ГАЗДАЛҒАН СУСЫННЫҢ ЗИЯНЫ: Coca-Cola


Нургалиева Мадина Руслановна
 Қарағанды қаласы ЖББО№53 мектеп-лицей КММ 1 «Ә»  сынып

Жетекші: бастауыш сынып мұғалімі Аманжолова Сания Болатовна

Кіріспе

1. Негізгі бөлім

1.1 Кока-кола сусынының шығу тарихы

1.2 Кока-коланың сусының құрамы

1.3 Денсаулыққа әсері

1.4 Кока-коланың тұрмыстық жағдайдағы пайдалы жақтары

2. Эксперименттік бөлім

2.1 Оқушылардан алынған суалнама

2.2 Менің тәжірибелерім

Қорытынды

Кока-коланы сусын ретінде тұтынбау

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ми қайнатар ыстықта аңқасы кеуіп шөліркеген жұрт неше түрлі құты – қалбырлардағы суларды сатып алып жатады. «Кока – Кола», «Фанта», «Спрайт», «Макси чай», «Либелла», «Некси чай» дейсіз бе, толып тұр. Бұрын – соңды аты белгісіз «су жаңа» сусындар қаншама? Ол қайдан шыққан, қалай жасалған, бауырға әсер етіп, бүйректі сыздатып, асқазан ауруын қоздырмай ма, бұл мәселеге бас қатырып жатқан халық жоқ, шөлі қанса болды. Әсіресе, балалар жағы бояғыштар мен стабилизатор, консерванттар, эмульгаторлар қосылып жасалған осындай қызылды-жасылды сусындарға тым құмар.
Сонымен, бұлар қандай сусындар? Шөл қандырам деп жүріп денсаулығымызды бүлдіріп алып жүрмейміз бе?

Елімізде кең қолданысқа ие болған «Кока-кола», «Пепси» сусындарының адам ағзасына қаншалықты зиян келтіретіні туралы ғаламторда жарияланған деректерді де алға тартып айта кетуге болады. Бұл сусындар өкпе-бауырдың, қалқанша бездің қатерлі ісігіне және лейкомияға әкеліп соқтырады екен. Бірақ сусындардың зат таңбасында (этикетка) денсаулыққа қауіпті деп көрсетілмеген. Қант орнына қолданылушы зат – аспартаманың сусын құрамында бары да жазылмаған. Ағзаға түскен бұл қышқыл метилдік спиртті құрап, ол қатерлі ісікке апарып соқтыратын формальдегидке (канцерогенге) айналатындығы бертінде анықталған. «Кока-коланың» керемет «қасиетін» түйсінген кей адамдар машинаның радиоторын жууға, трубаларды тоттан тазартуға пайдаланады екен. Тәжірибе жасағандардың айтуынша, «нәтиже» жаман емес тәрізді. Кез келген датты «жұлып» алып, айнадай жалтыратып қоятын «қызметін» тағы бар.

Біздің мақсатымыз: Кока-кола сусынының адам ағзасына және оның атқаратын қызметіне тікелей әсері бар екендігі жөнінде өскелең ұрпаққа насихаттау, құрбы-құрдастарыма оны сусын ретінде ішпеу керектігін ғылыми ізденіс арқылы анықтау.

Оны дәлелдеуде орындалатын міндеттер:

·        Кока-кола сусынының шығу жолдары, оның құрамы мен зияндылығы

туралы түсінік беру;

·        Кока-коланың тұрмыстық жағдайда және өмірде қандай заттарды

тазалауға болатынын және оның соншалықты денсаулыққа кері әсерін тигізетінін көрсету, нендей зиян келтіретін ерекше тұстарын таныту;

·        Сусынның зияндылығын тәжірибелер арқылы дәлелдеу.

1. Негізгі бөлім

1.1 Кока-кола сусынының шығу тарихы

Бүгінде күллі әлем зерттеушілері күдікпен қарай бастаған Кока-Кола сусынының шығу тарихы сонау ертеден басталады екен. Тәтті су ең алғаш Атланта қаласында пайда болыпты. 1886 жылдың 8 мамырында Джон Пембертон ойлап тапқан бұл сусын алғашында жай сироп ретінде ғана сатылды. Арада алты жыл өткесін ғана «The Coca-Cola Company» болып ирландық Аза Кендлердің бастамасымен қайта құрылымданды. Көп уақыт өтпей-ақ Американың бірқатар қалаларында сатыла бастаған сусынның артынша Лос-Анжелес, Даллас, Чикаго қалалары мен Калифорния, Техас, Иллионс штаттарында зауыттары ашылып, жұмыс істей бастады. Яғни 1895 жылы Аза Кендлердің өнімі Американың барлық штаттарында зор сұранысқа ие болды.

Уақыт өте келе компанияны Эрнест Вудраффқа берсе, кейіннен оның ұлы Роберттің қолына өтті. Жаңа басшы өнімін әлемге тарту мақсатында «Кока-Кола Экспорт Корпарейшн» деп компанияның атауын өзгертеді. Сөйтіп оның алты бөтелкесін бір қаптамаға біріктіріп сатуға көшеді. Өнімдерін радиохабарлар арқылы жарнамалауды да қолға алды.

Жаңа басшының бұл жоспары өзі ойлағандай жүре бастады. Көп уақыт өтпестен оның өніміне сұраныс бұрынғыдан бетер артты. Мұнымен тоқталып қалуды жөн көрмеген компания спорттық ойындарға демеуші болу арқылы одан бетер танылды. Тіпті 1985 жылы ғарышкерлер коланы өздерімен бірге ғарыш кеңістігіне де алып шығады.

Жалпы тәтті сусындар құрамының әр 100 грамында 12 грамм қант болады. Ондай көлемдегі қанттың адам ағзасына айтарлықтай нұқсан келтіретіні айдан анық.

Көп жағдайда қанттың орнына тәтті дәм беретін алмастырғыш заттарды да пайдаланып жатады. Ал оның адам ағзасына тигізер залалы тіпті орасан. Сол себепті де әлем зерттеушілері ондай сусындарды ішу денсаулыққа қауіпті екенін айтып дабыл қағуда.

Мәліметтерге сүйенсек жер бетінде бұл газдалған судың секундына 8 мың стаканы ішіледі екен. Одан туындайтын зардаптың бірі адамның семіздікке шалдығуында. Себебі, салқын сусын асқазандағы тағамды қорытылу мерзімінен бұрын сыртқа шығарады да астағы минералдарды ағзаға дарытпай, адам өзін қайта аш сезініп шыға келеді. Яғни, жиі-жиі тамақ жеудің салдарынан семіздікке ұрынады деседі. Сондықтан да семіздіктің тікелей жолы салқын ішуден болады. Сонымен қатар Грекиядағы Иоаннин университетінің зерттеушілер тобы кока-коланы ағзадағы калций жетіспеушілігі дертіне әкеп соқтыратынын анықтаған. Оған себеп сусын құрамында болатын фруктоза, глюкоза, кофейн қоспаларының әсерінен деп түсіндіреді. Мұның соңы адамды әлсіздікке душар етіп қана қоймай, уақыт өте келе сал ауруына шалдықтырады екен. Ал даниялық ғалымдар күніне бір литр немесе одан да көп мөлшерде кола ішкен еркектер белсіздікке шалдығады деп мәлімдеуде.

1.2 Кока-коланың сусының құрамы

Джон      Стит     Пембортон        деген      фармацевт     адамға    қуат

беретін     шәрбат     ойлап          тауып,  оған     адамды  сергітетін      кока    жапырағын         қосқан.  Бұл    өсімдік     көпшілікке  «кокаин»   деген      атпен     таныс. Сол     уақытта   кока жапырағына     тыйым      салынбаған    екен.  Уақыт    өте келе   шәрбат    саудаға       шығарылады.   Есірткіден      басқа     оның құрамында     спирт   те    болған,  бірақ      көпшіліктің     өтініші    бойынша     спирт          құрамынан        алынып       тасталып,   оның

орнына       оңтүстік      африкалық      «кола»  жаңғағының      дәмі    қосылды. Бірақ       сусын     тым     тәтті    болын   кетті, оған    су  қосуға     тура     келді.  «Кока-Коланың» жарнамасына қарасаңыз, кофеин, ванилин, корица, кориандр бәрі шетінен табиғи өнімдер. «Коланың» құрамындағы карамель үй жағдайындағыдай қантты жоғары  температурада қыздыру арқылы емес,  қант, аммиак және сульфиттің арасында күрделі химиялық реакциялардың әрекеттесуінен алады. Бұл жоғары қысыммен температура жағдайында өтеді. Бұл реакциялардың нәтижесінде алынған бояғыш зат адам үшін өте зиянды.
Вашингтондық табиғи тағамды қолдаушылар, американдық зертханаларда жұмыс істеп жатқан оқымыстылар бұл химиялық құрамның бауыр, өкпе, тамақ қалқаны рагын және ақ қан ауруларын тудыратынын анықтағанын айтып алаңдайды. Және мұндай қауіпті  қоспа  «Кока-Кола» компаниясы шығаратын бес түрлі өнімнен табылған. Компания өкілдіктері әзірге мұндай айыптауға ләм-мим демей тым-тырыс отыр. Неге қайнатпаға аммиак қолданылмайтын  басқа  бояғыш заттар қолданбайсыздар? деген сұраққа да жауап қатпайды. Жалпы сарапшылардың зерттеуінше, американдық өндірушілер өнімдеріне  4 түрлі жасанды карамель қолданады, оның екеуінің қайнатпасында аммиак қолданылады. Алдыңғы қатарлы американдық онкологтар  осы аммиак қолданылған қайнатпалар қосылған сыра,  кола, соя өндірісіне қарсы. Бұл «Кока-Кола» компаниясының айналасында қозғалып жатқан алғашқы дау емес, бұрынғылардың жалғасы. Бұған дейін осы жылдың өзінде  ресейлік тұтынушылар құқығын қорғаушылар сот арқылы  «Кока- Кола Лайттың»  өнімдерін Ресей  аумағында  сатуға тыйым салу жөнінде мәселе көтерген болатын. Себеп  өнім  құрамында адам денсаулығы үшін өте қауіпті болып саналатын  қантты алмастыратын аспартамның мөлшерінің көрсетілмеуі. Аспартам адам ағзасына   рак ауруына шалдықтыратын формальдегид –канцерогеніне айналатын метил спирті болып түседі. Бірақ заңгерлердің айтуынша әзірге  бұл өнімдердің сатылуына тыйым салына қоймайтын сияқты. Себебі, компания  дауға негіз болған  этикетканы талапқа сай өзгерте қояды, бұл  оның құрамына ешқандай әсер етпейді. Сондықтан да әрбір тұтынушы өзінің денсаулығына  өзі жауапкершілікпен қарағанынан басқа амал жоқ.

1.3 Денсаулыққа әсері

Дәрігерлердің      пайымдауы       бойынша   Кока-кола  әсіресе  балалардың        бас     сүйегіне,    ойлау    қабілеттеріне    орасан  зор    зиян    келтіреді. Жалпы     газдалған       сусынды   мөлшерден тыс     пайдалану     адам     ағзасына   кальций,  темір    секілді     ең маңызды    элеменнттерді     жойып     есесіне   құрамындағы    есірткі  зат  өміріңізді       екі     есеге     қысқартады. Дәрігер мамандар мен ғалымдар сараптамасына назар аударсақ,  ішектің созылмалы ауруымен, асқазан, өт жолдарының және несеп жолдары ауратындарға тұтынбауға кеңес береді. Адам денесіндегі гармондардың түзілуіне кері әсерін тигізіп, жиі қолданғандық шамадан тыс семіруге әкеледі. Жас адамдардың ағзасына әсері күшті. Қан қысымын көтеріп, жүйке жүйесінің ауытқушылығын және ойлау қабілеттерін отырғызып тастайтын да қасиеті бар екен. Сусынның құрамында қан айналымын баяулатып, аққан ауруына әкелетін жасанды бояғыштары бар. «Кока-кола сусынын дайындау кезінде пайдаланылатын карамелдердің құрамындағы бояулар қатерлі ісіктің дамуына әкеліп соғады», деп жазады газеттер. Дұрыс тамақтану қозғалысының американдық белсенділері өндіруші компаниясы колаға карамельдер түс береді деп мәлімдеме жасауы –жалған. Шындығында, олардың айтуына қарағанда, ол толығымен жасанды канцерогендердің қарақошқыл балқымаларынан тұрады. Бұл заттар организмге түсе отырып, қатерлі ісікке алып келетін формальдегид-канцерогенге айналатын метил спиртін бөледі. Бұл сусынның құрамында кофеин, таурин сияқты қоспалар бар. Оларды белгілі мөлшерден көп қолданса, адамның энергиясы немесе бұрын байқалмаған қандай да бір ауруы қозады. Қозудың әсерінен адам әлсірейді. Бұл сусынның денсаулыққа кері әсері бірден байқалған жоқ. Жиырма жылдан кейін ғана белгілі болды. Қазір бұлардың зияны анықталып дәлелдегеннен кейін аталған өнімнің отаны Америкада оларды сатуға мүлде тыйым салынып жатыр.

1.4 Кока-коланың тұрмыстық жағдайдағы пайдалы жақтары

1)    Сіз Кока-коланың ауруды уақытша тоқтату (обезболивающее) қасиеті

бар екенін білесіз бе? Осы сусынның химиялық құрамындағы кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар. Көктем, жаз мезгілдерінде қала сыртына шығып демалғанда жәндік, шыбын-шіркей  шағып алған жағдайда Кока-коланың көп көмегі бар. Денеңізді шағып алса, ашып не ауырып тұрған жерге Кока-коланы құйсаңыз, жеңілдеп қаласыз.

2)    Кока-кола тотты керемет кетіреді. Үйде тот басып, қолданыстан шығып

қалған зат болса, сол затты түнде кола құйылған ыдысқа батырып қойыңыз да, таңертең жақсылап ысқылап, жуып-шайып алыңыз.

3)    Кока-кола терезені жақсы жуады. Сусын құрамындағы лимон қышқылы

терезеңізді, автокөлігіңізді жуғанда тиімді нәтижесін көрсетеді.  Терезені жуып болған соң, әйнекте сірне қалмас үшін сулы шүберекпен сүртіп алыңыз.

4)    Бұл сусынды тамақ дайындауда да қолдануға болады. Коланы өзіңізге

ұнаған соуспен араластырып, дайын болған қосындыны етке жағып қойсаңыз, таңертең маринадталған ет дайын. Тауық етіне мұндай қосынды карамельді дәм мен иіс береді.

5)    Үйіңізде біртүрлі иіс бар ма? Арнайы сұйықтық қосылған шелектегі

суыңызға Кока-кола қосып, еденді жуыңыз. Иіс жоғалады. Сонымен қатар, өзіңіздің үстіңізден де қолаңса иіс шығатын болса, коланы үстіңізге құйып, ысқылап, артынан таза сумен шайыныңыз. Иіс жоғалады. Тағы бір айтатыны, Кока-коланың шашқа пайдалы әсері бар.

6)    Кейде үйдегі ыдыс-аяғымыз «товарный видін» жоғалтады. Түбінде

болсын, сыртында болсын, сырылған қара сызықтар, қара дақтар пайда болады. Ыдысыңыздың бастапқы көрінісін қайтару үшін ыдысқа бір бөтелке коланы құйып, оны жай жанып тұрған отқа қойып, қайнатып алыңыз. Бір сағаттан соң ішіндегісін төгіп, ыдысты жуып алыңыз.

7)    Кока-кола дақты жақсы кетіреді.  Егер тиген дақты кетіре алмай,

шакфыңыздың бұрышында жатқан киіміңіз болса, кола көмектеседі. Кока-коланы кір жуғыш ұнтағыңызбен араластырып, кір жуғыш машинаңызға салып, күнделікті әдеттегідей кір жуып алыңыз. Тіпті қанның дағы да кетеді. Оған қоса, киіміңізде жағымды иіс болады.

8)    Назар аударыңыз! Кока-кола тойып, асқазаныңызды көтере алмай

тұрғанда, жүрегіңіз айнығанда жақсы көмектеседі. Бір стақан кола ішіп алсаңыз, кішкене уақыттан соң жеңілденіп қаласыз. Бұл сусын тамақ ауырғанда, диареяда да керемет көмекші бола алады.

Сондықтан Кока-коланы тек ішіп қана қоймай, үй шаруашылығында да тиімді пайдалана біліңіз.

II Тәжірибелік бөлім

2.1 Оқушылардан алынған суалнама

Мен Кока-кола сусынының зиянды жақтарын көрсететін тәжірибемді

жасамас бұрын сыныптастарымның ол сусын туралы пікірін білгім келіп сауалнама жүргіздім. Оың сұрақтары төмендегідей болды.

1.     «Кока-коланы»  жақсы көресің бе?

2.     «Кока-коланы» жиі ішесің бе?

3.     «Кока-кола» мен тәтті шайдың қайсысын таңдар едіңіз?

4.     «Кока- коланың» зиянды жақтарын білесің бе?

5.     «Кока-коланың» денсаулыққа кері әсері бар ма?

Қарағанды қаласы №53 мектеп-лицейі 3 «а» сыныбының 30 баласынан сауалнама алынған болатын, одан шығатын қорытынды:
Менің сыныптастарым бұл сусынды өте жақсы көреді екен, бірақ кейбіреуі оның зиян екенін білсе де, анда-санда ішеді екен.

2.2.Менің тәжірбиелерім

Мен осы ғылыми жұмыспен айналысқаннан  бері бірнеше тәжірбиелер жасап  көрдім.Осы тәжірбиелер нәтижесін сыныптас достарыма көрсеткім келді.

1-тәжірибе.

Мақсаты: сусынның тазартқыш құрал ретінде пайдалануға болатынын дәлелдеу.

Сыныптағы шелектің  сыртында краскамен «3 а» деген жазу болды, мен шүберекті  колаға батырып, біраз уақытқа қалдырдым, шүберектің  үстіне бірнеше рет кола құйып отырдым. Сәлден соң , сол шүберекпен ысқылап сүрттім, краска кете бастады.

Мына тәжірбиені  жасар алдында құрбымның тырнағына лак  жақтым да, бір стақанға кока-кола сусынын құйып саусағын  5-7 минуттай батырып тұрдым. Содан соң тырнағын қол орамалыммен сүрттім, лак кетті. Осындай нәтижені көрген құрбы-құрдастырым таң қалды.

Қорытынды: достарым сусынның денсаулыққа зиян екен айтып, өз ойларымен бөлісті.

2-тәжірибе.

Мақсаты: сүт пен кока-коланың әрекеттесуін бақылау.

Бір ыдысқа кока-кола құйдым да, оған сүт қостым, көп күттірмей сүтім іріп кетті.

Қорытынды: бұндай өзгеріс кока-кола ішсек, біздің ағзамызда да болады.

3-тәжірибе.

Мақсаты: дат басқан темірлер мен тиындарды кока-коламен тазарту.

Тәжірибе үшін дат басқан темірлер мен тиындарды кок-колаға саламыз, екі күннен кейін салған заттарымыз жап-жаңа болып жарқырап шыға келеді.

Қорытынды: кока-кола керемет дақтарды да кетіре алады.

4-тәжірибе.

Мақсаты: жұмыртқа қабығы мен кока-коланың әрекеттесуін бақылау.

Жұмыртқаның жарты бөлігін сусынға салып қойып бақылау жасаймыз, 6 күннен кейін жұмыртқа қарая бастайды, 12 күн, ал 18 күннен кейін жұмыртқа қабығы қап-қара түске енеді.

Қорытынды: жұмыртқа қабығына жасалған тәжірибе Кока-кола сусынының кальцийді бұза алатынын дәлелдеді, оған біздің тырнағымыз бен тістерімізді де алуға болады.

Қорытынды

Кока –Коланы сусын ретінде тұтынбау

Осындай дәлелді айғақтардан кейін бұл сусынның денсаулыққа кері әсері бар деп ойладым, оған менің тәжірбиелерім дәлел бола алады. Сусынды ішсек – денсаулыққа өте зиянды екенін білдік. Сондықтан Кока-Кола сусынын мектеп асханаларында сатуға тыйым салынуда. Күшті газдалған бұл сусынның құрамында қанттың мөлшерден көп екені әбден анықталған. Адамның сүйектері әлсіреп , сусамыр дертіне шалдықтыратыны да белгілі болған.

Осындай айғақтардан кейін бұл сусынды мүлдем тұтынбау  керек дер едім.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақ тілінің сөздігі.

2. ТОО «СП» «Кока-Кола Алматы Боттлерс» 2009.

3. Қызықты айғақтар.   2011.

4. Ғаламтордағы ақпараттар

Пікір

Зерттеу жұмысында орындаушы оқушы өз бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденісін тиянақты жеткізе білген.

Оқушыға бұл жұмысты таңдауға себеп болған жағдай – «Кока-коланың шығу тарихы» деген мақала. Ол осы мақаланы оқығаннан кейін одан әрі тереңдете білгісі келіп, қандай да бір деректер тауып, тәжірбиелер жасау арқылы осындай нәтиже мен  қорытындылар жасап отыр.

Зерттеу кезінде оқушының жасы кішкентай болуы  және ақпараттар іздеу

кезінде қиындықтар болды. Соған қарамастан алдына қойған мақсатына жетті деп ойлаймын. Ол өз пікірін ашық айтуға, еркін ойын жеткізуге, қойылған сұрақтарға толық, нақты жауап беруге дағдыланды.

Болашақта өзін-өзі танытатындығына мен сеніммен қараймын, өйткені ол барлық сабақтарға қызығушылықпен, ынтасымен қарайды.

Пікір білдіруші: жетекшісі:  Аманжолова С.Б.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *