«Сүйемін қазағымның туған тілін!» мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың вариативтік бөлімі (ән шашу бағдарламасы)


Оразбекова Алмагул Сагинтаевна

  «№33 «Алтын бесік» балабақшасы» КМҚК қазақ тілі мұғалімі

Мақсаты:  Балаларға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, балалардың қабілеттерін ашу, бос уақытын ұйымдастыру.

Білімділік: Отанға деген сүйіспеншіліктерін, туған жері мен елін сүю, оларды қорғай білу құлшыныстарын, адамгершілік- патриоттық сезімдерін бекіту.

Дамытушылық:Балалардың ой-өрісін, тіл мәдениетін және байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту.Сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік:Балаларды өз Отанын, туған жерін сүюге баулу. Мемлекеттік рәміздерді, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдар: Күн шуақтары

Сөздік жұмыс: Отан-Родина; менің елім –Қазақстан- моя страна-Казахстан; рәміздер –символы; көпұлтты мемлекет- многонациональное государство; тәуелсіз мемлекет- независимое государство.

 

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар,! Бүгін күн, басқа күндерден де ерекше, өйткені бізге бүгін көп қонақтар келіп отыр. Келген қонақтармен амандасайық.

Давид: – Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Қош келдіңіздер!

Мейірімділік  шеңбері:

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз.

Балалар тілектерін айта жүріп, күн шуақтарын жинайды:

–         Біздің Отанымыз Қазақстан!                  Давид

–         Барлық ұлттар тату-тәтті тұрамыз!       Алан

–         Мемлекеттік тіліміз- қазақ тілі!             Милана

–         Сүйікті қаламыз-Қарағанды!                 Лиза

–         Еліміз аман, туымыз биік болсын!        Вероника

–         Біз бақытты баламыз!                              Полина

Балалар тақпақтарын айтады:

Қазақ, орыс, өзбек ,

Армян, тәжік, грузин.

Орыс  пенен  украин

Терезесі  тең  жатыр.      Полина

 

Сары, ақпыз, қарамыз,

Бәрімізде   баламыз,

Бір  Отанда  тұрамыз,

Бір  бақшаға  барамыз.    Дима

 

 

Отан –тарих, Отан тіл,

Жасаған елің, ер халқың.           Вероника

Отан –өлең, Отан жыр,

Көтерген көкке ел даңқын!

 

Жарық біздің күніміз,

Біз өмірдің гүліміз,

Қазақстан – жан Отан          Милана

Қазақ тілі – тіліміз!

 

Достық  атын  ақтаған,

Алыс   жолда- жақын  жол.

Қара  бала,   сары бала, ақ бала

Туыстардай  тату  бол!    Алан

 

Отан  деген-атамекен,

Отан  деген-туған  жер.       Вика

Отан-ана, Отан- үлкен

Қазақстан –туған ел!

 

Отан –сенің ата-анаң,

Отан –досың, бауырың.

Отан –өлкең, астанаң,        Давид

Отан –аудан,ауылың!

ВЕРОНИКА: – Мен сіздерге Санамақ айтып беремін – Я ВАМ РАССКАЖУ СЧИТАЛКУ.

БАҚШАҒА ЖАҚСЫ АҒА

КӨП-КӨП ОЙЫНШЫҚ ӘКЕЛДІ

БІР ҚОЯН,

ЕКІ АТ,

ҮШ МЫСЫҚ

ТӨРТ КҮШІК,

БЕС ТИІН,

АЛТЫ ТАУЫҚ,

ЖЕТІ БАЛЫҚ,

СЕГІЗ ДОП,

ТОҒЫЗ ҮЙРЕК,

ОН ШЕЛЕК

БАҚШАҒА ЖАҚСЫ АҒА,  ҚАНША ОЙЫНШЫҚ ӘКЕЛДІ?

 

Балалар жауап береді : – Көп-көп ойыншық әкелді

ВЕРОНИКА: – РАХМЕТ.

 

 

 

 

 

Балалар ДИОЛОГ  оқиды:

 

НЕ ҮШІН КЕРЕК?                                     Қадыр  Мырзалиев

 

–         Екі көзің не үшін керек?                                                       Лиза

–         Жақсыларды көру үшін!                                                         Полина

–         Екі қолың не үшін керек?                                                    Лиза

–         Елге көмек беру үшін!                                                            Полина

–         Құлақ деген не үшін керек?                                                  Лиза

–         Ақыл-кеңес тыңдау үшін!                                                      Полина

–         Тіл мен жағың не үшін керек?                                              Лиза

–         Ақиқатты айту үшін!                                                            Полина

–         Ал аяғың?…                                                                               Лиза

–         Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін!                       Полина

 

Қазақстан – елім менің

Қазақстан – жерім менің!

Саған арнап айтылады,

Сүйікті әнім менің!         Лиза

 

ӘН: «МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ»  Балалар бірігіп орындайды. (билейді)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *