Кальций, магний элементтері және оның қосылыстары


Мустафина Рыскул Сәбенқызы

Рудный қаласы әкімдігінің “№15 орта мектебі” КММ химия және биология пәнінің мұғалімі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға сілтілік жер металдар атомдарының  периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы,  қосылыстары туралы  түсінік беру

Дамытушылық:Оқушылардың өз бетімен білім алу және ізденуін,ой өрісін,шығармашылық икемділігін дамыту.

Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс жасай алатын,өзін-өзі бағалай алатын саналы, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу

Сабақ көрнекілігі: тірек сызбалар, тапсырмалар, реактивтер.

Сабақ түрі: ізденіс сабақ

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа деген дайындығын  қадағалау.

Көңіл-күйлерін  анықтауға арналған  рефлексия: қызыл түс – өте жақсы,

жасыл – жақсы, сары – орташа

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Химиялық диктант арқылы тексеріледі.

Бағалау:

3-4 ұпай – «2» 5-7 ұпай- «3», 8-9 ұпай- «4», 10 ұпай –«5» , + плюстерін санайды, екі оқушы   бірін-бірі бағалайды.

II топтың негізгі топша металдарының сипаттамасы:

1) II топтағы екідайлы элементтер:…   (Be, Zn) 2) 2 топ элементтері атомдарының сыртқы денгейінде  …  электрон бар. (екі)

3)  Бұл топ   металдары күшті   …,  бірақ сілтілік металдарға қарағанда едәуір … . (Тотықсыздандырғыштар, әлсіздеу.)

4)Бұл топшаның барлық өкілдері   … -элементтері. (s-)

5)Жай заттары  –  …   металдар.  (типтік)

6)Қосылыстарында тұрақты  …  тотығу дәрежесін көрсетеді. (+2)

7) І топ элементтерінің тотығу дәрежесі …   (+1)

8) Натрий атомының натрий ионынан айырмашылығы (тотығады)

9)  Сирек кездесетін радиоактивті ІІ топ элементі… . (Радий)

10) Реттік номері38,атомдық массасы 88 –ге тең элемент атомының нейтрон саны… (50)

2.Білім алу бекеті

2.1  Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді. 1 топ- «Кальций», 2 топ- «Натрий»

3 топ «Магний»

«Магний және қосылыстары», «Кальций және қосылыстары» , «Натрий және қосылыстары»  тақырыбы бойынша оқушыларды қатыстыра отырып, сызбанұсқа құру.Сызба бойынша жаңа материалды өз бетінше меңгеру. (оқушылар алдында қосымша материал, тапсырма парағы және топбасшылар алдында бағалау парақшалары)
қосылыстары

элемент

Алынған жаңа білімдерді жүйелей келе, оқушылар келесі тапсырмаларды орындайды.

2.2.Видеоматериал көру. (кальций, магний маңызы)

2.3. Әр топ    тәжірибе  жасап  элементтердің қасиеттеріне түсінік береді.

Топтан 2 оқушы шығады тәжірибе көрсетеді.

Қалған оқушылар жасалған  тәжірибе реакция теңдеулерін жазады.

Тәжірибелер:

1.а.Магнийдің жануы,  ә.магний сульфаты + нашатыр спирті

б.Магний сульфатының  жануы.

2.а. Кальцийдің жануы,  ә.кальций оксидінің сумен әрекеттесуі

3.а.Натрий силикатының  мыс сульфатымен әрекеттесуі.

ә.Натрий гидроксидінің мыс хлоридімен рекциясы, натрий гидрокарбонатының  қышқылмен әрекеттесуі.

2.4.Тапсырмалар орындау :

«Кальций» тобына    тапсырма:

1.Мәтінді оқып шығындар.

2. Кальций  препараттарын медицинада қолдану аясына мысалдар келтіріңдер.

3. Адам ағзасында кальций  жетіспеушілігін  сырт бейнесі бойынша анықтауға болатын   тест  құрыңдар .

4. кальцийдің биологиялық маңызын көрсететін  жарнама жасаңдар.

«Мен кальциймін»

Қажетті заттар:  ватман, кальций  препараттары суреттері, клей, маркер.

«Натрий тобын  тапсырма:

1.Мәтінді оқып шығындар.

2. Натрийді медицинада қолдану аясына мысалдар келтіріңдер.

3. Адам ағзасында натрий   жетіспеушілігін  сырт бейнесі бойынша анықтауға болатын   тест  құрыңдар .

4. Магнийдің биологиялық маңызын көрсететін  жарнама жасаңдар.

«Мен натрий»

Қажетті заттар:  ватман, тұз, сода, кір жуғыш ұнтақтары  препараттары суреттері, клей, маркер.

«Магний» тобына тапсырма:

1.Мәтінді оқып шығындар.

2. Магний препараттарын медицинада  қолдану аясына мысалдар келтіріңдер.

3. Адам ағзасында магнийдің  жетіспеушілігін  сырт бейнесі бойынша анықтауға болатын   тест  құрыңдар .

4. Магнийдің биологиялық маңызын көрсететін  жарнама жасаңдар.

«Мен магниймін»

Қажетті заттар:  ватман, магний препараттары суреттері, клей, маркер.

Бекіту: Кальций мен магнийдің ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтау (Венн диаграммасы)

Бағалау: топбасшылары   топтың әр мүшесінің жинаған ұпайларын айтып қорытындылайды. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай сабақ сонында жалпы ұпай  саны бойынша баға қойылады.

Үйге тапсырма: §42 Магний, кальцийдің химиялық қасиеттерін  сипаттайтын химиялық теңдеулер жазыңдар.

Бағалау парағы:


Оқушының аты-жөні
1 тапсырма
2 тапсырма
3 тапсырма
4 тапсырма
Жалпы ұпай

баға

Қосымша №1.

Ағзада элементтердің жетіспеушілігін анықтауға арналған тесттер.

Кальции тапшылығы:

Сіздің ағзаңызда  кальцийдің тапшылығы орын алады егер:

1.Тырнағыныз  тез сыңа беретін болса

2. Шашыңыз сиреп, не істесеңіз де түсе берсе

3.Тез шаршап-шалдыға берсеңіз,

4.Аяқ  бұлшықеттеріңіз тез жүргенде немесе жүгіргенде тартылып қала беретін болса;

5.Тісіңіз ыстық –суыққа төзімсіз болса, ыстық  немесе суық тисе ауыратын болса,

6. Тырнағыңызды кеміру әдеті пайда болса,

7.Мел жегініз келсе.

Натрий тапшылығы:

Тест.   иә немесе жоқ

1.     Теріңіз тез құрғайды ма?

2.     Аяғыңыз тартылып қала бере ме?

3.     Тез шөлдей бересіз бе?

4.     Еш себепсіз тәбетіңіз жойылып дәм сезуіңіз нашарлайды ма?

5.     Денеңіз біресе ысып, біресе тонып қалтырайды ма?

6.     Тамақ ішкеннен сон жүрегіңіз айналып құсқыңыз жиі келеді ме?

Сұрақтың  70-80% «иә» деген жауап болатын болса натрий тапшылығы байқалады.

Магний

Магнийдін ағзада жетіспеушілігін анықтауға арналған тест:

1.Дайын  салқын  тамақтар(фастфудтартарды ұнатасызба?

А. иә, Ә. кейде, Б.ешқашан.

2.Үнемі шаршап шалдығып жүресіз бе?

А. иә, Ә. кейде, Б.ешқашан.

3.Көзіңіз  тартып жыпылықтай ма?

А. иә, Ә. кейде, Б.ешқашан.

4.Аяқ-қолыңыз салқын тартып суии бере ме?

А. иә, Ә. кейде, Б.ешқашан.

5. Жай жүріп келе жатырғанда немесе демалып

жатырғанда жүрегіңіз  жиі  соғады ма?

А. иә, Ә. кейде, Б.ешқашан.

Бұл тест нәтижесі бойынша «иә» деген   жауап 60- 80% болса онда магний жетіспейді.

Қосымша №2.

МАГНИЙ.

Магний адам ағзасына тағаммен түседі. ( ас тұзымен және су)

Адам ағзасында 19 г дейін амгний болады (  салмағы 70 кг)

Магнийдің көп мөлшері  сүйек және бұлшықет ұлпаларында болады. Ересек адамдардың  күнделікті  қажет мөлшері 300-350 мг.  Ағзаның әлсіреп жиі терлеуінен және сусыздануынан  магнийдің жетіспеушілігі  бала емізетін әйелдерде байқалады. (ыстық күн,  спортпен шұғылдану)

Адамға күніне шамамен 400 мг магний керек.

Магний жетіспеген кезде көңіл-күй құбылады. Адам ашуланшақ, жылауық болады, ұйқысы нашарлайды.

Ал магний — күйзеліске қарсы макроэлемент. Әсіресе, В6 витаминімен бірге ол жүйке ұлпаларының жұмысын жақсартады. Сондай-ақ сүйек түзуге де қатысады.

Жүрек соғысының ырғағын қалып-қа келтіреді, тамыр кеңейтуге атсалысып, оттегімен қамтамасыз етуге көмектеседі, сондықтан да магнийді жүрек ауруына шалдыққан науқастарға қолданады.

Ғалымдар қант диабеті және бронхит ауруларында да магнийді мырыш, хром, селенмен бірге қолдану да оң нәтиже беретінін айтып жүр. Сондай-ақ, жүкті әйелдерге де магнийдің пайдасы зор. Фолий қышқылымен бірге қолданған жағдайда құрсақтағы нәрестенің ақаусыз дамуына, күні жетпей болуы мүмкін түсіктің алдын алуға көмектеседі.

Магний көзі:

Магний жасыл жапырақты көкөністерде, авокадо, балықта және кептірілген цитрусты ,  жанғақта, түрлі-түсті орамжапырақта, шабдалы, ІІ сорт ұнда көп болады. Сүтті тағамдарда магнийдің мөлшері өте аз болғанымен сүт құрамындағы магний ағзаға сінімділігі жағынан жоғары.

КАЛЬЦИЙ. Адам ағзасында 1000-1200 грамм кальций болады, соның 99 пайызы сүйекте, тіс кіреу-кесінде, ал 1%-ы ішкі жасушада, қан құрамында маңызды роль атқарады.

Отандық ақ халаттылардың
зерттеулеріне сүйенсек,  Қазақстандағы әрбір үшінші әйелде және әрбір бесінші ер адамда кәрі жілік және сан сүйегінің сынығы бар. Нақты айтқанда, елімізде жарты миллионға жуық адам остеопороз ауруының зардабын тартуда. Ал бұл тікелей осы кальций элементінің жетіспеуі салдарынан
туындайды екен. Кальций сүйектің саулығы мен беріктігін сақтайды. Әйтсе де адам 35 жастан асқаннан кейін сүйектен кальций кеми түседі. Бұл дертке көбіне ақ жаулықты аналар шалдығады. Нақтырақ айтсақ, 60 жастан асқан әрбір төртінші әйел зардап шегеді. Ал ер азаматтарда төрт есе сирек кездеседі. Етеккір үзілісінен кейін әйел ағзасында гормондық өзгерістер болады, сүйектің беріктігі күрт төмендейді. Остеопороз бүкіл қаңқаны, әсіресе сан, иық, омырт-қа сүйектерін зақымдайды. Тіпті әлсіз соққының өзі (мәселен, көшеде құлап қалу) сыныққа алып келуі мүмкін. Осы ретте кальций мен магний — қаңқаның беріктігін сақтайтын негізгі ағза жанашыры. Қан құрамындағы холестеринді төмендетеді. Айтпақшы, кальций ағзаға сіңімді болуы үшін D витамині, фосфат, магний, мырыш, марганец, аскорбин қышқылы ауадай қажет.

Кальций сүтте, жалпы ағарғанда, балықта, теңіз өнімдерінде көп болады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *