Туған елге тағзым


Нуренова Фатима Болатқызы
М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия 11«Ә» сынып оқушысы
Жетекші: қазақ-әдебиет пәндерінің мұғалімі Омирзакова Дана Муратовна

Туған жер туралы ой толғап, тербемеген ақын-жазушы жер бетінде жоқ болар, сірә? Неткен ыстық, неткен құдыретті едің, туған жер! Біздің Отанымыз- егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. Күннің нұры әрқашан жерге өз сәулесі мен жылуын төгіп тұрады. Аспанымыз ашық,дала гүлдеп жатыр.

Қазақ елі дербестікке ие болған 26 жыл беделінде жетіге келгенше жерден таяқ жейтін бала сияқты талай қиындықты бастан кешті. Еліміз басынан кешкен қиындықтар арқасында сан ғасырлар бойы қалыптасқан тарихымыз- өте бай әрі қызықты. Мақтан тұтар, бүгініміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған.  Әр нәрсе тарихтан басталады, сондықтан кішкене тарихымызға көңіл бөлгенді жөн көремін. Қазіргі таңда тыныш өмір сүруіміз- кезінде елімізді қорғап, намысын жерге таптатпай ең соңғы демдері қалғанша ел үшін, жас ұрпақ үшін, жер үшін аянбай соғысқан ата-бабаларымыздың арқасынды. Сонау 18 ғасырдың аяғынан бастап Ресей патша үкіметінің ықпалында болғанымыз бәрімізге мәлім. Ресей патша үкіметі тарапынан қаншама қорлық, зорлық көрдік десеңші.. Бір-ақ, қазақ халқы- Шыңғыс ханның тұқымынан шыққан батыр, ержүрек халық. Қиындықтарға қарамастан ешқашан еңсесін түсірмеген ата-бабаларымыздың аманаты- азаттық болды. Бүгінгі күні жас ұрпақ еш алаңсыз, бабаларымыз көре алмай кеткен азаттықтың дәмін біледі. Менің ойымша осы азаттықты сақтау- әр қазақ жерінде туып өскен қазақ баласының парызы, яғни азаматтық парыз. Ал «Азаматтық парыз» ұғымы нені білдіреді? деген сұрағыңыз  туындаса, ресми тілде ол-адам мен қоғам уйлесімділігін білдіретін ұғым. Бір-ақ мен үшін ол- жеке тұлғаның туған жер, ата мекен, Отан, халық алдындағы парызы.

Бала кезімнен « адам бойына парасаттылық пен рухани азықты, адамгершілік сезімдерін бағыттайтын, адам ойы мен санасына құдіретті әрі ұлықты ой түйдіріп, ақыл-ой қондырар игі мамандықтардың бірі – журналист боламын!» деп армандайтыммын. Өзімнің пікірім бойынша, журналист болу – мұқалмас жігер, қажымас рух пен қайсарлықты талап ететін мамандық. Егер адам қиындықтарға төтеп бере алып, өмірдің сынағынан мүлтіксіз өте алса, онда ол нағыз маман әрі өз ісінің сөзсіз шебері атанып, көкірек көзі ояу тұлға болады. Мен осы мамандықты осы іске қабілетім бар деп таңдап отырған жоқпын. Бұл жолды өз өміріммен ұштастырсам, осы іске ден қойып, бар жан-тәніммен, ішкі түйсігімнің асқан қызығушылығымен, шегі жоқ құлшыныспен берілетінімді білемін. Сонымен қатар ағылшын тілің меңгеріп жатқаныма осымен бес жылдай болды. Сондықтан Отанымыздағы болып жатқан оқиғаларды бүкіл әлем деңгейіне жеткізіп, әйгілі ету – алға қойған мақсатымның бірі.

Қаз дауысты Қазыбек би айтқандай «Алтын ұяң- Отан қымбат, туып өскен елің қымбат, кіндік кесіп, кір жуған жерің қымбат!». Түйіндеп айтқанда, мен өскенде Қазақстанымызды бүкіл әлемге барлық қырынан танытып  паш етуге, елдер арасында бейбітшілік өмірді сақтау үшін бар күш жігерімді жұмсаймын.

Мен- Отанымды жанымдай сүйіп, оның көкбайрағын көкке көтеремін, ешқашан ешкімге сатпаймын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *