Бүлдіршін тәрбиесі – ел мұраты


Бидаш Ақбота Сәбитбекқызы

 Рудный қаласы әкімдігінің “№19 орта мектебі” КММ толық күнді шағын орталық тәрбиешісі

Тәрбиенің екінші сыңары – білім. М.Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін – білім» – деп атап көрсеткеніндей, еліміздің болашақта ілгері басуы үшін ең алдымен білім қажет. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана – болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтатын болады. Тәрбиеші  алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз. Сол мақсатқа жету үшін сұрақтар туындайды.          Шағын орталықтағы бүлдіршін бүгін алған білімнің пайдасы, жаңалығы туралы айта алатын дәрежеде оқыту үрдісін қалай ұйымдастыруға болады? Бүгінгі бүлдіршін  ертеңгі болашақ оқушы  ретінде бүгінгі күн талабына сәйкес болып, жаңа  міндеттерді шешуге  белсенді болу үшін не істеу керек? Осы сұрақтарды шешудің бір жолы – оқытуда инновацияны қолдану, яғни, тәрбиешінің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс–тәсілдерді кеңінен пайдалану. Инновация дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология.

Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың әдістері неде?

1)Қазіргі уақыт жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек.

2)жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын ала болжам жасауға үйретеді.

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы компьютерлендіре бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр-сырын терең меңгеруі тиіс. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір баланың білім беру үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланады.

Мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады.Мультимедиялық оқулықтар  шағын орталықта балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады. Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады.Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.

Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі.Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.

Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.     Ойын технологиялары. Мақсатты бағыттары: дидактикалық: өренің  кеңеюі, танымдық қызмет, практикалық қызметте қажетті керекті білім және дағдының қалыптасуы. Тәрбиелеушілік: өзбетінділікке, еркіндікке тәрбиелеу, ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа, коммуникативтілікке тәрбиелеу. Дамытушылық: көңіл бөлуді, есте сақтауды, сөз қорын, ойлауды, салыстыру дағдыларын, сәйкестендіруді, аналогияны таьуды, қиялды, шығармашылық зейіндерді, оқу қызметтің мотивациясын дамыту.  Бүлдіршін ойынмен өседі. Ойын арқылы еңбектенеді. Әр сабағымда ойын арқылы адамгершілік қасиеттерді білдірмей сіңірудемін десем қате айтқандық болмас деген ойдамын. “Жаста берген тәрбие талшыбықтай” демекші, жасынан асыл қасиеттерді біліммен қоса баулу шарт. Тәрбиесіз берген білім, адамзаттың қас жауы деген қағиданы ұстанамын. Олай болса, ХХІ ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде. Осы процессті жандандырып дамыта алсақ ғана жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор рөл атқарады деп ойлаймын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *