Бал арасы


 Мактупова Амина Асыловна
 Қарағанды қаласы ЖББО№53 мектеп-лицей КММ 1 «Ә»  сынып оқушысы

Жетекші: бастауыш сынып мұғалімі Аманжолова Сания Болатовна

Мазмұны

1. Бал арасы

1.1 Бал арасының тіршілігі……………………………………………………………………….4

1.2 Араның қорегі……………………………………………………………………………………..5

2. Бал өнімдері

2.1 Балдың түрлері…………………………………………………………………………………….6

2.2 Бал жинау…………………………………………………………………………………………….6

2.3 Балдың емдік қасиеттері……………………………………………………………………….8

2.4 Ара шаруашылығынан алынатын өнімдердің пайдасы…………………………..8

3. Тәжірибе жасау…………………………………………………………………………………….11

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………………..14

Мақсаты: Балдың түрлерімен танысу, және олардың ерекшеліктерін ажырату, адамға пайдасын зерттеу.

Осы мақсатқа міндеттер қойылды:

•      Табиғи балдың түрлері;

•      Бал жинау;

•      Балдың емдік қасиеттері;

•           Галерея

•           Табиғи мен жасанды балды ажырату

Зерттеу жұмысының әдістері:

·әдебиеттерге шолу;

·тәжірибе жасау;

1 бөлім. Бал арасы

1.1 Бал арасының тіршілігі

Аралар тек қана үлкен әулет болып тіршілік етеді. Көктемде бір қалыпты ара әулеті омартада ондаған мың жұмысшы арадан және аналық арадан құрылатын бір әулеттен тұрады. Жұмысшы ара мен аналық ара ұрғашылары, ал еркектері трунти деп аталады. Олар әулетте көктемнің соңында және жаздың басында пайда болады да, аз тіршілік етіп, күздің аяғында өліп қалады.

Омарта тұрғындары бір әулет болып тіршілік етеді де, омартада қалыптасқан белгілі заңдар мен ережелерге бағынады. Мұнда тұратын әрбір ара өзінің жұмыс орны мен міндеттерін жақсы біледі. Аналық ара – ең ірісі және оның сыртқы көрінісі ерекше болады. Ол жұмысшы арадан екі есеге жуық ұзын (20-25 мм), салмағы – 230-280 мг. Аралар ұрғашы арасыз тіршілік ете алмайды. Ұрғашы аралар 5-6 жыл тіршілік етеді

Омартаға кіретін алаңшадағы күзетші аралар ұшып келген аралардың өз тұрғындары, не бөтен екеніне иісінен біледі. Араның екі күрделі, үш қарапайым – барлығы бес көзі бар. Аралар аса сезімтал, дәм айырғыш болады. Олар дыбысты, әсіресе темір жаңғырығын жақсы сезінеді. Олардың есту мүшелері алдыңғы сирағында орналасқан. Тәжірибелер арқасында барлаушы аралар өздерінің биімен омартадағы араларға тапқан тәтті нәр немесе тозаңдардың сапасы жайлы емес, сол табылған олжаларға барар жолдың қашықтығын хабарлайды.

Жабайы аралар өздерінің ұяларын ағаштың қуысында, үңгірлерге салады. Ал қолда өсірілетін аралар ұяларын омартада рамкада салады да, олардың балауыз ұяшықтары бірдей болады.

Аралар балауыз құрылысының бәрін түнде жасайды. Демек, оларға құрылыс кезінде көздің қажеті жоқ. Өйткені олардың сезім мүшелері жақсы дамыған.

1.2 Араның қорегі.

Араның тіршілігі гүлдер мен тығыз байланысты. Аралар негізгі қорегі – гүлдерден тәтті шырындар мен гүл тозаңдарын жинайды.Өз тарапынан аралар да өсімдікке үлкен пайда келтіреді. Олар бір гүлден екінші гүлге ұшып-қонып жүріп, айқас тозаңдану жұмысын жүргізеді.

Гүл тозаңындағы ақуыз – араның негізгі қорегі.Сонымен бірге, тозаңның құрамында май, крахмал, қант, гүл және басқа заттар да бар. Аралар дұрыс өсіп-жетілуі үшін тек гүл тозаңымен ғана қоректеніп қоймайды, пергамен де қоректенеді.

Перга немесе ара наны дегеніміз – ара ұяшықтарында нығыздалған, үстіне күрделі ферменттік процестен өткен бал құйылған гүл тозаңы.Бұл өнім гүл тозаңына да, балға да ұқсамайды. Пергада ақуыз өте көп кездеседі. Араға су ішу үшін және дернәсілге қорек дайындау үшін қажет.Суды аралар өзеннен, су қоймаларынан, су көздерінен алады. Ара шаруашылығында қосымша су ішетін науалар жасап қояды.

2. Бал өнімдері

2.1  Балдың түрлері

Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар. Біз енді солардың бастыларын атап айтсақ.
Түйебұршақ(донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық – янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.
Шайқурай(кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.
Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қар-сы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондай-ақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.
Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.
Таңқурай(малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.
Қарақұмық(гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай бол-ғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай-ақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады.

2.2 Бал  жинау

Бал жинау — ара ұясының жылы маусымдағы гүл шірнесі мен тозаңын жинап, бал өндіруі; табиғи процесс. Аралардың ішінде бал жинауға тек ерекше балауыз бездері бар, “жұмысшы” аралар  ғана қатысады. Ара өзінің “бал сауытына” (артқы екі аяғында болатын арнайы қуыс) өз салмағының жартысындай шірне жинай алады. Олар жинаған шірнесін ұядағы жас араға қалдырып, қайтадан ұшып кетеді. Жас аралар шірнені тор көзшелерге салады, желдетіп, артық ылғалын жояды. Араның сілекей безі шірнедегі қант құрамын өзгертіп, оны балға айналдырады. Көзшелер балға толғаннан кейін, ара оны балауыз қақпақшамен жабады. Мұндай бал  ұзақ сақталады. Бір маусымда ара ұясы 100 — 200 кг бал жинайды. Араның Бал жинауы өсімдіктердің жаппай гүлдеуіне тұстас келеді, сондықтан оны үш кезеңге бөлуге болады. Көктемгі жинау—өсімдіктің алғашқы гүлдеу кезеңінде басталады. Көктемде жиналған балдың сапасы өте жоғары болады. Жазғы жинау 2—3 аптаға созылады. Бұл кезде бал (күніне 6—7 кг), негізінен, жөке ағашынан жиналады. Өйткені жөке ағашы маусымның аяғы, шілденің басында гүлдейді. Жөкеден алынатын бал қоңыр түсті, хош иісті келеді. Ең көп бал — қарақұмықтан жиналады. Қарақұмық бір айдан артық гүлдеп тұрады. Күн ашық, ылғалды болса, бір ара ұясы маусымына қарақұмықтан 50—60 кг-ға дейін бал жинай алады. Күзде аралар балды аз, негізінен, күнбағыстан (күніне 3 — 4 кг) жинайды. Одан алынатын бал ашық сары түсті, иіссіз болады.

2.3  Балдың емдік қасиеттері

Емдік қасиеті ерте кезден белгілі болып, түрлі ауруларға қарсы әркім өзінше пайдаланып келген суық тигенде, жүрек, бауыр, өкпе, бүйрек, асқазан, ішек, жүйке ауруы, сондай-ақ қан қысымынң көтерілуі сияқты дерттерге шипа. Оны көпке созылып, асқынып кеткен жарақатқа да жағуға болады. Соған орай балды кейбір ауруларға қалай пайдалануға болатыны туралы қысқаша мәлімет ұсынамыз. Бұл тәсілдерді ата-бабаларымыз байырғы заманнан пайдаланған. Белгілі философ, ғұлама дәрігер Ибн-Сина (Авицина): «Егер жастығынды сақтағың келсе, онда міндетті түрде бал же» деген екен кезінде. Ал Грецияның ұлы математигі Пифагор: «Менің көп жасауымның себебі – «Үзбей бал жеуімнен»,-деп атап көрсетті. Сөйтіп бал бұрынғы заманда-ақ өзінің емдік бағасын алған. Бұлардың құрамында ең көп кездесетін углевод глюкоза мен фруктоза. Олар балдың 70-75 пайызын кұрайды. Балдың кұрамындағы углевод адам бойына жақсы сіңеді. Углевод әсіресе, жүйке клеткалары мен бұлшық еттер үшін ерекше кажет. Егер қан кұрамында углевод азайса, адамның ойлау қабілеті мен дене еңбегіне деген қабілеті күрт төмендейді. 100 грамм бал 355 калория береді.

•      Суық тигенде; Асқазан;

•      Жүрек ауырғанда;

•      Бүйрек ауырғанда.

2.4  Ара шаруашылығынан алынатын өнімдердің пайдасы.

Бал. Ара балы, бал – жоғары калориялы диеталық тағам.  Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығаратын өнімі – қоймалжың, тәтті сұйықты бал деп атайды. Ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды бал – тек өсімдіктің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктің түріне (қарақұмық балы, жөке ағаштың балы, т.б.) қарай атайды. Көпшырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Мұндай балды табиғи бал беретін өңірлерге байланысты (дала балы, тау балы, бақ балы, т.б.) әр түрлі атайды.Ара балының сапасын негізінен хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік және жабысқақтық қасиеттері арқылы ажыратылады. Бал –қуаты жоғары тамақтық азық. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5оС-тан 10оС-қа дейінгі температурада сақтайды.

Бал арасының тіршілігін бақылау адамды табиғатты жақсырақ білуге, байқағыштыққа, еңбексүйгіштікке баулиды.

Басқа азықтық өнімдермен салыстырғанда балдың артықшылығы ерекше зор. Ол сүйкімді дәмдік қасиетін былай қойғанда, құнды дәрілік зат болып табылады.

Бал арасы – табиғи дәрі-дәрмектердің қайнар көзі. Одан алынатын бал ара уы, перга, аналық сүтше, балауыз және ара желімі сияқты өнімдер қазіргі медицинада кеңінен қолданылады.Бал өте қоректі, ағзаға жақсы сіңетін шипалы өнім. Оның құрамында көптеген минералдық тұздар, органикалық қышқылдар, витаминдер, химиялық заттардың алмасуын күшейтетін ферменттер мен ақуыз бар.

Ара балауызы.Балауыз дегеніміз – араның балауыз өндіретін безінен шығатын өнім. Ара балауызы – қатты, тез жұмсаратын өте жақсы зат. Оның халық шаруашылығындағы маңызы өте зор және өнеркәсіпте кеңінен қолданылады.

Балауыз су мен және басқа сұйықтармен бірікпейді. Суға және глицеринге ерімейді, спиртке салғанда да өте нашар ериді. Өндірістік әдістер бойынша балауыздың омарталық, престелген, экстрактілік және ағартылған сияқты сұрыптары бар.

Балауыз медицинада да үлкен орын алады. Пластырлер, майлар және кремдер тек қана ара балауыздарынан дайындалады. Балауыз косметикада да кеңінен қолданылады.Ол сіңімді, тұтқыр, тазартқыш, ағартқыш кремдердің, бетті сылайтын майдың, көптеген косметикалық дәрі-дәрмектің құрамына кіреді.

Прополис ара әулеті үшін үлкен рөл атқарады. Аралар прополиспен тесіктен ұяға кіретін жолды тарылтады. Сондай-ақ, ұяның жарықтарын бітейді. Ұялардың қиюларынарамалардың иіндерін бекітеді. Бал мен гүл тозаңына қойма болатын жәнедернәсілдерге тербетпелі орын үшін балауыз ұяшықтарын өңдейді.Прополисомартаның мыңдаған тұрғын аралардың жағымсыз иіс-қоқыстан, бактериялы өсімдіктерден қорғап, балдың іріп-шіруіне бөгет жасайды.

Прополис – өте күрделі зат, оның құрамында эфир майы, витаминдер, темір, марганец, калий, алюминий, кремний бар. Прополис техникада да қолданылып келеді. Мұнан арнаулы лак жасайды. Халық медицинасында көпке дейін жазылмайтын жара мен сүйелді емдеу үшін дәрі ретінде қолданылады.

Араның уы.Халық медицинасында ерекше ғажайыбы – араның уы апитаксин. Көптеген дәрігерлер араның уын шипалы деп санайды. Араның уы – улы безден бөлінетін түссіз, мөлдір ерітінді. Бір араның у сақтағыш бездерінде орта есеппен 0,2-0,4 мг у болады. Араның уы бал иісіндей хош иісті, бірақ ащы келеді. Ара уының маңызды қасиеті, оның құрамында биологиялық активті айырықша ақуыз болады.

Фармацевтика өндірісінде ара уынан препараттар шығарады. Бұл дәрі-дәрмек құңды, ревматизмді, жүйке жүйесін, демікпені, бронхитті, бас сақинасын (мигрень), қан тасуды және басқа ауруларды емдеуге қолданылады. Кейде араны денеге қойып шақтырады, кейде ара уынан жасалған дәрімай түрінде жағылады немесе сұйық ерітінде түрінде егіледі.

Қазіргі кезде Қазақстанда 300 мыңнан аса ара әулеті бар. Оның жүз мыңға жуығына ара өсіруші әуесқойлар мен тәжірибелер омарташылар ұстайды. Омарта шаруашылығы, әсіресе Шығыс Қазақстанда дамыған. Мұнда ара өсіретін арнаулы төртшаруашылық бар. Республика бойынша әр ұядан орта есеппен жыл сайын 40-50 кг-нан бал жиналады. Сондай-ақ, Алматы және басқа облыстардың шаруашылықтарыменжеке әуесқойлары да араны көптеп өсіруде.

3. тәжірибе жасау

1.

1.     Балда қантты сиропты анықтау үшін оған кишкене қатқан нан саламыз. 1 сағаттан кейін балдын ішіндегі нан жұмсарып кетсе құрамында қантты сироп бар деген сөз. Біздің нан қатты болып қалды. Ол балымыз таза деген сөз.

Балдың құрамында ұн, крахмалдын бар – жоғын анықтау ушін кишкене суға бал қосамыз. Осы суйықтыққа 1-2 тамшы йод қосамыз. Егер балдың құрамында крахмал немесе ұн болса, ол көк түске боялады. Егер бал таза болса, қоныр түсті болады. Біздің бал қоңыр болды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Омарқожаұлы Н., Әкімбеков Б.Мал шаруашылығы. – Астана: «Фолиант» баспасы,2010.

2 Корж В.Н.Основы пчеловодства. – М.: Феникс, 2010.

3 Бондарев С., Ромашкин П.Азбука пчеловода. – М., 2009.

4. ғаламтор

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *