Сүліктің пайдасы


 Абюр Ақбота Еркебұланқызы
 Қарағанды қаласы ЖББО№53 мектеп-лицей КММ 1 «Ә»  сынып оқушысы

Жетекші: бастауыш сынып мұғалімі Аманжолова Сания Болатовна

Зерттеудің мақсаты: Қазақ халық медицинасындағы сүліктің ерекшелігін анықтап, емдік қасиеті бар екендігін дәлелдеу

Болжам: Адамдар зиянды химиялық дәрілерден гөрі табиғи минералды дәрілермен, соның ішінде сүлікпен  емделсе, халқымыздың денсаулығы нығаяды.

Зерттеу кезеңдері:

Ø Сүлік  туралы мәлімет жинастыру;

Ø Сүліктің  емдік қасиеттерін зерттеу;

Ø емдік қасиетін медицина тұрғыдан дәлелдеу.

Зерттеу әдістері: әдебиеттерге шолу, сұхбаттасу, сауалнама, тәжірибе, жинақтау

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: Шипагер ата-бабаларымыздан келе жатқан қасиетті сүлікпен емделудің маңызы. Сүліктің ғажайып қасиеттері: емдік, тазалағыш, зарасыздандырғыш.

Зерттеу жұмысының нәтижесі мен қорытындысы: Республикамыздың сүлік салумен айналысатын медициналық орталықтар саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Сүлікті барлық ауруға ем деп айтуға болады Инемен емдеу сияты сүлік те биологиялық белсенді нүктелердің терісіне қадалады cүлік-қан құрамындағы қабынуға қарсы қасиеттері бар. Шлактар мен токсиндерден тазарта алады.

1991 жылы Украинаның Донецк қаласында дүниежүзілік дәрігерлердің басқосқан жиынында сүлікті емшара мақсатында қолдану керектігі жайлы әңгімеленіп медицинада толық дәлелденген.

Зерттеу жұмысының практикалық мәні: сүліктің емдік қасиеттерін алуан түрлі аурулардың алдын алуға және жоюға пайдалану.

Кіріспе

Сүлік (лат. Hirudinea) – буылтық құрттар типінің бір классы.Тіршілік ететін 400 түрі белгілі, еркін қозғалатын жыртқыштар немесе жануарлардың қанымен қореқтенетін эктопаразиттер.

Сүліктерде сегменттер саны тұрақты, параподиялары, қылтандары болмайды. Бас (простомиум) және аналь ( пигидиум) бөлімдері жок. Денесінің алдыңғы және артқы жағында сорғыштары дамыған.

Целом қуысы редукцияланып, лакунарлық жүйеге айналған. Ішкі мүшелерінің арасы паренхимаға толы. Көпшілігінде мафродиттер, тікелей (личинкасыз) дамиды.

Құрылысы мен физиологиясы

Сүліктер дене пішіні жағынан жалпақ құрттарға ұксас. Денесі арқа-кұрсақ жағына қарай қысылған, ұзындығы 20 см-ге дейін. Сыртқы жіңішке сегменттері ішкі ірі сегменттеріне сәйкес емес. Әдетте бір ішкі сегментіне 3-5-ке дейін сыртқы жіңішке сақина сәйкес келеді. Сүліктердін денесі 33 сегменттен (Асаnthobdella отрядында – 30) түзілген, олардың алдынғы төртеу қосылып алдыңғы сорғышты, артқы жетеуі – артқы сорғышты құрайды. Параподиялары, қылтандары, қармалауыштары және желбезектері жоқ, тек Асаnthobdella туысының өкілдерінде алдыңғы 5 сегментінде қылтандары болады, бұл олардың азқылтанды кұрттарға жақындығын көрсетсді.

Денесі тығыз кутикуламен капталған, оның астын кілегейлі без клеткаларға бай эпителий астарлап жатады. Эпителий клеткалардың түбінде көптеген түрлі түсті түйіршіктелген пигментті клеткалары шашыраңқы орналасқан. Сүліктердің түсі – осы пигменттердің түсі. Эпителидің астында сақина тәрізді әрі өте күшті дамыған ұзына бойы бұлшықеттер орналасқан. Сонымен катар дорзо-вентральды бұлшықеттері де бар.

Гирудотерапия

Ғылымда сүлік салуды – гирудотерапия деп атайды. Қазіргі таңда гирудотерапия – кардиология, офтальмология, дерматология, хирургия, гинекология, урология, неврология және герентология саласында кеңінен қолданылатын, күретамыр, қан тамыры, тері ауруларына, өкпе, бас сақинасы, инфаркт, инсульт, глаукома тәрізді сырқаттарға өте шипалы ем. Ең ғажабы, бұл күндері кейбір адамдар сүлік салудың көмегімен арықтай да бастады.
Гирудотерапияның тиімділігі сүлік адамның артық арам қанын сорып алады, сөйтіп, қан айналысын жақсартады, сүліктің сілекейі биологиялық белсенді заттарға бай, осы түрлі ферменттерден тұратын сүлік сілекейі адамның қанын тазартып, иммунитетін күшейтіп, ағзасын жасартады, түрлі ферменттермен бірге қанның ұюына тосқауыл қоятын гирудин және 100-ге жуық биологиялық пайдалы заттар сүлік сілекейінің басты айырмашылығы.
Дәрігерлер сүлікті науқас адамның жүрек қызметі нашарлап, бауыры ұлғайғанда, тромбофлебитте, миокарда
инфарктінде, жүректің демікпелі ұстама ауруында (стенокардия), миқан тамырларының қысылуында қолданады.

Сүлік салып, емдегеннен кейін сырқаттың дене қызуы қалпына келеді, қан қысымы, қандағы қант мөлшері төмендейді, ұсақ қан қатпарлары жойылып, ісікке қарсы, ауырсыздандыру тетіктері іске қосылады. Гирудотерапияны гинекологиялық ауруларға қолданғанда әйелдер ауруынан айығады, оларда гормондық зат алмасу процестері жылдам қалпына келеді, сүлік салу бедеулік, эндометрит, эндометриоз тәрізді жатыр мен созылмалы аурулар-дың алдын алады, кейбір жағдайларда сүлік салу бұл ауруларға негізгі ем ретінде пайдаланылады. Әсіресе, сүлік салу операциядан кейін тез жазылуға әсер етеді. Осыған орай қазір дәрігерлер операциядан соң сүлік салуға кеңес береді.

Сүліктің түрлері

Сүліктер суда, топырақта өмір сүреді. Сүлік денесінің алдыңғы және соңғы ұштарында сорғыштары болады. Алдыңғы сорғышындағы аузының айналасын ұшы тіс тәрізді өте үшкір 3 – өсінді қоршап тұрады. Жануарлардың немесе адамның денесіне сорғышымен жабысып,үшкір өсінділерін қадайды да терісін теседі, сүлік өсінділері қадалған жерінен аққан қанды сорады. Сүлік – буылтық құрттар типіне жататын арнайы кластың өкілі. Қылтанақтары жоқ, сүліктер – қос жынысты жәндіктер. Медициналық сүлік тұщы суда тіршілік етеді. Ұзындығы 8-12 см болады.Сүліктер класы екі класс тармағына бөлінеді: ежелгі немесе ертедегі сүліктер – Archihirudinea және нағыз сүліктер – Еuһігudіпеа.

1.Ежелгі сүліктер тармағы

2. Нағыз сүліктер класс тармағы

3. Тұмсықты сүліктер отряды

4. Жақты сүліктер отряды

5. Жақты сүліктер

6. Жұткыншақты сүліктер

Сүліктің қан соруы

Сүліктің қан соруы – медициналық аш сүлік бір сорғанда 10 мл қан сорып, оған тойған соң адам денесіне 8-10 сүлікті қоятын болса, олар 300-400 мл қанды сорып алады және де сүліктің сорған жерінен қан өздігінен алты сағаттан бір тәулікке дейін аға береді,-дейді мамандар. Егерде адам ағзасынан қанды аздап қана алу қажет болса, онда кішкентай сүліктерді аз уақытқа ғана қояды. Сүлік салғанда науқастың жасына, қосалқы ауруына, дене салмағына, қан қысымына, сүліктің жағдайына көңіл бөлу қажет. Сүлікті қолданғанда тәндегі өзгерістердің қатерлі болып кетуі мүмкін болғандықтан, сүлікті аллергиялық ауруы бар сырқатқа, қансыраған адамға, қан қысымы төмендерге, қан ұю процесі нашарлаған ауруға пайдалануға болмайды.

Сүлікті сақтау

Сүлікті сақтау

Сүлікті сулы ыдысқа салып қояды. Сырқатты емдеу үшін аш сүліктер қолданылатындықтан, олар 2-3 ай суда қалқып жүруі тиіс. 3-5 литрлік банкіде 300-ге дейін сүлік ұстайды. Сүлік сақталған судың құрамында хлордың болмауы керек. Және де оның жылылығы бөлме жылылығындай болады. Ыдыстағы суды 24 сағат сайын ауыстырып отырады. Ыдыстың бетін темір тормен немесе дәкемен жауып қояды. Мамандардың айтуынша, сүлікті тұндырып қайнатылған температурасы 18 градус су құйылған таза ыдыста-банкіде сақтап, сүліктердің ауырып қалмауын және бөлмеде тыныштық болуын қадағалап отырады. Бөлмеде қатты шу болса, сүліктер бұралып қалады, аш болса да қан сора алмайды

Сүлік туралы аңыз

Медициналық сүлік ретінде қолданылатын арқасында өрнегі бар сүлік туралы аңыз да бар екен. Ертеде Сүлеймен пайғамбар алыс жолдан шаршап-шалдығып, аяғы ісіп келе жатқан соң, жолда кездескен көлшікке аяғын салып демалады. Сол арада мызғып кеткен пайғамбар ояна келе, аяғының ісігінің де кетіп, бойындағы ауырлықтың да жоғалғанын және денесі жеңілдеп қалғанын байқайды. Тек аяғының астында майда құрттар мен кішкене ғана қан ағып жатқанын көреді. Риза болған Сүлеймен пайғамбар құрттардың арқа тұсынан сипап, ризашылығын білдіреді. Бүгінде медициналық сүліктердің арқа тұсындағы өрнектердің пайғамбардың төрт саусағының іздерінен қалған белгі екен деген аңыз бүгінге жеткен екен.

Қызықты деректер

Гирудотерапевт маманның айтуынша, дүниежүзіндегі сүлікпен айналысатын, ұдайы өздері де сүлік қолданып жүрген мамандардың барлығының дерлік жастары 80-нен асқан көрінеді. Бұл бәлкім сүліктің адам жасын жасартатынын анық дәлелі болса керек. Мәселен, сүлік саласын зерттейтін, көптеген ғалым-профессорлар: израйльдік профессор Рэгби, ресейлік ғалым Баскова, германиялық профессор Фриц, қытайлық профессор Ой секілді сүлікші ғалымдардың барлығының дерлік жастары 70-80-нен асып кеткен көрінеді. Бұл жай сәйкестік пе әлде сүліктің сиқыры ма?!

Сондай-ақ бүгінгі таңда ауырмай-ақ сүліктің көмегіне жүгінгісі келетін азаматтардың қатары да көбеюде. Себебі сүлік салу емінен кейін адамның дене қызуы қалпына келіп, қан қысымы, қандағы қант мөлшері төмендеп, ұсақ қан қатпалары жойылады, ісікке қарсы, ауырсыздандыру механизмдері іске қосылады екен. Негізінен, емге белсенді аш сүлікті пайдаланады. Егер қанды аздап алу қажет болса, кішкентай сүліктерді аз уақытқа ғана қояды. Гирудотерапияны гинекологиялық ауруларға қолдану кезінде әйелдер ауруларынан айығып қана қоймай, гормондық-зат алмасу процестері жылдам қалпына келетіні байқалған. Екінші, бедеулік, эндометрит, эндометриоз тәрізді жатыр мен созылмалы аурулардың алдын алумен қатар, сүлік кейбір жағдайларда негізгі ем ретінде де қолданылады. Әсіресе сүлік операциялардан кейін тез жазылуға мүмкіндік береді. Сондықтан қазіргі таңда дәрігерлер операциядан соң, сүлік салдыруға кеңес береді. Сүлікті қолданғанда науқастың жасына, қосалқы ауруына, денесінің салмағына, қан мен қан қысымының көрсеткіштеріне және сүліктің жағдайына да көңіл бөлінеді. Жалпы, елімізде сүліктің 600 түрі белгілі болса, соның бір ғана түрі медициналық сүлік ретінде қолданылады. Емге бір рет қолданылған сүлікті екінші рет қолдануға болмайды, медициналық орталықтарда қолданылған сүліктер іле-шала жойылып отырады.

Айта кетер жайт, сүлік емінің ең арзаны біздің елімізде екен. Мәселен, Ресейде бір сүліктің емі 5-10 доллар аралығында болса, Еуропада – 10-15 доллар, Америкада 20 долларға дейін баратын көрінеді. Ал бізде бар болғаны екі-үш доллар көлемінде екен.
Бүгінде Қазақстанда сүлік салумен айналысатын медициналық орталықтардың саны артып келеді. Солардың бірі – 1998 жылдан бері жұмыс жасайтын Қазақстандағы бірінші медицина сүлігімен емдеу орталығы.

Орталықтың директоры еліміздегі гирудотерапияның дәстүрлі негізін қалаушы мамандардың бірі – Қоңыртаева Нәзігүл Нұрахметқызы. Сүлікпен емделу үшін жылына орта есеппен 1000-ға жуық адам келеді екен. Сүлікпен жалпы емдеу құны сүліктің саны мен емдеу уақытысына байланысты 1500-15 000 теңге аралығында.

Сүліктің пайдасы

Мамандардың анықтауынша, адамнан қан алу қандағы плазма құрамындағы лимфоциттердің мөлшерін өзгертеді. Ал сүлік сілекейінде 40-қа жуық ферменттер бар. Бұл ферменттер адам ағзасындағы қанның, жасушалардың, лимфалардың микроцеркуляциясын жақсартып, қалпына келтіреді. Нәтижесінде қан қысымы бір қалыпқа түсіп, мүшелердің ісуі басылып, аурулар басылып, ишемия дерті емделеді. Ең бастысы адам ағзасындағы барлық қан айналым жүйесінің жұмысы қалыпқа түседі. Ем қабылдау сүйек, бұлшық еттер және буындарға оң әсерін тигізеді. Сүлікпен емдеудің арқасында қанның ұйығаны тарқап, зарарсыз ісіктер жазылып, иммунитет көтеріліп, зат алмасу процесі жақсарады. Сонымен қатар бұл жәндікпен емдеу адам ағзасындағы энергетиканы қалыпқа түсіріп, көңіл-күйді көтеріп, ашушаңдықты басып, күйзелістен шығарып, ішкі қорқынышты басады. Жұмысқа деген қабілеттілігін ашып, жыныс жолдарының жұмысын жақсартады. Сүліктің әйел ағзасына әсері өте тиімді. Ол қанды сору кезінде күшті рефлекторлық ықпал жасап, нәтижесінде кіші жамбастағы (малый таз) қабыну және іркілу процесін тоқтатады. Жатырдың қабынбалы және созылмалы дерттерін емдеп, мастит, миома, мастопатия дерттеріне шипа. Сүлікті арнайы медициналық фабрикаларда өсіріп, таратады.Ескерту

1. Медициналық сүліктің нәтижелі болу үшін дененің биологиялық белсенділігі жақсы жерлеріне қою керек.

2. Бір емге пайдаланылған сүліктерді келесі емге қолдануға болмайды. Сондықтан оларды өлтіріп тастайды.

3. Сүлікпен ем қабылдаған соң, 1-2 тәулік суға түсуге болмайды.

4. Төрттен көп сүлік пайдаланып ем қабылдаған жағдайда емделуші 1-2 күн төсек режимін сақтауы керек.

Сүлікпен емделу – денсаулыққа қауіпсіз

Сүлікпен емдеу 1980 жылдарға дейін халық емі деп саналып келді. Ал 1998 жылдан бері халық емінен дәстүрлі емге айналған. Ертеректе сүлікті жұрт арасында «әулиеқұрт» деп атаған. Ол туралы халық арасында аңыз да сақталған. Ертеде Сүлеймен пайғамбар алыс жолдан шаршап-шалдығып, аяғы ісіп келе жатқан соң, жолда кездескен көпшікке аяғын салып демалады. Сол арада мызғып кеткен пайғамбар ояна келе, аяғының ісігінің де кетіп, бойындағы ауырлықтың да жоғалғанын және денесі жеңілдеп қалғанын байқайды. Тек аяғының астында майда құрттар мен кішкене ғана қан ағып жатқандығын көреді. Риза болған Сүлеймен пайғамбар құрттың арқа тұсынан сипап, ризашылығын білдіреді. Сүліктердің арқа тұсындағы өрнектердің пайғамбардың төрт саусағының іздерінен қалған белгі деген бұл аңыз бүгінге жеткен. Кейінгі зерттеулердің нәтижесінде сүлікпен емдеу жаңа ғылыми дәрежеге көтерілді. Қазір ғалымдар сүлік сілекейінің тағы бір қасиетін тапты. Нақтырақ айтқанда, соңғы кезде сүлік сілекейі дәрі-дәрмек, косметика жасауға қолданылуда. Мәселен, қанды сұйылтатын гепарин деген дәрі бар. Ол инфаркт, инсульт, тромбоз секілді ауруларға қолданылады. Бұл химиялық заттардан жасалған пре­парат болғандықтан организмге кері әсері көп. Ал дәл осындай дәрі жасау үшін сүліктің сілекейінен алынатын зат – табиғи, сондықтан бұл дәрінің адам организміне кері әсері жоқ. Сондай-ақ сүлік сілекейінен жасалған косметикалық заттар аллергия тудырмайды. Емдеуге көбінесе белсенді аш сүліктер пайдаланылады. Сүлік сағатына 15 милилитрдей қан сорып үлгереді. Сүлік салған адам үш күн диета ұстау керек. Және мүмкіндігінше сүт өнімдерінен бойын аулақ ұстап, жеміс-жидек, көкөністер (қызылша, сәбіз, құлпынай т.б) пайдаланғаны абзал. Ал қан аққыштық – гемофилия, ауыр дәрежедегі қаназдық, ауыр дәрежедегі қан қысымы, жүктілік, кахексия, қатерлі ісіктер, жіті тамыр жеткіліксіздігі кезінде және жалпы адам бұл емді көтере алмайды деп танылса, сүлік салдыруға болмайды.

Менің ұсынысым

1.Қазақстанның барлық облыс орталықтарының әрбір ауруханасына гирудотерапия яғни, сүлікпен емдеуді енгізіп, ақысыз түрде қолданылуға рұқсат етілсе нұр үстіне нұр болар еді.Себебі, сүлікпен емдеу жоғарыда айтып кеткендей адам ағзасына өте пайдалы және бағасыда арзан емес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *