Қазақ халқының салт-дәстүрлері арқылы қарым-қатынас жасаудың жалпыадамзаттық құндылықтарын қалыптастыру.


Калибекова Арайлым Оралқызы
методист КГКП «Я/с №33 «Алтын бесік»

      Тәрбиенің басты ұстанымдары – жалпыадамзаттық құндылықтарды жеке тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне де құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам қалыптастыру.

Халық педагогикасының тілашар дәстүрі бала тәрбиесін тіл үйретуден бастап, тіл мәдениетін бейімдеуді көздейді. Санамақ, тақпақ, өлең, мақал-мәтелдер – тәлім-тәрбие құралына айналады. Жаңылтпаштар арқылы тіл ширатуды, жұмбақтар арқылы ой дамытуды, мазақтамалар арқылы намыс оятуды, мақал-мәтелдер арқылы адамгершілікке баулуды, батырлар жырлары арқылы ерлікке баулуды, терме-жырлар арқылы бірлікке, достыққа тәрбиелеуді, дене тәрбиесін беріп, әсемдікке қызықтырып, өтірік өлең арқылы бала қиялын дамытуды, ертегілер арқылы алуан түрлі тәрбие беруді, аңыз әңгімелер арқылы болашыққа сенуді, өткеннен үлгі — өнеге алуды үйретіп, тәрбиелік мақсаттарын орындайды.

Мұндай сабақтастық жас ұрпақтың өзіне дейінгі адамзат жасаған игіліктерден өзіне қажеттісін іріктеп алып, ұлттық тәрбиеміздің қайнар бұлағының тереңіне бойлап, сол бұлақтан бойға қуат алу жаңа уақыт талабына сай тарихи құндылықтарды жан-жақты байыта түсуіне мүмкіндік береді. Біз ұлттық салт-дәстүрді қалптасқан жүйесі бар, өмір ағымында адамдар жинақтаған белгілі бір білім-білік, дағдылардың бір ұрпақтан келесесіне беріліп отыратын тәрбиенің әдіс-тәсілдерінің бірлігі ретінде қарастырамыз. Мектеп жасына дейінгі балаларды халықтың ұлттық мәдениеті, оның салт-дәстүрлері негізінде тәрбиелеуде шешімін табуға тиіс мәселелер баршылық.

Халықтық салт-дәстүр – қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік қарым-қатынасындағы ең қымбат қазына. Халық үшін тәрбие – тұтас дүние. Оның мақсаты – адам тәрбиелеу. Балаларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін оның сәбилік шағынан бойына сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу қай күннің болмасын басты мәселесі. Бұл туралы ойшыл Абай: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады; бірінші – ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан» деген екен.

Ұлттық тәрбие отбасынан бастау алатын болғандықтан инабаттылық, мейірімділік, ана сүтімен, ана тілімен орныға бастайтын аян. Сол себепті халық даңалығы: «Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді» деуі заңды. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, ауыл болып көңіл бөлген. Мысалы: үлкен кісіге сәлем бермегеннің өзі сыйламаушылыққа жататын, оны байқап қалушылар тентегін тезге салып отыратын. Жалпы салт-дәстүр – халқымыздың келбеті, рухани мәдениетінің қазығы.

Әрбір елдің, халықтың бала тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың ғасырлар дәуірінен қалған асыл қазынасы бар. жас ұрпақ сол ата-мұра өнегесінен күш алып қуаттанады, ізгілік негізі орнығады.

Сол себептен де, халық даналығына оның ұрпақ тәрбиесінде атқарар қызметіне зер салып, ықылас аудармаған ақын-жазушы, ұстаз-ғалымдар кемде-кем, әсіресе, Абай, Шәкәрім, Жүсіпбек, Мағжан сияқты ғұламалардың еңбектерінде негізгі арқауы – өз елі, халқы, болашақ ұрпақ тағдыры, оның тәрбиелі, парасатты, азамат болып өсуі жайында кең толғаныс, өнегелі өсиет жатады.

Халықтық педагогика ата-баба мұрасынан бастау алады. Ол болашақ азаматты жан-жақты жетілген, саналы, ізгілікті, мейірімді етіп тәрбиелеуде педагогика ғылымының негізгі көзі болып табылады. Балаларға эстетикалық тәрбие беру ісі, жан-жақты ішкі тіл үйрету, ақыл-ойын өсіру денесін жетілдіру, еңбекке баулу, ең бастысы адамгершілік, ізгілік қасиеттерді сіңіру бағытында жүргізілгенін көреміз. Мұның барлығы әрине, бесік тәрбиесіне басталады. Халқымыз бұл жөнінде: «Бесіктегі бала бес түлейді», – деген ғой.

Себебі, ананың бесік жырымен, әлдиімен өзінің туған тілінің әуенінен тұңғыш рет нәр алады. Тәрбие бастауы – бесік тәрбиесі. «Ел болам десең, бесігінді түзе» деген Әуезов даналығы – осының айғағы.

әдет-ғұрып, салт-дәстүр қоғамдық дамудың барысында пайда болады. Сөйтіп, ол ұрпақтан-ұрпаққа тарап, мәңгі бақи өмір сүреді. әдет-ғұрып тұрмыстық қарым-қатынасқа байланысты қалыптасады. Мысалы: тілек білдіру, жас сәбидің дүниеге келу құрметіне шілдехана өткізу, бесік той, қонақ күту, наурыз тойы т.б. түрлі жоралғылар, салтанаттар өтетініне тоқталған. Дәстүрдің аса әсерлі күшін көрсететін белгілердің ішінде ерекше ретінде оның бұқаралығын, көпшілікке ортақтығын айтамыз. Ұлттық салт пен дәстүрдің тууы ұлттың өзінің қалыптасуына байланысты. Әрине, әр халықтың өзіне тән дәстүрі, әдет-ғұрып болады. Олар сол халықтың басқа халықтан ерекше бір белгісі болып санала береді.

Тұрмыс мәдениеті дегеніміз – бұл отбасына көзқарас, адамдардың өзара қарым-қатынас ережелері, үлкенге, аналарға деген шынайы құрмет, бұл сонымен бірге ұлттық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар.

Ата-бабаларымыздың дәстүрлі халықтық тәрбиесінің тәжірибелеріне көз салсақ, осы кезеңде балдырғанға тәрбие беру ісі жан-жақты – тіл үйрету, ақыл-ойын өсіру, денесін жетілдіру, еңбексүйгіштікке баулу, ең бастысы адамгершілік, ізгілік қасиеттерді сіңіру бағытында жүргізілгенін көреміз. Сондықтан біздің алға қойған міндетіміз – мектепке дейінгі мекемедегі тәрбие жұмысындағы жақсы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды жинақтап, саралап пайдалану арқылы болашақ ұрпақтағы адамгершілік қасиеттерге баулу.

Барлық дәстүр, әдет-ғұрыптар тәрбиеге байланысты. Ізгі дәстүрлер негізінде бүлдіршіндерді тәрбиелеу кешенді тәрбие берудің құрамдас бір бөлігі болуға тиіс. Осыған орай баланы мектепке дейінгі мекемелерде, отбасында тәрбие беруде қазақтың ұлттық-тұрмыстық салт-дәстүрлерінің үлкен рухани күш екендігі жайлы ойымызды ортаға салу.

Халқымыздың ұлттық мәдени мұраларында балаға рухани, жалпы адамзаттық құндылықтарды түсінуге, қоршаған дүниені тануға қатысты мәселелер кең қамтылған.

Балабақша – тәрбие бесігінің бірі. Сондықтан да бала тәрбиесінде халықтық тұрмыстық салт-дәстүрлердің туу себептерін, даму ерекшіліктерін, орнығу заңдылықтарын ашып көрсетудің тәбиелік мәні зор

Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады.
Жалпыұлттық деңгейде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың басты мақсаты: негізгі құзыреттілікке, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғалық мәдениетке ие бала тұлғасын дамыту.
Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық дәстүрі негізінде салауатты өмір салты құндылығын қалыптастыру;
– толық кеңістікті құру және мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуын кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
– баланың сөйлеуін және ана тілін, қарым-қатынас мәдениетін дамыту, сауат ашу негіздерін меңгеруге даярлау;
– мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік құндылық бағдарын адамның оң мінез-құлқы, нормасы, тәртіптік ережесі, қазақстандық қоғамда қалыптасқан халықтық салт-дәстүр үлгісінде қалыптастыру;
– өз Отаны мен туған өлкесіне сүйіспеншілігін, мемлекеттік рәміздерге құрметпен, қоршаған орта, отбасы, түрлі ұлт өкілдеріне адамгершілікпен қарауға тәрбиелеу;
– балада қоршаған дүние, өзі және әлеуметтік ортасы туралы алғашқы түсініктің тұтас бейнесін қалыптастыру;
– баланың танымдық дамуы, интеллектуалдық іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастыру, танып -білуге қызығушылығын арттыру;
– баланың бойында эстетикалық сезімді дамыту, бейнелеу, көркемдік-тілдік, музыкалық іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту.
Баланың жеке тұлғасы бастау алатын бұл кезең әрі маңызды, әрі қызықты. Бала балабақшаның табалдырығын аттағаннан бастап ересектер мен балалардың өмірі айтарлықтай өзгереді. Біз балалардың бақшаға бейімделгеннен кейін олардың даму қарқынының жылдамдайтынын байқаймыз. Балалардың өз бетінше жасайтын әрекеті жетіле түседі, тілі дамиды, тәрбиешімен, өзге балалармен сенімді қарым-қатынас жасай бастайды. Балаларымыз ата-аналары келгенде өздері жаңа алған білімдерін, дағдыларын көрсетуге асығып жатады.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе», – деген ұлы қаламгер М.Әуезов. Қазақ халқында жаңа өмірдің, жарық дүниенің есігін ашқан нәрестенің өзіне сый – құрмет көрсетіліп, дәріптейтін лайықты салт – дәстүрлері бар. Салт-дәстүр – өсіп келе жатқан баланың ой-санасын қалыптастыруға, өзінің ұлт өкілі ретінде өсіп, үлгі-өнеге алуына әсерін тигізеді.

Отбасындағы тәрбие, үлкендердің әрбір сөзі, ісі, мерекелік рәсімдер, салт-дәстүрге байланысты ұйымдастырылған шаралар – баланың қоғамдағы өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына әсер ететін алғы шарттар деуге болады. Салт-дәстүрдің үлгісін отбасында өнеге ретінде көрсете білген ата-ана баланың отбасына, ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға алғашқы қадам жасайды. «Адам еш уақытта өзімен өзі адам болмайды, адам болуды шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап үйренеді. Ал адамды адам ететін – жұмыр жерді мекен еткен сан толқын ұрпақтардың ақыл-ойы мен тірнектеп жинаған  тәрбиесі.

Ретімен, сәнімен келетін салт-дәстүрлердің өзіндік ерекшелігін, рухани құндылығын көріп, тыңдап отырған балаға қайталанбастай әсер қалдырады. Өсіп келе жатқан ұрпақ салт-сананы көру арқылы ата – бабасының қалдырып кеткен бай мұрасын бойына сіңіреді, қоғамның жеке тұлғасы, отбасының бір мүшесі ретінде жауапкершілігін сезінеді.

Өркениетті елдер қатарына ілесуді мұрат еткен қонақжай, бауырмал, жомарт қазақ халқы ата-баба дәстүрін жалғастырып келеді.

Бала – бар асылымыз, мөлдір бұлақтың бастауындай тіршілік иесі. Тәлім-тәрбиені бала бойына сіңіру әрі бала санасына, қоршаған ортасына, еліне деген мақтаныш сезімін ұялту, ұлттық рухпен тәрбиелеу арқылы сатылы түрде дамитын үрдіс.

Салт-дәстүрлердің бала тәрбиесіндегі ерекшелігін жан-жақты мысалдармен, аңыз, ертегілермен түсіндіреді.

Кешегі нәресте бүгінгі ақылы толысқан, парасатты, ойы озық азамат – отбасының тәрбиесін көріп өз елінің патриоты болып қоғамның жеке  тұлғасына айналады. Ұрпақ үшін салт-дәстүрлердің бала тәрбиесінде алатын орны ерекше.

Пайданылған әдебиеттер:

1.«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» журналы, Алматы, 2014ж

2. «Педагог» журналы, Алматы, 2016ж.

3. Отбасы және балабақша» журналы  2013 ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *