Архимед күші


Жуматаева Тлеукен
“Саран қаласы әкімдігінің № 7 жалпы білім беретін мектеп-интернаты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі физика пәнінің мұғалімі

Мақсаты:  Архимед күші туралы түсінік қалыптастыру. Архимед заңының физикалық мағынасын ашу.

Білімділік:  Су ішінде денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті
анықтауды үйрете отырып білім және білік дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыларды ой өрісін дамытуға, өз бетімен  ізденуге,  қорытынды жасауға, өзін-өзі бағалап, сын көзбен қарауға
машықтандыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа,
еңбексүйгіштікке, өз елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақ типі: қайталау.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу және сынып тазалығына көңіл бөлу.
Топқа бөлу: тәж және алтын бойынша топқа бөлу. №1топ Ауырлық күші және  №2 топ Архимед күші

“Ой   қозғау” (мақалдың жалғасын  табу  арқылы тақырыбын  ашу)

Мақалдың  жалғасын  табу…

1.Білегі  күшті  бірді  жығады,

білімі  күшті   мыңды  жығады;

2. Көптің   күші –

бірлікте;

3. Көз  қорқақ  –

қол  батыр;

4. Күшіңе  сенбе,

ісіңе  сен;

5.Асыл  тастан  шығады,

ақыл  жастан  шығады

 

3.  Архимед күші (немесе кері итеруші күш) ауадағы және судағы қысымдардың айырмашылығынан орындалады.

Судағы кері итеруші күш (видео су)

4.    1 – жаттығу         Динамометрді қолдана отырып, көлемдері бірдей, бірақ салмақтары әртүрлі объектілерді бірінші ауада, сосын суда өлшеңіз.

Нәтижелерді кестеге жазыңыз.

Ауа – F = 28Н

Су – F = 21Н

Х – F = 13Н

Y – F =21 H

Нәтижелерді кестеге жазыңыз.

Архимед күші объект салмағына байланысты ма?

 

5.   2 – жаттығу   Динамометрді қолдана отырып, көлемдері әртүрлі объектілерді бірінші ауада, сосын суда өлшеңіз.
Нәтижелерді кестеге жазыңыз.

6. Архимед және тәж (видео)

7.   1 – жаттығу   Аңызға сәйкес, Архимед Сиракуз патшасының тәжін тексеру үшін  өз заңын  қолданған. Зергер патшадан алған кейбір алтын бөлшектерді күміспен алмастыруы мүмкін еді, бірақ оны табу оңайға соқпады, өйткені тәжді балқытусыз ол мумкін емес болған. Жалған затты анықтау үшін Архимед заңды қалай қолданған. Мәтінді аяқтаңыз.

Егер де тәж таза алтыннан жасалса, онда сол —
көлем
масса
тығыздық үшін ол таразының екінші жағындағы  дәл сондай алтынның —
көлемімен
массасымен
тығыздығымен тепе-теңдікте орналасуы

тиіс еді. Дәл сол тәж бен алтынның бірдей —
көлемі
массасы
салмағы, бірдей мөлшерде су мөлшерімен ығыстырады. Көтеруші күштер екі жағдай да —
айырмашылық болады
бірдей. Сондықтан да тәж бен алтын бөлшектері суға батырылған кезде, салмақ теңдік қалыпта тұрады. Кейбір күміс заттар (тығыздығы алтын тығыздығына қарағанда азырақ болады) қосылған, тәждің көлемі таразының  алтын орналасқан басынан —
артық
кем болады. Ол суға батырылған кезде, тәж —
жоғары
төмен қозғала

бастайды.

 

8.  Архимед шелегі (видео)

9.  2- жаттығу.  Мына иллюстрациядан бірдей көлемдегі, бірақ әртүрлі тығыздықтағы және бір сұйықтыққа батырылған денелердің суреттері  көрсетілген. Ең ауыр денеден ең жеңіл денеге дейінгі ретпен орналастырыңыз.

10. Физикалық тәжірибе.

1.                Ыдыс ішінде су бар. Ыдыс түбіндетиынжатыр. Қақпақ, сіріңке, қағаз, пинцет, стақан сияқты құралдардың қайсысын пайдаланып, қолдысу қылмай, тиынды қалай алуға болады? (пробка ішіне қағаз салып оны өртеу керек те, үстінен стаканмен жабу керек.)

2.                Стаканға орта су құйып, бетін ақ парақпен жабамыз,  қолымызды алғанда су төгілмейтіндігі ненін әсерінен?

 

11. Тапсырмалар.

1 Архимед күші қалай бағытталады?

2 Архимед заңы қалай тұжырымдалады

3 Қандай шамаларға тәуелді?

4. Архимед күшінің ережесі.

FA=mg=ρVg     m – дененің салмағы, ρ – сұйықтықтың тығыздығы, V – дененің көлемі, g – еркін түсу үдеуі.

12.  ойлан тап (есептер шығару).
Берілгені:                                                 Шығару жолы:

Pа = 20 Н                         FA = Pа- Pсу FA 1,25

Pк = 18,75 Н                                    FA = pc g Vд ; Vд =                     =                          = =0,000125 м3

pа = 20000 кг/м3 gpсу 10*1000

pк = 10000 кг/м3

mа – ?

mк – ?                                                                                         mа = pаV =20000 * 0,000125 =2,5 кг

mк = pкV =10000*0,000125 =1,25 кг

2.  Бер:                                    ХБЖ:                      шығару жолы:                             m

m = 500 г                           0,5 кг              FA = pкеросин g Vд =   pкеросин * g               =

pкеросин = 820 кг/м3 pтемір

pтемір = 7900 кг/ м3 0,5

FA =?                                                = 820*10                 = 0,5 Н

7900

Жауабы: FA = 0,5Н

13. Сапалық есептер:

1  Неге өзен суына қарағанда ,теңіз суына жүзген жеңілірек?

Жауабы: теңіз суы тұзды , тұзы неғұрлымкөп болған сайын тығызырақ келеді.Архимед күші көбірек болады.

2 Сүңгуір үйрек су бетінде қамыстың сабағынан ұя жасайды.Ұя су бетінде жел қалай соқса ,солай қарай жүзеді.Құстың ұясын су бетінде қандай күш ұстап тұрады.Ұяның пішіні мен көлемі туралы не айтуға болады?

Жауабы: судың бетінде ұяға Архимед күші әсер етеді .Ұя пішіні ұяның салмағымен оған әсер ететін ығыстырушы күштен бірнеше есе аз болуы керек

3. Сүңгуір үйрек суда жақсы сүңгиді.Судың тарапынан әсер ететін ығыстырушы күшті ол қалай азайтады?

Жауабы: Сүңгуір үйрек өзінің көлемін азайтуға тырысады , яғни қанаттарын денесіне қысып алады.

4.Арқаңмен жүзгенде суда өзіңді жеңіл ұстайсың. Неге?

Жауабы: Арқаңмен жүзген жеңіл , өйткені арқаның көп бөлігі суға батады да кері итеруші күшті көбейтеді.

14. Оқушыларды бағалау.

Топ басшылары «бағалау парағы» арқылы топ мүшелерін бағалайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *