Сценарий новогоднего утренника «Жоғалған шамдар» в детском саду


Маусымбаева   Айман   Байдаулетовна

 методист подготовительной  школы  (детский сад) для  девочек  «АДЕМИ»

Жүргізуші: Ортада таңдандырып талайды,
Шыршамыз жасарып жайнайды.
Құбылып, құлпырып айнала,
Сиқырлы сәулелер тарайды.

Жасыл шырша төгілген алдымызда,
Қош келдіңіз көрермен шыршамызға.
Аман болсын отбасыңыз деп алайын,
Ізгі тілек тілейміз баршаңызға.

 

Бала:           Жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаңа жылда, жаңа нұр,

Жасыл щырша жанында,

Билеп барлық бала жүр.

 

Бала:           Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса,

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

 

Бала:           Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген,

Қандай әсем шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

 

Бала:           Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен кұтіп сағынған.

 

Бала:          Тауда туып, тауда өсіп,

Шырша келді ортаға.

Қандай жақсы шыршамыз.

Ән шырқайық, баршамыз.

 

 

Ақшақар: Шырша жан, шырша жан, шамдарынды жарқырат!

 

Шырша әні.

 

Балалар орындарына отырады, шыршаның қасында екі бала мен жүргізуші қалады.

 

 

Бала:         Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрле-төрле жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.

 

Бала:         Жаңа жылмен шаттанып,
Жаңарады бар дала.
Шырша тойын тойлайды,
Дөңгеленіп бар бала.

 

Сағаттың соққан дауысы шығады

 

Жүргізуші: Сағаттың дауысы шығып жатыр, бізге шынымен де Аяз ата келе жатыр!

 

Бала:         Біздің балабақшада,
Шырша тойы болады.
Аяз Ата, Ақшақар,
Біздермен мәз болады.

 

Бала:        Тамаша ғой қыс деген,
Қуанады бар бала.
Шырша тойын тойлайды,
Аяз Атамен қосыла.

 

Әуен ойналады, ақшақар пайда болады.

 

Ақшақар:  Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт – жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

 

Би «Ақшақарлар»

 

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, жаңа жылдың басталуына бәрнеше минут қалды…

 

Жарық сөніп, әуенмен залға түлкі кіреді.

 

Түлкі: Міне, менің арманым орындалды. Мені де мейрамға шақырдыңдар!

 

Жүргізуші: Түлкі, сен білесің бе, біздің мейрамымыз бишілер, әншілер, тақпақ айтушыларға арналған.

 

Түлкі: Әрине білемін. Менде бұның бәрі бар!

 

Жүргізуші: Сонда сен мұның барлығын жасай аласың ба?

 

Түлкі: Ия, мен бәрін жасай аламын!

 

Жүргізуші: Сен сондай-ақ, билей де аламысың?

 

Түлкі: Билегенде қандай. Бірақ сендер маған көмектесулерің керек.

 

Түлкілер биі.

 

Жүргізуші: Сен сондай батыл екенсің түлкі. Жарайсың!

Түлкі: Пах, шіркін, мәз болып қалдым ғой.

Ақшақар: Саған көп рахмет, түлкі, орманыңа бар ғой. Сау бол!

Түлкі: Қалай сонда сау бол. Ал, сыйлық ше? Маған сыйлық буйырмағаны ма?

 

(Ақшақар шыршадан кампит алып, түлкіге сыйлайды)

 

Түлкі: (Қапалнып)  Сен не, мынаны маған беріп тұрсың ба? Маған бүкіл қапшық сыйлық керек.

Ақшақар: Жоқ түлкі, Аяз ата сыйлықтарды балаларға арнап дайындады. Ал сен енді өз орманыңа бар. Сенің қайтатын кезің келді.

Түлкі: Мммм, солай де, маған сыйлық бергің келмейді екен ғой. Жарайды, жаңа жылға дейін бірнеше минут уаұыт қалды. Маған бәрібір сыйлық буйырмайын деп тұр. Бір нәрсе ойластырмасам болмайды. Қап…. Ойланайын… Білем! Мен мына шамдарды жинап алып, орманға шашып тастайын, сендер мұны ешқашан жинап болмайсыңдар, сонымен қатар жаңа жылды да көрмейсіңдер. Ха-ха-ха.

 

(Жарық өшіп, түлкі шыршаны үріп, кетіп қалады.) Жарық жанады.

 

Жүргізуші: Ақашар, мында кел, мұнда апат болды.

Ақшақар: мерекені уақытында бастау үшін апат болдырмау керек.

 

(Ақшақар айнасын шығарады)

 

Ақшақар: таптым, таптым,қыс патшалығында, суық және мұз патшалығында бірнеше шамлар таптым, таптым.

Жүргізуші: Ендеше, сонда барып табайық.

Жүріп, қыс патшалығына келеді

 

Жүргізуші: Ау,…. Ау,… Ақшақар! Біз қыс патшалығына тап болдық. Бұл жерде ешкім де, ешнарсе де жоқ. Аң да, құс та жоқ. Тек қана суық,  қаһарлы қыс бар. Ол өзінің суық қарларына, қатты желдеріне иелік етеді.

 

Қыс: Бұл менің мұздан жасалған патшалығым. Сендер мұнда не істеп жүрсіңдер?

 

 

Жүргізуші: Ой, қандай суық. Ақшақар, жаурайын дедім, балалар да ендігі жаурап қалған шығар.

 

Ақшақар: Балалар, біз әдемі әуеніміз бен сұлу қыстың жүрегін жібіте аламыз.  Содансоң ол шамдарды бізге береді. Ол жылудан, күннен қорқады. Қанекей шеңберге тұрып, әдемі әнәмәздә шырқап жіберейік.

 

Ән «Құтты болсын Жаңа жыл»

 

Балалармен Ойын.

 

Қар патшайымы: сендер, қазір менен күшті болып тұрысыңдар. Мен мұны кешірмеймін, шамдарды сендерге қайтармаймын. Сиқырлы таяқшаммен алдарыңда есікті тарс жабамын.

Тақшаны серпіп жоқ болып кетеді

 

 

Ақшақар мен жүргізуші: Ой, мына жер не деген қараңғы, көмектесіңдер, кім бар… Бізге жол көрсетіңдер.

(Әуен ойналып залға Аққала кіреді)

 

Аққала: Кім мұнда айқалап, көмек сұрап жатыр? (Шыршаның түбінен шам тауып алады)

Ой, мынау деген шам ғой!

Жүргізуші: Рахмет, саған мейірімді аққала. Міне шамдар табылды.

 

(Ақшақар аққалаға қар лақтырады)

Аққала: Ой, кім маған қар лақтырып жатыр?

Ақшақар: Бұл  – мен. Сенімен ойнап жатырмын.

 

Ойын: «Снежки»

 

(Аққала шығып кетеді)

Жүргізуші: Ақшақар, енді біз қалған шамдарды қайдан табамыз.

Ақшақар: Бізге сиқырлы айнаға қарап көру керек. (Айнаға бірге қарап)Орманға барып көрейік.

 

(Әуенмен қоланда себеті бар қасқыр кіреді)

Қасқыр: Күн болса суық, арқам  ауырып, сүйектерім сырқырап тұр. Тісім ол мазалап, ұйқы берер емес.

Түлкі маған емдік шөп жасап жібер

Түлкі: Ой, қазір мына дәріні ішіп алған соң, бүкіл ауруды ұмытып кетесің.

(Дәмін көруге береді)

Қасқыр: Туф, мынауың не?

Түлкі: Бұл дәрі сені бар ауруңнан құтқарады.

Қасқыр: Ал, сен бұл дәріні неден жасайсың?

Түлкі: Саңырауқұлақ, қайын жапырағын,  бәрін араластырып, қайнатамын. Тосаптан да асқан тәтті. М-м-м.

(Түсіндіріп жүріп, қайнатқандай жасап, өзі дәмін тартып көріп, балаларға ұсынады)

Қасқыр: Өзің іш ол дәріңді.

Түлкі: Енді не істейсің, ішу керек.

Қасқыр: Орман халықтары қане, тұрыңдар, көңіл көтерейік.

(Жалмауыз кемпір би билейді)

 

Ақшақар: Қасқыр, сен балаларды аясаңшы, шамдарды бер. Мен саған кампит берейін.

Қасқыр: Жоқ, шамдар өзіме керек болады. Шамдарсыз мен құримын. Ал, егер сендер менімен ойнасаңдар, мен сендерге шамдарды беремін.

 

Эстафета ойыны.

Жүргізуші: Түлкі сен бірнеше біраз шамдарды тығып қойыпсың.

Түлкі: Сен көрлің бе?

Ақшақар: Қане, акел бері, шамдарды!

Мыстан: Тағы керек. мен сендерге оны беріп қойыппын. Олар менің өзіме керек. онымен қоймай, бұйрық береді ғой! Мен ол шамдарды ұнатамын.

Ақшақар: қапаланба, мыстан. Сен біздің мейрамға келіп, шамдармен сәнделген шыршаның қасында көңіл көтеруіңе болады.

Мыстан: Ой, сендер менің жүрегімді жібітіп жібердіңдер, жарайды, ала қойыңдар!

(Түлкі мен қасқыр шығып кетеді)

Жүргізуші: Ал, енді біздің шыршамызға оралатын кез келді. Түсінбей тұрғаным, біздің мына жердегі шыршаларымыз қайда? Ақашақар, сен білемісің?

Бала: шырша, шырша шыршамыз,

Әнге қосылышы,

Шырша, шырша, шыршамыз,

Биге қосылшы.

 

Бала: Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той-маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

«Шыршалар» биі

 

Жүргізуші: Балалар, жаңа жылдың алдында барлық арман-тілектер орындалады. Міне біздің барлық шамдарымыз табылды. Әдемі шыршамызға да оралдық.

Ақшақар: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, жаңа жылға дейін бірнеше минут қалды.

Бала: Шыршаны жақпай, жаңа жылды қалай қарсы алмыз?

Бала: Онда несіне тұрмыз. Қанекей  шыршаны жағайық.

Жүргізуші: Ендеше, біріміз бірге қайталайық:

 

«Шыршажан, шыршажан, шамдарыңды жарқырат»

(Ақшақар таяшамен серпіп қалады, шырша жанады)

 

 

Бала: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Бала: Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем бepді жұртына.

(Балалар Аяз атаны шақырады, аяз ата кіреді)

Аяз ата: Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
Өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Ән «Келді міне Жаңа жыл»

Аяз ата: Ай, жарайсыңдар. Мені бір қуантып тастадыңдар. Жаңа жылда таяп қалды.

 

Ағылшын тілінде ән

 

Аяз ата: жарайсыңдар, балалар, сендер тақпақты әнді өте жақсы айтады екенсіңдер. Ал сендердің ата-аналарың ән айта ма?

 

Ата-аналар ән орындайды. «Шырша келді ортаға»

 

Аяз ата: Ой, жарадыңдар. Енді мен сыйлық беруім керек екен ғой. (Сыйлықты іждей бастайды, алайда таппайды). Ой, шаршаған басым-ай, сағатына 12 рет соғатын.

Әуен ойнап залға күшік кіреді.

Дауыс: Аяз ата! Аф-аф-аф!

Аяз ата: Кім аяз атаны шақырып жатыр, кел мұнда.

(Ит кіріп, біраз билеп жүреді)

Аяз ата: Рахмет, саған, ақылды да, адамның досы! 2018 жыл ит жылы болғалы тұр. Енді қапшықтың аузын ашып, сыйлықтарымды шығарып таратайын.

(Көңілді әуен ойналып, аяз ата сыйлықтарды таратады)

Жүргізуші: ескі жылға қолды бұлғап, қоштасып, жаңа жылда ерекше мейірммен, шаттықпен қарсы алайық.

Аяз ата: Ит жылы құтты болсын, менің кішкентай достарым. Сендерге тек қана бақыт, шаттық алып келсін.

Орындаған «Әдемі» қыздарға арналған даярлық мектебінің (балабақша) әдіскері Маусымбаева А.Б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *