Тәуелсіздік күніне арналған тақырыптық сабақтың конспектісі «Сыйластығы жарасқан Тәуелсіз Қазақстан»


Дюсебаева Самал Кузтаевна

учитель казахского языка

Д/c №3 “Иван – Царевич” город Степногорск

Сабақтың мақсаты: Тәуелсіз еліміздің болашағы – жас ұрпақтар бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен елін, сүюге оны қорғай білуге тәрбиелеу.Мақал-мәтел, тақпақтар арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.

Көрнекіліктер: мультемедия, слайд, саптама етік, қамзол, ою өрнектер, асықтар.

Сабақтың барысы:

( Б. Тілеуханның «Елім менің» әнімен залға кіреді.)

Балалар келген қонақтармен амандасады.

Мұғалім: Құрметті балалар, қонақтар! Егеменді еліміздің тәуелсіздік мерекесі құтты болсын. Сәби күлкісі мен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын. Тәуелсіздік күніне арналған тақырыптық сабағымызды   бастаймыз.

« Қ. Р. Гимн»

Қазақстан дейтін менің бар елім.

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл далада атам қолға ту алған

Бұл далада жылап келіп, уанған,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

Ән: « Қазақстан»  (слайд)

Біздің Қазақстанымыз туған еліміз, туған жеріміз егеменді ел болып тәуелсіздік алғанына 23  жыл толды. Бүгінгі біздің тәуелсіздік күніне арналған тақырыптық сабағымызды  «Сыйластығы жарасқан Тәуелсіз Қазақстан» еліне саяхатқа аттанамыз. Саяхатқа аттанбас бұрын мынадай  сұрақтарға жауап беріңдер.Тыңдаңдар.

Сұрақтар:

  • Қазақстан қандай ел?

Қазақстан тәуелсіз, егеменді ел.

  • Сенің  Отаның  қалай аталады?

Менің Отаным –Қазақстан.

Отан, туған жер туралы өлең оқу.

Байтақ далам- туған жердің

Қымбат маған әр тасы

Өзен көлі, самал, желі

Асқар тауы- баршасы.

  • Қ.Р. Елбасы кім?

Қ.Р. Елбасы Н. Ә. Назарбаев.

  • Қ.Р. рәміздерін ата?

Қ.Р. туы, Қ. Р. Елтаңбасы, Қ. Р. Гимні.

«Мемлекеттік рәміздер» өлеңі                        

Сәнді айшығы, бедері,

Рәміздер – ел беделі:

Бойға таққан тұмардай,

Қастерлеймін мен оны!

Онда қуат, жалын бар,

Жалыннан от жалындар!

Рәміздерден

Елімнің,

Бет- бейнесі танылар!

  • Қ. Р. Туын сипатта?  (слайд)
  • Ту- көгілдір түсті. Ортасында алтын күн, астында қыран бүркіт. Тудың шетінде ұлттық ою- өрнек. Тудың авторы Жандарбек Малибеков.

Қазақстан жалауы.

Жалауымда көгілдір

Күн күледі төгіп нұр

Қыран- бейне

Қанатты

Көкке самғар-Елім бұл!

  • Қ. Р. Елтаңбасын сипатта? (слайд)
  • Елтаңба алтын және көгілдір түсті. Ортасында шаңырақ. Әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын білдіреді. Тұлпар – биік арманның, қайраттың нышаны.

Жұлдыз мемлекетіміздің жұлдызы биік, жарық болсын деп биікте орналасқан.

Елтаңбаның авторы: Жандарбек Малибеков

Шота Валиханов

Елтаңбамыз- ел беті

Төрге ілінер көрнекті:

Анам таққан шолпыдай,

Дөп- дөңгелек

Өрнекті!

  • Қ.Р. гимнді айтқанда не істейміз. (слайд)
  • Орнымыздан тұрамыз. Оң қолымызды жүрекке қоямыз. Гимн айтамыз. Авторлары: Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Н. Назарбаев. Музыкасын жазған: Ш. Қалдаяқов.
  • Әнұран

Қастерлемес даңқын кім

Қадірлемес салтын кім

Әнұраны елімнің

Үні,

Тілі халқымның!

Мұғалім: Жақсы.  Сұрақтардан сүрінбей өттіңдер. Тәуелсіз елдің болашағы білімді балалар екендеріңді көрсеттіңдер. «Сыйластығы жарасқан Тәуелсіздік» еліне саяхатқа атанамыз. Саяхатқа отарбамен барамыз. Онда аялдамалар бар. Әр аялдамадан өту үшін тапсырмаларды орындау  керек.

1-Аялдама «Сәлем – сөздің айнасы» . (слайд)

Балабақшада балаларды әдептілікке, мейірімділікке үйретеді.

  Әдептілік туралы өлең оқу.

Атам маған әманда,

Әдепті жан бол деген.

Ата сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.

Бұл аялдамада үлкендермен қалай амандасу керектігін біздің бүлдіршіндеріміз сахналық көрініс арқылы көрсетіп берсін.

Сахналық көрініс. ( Ата мен баланың амандасуы)

Бала: Ассаламағалейкум, ата!

Ата: Уағалейкум, балам!

Бала: Ата, деніңіз сау ма?

Ата: Құдайға шүкір, балам. Алланың бергенімен жүріп жатырмыз.

Қыз бала мен әженің амандасуы.

Қыз: Сәлеметсіз бе, әже!?

Әже: Өркенің өсін, қызым.

Қыз: Үй- іші аман ба?

Әже: Шүкір алла, аман есенбіз.

Мұғалім: Жарайсыңдар, сәлемдесу бұл халқымның тектілігін, жол білетін әдептілігін білдіреді. Саяхатымызды жалғастырамыз.

  • Аялдама «Мен әже – атамның жалғасымын»

Бұл аялдамада сендерді  ойын- жарыс тосып тұр.

Ойынның шарты:  Екі топқа бөлінесіңдер. Қыздар әжеміздің қамзолын  оюмен әшекейлейді,  ұлдар атамыздың саптама етігін оюмен  әшекейлейді. Жарайсыңдар, бұл аялдаманың тапсырмаларынан да өттік.

Қазақ халқы өнерлі. Ендеше, біздің балалар « Кел, билейік» әнін орындап берсін.

«Кел, билейік» әні.

Біздің мемлекетіміз көп ұлтты ел. Қазір балаларымыздың «Полька» биін тамашалаңыздар.

«Полька» биі.

3-Аялдама: « Өнерлі бала, өрге жүзер»

Айтыс  ертеден келе жатқан қазақ халқының өнері. Қазір балаларымыздың айтыс өнерінен үзінді тамашалаңыздар. Айтыскерлерді ортаға шақырамыз.

 «Қыз бен жігіт» айтысы.

Ұл бала:

Қазақ деген қалың жұрт,

Бәрін кешті басынан.

Тәуелсіздік туыңды

Биік көтер жас ұлан.

Қыз бала:

Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекесі елімнің,

Құтты болсын ағайын.

Ұл бала:

Мерекеге шығады,

Бүкіл халық біліп қой.

Отандастар ұғады,

Тәуелсіздік ұлы той.

Қыз бала:

Таң арайлап атады,

Күн күлімдеп шығады.

Шаша берсін шапағын,

Тәуелсіздік шуағы.

Ұл бала:

Қазақстан -Отаным,

Қияға ұшар қыранмын.

Еркіндікті сүйемін,

Мен – тәуелсіз ұланмын!

Қыз бала:

Қазақстан -жеңісті дана күндер

Қазақстан -толқынды лала күндер.

Қазақстан- әлемді елеңдетіп,

Бола берсін қашанда ашық күндер.

Тамаша, өнерлерің үстем болсын.

4-Аялдама: «Атамның сөзі- ақылдың көзі»

Мұғалім: Көп жасаған қария,

Ақылы теңіз- дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі- соқпақ, өзі нәр.

Атадан қалған сөзді кім ұғар.

Он ата:

  1. Әке
  2. бала
  3. неменре
  4. шөбере
  5. шөпшек
  6. немене
  7. туажат
  8. жекжат
  9. жұрағат
  10. жамағат

Үш мақсат:

  1. Жол мақсаты—жету
  2. Дау мақсаты- біту
  3. Сауда мақсаты- ұту

Қонақтың түрі:

  1. Арнайы қонақ
  2. Құдайы қонақ
  3. Қыдырма қонақ
  4. Қылғыма қонақ

Жеті байлық:

1.Әуелі байлық- денсаулық

  1. Екінші байлық- еркіндік

3.Үшінші байлық- тіл байлық

  1. Төртінші байлық- қайрат- күш
  2. бесінші байлық- ақ жаулық
  3. Алтыншы байлық- балаңыз
  4. Жетінші байлық – жүз саулық

Жеті қазына:

Адамда –алып

Жылқыда – тұлпар

Түйеде- жампоз

Сиырда- тыңжа

Қойда – құтпан

Бөріде- сырттан

Итте- құмай

Үш арсыз:

Ұйқы арсыз

Күлкі арсыз

Тамақ арсыз

Асық ойындары:

  1. Алша
  2. Орда
  3. Ұпай
  4. Ханталапай
  5. Асық ату
  6. Үш табан
  7. Шеңбер
  • Ойын «Асық ату»

Отан, туған жер туралы мақал- мәтелдеріңді айтыңдар.

  • Ел іші алтын бесік.
  • Отан қуат,

Отбасы шуақ.

  • Елің панаң

Жерің анаң.

  • Ауылым алтын бесігім.
  • Өз елім өлең төсегім.
  • Отан оттан да ыстық.
  • Отансыз адам,

Ормасыз бұлбұл.

Тамаша, осымен аялдамалардың тапсырмаларынан өтіп, «Сыйластығы жарасқан Тәуелсіз Қазақстан» еліне де жеттік.Тәуелсіз Қазақстан елінің бірлігі арта беріп, еліміздің аспанынан әрқашан күн сөнбесін.

  • Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *