Жай бөлшектерді қосу және азайту


Абжанова Мөлдір
«Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарабұлақ ауылы ЖББ №33 орта мектебі» КММ математика мұғалімі

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Жай бөлшектерді, аралас сандарды қосу, азайтудан алған білімдерін жүйелеу, тиянақтау, толықтыру.

ә) Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ой – өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс жасауға, шығармашылыққа баулу;

б) Тәрбиелілігі: Оқушыларды берілген тапсырманы тиянақты орындау білуге, шапшаңдыққа, тез есептей білуге, өз ойын ашық айтуға, өз бетімен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Қайталау

Сабақтың типі: Білімділік пен дағдына қалыптастыру

Сабақтың әдістері: Деңгейлеп – саралап оқыту, сұрақ – жауап, тест, сәйкестендіру тесті, кесте толтыру,  топпен, жеке оқушымен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, кестелер, суреттер

Пәнаралық байланыс. Қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, өмірмен байланыс

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру (Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру)

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ Бүгінгі сабағымыз «Жай бөлшектерді азайту және қосу тақырыбын қайталау». Сабағымызды қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңіндегі бес асыл қасиеттерді негізге ала отырып өткізгелі отырмын.

Осы әрбір асыл қасиеттерді біз тапсырмалар орындау арқылы табамыз

1.Қайталау сұрақтарына жауап беру арқылы кестені толтыр, сонда алғашқы асыл қасиет жазылған сөз шығады

Бөлімдері бірдей                    А     бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;

бөлшектерді қосқанда             бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу ережесі бойынша

қосу амалын орындау керек.

Бөлімдері әр түрлі                  Т    олардың алымдарын қосып, алым етіп, ал сол

бөлшектерді қосқанда               бөлімнің өзін қалдыру керек.

Бөлімдері бірдей                   П    аралас санның бүтін бөлігін бөлшек бөлігінің

бөлшектерді азайтқанда            бөліміне көбейту керек; шыққан көбейтіндіге бөлшек

бөлігінің алымын қосып, алым ету керек; бөлшектің

бөлімін өзгертпей, бөлім етіп қалдыру керек.

Бөлімдері әр түрлі                  Л    азайғыштың алымынан азайтқыштың алымын

бөлшектерді азайтқанда             азайтып, алым етіп жазып, ал сол бөлімнің өзін

қалдыру керек.

Аралас сан бұрыс бөлшек       А    бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;

түрінде жазу үшін:                   бөлімдері бірдей бөлшектерді азайту ережесі

бойынша азайту амалын орындау керек.

Осы сөзге байланысты оқушылардан мақал сұрау мыс: «Талаптыға нұр жауар»

2. Есептер жинағынан есептер шығару арқылы кесте толтырып, екінші қасиетті табу

Оқушылардан шыққан сөзге байланысты мақал сұрау. Мыс: «Еңбек – түбі береке»

3. Координаталық сәуледе берілген бөлшектерді кескінде, сонда келесі қасиет шығады:

Бірлік кесінді ретінде дәптердің жеті тор көзін ал, мына нүктелерді белгіле:

Мақал: «Жол жетпеген жерге, ой жетеді»

4. Жұптық тапсырма, тест жұмысы

1. Дұрыс бөлшекті тап: А. ;   Т. ;   Ғ. ;   Қ.

2. Бұрыс бөлшекті тап: Б. ;  А. ;  Н. ;   Ғ.

3. Есепте: + : А. ;  Т. ;  Ғ. ;  Н.

4. Есепте: – : А. ;  Б. ;  Ғ. ;  Н.

5. 3:14 бөліндісін бөлшек түрінде жаз: А. ;  Қ. ;  Ғ. ;  Г.

6.  бөлшегін бөлінді түрінде жаз: А. 13:37;  Қ. 13*37; Ғ. 37:13;  Т. 13+37

7.  бөлшегін аралас сан түрінде жаз. А. ; Б. ;  Т. ;   Г.

Мыс: «Қанағат – қарын тойғызар»

5. «Асық ойыны»: Асықты иіру арқылы, шек, бүк, тәйкі, алшы есептерін таңдап келесі қасиетті анықтау.

Р  ; А ;  Қ

Ы  –  + ;         М  –  + =1

ІҮ Үйге тапсырма: № 760 Бақылау жұмысына дайындық

Ү. Қорытындылау  ОТЫЗ БІРІНШІ СӨЗ

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

ҮІ. Бағалау, мадақтау

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *