмагниттік сәулелер жоғары жиілікті электрлік және магниттік өріс тарапынан туындайды. Осы сәулелену кез келген органикалық немесе бейорганикалық затқа әсер етеді.

Адамзат көп уақыттан бері электромагниттік толқындарды өз пайдасына асыруда. Оларсыз коммуникация әлемін елестету қиынға соғатыны сөзсіз. Радиостанциялар, телекөрсетілім, байланыс тірегі осы электроманиттік толқындар.Оларды қазіргі таңда медицинада да кеңінен қолдануда. Мысалы ретінде рентген, узиді қарастыруға болады. Олар әкелетін зияннан пайдасы көбірек болады, ал ұялы телефонның жағдайы басқа.

Біз ұялы телефонды құлақ тұсына қойған кезде телефон мен адамның басы арасында электромагниттік орта пайда болады. Оның әсерінен мидың жасушалары біртіндеп қызды. Ол, әрине, адамның жүйкесіне тура әсер етеді. Адамда ең алдымен стресс пайда болады, жүйке жүйесі біртіндеп тозып, протеиндер бөліне бастайды. Протеиндер – адам ағзасында болып жатқан химиялық реакцияларға қатысып, зат алмасу процестерін жылдамдатыды. Осы факторла әсерінен ұмытшақтық, бас ауруы, агрессия, тіпті рак ауруы пайда болуы мүмкін.

Сонымен, ұялы телефонның адам ағзасына тигізетін зияны белгілі жайт болды. Қоғамның реакциясы «қауіпсіз» телефондарды міндеттеді. Белгілі бір уақытта ұялы телефонның зиянды сәулелендіруін анықтайтын параметр қажет болды. Солай SAR (Specific Absorption Rates – ағылшынша меншікті жұтылу коэффиценті) пайда болды. Ұялы телефондарда SAR-дың деңгейі әлемдік стандарттар бойынша 0,8 Вт/кг-ға тең, ал 2001 жылға дейін ол 2 Вт/кг-ға тең еді.

2.  Ұялы телефон және денсаулық.

Ұялы телефон балалардың денсаулығына кері әсер етеді екен. Есте сақтау қабілеті нашарлайды. Танымдық қабілеті төмендейді. Бойды сүлесоқтық пен бойкүйездік билейді. Балалардың көбісі ашушаң, шаршауық, жүйкесі тез құриды. Ал ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді.
Адамдар пойызда, лифт ішінде телефонмен сөйлесіп жатады. Ең зияны да осы екен. Ұялы телефонның антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде радиация шығарады. Бұл айналып келгенде адамның дене бөліктерін қыздырып, денсаулығына кері әсер беретін көрінеді. Әсіресе ,жастар күндіз-түні ұялы телефонға жабысып, қолдарынан бір тастамайды. Түнімен музыка тыңдайды, бір-біріне хабар жібереді. Әйтеуір тыным жоқ. Зарядтайтын қондырғы жарты метр жерде болса, онда жоғары кернеулі электр сымының астында ұйықтағанмен бірдей екен. Тіпті мұның соңы мида қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі. Ғалымдар сұмдық сорақы жайттарды да анықтап отыр. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, ол адам миын бір градусқа дейін қыздырады екен.
Шведтік ғалымдар пайдаланушылардың 84%-ы құлақ тұсында температураның көтерілуін, 60 ұйқышылдыққа бейімделуін, 50%-ы бас ауруының күшеюін анықтаған.

Анкара дәрігерлер палатасынан жасалған мәлімдемеде ұялы телефон және оның станцияларының мектептің ауласына, бала бақшалар, ауруханалар,

саябақ секілді әлеуметтік тұрмыс мекендеріне құрылмауы керек екені айтылды.
Мәлімдемеде сондай-ақ былай делінді: «5 Еуропа елінде жасалған зерттеудің қорытындысы ең аз дегенде 10 жылдан бері ұялы телефон қолданған

адамдарда кейбір ми рагының кездесу жиілігінің артқанын көрсетті. Осы

мәселемен бірге ДНК-дағы өзгерістер, жүйке клеткаларындағы өзгерістер,

мидың жұмысы мен ұйқыдағы өзгерістер секілді аурулар да ортаға шығуда».
Ұялы телефонмен сөйлесуден гөрі хабарлама жазу балалар мен жасөспірімдер үшін қолайлы. Себебі сөйлесу кезінде құлаққа берілетін электромагниттік сәулелер хабарлама жіберуден әлдеқайда көбірек бөлінеді.

Ұялы телефонның адам ағзасына қаншалықты зиянды әсер ететіні туралы әрбір қолданушы сенеді, бірақ мән бермейді. Телефонның қосулы қалпында жай жатқанда зияны тимейді. Алайда аппараттың құрамдас, айырылмас мүшесі “Transmitter” (“таратқыш”,передатчик) іске қосылған кездері ғана адам ағзасына зиян әкеледі. Әсіресе, телефондағы sim-картаны оператормен байланыстыру мақсатында аппарат антеннасында өндірілетін электромагнитті энергия зиян.
Телефон антеннасынан бөлініп шығатын энергия ауаға таратылып қоймай, адамның құлақ тұсындағы тірі клеткаларға  жұтқызылады. Өйткені энергия ешқайда жоғалып кетпейді, бір түрден екінші бір түрге айналады.
Ол клетка миға құтқару сигналын жібереді, алайда ол сигналдың қуатын телефоннан шығып жатқан сигнал қуаты басып кетеді.
Ұялы байланыс құралымен сөйлесу ұзақтығын 3 минуттан артық қолдану өте зиян.
Құлақ тыңдағыш  арқылы 70%-дай азаяды. Зиян тигізілетін уақыт сигналды қабылдағаннан кейінгі 20-30 секунд. Одан ары зиян күші күрт азаяды.
Электромагниттік сәулелендірудің адам ағзасына тигізер зияны туралы жинақталған білімдер, телефонның сәулеленуі сияқты басқа да электромагниттік сәулелендірулер онымен байланысқа түскен адамдар денсаулығына, физиологиялық жай-күйіне әсер етеді.
Ұялы телефонның жұмыс жасап тұрғандағы сәулелендіру аумағы бастың ми қалпақшасы мен есту, көру қабілетіне едәуір әсері болатындығында. Ұзақ мерзімді сәулелендіру мидың кейбір құрылымдарының биоэлектрлік белсенділігіне әсер етуі мүмкін және оның жұмысына (айталық, есте сақтаудың қысқа және ұзақ мерзімді жағдайына) кері әсерін тигізеді. Еуропа ғалымдары жақында мынадай қорқынышты қорытынды жасады: 10 жылдан артық ұялы телефонды пайдаланған адамда мидың гематоэнцефаликалық кедергілерінің бұзылуы басталады, яғни миға зиянды заттардың кірмеуіне себепкер болатын сүзгіштің қабырғалары бітеледі. Бұл болашақта адамды мидың қатерлі ісік ауруына шалдығуына әкеліп соқтырады. Біздің өміріміздегі соқпақтар мұндай электромагниттік қысымды көтере алмауы мүмкін.

Кейбір сарапшылар «адамдардың басым көпшілігі Альцгеймер және Паркинсон ауруларына шалдығады» деп жорамалдайды. Сонымен қатар жүргізілген тәжірибеге сүйене отырып, сәуленің әсері тек жинақталып қалмайды, кейінгі ұрпаққа беріледі деген қорытындыға келіп отыр.Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының басшылығымен «Interphone» деген атаумен зерттеу жүргізілген 2000-2004 жж. аралығында 13 елде жүргізілген зерттеуге 12800 адам тартылған. Ұялы телефон пайдалану мен ми ісігі арасында өсу жағдайы 8 жағдайдың  алтауында анықталса, 1 зерттеу бойынша ми ісігінің бірі глиома 39%  өскен.
Күніне 4 реттен артық пайдаланушылардың бас ауруы 3,6 есе көбейген, қан қысымы жоғарылаған. 1 сағаттан артық күніне 2 реттен артық сөйлесушілерде ми рагына шалдығушылар артқан.
Ұлыбритания, Жапония елдерінде жасөспірімдердің ойлау қабілетінің төмендеуі, тұйықталуы, ашуланшықтығы жиі кездесіп, ұялы телефонды 16 жастан бастап ұстауға болады. Алайда асыра пайдалануға, уақытты ұтымсыз бөлуге рұқсат бермеуді ұсынады.

Біз сізге ұялы телефоныңызды қауіпті деп санауға 3 себеп айта аламыз.

1.”Канцерогенді болуы мүмкін” – Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы ұялы телефоннан шығатын, көзге көрінбейтін электромагнитті толқындарды осылайша сипаттады. Ғалымдар қауіпті аурулар мен телефонның толқындары арасында тікелей байланыс тапқан жоқ, дегенмен зерттеулер жалғасуда, ал “мүмкін” сөзі қорқуға себеп береді.

2.Ғалымдардың жүргізген зерттеулері бойынша, адам ұялы телефонды қолданғанда оның миы басқаша жұмыс істей бастайды. Бір сағаттық әңгіме нәтижесінде, телефон қойылған жақтағы мидың бөлігінде көбірек глюкоза алмасуы болады. Бұл зерттеулер де әлі жалғасуда, мамандар бұл факті адамның денсаулығына қалай әсер ететінін айта алмай отыр. Алайда телефон миымызға әсер етіп, жұмысын өзгертіні рас.

3.Соңғы жылдары бас аймағында ісіктерге шалдыққандардың саны өскені белгілі. Дәрігерлердің көпшілігі бұны ұялы телефонмен байланыстырады.

Ұялы телефонды көбірек қолданған сайын, ісік сияқты  қауіпті ауруларға тап болу мүмкіндігі өседі. Ғалымдардың телефонды мүлде қауіпті деп, оған тыйым салғанын күтпей-ақ, қазірден бастап қорғаныңыз.

Заманауи адамға телефоның өте қауіпті десе де, онсыз өмір сүруге келіспес еді. Ұялы телефонды тастауға асықпай, кейбір шараларды қолға алсаңыз, оның жаман әсерінен кішкене болса да, сақтана аласыз.

·  Ұялы телефонға құлақшын жалғап, сол арқылы сөйлесіңіз.

·  Телефонды қалтада, белдікте, ұстамаңыз. Телефонды қолда ұстап, жастықтын астына салып ұйықтамаңыз.

·  Мүмкіндік болса, қоңырау шалғанның орнына хабарлама жаза салыңыз.

·  Желі “ұстамайтын” жерлерден қайта-қайта телефон шалуға тырыспаңыз. Бұндай кездері телефон одан бетер көбірек толқындар шығарады.

·  Балалар электромагнитті толқындардың әсерінен көбірек зиян алады. Сондықтан кішкентайларға телефонды бергеннің алдында, оны “автономиялық” режимге қойыңыз.

«Ұялым менің тіл қатшы…» деп әндетіп жүрсіз бе? Ал ол сіздің миыңызды «қайнатып» жатыр. Иә-иә…
Ұялы телефон, смартфон, планшет – айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын бұл гаджеттер бүгінде кез-келген жастың айрылмас серігіне айнады. Олар байланыс құралдары арқылы бір-бірімен хабар алмасып, қоңырау шалып, хабарлама жазысады. Суретке түсіп, интернет пен әлуметтік желілердегі ақпараттармен сусындайды. Ойындар ойнап, фильм көріп, кітап оқып, сүйікті әуендерін тыңдайды. Алайда, жастар көп функционалды бұл дүниелердің адам денсаулығына зиян келтіретін тұстары бар екенін біле бермейді. Ендеше ұялы байланыстардың қандай зияны бар? Оларды денсаулыққа зиян келтірмей, қалай қолдануға болатынын біле жүріңіз?

Гаджеттердің зияны неде?

Ұялы телефоннан шығатын электромагнитті толқындар адам денсаулығына зиян келтіреді. Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы осылай деп отыр. Оған негіз де жоқ емес. Себебі, жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар телефонмен көп сөйлесетін жандарда бас ауруы, ұйқышылдық, ашушаңдық белгілері кездесетінін анықтаған. Сондай-ақ, ұялы телефоннан бөлінетін электромагниттік толқындардың есте сақтау қабілетін нашарлататынын, қатерлі ісіктің пайда болуына әкеп соқтыратынын дәлелденген.

Басыңызды абайлаңыз!

Қалталы телефоннан бөлінетін электромагниттік толықдарды көп жылдан бері зерттеп келе жатқан ғалымдар осындай тұжырымға келіп отыр. Олар телефоннан бөлінетін электормагниттік толқынның теледидардың, радиотелефон мен компьтердің толқындарынан он есе күшті екенін анықтаған. Олардың пайымдауынша телефонмен сөйлескен кезде одан бөлінетін электромагниттік толқындар бас пен жүйке ұлпасына тікелей әсер етеді. Салдарынан ми қызып, жүйке жүесі әлсіреп, адам ағзасындағы жүрек қан тамырларының айналымы шарарлап бастайды.

Иммунитет пен көз жанарына да зияны бар

Ал, ресейлік ғалымдар ұялы телефоннан бөлінетін электромагниттік толқындардың көз жанарына кері әсер ететінін анықтап отыр. Ғалымдардың жүргізген зерттеулері нәтижесінде сынақтан өткен тышқандардың барлығы дерлік көз жанарынан айырылған. Сондай-ақ, зерттеу барысында сынақтан өткен хайуандардың иммундық жүйесі әлсіреп, бұзылғаны анықталды.

Балаларға бермеңіз!

Балаларға гаджеттермен ойнауға тыйым салыну керек. Себебі, бұл құрылғылар балалардың , жүйке жүесі мен ойлау қабілетін нашарлатады. Сондай-ақ, мамандар құрылғылардан бөлінетін сәуленің бас ауруы, есте сақтау және көру қабілетіне душар ететінін анықтап, ұйқысыздыққа шалдықтыратынын дәлелдеген.

Ұйқысыздыққтың себебі

Өшірулі тұрған телефон да адам организіміне зиян келтіреді. Сондықтан да мамандар, байланыс құралын өзіңізден неғұрлым алысырақ ұстау керек екенін айтады. Әсіресе мамандар ұялы телефонды бас жаққа қойып ұйықтауға болмайтынын ескертеді. Себебі, телефоннан бөлінетін электромагниттік толқындар ұйықтап жатқан адамның орталық жүйке жүесіне әсер етіп, ұйықтауға кедергі келтіреді.

Абайлаңыз: Мобильді найзағай!

Айтпақшы, телефонның магниттік толқындары мен сәулесінен бөлек, денсаулыққа зиян келтіретін басқа да тұстары бар екен. Мамандардың сөзіне сүйенсек, гаджеттерді күн күркіреп, найзағай ойнаған кезде алып жүру өте қауіпті. Өйткені, олар электр тоғын өткізгіш қасиетке ие болғандықтан найзағай ұру қауітін тудыруы әбден мүмкін.

Қалай сақтануға болады?

Гаджеттердің денсаулыққа қауіпті екенін белгілі болса бүгінде олардан бас тартатындар кемде-кем. Керісінше, телефондарға, планшеттерге, смартфондарға деген сұраныс күн санап арта түсуде. Сәйкесінше, ақпараттық технология қарыштап дамыған сайын, аталмыш бұйымдардың қауіптілігі де жоғарлай түседі. Осы ретте мамандар қарапайым қағидаларды ұстана отырып, ұялы телефоннан келетін қауіптен сақтануға болатынын айтады.

1)    Көшеде сөйлесу керек.
2) Телефон тұтқасын құлақтан кем дегенде 1 сантимерт алыс ұстаған жөн.
3) Ұялы телефонға құлақшын жалғап, сол арқылы сөйлесіңіз;
4) Телефон тұтқасын астыңғы жағынан ұстағане жөн;
5) Телефонды тігінен ұстау керек;
6) МГц диапозонын ауыстырыңыз;
7) Телефондағы дыбыстық сигналды тыңдамаңыз;
8) SAR-ы (Specific Absorption Rate) төмен телефон таңдаңыз;
Сондай-ақ, телефонды қалтада, белдікте, ұстамаңыз. Мүмкіндік болса, қоңырау шалғанның орнына хабарлама жазыңыз. Ал, желі “ұстамаса” қайта-қайта телефон шалуға тырыспаңыз. Мұндай кездері телефон одан бетер көбірек толқындар шығарады.

Соңғы жылдарда өмірімізге жылдам кіріп келген ұялы телефондардың көптеген пайдалы жақтары болғанындай, зиянды жақтары да көріне бастауда.
●Ұялы телефон радиация тарататыны үшін өте зиянды. Бір сәттік үшін зияны аңғарылмауы мүмкін. Бірақ ұзақ уақыт қолданылғанда зияны өте көп.
●Ми, көз, құлақ, кеуде, жүрек және басқа да мүшелерде дегенерация пайда болады.
●АҚШ дәрігері Девра Давис былай деген: «Ұялы телефонымен сөйлескен кезде ми жасушаларының бір бөлігі өле бастайды…»
●Жас балаларға, жүкті әйелдерге және егде жастағы кісілерге өте зиянды.
●Оны көйлекте емес, сыртқы қалтада алып жүру керек.
●ДНК-ның бұзылуына да себеп болады.
●Есте сақтау қабілетіне және шаш тамырларына зиян келтіреді.
●Бір күнде 20 минуттан көп сөйлеспеу керек.
●Ұялы телефондар әсіресе желі ұстамай тұрғанда және батарейкасы азайған кезде көп радиация таратады.
●Жатарда да телефонды өзінен кемінде 1-1,5 м алыстау қою керек.
●Сөйлескенде құлақты жиі ауыстыру керек. – See more at: http://www.balalaralemi.kz/article/view/576#.WP5FmY9OLmQ

4. Қорытынды бөлім

Ұялы телефонды таңдаған кезде жасың 14 жастан асқан жөн. Ұялы телефоның әрі сапалы, әрі қымбат және міндетті түрде жаңа болсын. Ұялы телефонды сатып аларда SAR өлшемімен танысып (0,8 Вт/кг болуы тиіс), сертификатты талап ет. Күніне сөйлесу уақытын 2 сағаттан аспау керек. Байланыс желісі нашар болған жағдайда ең дұрысы сөндіріп таста немесе SMS қызметін пайдалан. Түнгі уақытта немесе найзағай кезінде телефонды сөндіріп таста. Ұялы телефонды кеудеде, ішкі қалтада, жатын бөлмеде сақтама. Міндетті түрде телефоныңда қабы болсын. Ешқашанда жас сәбидің қолына телефонды ұстатпа. Ұялы телефонға тәуелді болма, одан басқа да қызықтар бар екенің естен шығарма.

Ойымды қорыта келе, зияның біле тұра біз немқұрайлық танытпауымыз керек. Ол үшін мен төменгі ұсыныстарды жасаймын: Бұл проблема мемлекет тарапынан қолдау табу қажет, ол үшін бірқатар заңнамалар қабылдану керек. Жалпы халық, жастар арасында семинар, лекторий, дөңгелек үстелдерді өткізуді дәстүрге айналдыру. Дүниежүзілік «Ұялы телефондардың зияндылығын насихаттайтын күн» жариялау керек. Мектептерде ұялы телефонды әкелуге тиым салу. Теледидар, газет-журнал беттерінде зияндылығы жөнінде антижарнамалар, бейнеклиптер көрсету керек.

Гаджеттердің денсаулыққа қауіпті екенін белгілі болса бүгінде олардан бас тартатындар кемде-кем. Керісінше, телефондарға, планшеттерге, смартфондарға деген сұраныс күн санап арта түсуде. Сәйкесінше, ақпараттық технология қарыштап дамыған сайын, аталмыш бұйымдардың қауіптілігі де жоғарлай түседі. Осы ретте мамандар қарапайым қағидаларды ұстана отырып, ұялы телефоннан келетін қауіптен сақтануға болатынын айтады:

Телефон тұтқасын құлақтан кем дегенде 1 сантимерт алыс ұстаған жөн.
Ұялы телефонға құлақшын жалғап, сол арқылы сөйлесіңіз;
Телефон тұтқасын астыңғы жағынан ұстаған жөн;
Телефонды тігінен ұстау керек;
МГц диапозонын ауыстырыңыз;
Телефондағы дыбыстық сигналды тыңдамаңыз;
Сондай-ақ, телефонды қалтада, белдікте, ұстамаңыз. Мүмкіндік болса, қоңырау шалғанның орнына хабарлама жазыңыз. Ал, желі “ұстамаса” қайта-қайта телефон шалуға тырыспаңыз. Мұндай кездері телефон одан бетер көбірек толқындар шығарады

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

1.     «Денсаулық» журналы. №4. 14-бет. Алматы қаласы. 2008 жыл.

2.     «Айқын» газетінің офицалды сайты. http:\\www.aykyn.kz .

3.     «Валеология» педагогикалық-методикалық журнал. №6. 31-бет. Алматы қаласы. 2007 жыл.

4.     Электрондық энциклопедия. http:\\www.wikipedia.kz .

5.     Орысша-қазақша сөздік. 66 бет. Алматы. «Сөздік-Словарь» баспасы. 19

6.     жыл.

7.     Медицина терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Алматы қаласы. «Қазақстан» баспасы. 1982 жыл.

8.     «Вестник ЗОЖ» газеті. №3, Ақпан. 17 бет. «Азия-Информ» баспасы. 2007 жыл.

9.     «Қазақ мақал-мәтелдері» Ө. Тұрманжанов., К. Ахметбекұлы. Алматы қаласы. «Қазақстан» баспасы. 2008 жыл.

10.                       GOOGLЕ ақпараттық іздестіру жүйесі. http:\\www.google.ru

11.                       AltaVista ақпараттық іздестіру жүйесі. http:\\www.altavista.com

12.                       «Денсаулық» энциклопедиясы Ш. Байкенова. 51 бет. Алматы қаласы. «Балалар әдебиеті» баспасы. 2007 жыл.

One Reply to “Ұялы телефонның адам ағзасына зияны”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *