«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» шығарма


Советханова Дана
ШҚО Тарбағатай ауданы С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы  
Жетекші: Алипова Кулжанат Абдрасуловна

                                                         Жоспар

I- Кіріспе бөлім

Мәңгілік Ел- көне тарихымыздан бастау алады»

II- Негізгі бөлім

Тамырын тереңге жайған  нұрлы елім

III-Қорытынды

« ХХI – ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры»

 

«Біздің Елбасымыз  Жалпыұлттық идеямызды — Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырды. Елбасы өз жолдауында : қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел — елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан — 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі — Мәңгілік Ел! Ол — барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, Елбасы «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға тоқтала келе, ондай идеяның бастауы тым тереңде жатқанын жеткізді. «Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты — Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін — Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі — бірлік, берекесі. Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз — Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз. Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет.. Мен жастар – біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!», — деді Мемлекет басшысы.
Мәңгілік ел –көне тарихымыздан бастау алады. Қазақ халқы ерте заманнан қоныстанған және билік жүргізген өңірде сақтардан, ғұндардан, түріктерден тағы басқа рулық  ұлыстық елдерден қалған аса құнды мұралардың және еркерткіштердің табылғаны жұртқа аян. Солтүстік және Батыс Шыңжаң өңірінен, Қазақстаннан, Маңғол Халық Республикасына қарасты Орхон, Тамыр, Тұла өзендері аңғарларынан табылып жатқан мұралар мен тарихы еркерткіштер жұртты қызықтырып жүзінің құрамын толықтырған, тіпті қазірге дейін байырғы атын өз қалпына сақтаған тайпалар және үлыстар жасаған. Ал ХV ғасырдан кейінгі тарихшылар мен этнографтардың «қазақ даласы» деп атаған жұтрқа аян.

Міне, осы «Қазақ даласына» Х ғасырда күннің шығысынан күннің батысына дейін алып жатқан ұлан байтақ даламызда, Керей мен Әз-Жәнібек туын тігіп негізін қалаған Қазақ хандығына биыл 550 жыл толып отыр.

Халқымызда мынандай мақал бар: «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз» демекші біріншіден қазақ хандығы ХІІІ – ғасырдың басынан ХV – ғасырдың ортасына дейін «қазақтар біртұтас халық болып қалыпталасқанға дейін» Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарының қоластында болған көшпелі түркі тайпалары «Алаш» қауымынан бастап біртіндеп бірлесіп екі ғасырдан астам уақыт «қазақ» атты халық болып қалыптасу барысын бастан кешірді. Екінші сөзбен айтқанда алғашқы «Алтын орда» хандығы, одан кейінгі «Ақ орда» хандығымен Өзбек хандығы дәуірі, міне, осылайша біртұтас «қазақ» халқы болып қалыптасуға алғышарт – жағдай әзірленген.«Қаған парызы – халқының қарнын тойғызып мерейін өсіріп отыру түнде-ұйқы көрмедім, күндіз – күлкі көрмедім; қызыл қаным төгілді, қара жерім сөгілді; күшімді сарқа жұмсадым, жауға да шаптым құрсанып – бәрі мәңгі елім үшін!» — дейді баба Тоныкөк. Ия, бұл кешегінің ұраны, бүгіннің арманы келешектің еншісі. Ханның мұраты, қарашаның тілегі.

Мәңгі болу-мәңгілік арман.Мәңгіге шектеме болмайтын секілді, мәңгілік елге айлану өркениетке ілескен бұл күннің толқыннында жүрген әр адамның арманы. Қазақ деген ұғымды еншілегенімізге де өте ұзақ, болмаса да,арғы бабамыз сақпен ғұннан, үйсін мен қаңлыдан тарата айтсақ бәрі де мәңгілік жұрттың негізін қалады. Мәңгілік ұрпақтың шекарасын айқындады, қазақтың қай тұсын алып қарасақ та мәңгілік болудың мақсаты айқындалады, тайға басқан таңбадай  із тастайды. Кир патшаның басын алып, «мәңгі елдің тыныштығын алғың келсе, мәңгі қанға тойып торсықта жат»-деп халқының ертеңі үшін атқа қонған Тұмар ханым тірлігі де осы елдің, баба жұртының бас қамы еді. Желмаямен желе жорытып, мәңгілік «жерұйық» іздеген Асан қайғының да қайғы атанғаны еліне тұрақ, ұрпағына мәңгілік мұрат болар жері құнарлы, ауасы жұпарлы, шөбі шүйгін жұртты көксемеп пе еді? Қой қоздап, түйе боздатып, желілеп бие байлап, жер бетінің жайлысын таңдап ұрпақ өсіруді арман еткен Асан жыраудың сан жорығы мәңгілік ұрпақтың қамы емес пе? Қайда барса өзіне қызылған, өзінің атына жазылған көрден құтылмаққа Қорқыт баба да қобызын күңірете тартып мәңгілік ғұмырды аңсамады ма? Мәңгілік үнді, мәңгілік әуенді  аңсамады ма. Әбілқайыр сұлтаннан ат басын бұрып, артына мәңгілік мұраты мен мақсаты бір қауым етіп, қазақ хандығының қара шаңырағын тіккен Керей мен Жәнібектің жан мұңы да, өз ақылшысы Асан қайғы армандаған жұмақ мекенде өз халқын бақытты ету емес пе? Даланың заңын қазақтың хәлімімен ұштастыра ұлттың болуына сай «жеті жарғынаң» жасаған жұрттың  тіршілігі де ел іргесін бүтіндеу, ел ертеңін түгендеу емес пе? Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламада қиындай қырылған жұрттың «біріксең ел боласың өзгемен тең боласың» деп елдікке бастаған хан Абылайдың да аңсағаны да есіл жұттың ертеңгі амандығы, баланың баба топырағында ғұмыр сүретін деген ниеті емес пе? Хан Кененің көкірегі қақ айрылып қан жұта жорық жасауы, жұрттың ертеңгі болашағы, елдің келешегі үшін күрес, мәңгілік ұлт үшін, мәңгілік атамекен жұрт үшін күрес емес пе? Әр дәуірдің зиялысы ертеңінің жарық болуы үшін күресті. Әр дәуірдің мәңгілік болудың өз әлінше сырын айтты. Абай болып толған заманда «мәңгілік ғылымның сырын ұқ, мәңгілік ілімнің ертеңіне бойла» деп сыр төкті. «Жүрегімнің түбіне терең бойла, мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім. Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма…» — деген Абайда ұлттық мінімен арпалысты, ертеңін ойламас жұттың сынымен алысты.

Мен « ХХI – ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! Мен- болашақта кәсібилікке бағытталған, инновациялармен зерттеулерге негізделген оқу қоғамдастығының бір бөлшегі болып табылсам, бұл өзгерістерді өзекті әрі қажетті де құнды деп қабылдап, болашақта мектеп пен сыныптарда өзгеріс енгізуге үлес қоспақпын.
Қорыта айтқанда, мен өзімді өмір бойы жетілдіруге мақсат қойып, Шульманның үш көмекшісі деп аталған бас – кәсіби түсінікті, қол – оқытудың тәжірибелік дағдыларын, жүрек – кәсіби тұтастықты, данышпан Абайдың қара сөзіндегі нұрлы ақыл, ыстық қайрат пен жылы жүрекке байланыстырып, оқушы жүрегіне жол тауып, оқыту мен оқуда нәтижеге жетуге, кәсіби шеберлігімді одан әрі де дамыта беруге шынайы ниеттемін.
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!» – деген елбасымыздың қорытынды сөзімен шығармамды  аяқтаймын.

Әрбір адам  мейлі, ол жазушы болсын, ақын болсын, не әнші болсын өзінің асқан бір сүйіспеншілігімен жазатын не орындайтын шығармасы болады. Ал мен жазушы да, ақын да, әнші де емеспін. Бірақ бүгінгі жазылмақ  болған шығарма  мен үшін  үлкен  жауапкершілікпен   жазылар шығарманың бірі  болды.Бұл шығарманың тақырыбы тамырын тереңге жайған үлкен ағаш  секілді. Тамыры тереңге жайылған ағаштың,  жапырағы да көгеріп мәңгі көктеп гүлденері шындық. Тамырын тереңге жайған, жапырағы жайқалған ағаш менің  қазақ ұлтым , қазақ елім,  қазақ халқым. Бұл  мен үшін мәңгілік ел бейнесінде  көрініс тапты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *