Кәсіптік білім- мамандық көзі


Мадиева Галия Есеналыевна
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «№9 Меркі колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны арнайы пән оқытушысы

       Елбасының 2015 жылдың 30 қарашасында жарияланған  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім,реформалар,даму» атты жолдауына сәйкес биылдан бастап елімізде кәсіптік-техникалық мамандықтарды тегін оқыту жүйесі  іске қосылады.

Бүгінде еліміздің еңбек нарығында білікті құрылысшылар, электриктер , автомеханиктер,токарьлар, автокрановшиктер секілді қажетті мамандық иелерінің тапшылығы айқын сезілуде. Осы ретте, бағдарлама бұл мәселені шешуге жол ашып, жұмыссыз жүрген жастарға мүмкіндік берілуі.Жыл өткен сайын  экономиканың өндіріс саласының өркендеуінде жұмысшы мамандықтарына қажеттілік айқын сездіруде. Нәтижесінде , кәсіптік- техникалық білімі бар  мамандарға деген сұраныс  артып отыр. Қолға салынған бұл бағдарлама аясында жұмысшы  мамандықтарын меңгеруге  жастар мемлекеттік  колледждермен бірге , жекеменшік арнайы орта оқу орындарында да тегін  білім ала алады.

Бұл бағдарламаның  тиімді жағы , жұмыссыз жүрген  кез келген азамат қатыса алады және олар сұраныс түскен кәсіпорындарға жолданып, жұмысқа орналасады. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарда  Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауының төртінші басымдылығында – адами капитал сапасын жақсарту,яғни тегін  оқытумен ең әуелі  жұмыссыз және өзін- өзі  тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай- ақ  кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс . Кәсіптік білім беру жүйесінде, экономикадағы жаңа өзгерістер үшін мамандар  дайындауға деген қою керек. Ол үшін кәсіптік стандарттар еңбек жарлығының талаптарына  және ең үздік әлемдік  оқу- өндірістік  тәжірибелерге сәйкес жаңартылуы қажет.

Заманауи  талаптарына сай білім беру басты міндеттердің бірі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бір сөзінде «Жастар ертеңгі  жарқын болашақты армандап қана қоймай  , оны өз қолдарымен жасауға да  белсене қатысулары тиіс».

Осы бағдарламаны іске асыруда ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктеліп тұр. Сонымен қатар, мемлекет басшысы  биылғы  жолдауында білім беру саласына үлкен көңіл бөлді. Бүгінгі  күннің мұғалімі  саяси сауатты, өз ісіне жауапты , ізденімпаз болуы тиіс. Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру  арнайы пән  мұғалімдерінің  алдарына қоятын мақсаттар мен міндеттеріне өте жауапкершілікпен  қарауды талап етеді. Білімгерлерге  білім,білік және кәсіптік  бағдар беру барысында оқытушы әр баланың  алдында оның келешегіне шын мәнінде жауапты екендігін  сезіну қажет.

Ұстаздың жеке көзқарасы бар және оны қорғай білетін маман болуы керек. Замануи ақпараттардың әдіс тәсілдерін игеріп,даралай білетін тұлға даярлау.

«Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттiк жастар саясатының 2020 жылға дейiнгi тұжырымдамасында жастардың дәстүрлi құндылықтары — бiлiм мен мансап бiлiм беру жүйесiнiң еңбек нарығына айқын бейiмделудi, анықталған қажеттiлiктер мен технологиялық жаңалықтарды ескере отырып, бiлiм беру мен кәсiптiк даярлау жүйесiнiң экономикалық, әлеуметтiк және кәсiпкерлiк болмысқа сәйкестiгiн қамтамасыз етудi назарға ала отырып, қайта қаралуға тиiс.

Жастар арасында ғылымның мәртебесiн арттыру және оларды инновациялық жобаларды әзiрлеуге тарту жастар саясатының негiзгi бағыттарының бiрiне айналуы қажет.

ХХІ ғасыр- ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа , жас буынға  жаңаша білім беру жолында тубегейлі өзгерістер жүріп жатыр.

Кез келген сабағын қызықты  өткізу үшін ізденіс,жаңаға ұмтылу  жұмысын  жүргізу  әрбір ұстаз үшін бұлжымас қағида. «Оқытып жүріп,өзіміз де үйренеміз »қағидасын  ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір  сабағы  бірінші өзіне  жаңалық болуы тиіс. Ұстаздың өзі – ізденуші.Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз сабағын басқаларға да қызықты жеткізе алады деп ойлаймын.Әрбір сабақта озық технологияларды пайдаланып,өткізу әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр кез ізденуші бола білсе,өзі үшін  білім жинақтайды,оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.

«Қазақстан -2050» стратегиясында білім және кәсіби біліктілік – қазіргі білім жүйесінің, кадрлерді даярлау мен қайта даярлаудың кілтті бағыты.

Осы стратегиялық мақсатқа жету үшін,Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, біз дамыған, бәсекеге қабілетті, жоғары білімді ел болуымыз қажет, атап айтқанда қол жетімді және сапалы білім беруді, интеллектуалды мектептер мен дүниежүзілік деңгейдегі кәсіби-техникалық колледждердің дамуына көп көңіл бөлуіміз керек. Осының барлығы біздің жастарымызды жоғары білімді және бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі мақсат- әрбір білімгерге түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасап,жеке тұлға қалыптастыру.Ол үшін қазіргі беру саласындағы оқытудың заманауи озық технологияларын  терең меңгеру керек.  Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қорғау,оқыту мен тәрбиенің бірлігі ,баланың танымдық  және шығармашылық икемділігін дамыту,әр білімгердің қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне  орай оқыту, барлық білімгердің  дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.

Әлем өзгереді ,әлеммен бірге бізде өзгереміз,сондықтан  барша әріптестеріме білімді,тәрбиелі  білімгерлерді даярлап шығару жеткіліксіз , өзбетінше өмір сүре алатын , адамдар арасындағы қарым-қатынасты меңгерген,бүгінгі күннің талаптарына сай маман дайындау   міндетіміз.  Қазіргі заман ұстаздың мәртебесі өздігінен келетін нәрсе емес,ол көп еңбектенуден туындайтын күрделі мәселе . Егер  ұстаз білімді де білікті болса,ол мәртебелі де болады. Ұстаз сыншысы – алдындағы шәкірті. Көп ізденген, көп еңбектенген адамды олар біліп отырады. Сондықтан әр іске жауапкершілікпен қарау керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *